Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел» Мақсаты



Дата14.03.2022
өлшемі20,33 Kb.
#27826

Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел»

Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылық пен мейірімділікке, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
«Қарттарым»

Армысыңдар қарттарым

Шежірелі хаттарым

Қатарың сиреп барады,

Бәйтеректі бақтарым.

Селдір тартып шаштарың,

Бір қосылып бастарың

Еске түсіп отыр ма

Бозбалалық шақтарың

«Кешегінің артымыз,

Бүгінгінің қартымыз» —

Дейсіңдер – ау сырласып

Күн барады қырды асып,

Небір бейнет көрдіңдер

Кермек дәмін сездіңдер

Заты асыл қарттарым

Бәріне де төздіңдер

Жадырап жаз өткесін

Қазанды күз жеткесін

Зейнетін көру шын бақыт.

Дәні жақсы болады,

Сабағы нәрлі болады,

Қарттары назды болады

Әдепті болса ұрпағы,

Қартайғанмен өмірлерің

Сарғаймасын көңілдерің

Әрқайсысы жеке тарих

Маңдайдағы әжімдерің….


2-жүргізуші: Көп жасаған қария –

Ақылы теңіз-дария

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр.



1-жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

2-жүргізуші: Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар, мәселен, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, дос. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Адал дос – ақылшың, ақылшы дос —  жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.

2-жүргізуші: Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халқымыз ұрпағына атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

2-жүргізуші:  Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

2-жүргізуші:  Ұл-қыздарыңыздың қызық-қуанышына бөленіп,әлі де талай асулардан аса беріңіздер демекпіз. Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыларыңыздан таймаңыздар! Бүгінгі жастар үшін сіздердің жылдар бойы жинақтаған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіздің маңызы ерекше. Талай жас буын тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер, оларға берген ізгі тәлім-тағылымдарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызда сіздерді құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз болсын!  Мерекелеріңіз құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет