Тақырыбы: «Еңбек бәрін де жеңбек» (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы) Мақсаты



бет1/2
Дата28.03.2023
өлшемі22,99 Kb.
#77039
  1   2

Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы
Сайқын ауылы
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ
Елеусинова Нұргүл Қанатбайқызы
Тақырыбы: «Еңбек бәрін де жеңбек» (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

  • Еңбек ету, еңбектің мәні туралы түсініктері кеңейеді;

  • Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;

  • Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;

  • Еңбекті құрметтеуге үйренеді;

  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.

Көрнекіліктер: Слайд, нақыл сөздер, «Оқушылар шығармашылығынан» - суреттер, көрме, ойынға қажетті құрал-жабдықтар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар мақалдың мағынасын ашады)
Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз еңбек туралы болмақ.


Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Туған жер» Оқушыларға екі түрлі тақырыпта мақал-мәтелдер жазылған парақшалар үлестіріледі, әр оқушы соған сәйкес өз тобын анықтап орындарына отырады. Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтел жазып жатқанда ата-аналар отбасындағы бала еңбегі туралы айтып береді.
Еңбек туралы мақал-мәтелдер:

Еңбегіне қарай — құрмет, 
Жасына қарай — ізет.

Еңбек ер атандырады.


Еңбек ерлікке жеткізер, 
Ерлік елдікке жеткізер.


Еңбек еткен — мұратқа жеткен.

Еңбек етпей елге өкпелеме
Егін екпей жерге өкпелеме.


Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, 
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 


Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.

Ердің атын еңбек шығарады.


Бақыт кілті еңбекте.

Еңбек ширатады,


Өмір үйретеді.

Маңдайы терлемегеннің


Қазаны қайнамайды.

Еріншектің ертеңі бітпес,


Жеңілтектің селтеңі бітпес.

Еңбек етсең ерінбей,


Тояды қарның тіленбей.


Мынадай сұрақтарға жауап алу:

  • Балаңыз отбасындағы шаруаларға көмектесе ме?

  • Балаңызды үй шаруасына жұмсағанда оның жас ерекшелігін, әлінің жетіп-жетпейтінін ескересіз бе?

  • Жалпы баланы неше жастан бастап еңбекке араластыруға болады?

  • Қандай шаруалар істейді?

  • Балаңызды еңбекке қалай жұмсайсыз, қалай араластырасыз?

  • Баланы сіз жұмсағанда өз еркімен құлшына кірісіп кете ме, әлде зорлап жұмсайсыз ба?

  • Балаңызға жұмыс тапсырарда «егер де осы жұмысты бітірсең бір нәрсе алып беремін» деп оның еңбегін сатып аласыз ба? т.б.

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша олардың қаншалықты мақал-мәтелдер білетіні және мағынасын ашып айтуы тыңдалады.
Енді мектептегі еңбек тәрбиесіне тоқталайық. Мектептегі еңбек сабағы, сенбілік жұмыстары туралы айтылады.
Келесі тапсырма «Ситуациялық сұрақтар» Бұл кезде балаларға тапсырмалар беріледі. Алдарына берілген түрлі-түсті қағаздан өз ойлары бойынша шеберліктерін салып әр түрлі нәрселер жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет