Тақырыбы: Американың тәуелсіздік үшін соғысы Орындаған: Әбіл Сәт



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі20,54 Kb.
#15810
түріҚұрамы
  1   2   3

Тақырыбы: Американың тәуелсіздік үшін соғысы

Орындаған: Әбіл Сәт

Күресу координациясының тәуелсіздік үшін қозғалысы негізінде “корреспонденция, қауіпсіздік және байқау комитеттері” құрылды. 1774 жылы Филадельфия қаласында құрамы 55 делегаттан тұратын ең алғашқы континетальдық конгресс өтті. Ол жерде метрополияның кедендік және салықтық саясатына қатысты наразылық білдіретін Құқық декларациясы бекітілді. Осы Декларациямен қатар, сол кезде корольға петиция жазылды, онда колонистер метрополияның қысым жасауын тоқтатуды сұранды. Ал ағылшын үкіметі оларға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізуді бастады. Сонда, 1775 жылы мамыр айында Екінші континенталдық конгресс жиналды. Ол жерде Англияға қарсы соғыс жағдайына баға беріліп, және американдық әскерді құру туралы шешім қабылданды. Ол әскердің бас қолбасшысы болып Джордж Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталды. Әрбір колония өзін тәуелсіз мемлекет – штат ретінде жариялады.

1775 жылдың көктемінде ағылшын королы мен колонистер арасында соғыс қимылдары басталды. Бұл былай болғанды. Ағылшындар Бостоннан қала маңындағы зеңбіректі, жүк арбасын, ок-дәріні, оқты, ұнды – қысқасы, американ колонистері жасаған бүтін бір жасырын әскери қойманы басып алу үшін екі полк король әскерін жіберді. Үстеріне қызыл мундир киген ағылшын солдаттары асықпай қаладан шықты. Бірақ солдаттар әскери шабуыл туралы тұрғындарға біреудің хабарлап қойғанын сезді. Күткендеріндей-ақ Бостоннан революциялық комитеттің разведка бастығы, шебер-зергер Поль Ривир халыққа хабар беру үшін салт атпен құйғытып келе жатты. Ағылшын солдаттары келе жатқанда дабыл қағылып, мылтықтар атылды. Жолшыбай король әскерімен «минуттық адамдардың» (дабыл қағылысымен бір минуттың ішінде қаруларымен белгілі бір орынға жиналуға тиісті жергілікті тұрғындардың) арасында шағын қақтығыс болып, оларды таратып жіберді. Король әскері қару-жарақ қоймасын алды, бірақ қайтып келе жатқан жолда ағаш-ағаштың, үй-үйдің тасасынан фермерлер оларға оқ жаудырды. Атыс үдей түсті де, ағылшындар кері қарай тым-тырақай қашты. Колонистердің бытыранды ұрыс тактикасы, қарулы көтеріліс жасаған халықтың күрес тактикасы осылай басталды.

Оқ-дәрі мен қорғасын жетіспеді; үй төбелерін жапқан табақ қорғасынды алып пайдаланды, кейінірек, тіпті қорғасыннан жасалған ағылшын королының мүсінін де аралап кесіп алып пайдаланды; қорғасынды әркімге мөлшермен берді, ол қорғасыннан әр солдат өз мылтығының аузына лайықтап оқ құйып алды.

Сауда буржуазиясы мен жас өнеркәсіп буржуазиясының, фермерлер, қолөнершілер, отар жұмысшыларының талап етуімен отарлар бірінен соң бірі Англиядан бөлінетіндігі жөнінде мәлімдеді.

Американдықтарды қорғау талпыныстарының сәтсіздігіне көзі жеткен, азаттық үшін күрестің көрнекті идеологтары Д. Адамс, Т. Джефферсон, Т. Гамильтон ағылшын құқығының нормаларына сілтеме жасай отырып, табиғи құқық идеяларына жүгінді. Бұл идеялар адамның құқықтары тумысынан беріледі және олардан айыруға ешкімнің құқығы жоқ деп таныды, мемлекет оларды бұзуға емес, керісінше, қорғауға міндетті.

Бұл идеялар 1776 жылғы 4-шілдеде қайта шақырылған Континенталдық конгрессте қабылданған “Тәуелсіздік декларациясының” негізі болды. Томас Джефферсон жасаған бұл құжатта метрополий тарабынан колониялардың табиғи құқықтары бұзылып отырғандықтан метрополиймен байланысты түбірімен үзу және тәуелсіз Америка Құрама Штаттарын құру туралы шешім қабылданды. Табиғи-құқықтық теорияның негізінде өз аумағында ұлттың ұлттық егемендігі жарияланды. Халықтың революция жасауға құқығы бекітілді. Алайда, өзінің ішкі сипаты бойынша демократиялық болып табылатын бұл Декларацияда құлдық пен үндістер туралы ештеңе көрініс таппады.

1778 жылы штаттардың өкілдерімен өткізілген Конгрессте “Конфедерацияның баптары” атты құжат бекітілді. Штаттар АҚШ деп аталатын “мәңгі одаққа” – конфедерацияға аяқ басты. Штаттар Конгресс қарайтын ортақ істерден басқа мемлекет ішіндегі мәселелерді шешуде тәуелсіздікке ие болған. Конгресс әр штаттан 2-7 делегаттан қалыптасты және шешім қабылдауда әр штатқа бір дауыстан берілді. Конгресстің 6 айдан ұзаққа созылмайтын сессияаралық кезеңдерінде оның кейбір өкілеттіктерін Штаттар комитеті жүзеге асырған, ол өз кезегінде әр штаттан бір делегаттан жиналған құрамда жұмыс істеді. Сонымен, бұл жерде біртұтас мемлекет емес, мемлекеттер одағын құру көзделген.

Соғыс қимылдары 1782 жылға дейін созылды. Ағылшындар бөлініп шыққан отарлардың орталығы Филадельфия қаласын басып алды. Американ солдаттары қақаған аязда далада қыстап шықты. Қару-жарақ, қаражат, киім, аяқ киім жетіспеді. Мұз бен қардың үстіндегі жосылған қан Вашингтон солдаттарының жалаң аяқ жүріп өткен жолын көрсетіп жатты. Вашингтон ержүрек, бірақ әскери іске үйретілмеген, фермерлер мен қолөнершілерден құралған армияда тәртіпті аса зор қиыншылықпен орнатты.

Колонистер қатарында ағылшындарға қарсы бірнеше мың құл негрлер шайқасты. Олар ерлікпен, қажырлылықпен күресті. Мысалы, Нью-Йорк штаты үшін соғысқан негр отряды бір адамы қалмастан қырылып кетті. Массачусетстен шыққан Геннет деген негр әйелі еркектерше киініп алып, 17 ай бойына тұрақты полктердің бірінде ерлікпен шайқасты.

Тәуелсіздік үшін күрескен колонистерге қарсы бай жер иелері, құл иелерінің бір бөлігі, король чиновниктері соғысты.

Колонистердің басты тірегі фермерлер мен қолөнершілер болды. Король әскері мен аристократтарға қарсы күреске басшылық еткен революцияшыл буржуазия еді.

Ағылшын королы өз армиясының санын көбейту мақсатымен неміс князьдарынан 30 мың солдатты жалдап алып, Америкаға жіберді. Ол Россиядаи, II Екатеринадан тағы да 20 мың солдат жалдап алмақшы болып еді, бірақ Россия мен Англия арасындағы шиеленіскен жағдайға және жақында болып өткен Россиядағы Пугачев бастаған шаруалар соғысына байланысты II Екатерина Америкаға солдат жіберуден бас тартты.

Отарлаушы екі державаның – Англия мен Франциянын арасындағы ескі өшпенділікті пайдаланып, американдар Францияны одақ жасау және қарулы көмек көрсету туралы шартқа көндірді. Франциядан көмек сұрау үшін Құрама Штаттарының конгресі Парижге өз елшісі ретінде Вениамин Франклинді жіберді. Ол аса көрнекті ғалым, дипломат, қоғам және саяси кайраткері, «Тәуелсіздік декларациясын» құрастыруға қатысқан адам болатын. Францияның алдыңғы қатарлы қоғамдық топтары американдардың азаттық күресін қызу қолдады.

Мысалы, аристократ Лафайет өз қаржысына соғыс кораблін жабдықтап, оны «Виктуар» («Жеңіс») деп атап, корольдың тыйым салғанына қарамастан Америкаға жүзіп барып, революциялық әскердің қатарында шайқасты.

1781 ж. ағылшын әскерінің негізгі күші Йорктаун түбінде Вашингтонға берілді. 1783 ж. бітімге қол қойылды. Ағылшындар отарлардың тәуелсіздігін мойындады, 100 мыңдай ағылшын ақсүйектері отбасыларымен Солтүстік Америкадан қуылды, олардың жерлері кәмпескеленіп, сатылды. Тәуелсіздік үшін болған соғыс осылай аяқталды, оны В. И. Ленин «Американ халқының Американы отарлық құлдықта ұстап, езіп келген ағылшын қарақшыларына қарсы жүргізген революциялық соғыс деп атады.

1783 жылы АҚШ толығымен тәуелсіз болып танылуы туралы бейбіт келісім жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет