Тақырыбы: Дарындылықты анықтау мен қолдау технологиясы



Дата27.06.2022
өлшемі32,76 Kb.
#37334

Тақырыбы: Дарындылықты анықтау мен қолдау технологиясы
І. Кіріспе
1. Жобаның қысқаша негіздемесі
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері
3. Күтілетін нәтижелер
ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
1. Теориялық негіздемесі.
2. Жоба өнімінің сипаттамасы
3. Жобаны жүзеге асыру іс - әрекетін жоспарлау
Қорытынды
ІІІ. Жоба тиімділігін бағалау критерийлері.
ІҮ. Жобаны тиімді бағалауда кездесетін кедергілер
Ү. Глоссарий
ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі
ҮІІ. Қосымша
I Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек,олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап –жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды,тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.
Ұстаз алдында отырған оқушыларды ерекше қабілетті,орташа деңгейдегі оқушы,үлгерімі нашар оқушы деп үш топқа бөлуге болады. Бұл қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе.Осы тұста «Ерекше қабілетті оқушы деген кім?»деген сұраққа жауап беретін болсақ...
Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын,талдай білетін,дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы.Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі.Ғылыми зерттеулерге қарағанда,ерекше қабілетті ,талантты балалардың биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді.Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек,ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасатын қасиет.Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек,оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - ұстаздардың басты міндеті.
XXI ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық - психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және есуі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді.
«Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады» - деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылыққа шыңдау міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз.
Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет.Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күту керек пе, әлде көгенкөз балалардың бойындағы қабілетті ашып,болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба?
Ия, бүгін қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет. Дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет.
Дарынды балалармен жұмыс істеуде мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарындылық деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз?
Жобаның мақсаты: Дарындылықты анықтау мен қолдау жолдарын зерделеу
Жобаның міндеттері:
1.Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
2.Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын беру.
3.Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелерді жинақтау.
4.Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологияларын жалпылау.
Күтілетін нәтиже:
Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер зерделенеді.
Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балаларға сипаттама беріледі.
Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелер жинақталады.
Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологиялары жалпыланады.
II.Жобаның негізгі мазмұны
1.Теориялық негіздеме
Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Демек,бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік келешектегі қабілеттіліктің көрсеткіші бола алады. Ерекше қабілеттілік - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
Адамның ерекше қабілеттілігі оның жоғары туа біткен жеке қасиеттерімен тығыз байланысты.
Табиғи дарындылық дегеніміз не?
Нышан дегеніміз - қабілеттің дамуының анатомиялық - физиологиялық алғышарты.
Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез келген іс - әрекетті табысты орындауы.
Дарындылық дегеніміз - адамның кез - келген іс - әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Данышпандық дегеніміз - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі.
2.Жоба өніміне сипаттама
Теориялық негіздеме
Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп –тамыры ғасырлар тереңінде жатыр.Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде көрініс тапқан.
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы пікірталастардың негізі болып табылады. Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын мына тұрғыда беруге болады.
Дарынды балалар сипаттамасы
Дарындылықтың
факторлары Құрамды
бөліктер Ерекшеліктердің көрінісі
Ақыл-ой Жалпы
қабілеттілік - Ақыл-ой коэфициенті120 балдан жоғары;
- Ерекше есте сақтау;
- Ауызша түсіну және ойды нақты баяндау ;
- Сөйлеу шапшаңдығы, мол сөздік қор;
- Есептеуіш қабілеттіліктер;
- Ойлау өткірлігі(қабылдау жылдамдығы)
- Қабылдау кеңдігі (объектімен кең композициялар құру);
- Жүйелі білім құрылымы (ақпаратты өңдеу, анализ -синтез, индукция- дедукция);
- Аса жоғары тұрақталған көзқарас
- Байқағыштық;
- Когнетивті көзқарас.
Арнайы қабілеттілік - Академиялық ( жеке пәндер бойынша жоғары нәтижелер);
- Лингвистикалық (тілді қолдану қабілеттігі);
- Қисынды –математикалық (объектілермен,символдармен, белгілермен жұмыс жасау);
- Кеңістік (үлгілермен, фигуралармен, суреттермен жұмыс жасау);
- Музыкалық (орындау, шығару);
- Жеке тұлғалық ( өз сезімін басқара білу,ажырату, сараптама жасау)
Шығармашылық - Мәселені түсінушілік ( олардың танылуы, табылуы);
- Шапшаңдық (түрлі идеяларды генерациялаудағы шапшаңдық);
- Икемділік (мәселені шешу мүмкіндігіне жеңіл ауысу);
- Түпнұсқалық ( обьектіні дамыту, жаңа шешімдер, идеялар);
- Елестету ( фантазия);
- Жоспарлау;
- Шешімдерді қабылдау;
- Шешімдерді жүзеге асыру, зерттеушілік белсенділік;
- Эмоционалды белсенділік;
- Сезіну;
- Аналитикалық қабілеттіліктер (идеяларды бағалай білу дағдысы);
- Өзін-өзі дамыту;
- Түпнұсқалы шешімдерге жету.
Мотивация Танымдық қажеттіліктер - Білімге құштарлық, танымдық белсенділік;
- Ақыл-ой еңбегін қанағаттандыру;
- Оқудың шапшаң жылдамдығы мен ептігі;
- Әрекет етудің белгілі бір жақтарына жоғары сезімталдық.
Мақсатқа тұрақтылық - Тұрақты қызығушылық;
- Мақсатқа жетудегі тұрақтылығы;
- Мүмкіндіктерін таратуға ұмтылу;
- Еркіндікке тұрақтылық;
- Еңбексүйгіштік жұмысқа қабілеттілік ;
- Өзін-өзі тәрбиелеу;
- Өзін өзі сынай білуі.
Оқушының тұлғалық әлеуметтік бейімделуі Жанұя
Мектеп
Қоғам - Өз қатарымен, ересектермен өзара қарым-қатынасын орната білу дағдысы
- Ынталылық
- Өзін және өзгелерді түсіне білуі
- Іс-әрекетте тәуелсіздігі
- Жалпыға бірдей стандартты қабылдамау
- Ашық темперамент
- Өзін-өзі басқару, өзіндік жауапкершілік
- Мен - концепциясы (өзіне сенімдік және өзін адекватты бағалауы)
Дарынды бала жайында айтылған сипаттамаларды байланыстыра келе, дарынды баланың қарапайым балалардан ерекше болып келетін белгілерін қарастырамыз. Дарындылықтың сыртқы көріністері әртүрлі интеллектуалдық және жеке тұлғалық қабілеттіліктерінде түрліше көрінеді.
Балалардың дарындылығын пайымдау ерекшеліктері.
Қазіргі кезде балалардың дарындылығын арттыру мен оны қалыптастыруда алдын-ала пайымдау өзекті мәселенің бірі. Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға төмендегідей әр түрлі оқыту әдістерін кешенді түрде қолдану негіз болады:
- Балаларды бақылау әдістерінің түрлері;
- Арнайы психологиялық тренингтер;
- Балалардың мінез- құлқын бағалау арқылы тексеру;
- Арнайы бағдарламалар бойынша сынамалы сабақтар жүргізу;
- Интеллектуалдық іс шараларды ұйымдастыру ( пәндік олимпиадалар, конференциялар, жарыстар, байқаулар және т. б.)
Оқушылардың дарындылығын пайымдау үрдісі неғұрлым сапалы және тиімді нәтижеге жету үшін педагогтарға арнайы құрастырылған оқыту әдістерін қолдану қажет.Біздің көзқарасымыз бойынша мұндай әдістер ең алдымен баланың танымдық және тұлғалық даму деңгейін айқындауға бағытталуы тиіс.Бұл міндетті төмендегідей шкала бойынша анықтау ұсынылады:
- Төменгі деңгей егер жеке ерекшелік мүлдем байқалмаса;
- Орташадан төмен деңгей егер жеке ерекшелік сирек байқалса;
- Орташадан жоғары деңгей егер жеке ерекшелік жиі байқалса;
- Жоғары деңгей егер жеке ерекшелік үнемі байқалып отырса.
Педагог баланың дарындылық қасиетін оның белгілі бір қызмет түрінде жиі байқауы мүмкін. Жеке зерттеушілер С. А. Леднева осыған байланысты баланың төмендегі сипаттамаларына көңіл бөлуді ұсынады:
Тұлғалық сфера
- Жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс;
- Белгілі бір қызмет барысында жаңа шығармашылық жұмыстарды орындауға ұмтылу;
- Белгілі бір қызмет түрінде жаңа жобаны өздігінше жүзеге асыруға ұмтылу.
Танымдық сфера
- Жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс;
- Алынған ақпаратты талдауға, жинақтауға, қорытындылауға және өз қызметінде пайдалана отырып, нәтиже шығаруға деген қабілеттілік;
- Алға қойылған мәселенің қайталанбас шешімін таба білуге деген қабілеттілік.
Қарым қатынас сферасы
- Өз көзқарасың басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну;
- Белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс;
- Өз қызметінде және белгілі бір қызмет барысында балаларды өз қарамағына топтастыруға деген ұмтылыс.
Педагогикада « дарындылық » түсінігі екі негізгі тәжірибелік мәселемен тығыз байланысты:
- Әр баланың интеллектуалдық шығармашылық қорын анықтауға бағытталған жұмыстар;
- Дарынды балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу.
Жаппай орта білім беру мәселелері жағдайларында оқытудың отандық ғалымдар ұсынған әдістемелік үлгілеріне негізделген және оқытушылардың ойлау қабілетін дамытудың психологиялық механизмі тұрғысында құрылған бірнеше бағыт қолданады. Олардың негізгілеріне тоқталып өтейік:
«Еркін үлгі» оқыту процесінде баланың ішкі ұмтылысына барынша көңіл бөлу ескеріледі.Бала өз уақытын еркін жоспарлайды және оқыту құралын өз еркімен таңдайды. Оқытушы тарапынан қатаң педагогикалық ықпал болмайды.
«Диалогикалық үлгі» балаларды оқытудың түрі мен мазмұнын олардың адамзаттық танымның мәдени негізін түсінуіне бағытталып өзгерту болып табылады.
«Тұлғалық үлгі» оқушылардың танымдық, эмоционалдық, адамгершілік және эстетикалық мүмкіншілік қорын дамытуға бағытталған.
«Дамытуға бағытталған үлгі» төменгі сынып оқушыларының теориялық ойлау қабілеттерін дамытуға негізделген. Жоғарыда айтылғандарға толықтыру ретінде мектептегі оқу үрдісінде анықталатын баланың интеллектуалдық даму аумағындағы басқа да қасиеттерін айтуға болады: алдын –ала көре білу, идеяларды ұсынып қана қоймай, оны талқылай білу, логикалық тұжырым жасауға бейімділік, себеп пен салдар арасындағы байланысты анықтай білу, көп сауалдар қоюға ұмтылыс және т. б. Кез-келген аумақта жоғары жетістіктерге жету біз көріп отырғандай жалпы психологиялық дамудың жоғары деңгейі негізінде мүмкін болады. Қорыта айтқанда, пайымдау психологияда да педагогикада да пікір –таласқа негіз болып табылады. Қазіргі уақытта тәжірибелік негізі бар екі бағыттағы ғылыми зерттеулердің қажеттілігі өте орынды болып отыр. Олар:
Дарындылық деңгейлерін жақсарту;
Бала дарындылығын зерттеудің педагогикалық әдістерін жетілдіру.
Бастауыш сынып оқушыларын дарындылыққа баулу
Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның алдында тұрған басты мақсат Республиканың интеллектуалды әлеуетін сақтау және қазақстандық азаматтан зиялы қауымды дайындау. Білім мен ғылым кеңістігінде еліміздің білім қызметкерлері көптеген тың өзгерістер енгізді. Интеллектуалды жоғары, қоғамға жаны аши білетін азаматтарды дайындау мектеп қабырғасынан басталады.Ендеше жаңа ғасыр мектебінің алдында тұрған міндет-дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады. Дарындылықты дамытудың қазіргі кезде нақты бір белгіленген бағыты,жүйеленген әдістері немесе тәсілдері жоқ.Оқу мен тәрбиенің сыныптағы бала танымына лайық жолдарын сұрыптау, әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатымызға айналуы тиіс.Тұлғаның қоғамдық, құнды қасиеттерін дамыту.Заман ағымына қарай толысу, өсіп-жетілу, білімін, іскерлігін, шеберлігін шыңдау. Әрбір жеке тұлғаның өз басына сын көзбен қарап, өзін-өзі реттеп, өз бойындағы қасиеттерді іске асыратын Қазақстан азаматын тәрбиелеп шығару.
Баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары )
- Арнайы психо-диагностикалық тренингтер;
- Баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-ана тарапынан экспертті бағалау;
- Ұжымдық-шығармашылық іс-шараларын жүргізуде балаларды қатыстыру;
- Балалардың шығармашылық жұмыстарының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;
- Белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиагностикалық зерттеулер жүргізу.
- деп, қарастырсақ біріне-бірі еліктеп қатарларын толықтырып отырса нұр үстіне нұр болар еді.
Жалпы дарындылық балаға табиғатпен берілетін ерекше қабілет деп қарастырсақ, олай болса әр баланың жеке қабілетіне тұлғаның интеллектуалды дамуы, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту-дарынды баламен жұмыста басты нысана болмақ.Сонымен қатар өскелең ұрпақтың дамып жетілуін зерттеп-зерделеген жөн.
«Әрбір бала –болашақ данышпан» деген қағидаға ой жіберсек,ұстаз атаулының жас шәкірттерді дарынды, дарынсыз деп жіктеуінің үлкен қателік екенін сеземіз. Психологтар соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. «Туа» біткен данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған. « Туа қалыптасқан» данышпандар - Моцарт, Рафаэль, Пушкин, тағы басқалары өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Бұл топқа біздің халықтың ішінен Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовті жатқызуға болады. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне-өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен.
Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты - табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.Демек, табиғи таланттарды ашу жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету.
Осы жағдайға жеткен оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды.
Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады.Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулу, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет.
Шығармашылық қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады. Яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік-баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Жаз», «Үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру;
- Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру,сезім күйін байқау, қамқорлық таныту;
- Ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
- Оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
- Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен жауап беру, олардың психологиялық екпіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс.
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы.
Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологиялары
Дарынды балаларды іздеу, оларды оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық.Ендеше сол жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқу әдістерін ( технология) қолданамыз.
Жаңа оқыту әдісі (технология) – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. Ал педагогтардың жаңа оқыту әдісі дегеніміз –бұл педагогтың мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы.Жаңа оқыту әдісін жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі шәкірттердің бағалауы ерекше орын алады.
Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.
Рейтинг жүйесі бойынша бағалау
№ Тапсырма
Оқушы
Аты жөні Деңгейлік тапсырма Танымдық сұрақтар Теориялық тапсырма Венн Диаграммасы Тірек схема сызу Мәнжазба Сұрақ- жауап Тест жұмысы Ұпай саны
Бұл рейтинг жүйесін әр мұғалім өз пәнінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеп жасауға болады. Мұғалім оқушының қабілетін сабақ кезінен бастап –ақ байқайды, олай дейтінім, мұғалім оқушының бойынан бір ерекшелікті байқағаннан-ақ тапсырманы күрделендіре түседі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы тапсырманы орындағанда өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жалғастырады. Әр мұғалім бала бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды.
Оқытудың мәңгілік сауалы: нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? күрделеніп барады. Себебі, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді. Таланттылық пен дарындылықты дамыту үшін жаңа ұтымды әдістерді іздеу қажет. Ол әдістердің оқушылардың белсенділігіне, ізденімпаздығына, оқиғаны сын көзбен қарауға негізделген. Осындай әдістердің негізі деп:
Мақсат қою технологиясы
Б. Блум таксономиясы
Оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері
Зерттеушілік оқыту технологиясы
Мақсат қою технологиясы
Мақсат- бұл келешекте қол жеткізуге тиісті алдын-ала жоспарланған нәтиженің бейнесі.
Мақсаттың қасиеті:
Мазмұндық толықтығы
Көзделген нәтиженің тексерілу мүмкіндігі
 Орындалу мерзімінің белгілі болуы
Жүзеге асу шынайылығы
 Іс-әрекетке араласушылардың ықыластарына сәйкес келуі
Б. Блум таксономиясы бойынша оқу материалының мазмұнын меңгерудің бірнеше деңгейлері бар.
ДЕҢГЕЙЛЕР
БІЛУ ЖИНАҚТАУ
ТҮСІНУ ҚОЛДАНУ ТАЛДАУ БАҒАЛАУ
Нәтижесі
- Қызығушылығын арттырады
- Ойлау және қабылдау қабілетін дамытады
- Шығармашылық ізденуіне жол ашады.
Рефлексия « Бәрі менің қолымда»
Флипчартқа алақан бейнеленген плакат ілінеді.
Бас бармақ-`«Бұл тақырып бойынша әлі ізденіс керек »,
Сұқ саусақ – «Бұл нұсқаулар бойынша нақты нұсқаулар берілді»,
Ортан терек- «Маған бұл ұнамады»,
 Шылдыр шүмек –«психологиялық эстафета»,
Кішкентай бөбек – «маған бұл жерде жетпеді».
Тыңдаушылар қағазға өз қолының суретін салып, оның ішіне жауаптарын жазады.
Рефлексия оқушыны үнемі оның нақты тәсілдерін білуге, жүйелілікке, оларды қорытындылауға, қате амал мен тәсілдерден бас тартуға, яғни тұлға болып қалыптасуына әкеледі. Жұмыс барысындағы бәсеңдеу барысында рефлексия пайда болады да, оқушы жұмыс процесінде өз қателерін көріп, оны түзетуге мүмкіндік алады.
Оқытудың интерактивті тәсілдері
• Топ жұмыс
Оқытудың ең көп тараған түрі- шағын топтардың жұмысы. Мысалы: Төрттік топ мүше саны (үш-төрт адам)
Ғажайып жетілік жұмыс істеу әдістерінің міндеттері мен күнделілігіне байланысты әр топқа бөлінеді. Топтағы жұмыс үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең- оқыту мәселесінің қойылуы және оған жұмыс процесін ұйымдастыруды енгізу. Осы арқылы білім алушылардың оқу белсенділігі артып, ішкі мақсаттарының бастапқы шарттары орындалады.
Екінші кезең –туындаған мақсатқа күш беру өздігінен жұмыс істеу үшін нақты негіз болып табылады. Білім алушылар шығармашылық топтарға бөлінеді. Шағын топтар арасында пікір алысу, топ ішінде мақсаттарын нақтылайды.
Үшінші кезең – жалпы талқылау. Бұл келесі кезең ретінде керек, бірлескен педагогикалық қызметі процесінде мұғалім шығармашылық топтарға оқу мәселесі жөнінде өз шешімін шынайылық дәлелдігінен көз жеткізеді.
Әрбір топ басқа топтардың алдында өз пікірін айтып, оны белсенді түрде дәлелдейді. Пікірталастар туындап, кей кезде әр түрлі көзқарастар айтылып, пікірлерінің негізділігі тексеріледі. Негізделген пікірлердің талаптары арқылы мұғалім оқушыларды оқу оқу мәселесі шешімінің дұрыс болуына бағыттауы керек.
Жұмыс топтарының жүйелік кезеңі рефлексия болып табылады.Оны тәжірибе арқылы білуге болады. Егер оқушы меншікті және ұйымдық қызмет көтерсе, оқытудың нәтижесі бірнеше рет өседі.
Пікір сайыс
Негізгі ерекшелігі-екі қарсылас жақты бір-бірімен белгілі ережеге, сәйкес айтыстырады.
Пікір сайыстың негізгі қағидалары:
Өз көзқарасын талқылау және қорғау барысында қарсыластарының жеке басына қатысты мәселелерді қозғауға тыйым салынады. Пікір сайыс достық, ізгілік пиғылда өтуге тиіс. Ойыншылардың сөзі мен қимыл-қозғалысы қарсыластарына деген құрметінің бірден-бір көрінісі болып табылады. Ойыншылар төрешінің қандай да болсын шешімін мақұлдап, қайта қаралуға жатпайтын мәлімдеме ретінде қабылдауы тиіс.
Пікір-сайыс бәсекелестерге дайындық барысында жиналатын дәлелдер мен басқа ақпараттарға қатысты шыншыл да абай болуы тиіс. Бәсеке барысында ойыншылар бір-бірін мұқият тыңдап бір-бірінің сөзін бұрмаламауы тиіс. Жарысқа қатысатын оқушының ойлау қабілеті өте жоғары деңгейде болуы тиіс.Ойлау қабілеттерін дамыту үшін Мимен шабуылдау әдісін қолдану тиімді.
• Миға шабуыл-шешім табу жолы қатысушының өз ойларын еркін білдіру арқылы жүзеге асырылатын ұжымдық талдаудың тиімді әдісі.
- Мимен шабуылдау ережелері:
- Ұсынылған идеялар бағаланбайды және сыналмайды.
- Жұмыс сапаға емес, санға бағытталады, идея неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.
- Кез-келген идеяны мүмкіндігінше кеңейтуге, дамытуға тырысуы керек.
- Шектен шыққан ақылсыз идеялар да мақұлданады.
- Негізгі сөздерді, сөз тіркестерін қыстырып болса да барлық идеялардың жазылуы.
- Шабуылдың уақыты белгіленіп, өзгеріссіз қалады.
Мақсаты: Мимен шабуылдау тұйыққа тірелген кезде де шешім табуға, мәселені көруді кеңейтуге, қатып қалған ойлау жүйесін өзгертуге мүмкіндік береді.Ол топты (сынып) топтастырып, қарапай
ым, тиімді тәсіл екенін білдіреді, қабілеттерін қалыптастыруға бағыттайды.
Қолдану тәсілі: мимен қатысушыларға шешілуі тиісті белгілі бір мәселелер ұсынылар, оларды игеру үшін кез-келген, тіпті ақылға сыймайтын ұсыныс айту сұралады.
Нәтиже:
- Ой-пікірлерін ашық айтады.
- Өз идеясын ұсына алады.
- Өз сөз тіркестерін, қысқартып, тұжырымдап айтуға үйренеді.
Зерттеушілік оқыту технологиясы
Дарынды оқушымен жеке жұмыс
I кезең
Тақырыпты таңдау.
1 Тақырыпты таңдау.
2 Ғылыми-зерттеу орындарына саяхат жасау.
3 Пайдаланатын әдебиеттерді іздестіру.
II кезең
1.Тақырыппен жұмыс жүргізу
а) архив материалдары
ә) ақпаратпен жұмыс
б) әдебиеттер тізімі
в) қариялар аузынан
III кезең
Тақырыпты қорғау (сынып ішінде,, мектепте, қалада)
Зерттеу тақырыбын оқушы өзі қорғауын назардан тыс қалдырмаған жөн. Ол тақырыпты ата-аналар және өз құрдастары алдында қорғай алады.Қорғау кезінде оқушы өз жаңалығын ұсынуға үйренеді басқалардың ой-пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын дәлелдеуді үйренеді.
Балалардың жұмысқа қабілетін бағыттап отыру жеткіліксіз, дарынды оқушыларға жағдай жасап-болашақ басшыларды, өздерін қорғай алатын, білімді, тапқыр тұлғаны қалыптастыру үшін оларды анықтап, жұмыс жүргізу жолдарына тоқталдық. Мұндай оқушыларға керемет бір жаңалықты ашып, әлемді таңғалдыру міндетті емес. Бірақ олардың интеллектуалдық даму деңгейі өте жоғары, қабілетті, жеке басының дамуында ерекшелігі болғандықтан, біздің міндетіміз - қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктер арқылы олардың кез-келген пайдалы ортадан табыла білуіне көмектесу.
Оқыту мен дамыту бағдарламалары баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен білімді меңгеру бағыттарын бірдей дамытатын бағдарламалары болуы қажет. Бұл тәсілдің оқыту үрдісіне енгізілген Д. Эльконин, В. Давыдовтың дамыта оқыту теориялары негізінде жасалған бағдарламалардан көруге болады.
Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту ортасы болу үшін оқыту үрдісі осындай бағдарламалар талаптары негізінде құрылуы тиіс:
1) пән мұғалімінің бақылауы;
2) сынып жетекшісінің бақылауы;
3) логикалық ойлау қабілетін (тит) топтық интнеллектік тест арқылы анықтау тәсілін қолдану.
Тит мынадай бөлімнен құрылады:
- инструкция;
- арифметика;
- сөйлемдер;
- ұқсастық;
- сандық қатарлар;
- аналогиялық тапсырмалар;
- символдар.
Осы тест арқылы әр сыныптағы дарынды оқушыларды анықтап ары қарай бақылауға алуға болады.
Алынатын тестік тапсырмалардың үлгілерін сіздерге ұсынып отырмыз:
№1 тапсырмалар жинағының түсініктемесі мен мысалдары
Сізге екі сөз беріледі. Олардың арасындағы ортақ түсінікті табу керек. Екі сөзге лайықты жалпы қасиетті әр жағдайда іздеу керек. Жауабыңызды берілген қос сөздің қасына жазыңыз. Мысалы:
Шырша – Қарағай.
Дұрыс жауабы – «Қылқан жапырақтылар».
Келесі мысал:
Жаңбыр –Бұршақ.
Дұрыс жауабы – «жауын-шашын». Бұл сөзді жазу керек.
№1 А тапсырмалар жинағы
1. Азия – Африка
2. өсімдіктану – жануартану
3. Феодализм – капитализм
4. Ертегі – жырау
5. Газ – сұйықтық
6. Жүрек – күре жол
7. Копенгаген – Манагуа
8. Атом – молекула
9. Майлар – белоктар
10.Ғылым - өнер
№2 тапсырмалар жинағының түсініктемесі және мысалдары
Бланкінің сол шетіндегі сөзге берілген төрт сөздің біреуінен мағынасы жағынан бірдей, яғни, синоним сөзді табу керек. Сол сөзді белгілеу керек. Бір ғана сөзді таңтауға болады.
Мысалы:
Ғасыр – а) тарих; ә) жүз жылдық; б) оқиға; в) прогресс. Дұрыс жауап – «жүз жылдық». Сондықтан осы сөз белгіленеді.
Келесі мысал:
Болжау – а) ауа райы; ә) хабарлама; б) алдын ала айту; в) себеп. Бұл жердегі дұрыс жауап – «алдын ала айту». Сондықтан жауап белгілену керек.
№2 А тапсырмалар жинағы
1. Прогресшіл – а) интеллектілік (білікті); ә) алдыңғы; б) оңтайлы; в) артта қалған.
2. Жою - а) қол қою; ә) алып тастау; б) хабар; в) кейінге қалдыру.
3. Идеал - а) қиял; ә) келешек; б) хабар; в) кейінге қалдыру.
4. Аргумент – а) дәлел; ә)келісушілік; б) талас; в) фраза.
5. Миф – а) ескілік; ә) шығармашылық; б) аңыз; в) ғылым.
6. Бейморалдық – а) тұрақты; ә) қиық; б) жағымсыз; в) азғын (адамгершіліксіз).
7. Талдау – а) фактілер; ә) талқылау; б) сын; в) ептілік.
8. Эталон – а) көшірме; ә) форма; б) негіз; в) үлгі.
9. Сфералық – а) сопақша; ә) шар тәрізді; б) бос; в) көлемді.
10. Әлеуметтік – а) сүйкімді; ә) ерікті; б) жоспарланған; в) қоғамдық.
Дарынды баланы анықтау үшін ең тиімді іс-әрекет негізінде оқушының қабілетін анықтау қажет. Жас тұлғаны дамыту үшін өзіндік сана сезімін ояту қажет. Дарындылық қабілет адам бойындағы кейбір өзгерістерге, мүмкіншілігіне, даму тенденцияларына байланысты. Дарындылық қабілет оқушының жыл бойы шығармашылық, ізденіс құлшыныстарына өз әсерін тигізеді. Баланың бойындағы жеке дара қасиетін ояту мақсатында іс-әрекетке итермелеу үшін жігерін дамыту қажет. Сол дарындылықты анықтау үшін мектеп психологтары лонгитюд әдісі арқылы әр оқушыны сырттан бақылап, бойындағы жеке дара қасиеттерін анықтауына себебін тигізу қажет деп ойлаймын. Айқындаудың бірден-бір белгісі: дарынды баланы күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс-әрекеттің ерекшелігін педагогикалық бақылау әдісін қолдану арқылы анықталады. Дарынды бала – даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, адамгершіліктің кәусар тамшысы, ағымды тасқыны, дария көлі, мұхиты.
Біз ойлаймыз дарындылық оқушының тәуелді мүмкіндіктері десек нағыз дарынды оқушыны анықтау оның жан дүниесіне, ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс күшін анықтасақ, дарынды оқушы ол өзінің іс-әрекетіне тиімсіз жеке бойындағы ізденіс қасиетіне бір пәнге деген қызығушылығы немесе кейбір шебер қолөнер, көркемөнерпаз үйірмелер арқылы дамуына өз ықпалы туады. Әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелік болады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Егер адамның туысында сол қабілет танылып, ол тәрбиеленсе, оның қабілеті дамымайды. Дарындылықтың негізі ізденіс пен белсенділік. «Ізденіс» оқушылар ғылыми қоғамның жұмысы. Оқушылардың ғылыми қоғамның секция жұмысы және оқушының ғылыми қоғамның бұқаралық жұмысы байқалады. Жалпы жиналыс, конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, көрсетулер, ғалымдармен кездесулер, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру, көрмелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының лабораториясына бару, ғылым, техника апталықтарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу; түрлі байқауларды қою мен өткізу, референттік жұмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу іздеу. Өнертапқыштық жұмыстарды қорғау, сараптамалық лабораториялардың әдіс-тәсілін тереңдетіп көрсету.
Түлектермен қосымша әдебиет пен өз бетінше жұмыс жасау, орындалған жұмыспен ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбымен жұмыс жасау. Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда оқушы жанындағы психолого – педагогикалық және әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Балаға әсер ететін орындар: ата-ана, мұғалім, қоршаған ортадағы жолдастары. Баланың жанын түсініп, ерік күш-жігерін оятқан кезінде ізденушілікке көңіл бөлу қажет. Оқушының дарындылығын психодиагностикалық әдістемелер жинағы арқылы анықтап, бақылау, әңгімелеу жоспарланған сұрақтар арқылы оқушының сөзді есте сақтау, өз пікіріне дұрыс шешім тауып сөйлемге толық мән беріп жеткізуін байқауға болады. Дарынды оқушыны анықтап болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми жоба ретінде көмек беруін мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім үшін қалыптасқан тұлғаны дамытуға ең тиімді жолмен кеңес серияларын ұйымдастыруға себеп туғызады. Дарынды оқушының жүрегіне жол тапқан ұстаз педагогикалық тұрғыдан шеберліктің қайнар көзіне айналады. Дарындылық табиғаттан берілген ерекше қабілет деп түсінуге болады. Мысалы: жоғарыда аты аталған дарындылықтың мынадай түрлері бар. Интеллектуалдық, академиялық, көркемдік, шығармашылық, лидерлік және спорттық. Мектеп психологы болғандықтан осы аталған топтың ішінен психодиагностикалық тестер мен сырттан бақылау арқылы мектепте дарынды оқушылардың шығармашылық пен лидерлік топқа жататындығын анықтап байқадым. Ақыл-ой дарындылығы едәуір басым оқушыларды ойлауды бағалау диагностикасын жүргізу арқылы анықтауға болады. Диагностика арқылы оқушының ақыл-ой дамуы, танымдық әрекетіндегі тұлғалық ерекшеліктері толық мағлұмат алуға болады. Сараптама жүзінде логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесі алынды.
Мақсаты: артық сөзді алып тастау әдістемесі ұсынылды. Ол баланың маңызды бөліктерін бөліп көрсетуін, жалпылай білім дағдысын көрсетеді. әдістеме төрт сөзден тұратын 15 сериядан құралған. Мұғалімде секундомер мен хаттамасы болу керек. Артық сөзді алып тастау әдістемесінің бланкісі.
1. Кітап, портфель, чемодан, әмиян.
2. Пеш, керосин, шырақ, электроплиткасы.
3. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.
4. Қайық, қол арба, мотоцикл, велосипед.
5. Ұшақ, шеге, ара, желдеткіш.
6. Көбелек, штанггенциркуль, таразы, қайшы.
7. Ағаш, этажерка, сыпырғыш, айыр.
8. Ата, мұғалім, ана, әке.
9. Қырау, шаң, жаңбыр, шық.
10. Су, жел, көмір, шөп.
11. Алма, кітап, тоң, раушан.
12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан.
13. Қайың, қарағай, жеміс, емен.
14. Минут, сағат, секунд, кеш.
15. Ақерке, Айдын, Зульфина, Баубекова.
Зерттеу дербес жүргізілді.
Нұсқау: Берілген төрт сөздің ішінен үш сөз ортақ белгілеріне байланысты бір ұғымға біріктіріледі, ал бір сөз бұларға қосылмайды, сол артық сөзді алып тастау керек. Мағынасына қарай сай келмейтін сөзді қатардан тап та сызып таста. Тапсырманы тез әрі қатесіз орындау керек. Бала берілген нұсқауды ұқпаса, бір-екі мысал келтіріліп түсіндіріледі, онда да түсінбесе мұғалім баламен бірлесе отырып жұмыс істейді. Балаға жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Психолог уақытты және тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын хаттамаға түсіріп отырады. Тапсырма балдық жүйемен бағаланады. Дұрыс жауап екі ұпай, қате жауап нөл ұпай.
Тәжірибені жүргізу барысында 4 «А» сыныбының 4 дарынды оқушыларын сырттан бақылап, содан соң әдістеме жүргіздім. Соның нәтижесінде: Тлеубекова Бұлбұл логикалық ойлау қабілеті өте жақсы 30 ұпай жинады. Оқушының қабілеті интеллектуалдық және лидерлік топқа жататындығы анықталды. Әшім Айғанай 22 ұпай жинады. Қабілеті жақсы шығармашылық топқа жататындығы байқалады. Баилова Мөлдір 26 ұпай жинады, қабілеті жақсы спорттық және шығармашылық қабілеті анықталды. Дасбаева Арай 28 ұпай жинады, лидерлік және шығармашылық топқа жататындығын анық айтуға болады.
Зерттелген әдістеменің көмегі арқылы оқушылардың ізденісі талаптарын ашу мақсатында оқушылармен мұғалімнің арасындағы байланысты одан әрі көтеруге мүмкіншілік туды. Сараптаманың жауап парағына сүйенетін болсақ.
1. Кітап 2. Шырақ 3. Көзілдірік 4. Қайық 5. Ара 6. Көбелек 8. Ағаш 9. Шаң. 10. Жел 11. Алма 12. Ана 13. Жеміс 14. Кеш 15. Баубекова.
Ауызша – логикалық ойлауды зерттеу әдістемесінің хаттамасы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет