Тақырыбы: «Дисперсиялық талдау. Бір факторлы біркелкі және біркелкі емес кешендер»



бет1/5
Дата10.03.2023
өлшемі18,52 Kb.
#72995
  1   2   3   4   5

Тақырыбы: «Дисперсиялық талдау. Бір факторлы біркелкі және біркелкі емес кешендер»

8 Дәріс
Тақырыбы: «Дисперсиялық талдау. Бір факторлы біркелкі және біркелкі емес кешендер»


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Орындаған: Болатбек. А
Тобы: 5101-19
Қабылдаған: Рысбаева. Ғ
Дәріс жоспары:

  • Дисперсиялық талдау.

  • Дисперсиялық талдаудың түрлері.

  • Крускал-Уоллис критерийі .

  • Бір факторлы дисперсиялык талдаудын параметрлік емес баламасы.

Дисперсия


бұл әртүрлі факторлардың әсерінен туындайтын белгінің өзгергіштігі.
Дисперсиялық талдау – бұл екіден артық топтардың орта мәндерін салыстыру үшін, яғни бірнеше тәуелсіз топтардың бір бас жиынтыққа жататындығын немесе жатпайтындығын анықтау үшін қолданылатын талдау әдісі. Орта мәндердің арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін дисперсиялар қолданылады.
Дисперсиялық талдауды ағылшын ғалымы, математик және генетик Рональд Фишер 1938 ж. дисперсиялық талдауға мынадай анықтама берген: Дисперсиялық талдау-«бір себептерден болатын дисперсияны
екінші бір себептерден болатын дисперсиядан айыру».
Дисперсиялық талдаудың мақсаты зерттеліп отырған кездейсоқ шаманың мәніне әсер ететін, шама мәнінің тұрақсыздығын тудыратын факторларды анықтау болып табылады.
Дисперсиялық талдау міндеттері: 
белгіленген немесе кездейсоқ болулары мүмкін бірнеше деңгейлермен сипатталатын факторлардың ықпалын зерттеу.
Факторлық белгілер(фактор) – зерттелетін құбылысқа ықпал ететін белгілер.
Нәтижелік белгілер(факторға жауап) – факторлық белгілердің ықпалы нәтижесінде өзгеретін белгілер.
Эксперименттік ұйғарымдарда
дисперсиялық талдаудың
бірнеше түрлері бар.
Солардың ішінде жиі кездесетіні мыналар:
Бір факторлы
Көп факторлы
Бір фактордың ықпалы тексерілетін дисперсиялық талдау бір факторлы деп аталады.
Екі немесе одан да көп факторлардың ықпалын зерттеу үшін көп факторлы дисперсиялық талдау қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет