Тақырыбы: Антика философиясының психологиялық көзқарастардың пайда болып дамуы Дайындаған: Қанат Айбек Тексерген: Төлебаева Ж. А



Дата23.05.2022
өлшемі64,41 Kb.
#35374

Тақырыбы: Антика философиясының психологиялық көзқарастардың пайда болып дамуы

Дайындаған: Қанат Айбек

Тексерген: Төлебаева Ж.А


Қоршаған орта мен адам өзгерістерін түсіну үрдісі б.д.д. VI ғ пайда болды . Осыған байланысты анимизм , тотемизм , гилозоизм . софизм , атомизм , эллинизм т.с.с. түрлі ілімдер , ұғымдар , ұста нымдар , тұжырымдамалар орын алды . Антикалық психология үш кезеңмен белгіленеді . Бірінші кезең — VII — VI б.д.д. ғасырлардан б.д.д. ІІ ғ . Екінші классикалық кезең - Платон мен Аристотель тұжырымдамаларымен сәйкестенеді . Үшінші эллинизм кезеңі ( грек мәдениеті және ғылымы )
Қоршаған орта мен адам өзгерістерін түсіну үрдісі б.д.д. VI ғ пайда болды . Осыған байланысты анимизм , тотемизм , гилозоизм . софизм , атомизм , эллинизм т.с.с. түрлі ілімдер , ұғымдар , ұста нымдар , тұжырымдамалар орын алды . Антикалық психология үш кезеңмен белгіленеді . Бірінші кезең — VII — VI б.д.д. ғасырлардан б.д.д. ІІ ғ . Екінші классикалық кезең - Платон мен Аристотель тұжырымдамаларымен сәйкестенеді . Үшінші эллинизм кезеңі ( грек мәдениеті және ғылымы )
Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.
Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.
Тотемизмтотемшілдік – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі.
Бұл атау Солтүстік Америкада тұратын оджибве тайпасының “ототем – оның тегі” сөзінен шыққан. Зерттеушілер тотемшілдікті адамдардың тұрмыс-салтында ерекше орны бар жануарларды киелендіріп, қасиетті деп санауымен, тіптен табынуымен байланыстырады.
Гилозоизм (гр. hyle - зат, материя+zoe - өмір) – материяның жалпылама жандылығы туралы философиялық ілім. Ол иониялық (антикалық) мектепке, Эмпедокл философиясына, аздап (отчасти) стоицизмге, Ренессанс философиясына (Дж. Бруно, Т. Парацельс), Д. Дидроға, Ф. Шеллингке тән. Бұл терминді "өмірді" материяның барлық көріністеріндегі ажыратылмас қасиеті деп мойындайтын философиялық теорияны белгілеу үшін XVIII ғ. Р. Кедворт енгізген. Гилозоизмнің шегіне жеткен стадиясы (биігі, дәрежесі) – материяны өмір көрінісінің жоғары формасы ретінде санамен үйлестіру (материяға сана беру, сананың таңу)
Софизм - саяси пікір-талас жүргізу өнері, пікір-таласта қолдануға болмайтын әдіс-тәсілдерді саналы түрде қолдануға негізделеді.
Ол тиімді пікір-талас жүргізу ережелерін бұзады, яғни өтірік дәйектерді келтіру, оппонентті алдау әрекеттерімен көңілін аудару. Оппоненттер ақиқатқа жету үшін емес, күштерін салыстыру, жарқын, әдемі саяси түсініктермен көзге түсу үшін қолданады. Софистердің әділсіз құралдары сан алуан. Олар кез келген жағдайды, түсінікті өз пайдалары үшін ақтап, дәлелдеп шығуға ұмтылды. Софистер қолданатын сыпайылыққа жатпайтын құралдар адамдардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуге негізделеді.
Атомизм (гр. аtomos – бөлінбейтін) - материалдық әлем (материя) қаруланбаған көз көрмейтін көп ұсақ бөлшектерден (атомдардан) тұрады деп санайтын философиялық доктрина (көзқарас, пікір). Атомизм туралы алғашқы идеялар көнеүнділік ньяя мен вайшешика мектептерінде кездеседі, ал жүйелілік, дәйектілік түрде көне грек атомистері Левкипп, Демокрит, кейінірек – Эпикур және Лукреций Кардың ілімдерінде қарастырылды.
Эллинизм (лат. Hellenismus, көне грекше: Ἑλληνισμός) — ертедегі грек құл иеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Ескендір Зұлқарнайындың (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланөғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл осындай орасан зор мемелекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. 

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет