Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы – ата-ана» Күн тәртібінде: «Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы»



Дата14.11.2022
өлшемі15,5 Kb.
#50030
Байланысты:
1,2,3,4-сынып оқушылары ата-аналар жиналысының хаттамасы




«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ
1,2,3,4-сынып оқушылары ата-аналар жиналысының хаттамасы
№4
19.10.2022 ж
Қатысқандар:
Тақырыбы:
«Баланың бас ұстазы – ата-ана»


Күн тәртібінде:
1. «Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы» /мектеп психологі А.Акимжанова/
2. «Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру /ДТІЖО А.Кадырова/
3. «Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?»
/4-сынып жетекшілері/


Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша мектеп психологы «Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында ата-аналармен Оркестр атты тренинг-жаттығу өткізді.


Тыңдалды: Екінші мәселе директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кадырова өз сөзін жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы екенін айта келе, соңғы рет балаңызға қандай ертегі немесе кітап оқып бердіңіздер деп бастады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керектігін айтып өтті.
Тыңдалды: Үшінші мәселе бойынша «Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту» мектеп психологі А.Акимжанова «Жаңбыр тамшылары» тренинг-жаттығуын жасатып,
1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Ой толғанысы ...
1. Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды
Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі
Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады
2. Балаға сенім артса, ол батыл болады
Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды
3 Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі
Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі. Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді деп ата-аналарға кеңес берді.


Тыңдалды: Төртінші мәселе бойынша ДТІЖО А.Кадырова ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы, ата-ана үшін бала тәрбиесінің жауапкершілігі жоғары екендігі туралы сөз болды. Ата-аналарға қазіргі кезде түрлі қылмыстардың белең алуына байланысты балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Сонымен қатар балаларды бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет.


Cөйледі: Ата-ана Болатбекова Назгуль мектеп ұжымының жұмысына көңілі толатындығын айтып, 8 Ә сыныптың қыздарымен жеке жұмыс жүргізілуін ұсынды.


Шешім: 1.оқушылардың себепсіз сабақтан қалмауы ата- аналардан сұралсын.
2. оқушылардың сабаққа толық дайындықпен келуі ата-аналарға міндеттелсін.
3. оқушылардың кешкі 21:00 ден кейін ата-аналарсыз жүруіне қадағалау жасау ата-аналардан сұралсын.
4. .«Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбындағы баяндама ата-аналардың назарына алынсын.
5. оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне міндеттелсін.
6. мектептің 5-11 сынып қыздарымен жұмыс жүргізу ұйымдастырылсын.
Мектеп директоры А.Дарубаева
Хатшы А.Кадырова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет