Тақырыбы: Буддизм философиясы



Дата17.11.2022
өлшемі16,72 Kb.
#50742

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Глоссарий
Тақырыбы: Буддизм философиясы. Дээн – буддизм
Орындаған: Жұмат Әсел
Тобы: 1601-11к
Қабылдаған: Айтай Б.
Шымкент 2022 жыл
Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады.
Хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы);
Хинаяна (Кіші күйме, Кіші жол)— буддалық қауымдар (сангхалар) біздің дәуіріміздің I—II ғасырларында бөлінгеннен кейін тараған ертедегі буддизмнің бұл ілімді махаянадан («үлкен шеңбер») айыру үшін алған атауы.
Бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу;
Ваджраяна - (Алмасты күйме, Алмасты жол) — махаяна буддизмінің тибеттік ламаизмде және буддизмнің Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның жекелеген мектептерінде кең тараған тантристік формасы.Өзіне буддалықтан сырт мағлұматтарды, жергілікті сенімдер мен діндерді біріктіру арқылы буддалық ілімді алғашқы қалпынан көп өзгертіп жіберіп отырды.
Махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады.
Махаяна (Ұлы күйме, Ұлы жол) — хинаянаның өте ертедегі буддизмінен біздің дәуіріміздің I—II ғасырларында бөлінген бағыт. Оның негізінде басты міндеті тіршілік иелерін жаппай қайғы қасіреттен құтқару болып саналатын көмекші-бодхиссаттвалар рөлі туралы мағлуматтар жатады. Махаянистік буддизмнің Орталық және , Шығыс Азияға тарауы, онда әр түрлі діндер мен сенімдердің тоқайласуы немесе өзара жарыса өмір сүруі нәтижесінде Будда ілімінің алғашқы мистикалық жағына, буддизмде әуелгі кезінде болмаған құдайлар мен тәңіриялардың пайда болуына айрықша бой ұру орын алды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет