Тақырыбы: Әдістемелік қызметтің негізгі бағыттары Орындаған



Дата12.04.2022
өлшемі399,92 Kb.
#30745

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Тақырыбы: Әдістемелік қызметтің негізгі бағыттары

Орындаған: Манарбекқызы Аяулым КДР-21 топ студенті.

Тексерген: Дина Набиолловна.

Жоспары:
  • Әдістемелік жұмыс

  • 2. Әдістемелік қызметтің негізгі қағидалары
  • Басты міндеттері
  • Басты бағыттары
  • Әдістемелік жұмыстың формалары
  • Әдістемелік кеңес, бірлестіктер

Әдістемелік жұмыс- бұл кадрларды оқыту және дамыту, барынша құндылық тәжірибелерін анықтау, оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз етуге арналған жеке әдістемелік әзірлемелерін құру жөніндегі қызмет.


Әдістемелік қызметтің негізгі қағидалары:

- жаңарудың теориялық негіздері мен мақсатын көздейтін тұжырымдамалық қағидасы;

- білім алушыларға деген адамгершілік қарым-қатынас қағидасы;

- педагогтарға тән жалпы тұжырымдамалық ұстаным мен көзқарасты айқындайтын басты қажеттілік қағидасы;

- жүйелілік көзқарасты барлық жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін жүйелілік қағидасы;

- жаңаруға ықпал ететін,білім ұйымының ерекшелігін ескеріп оны қолдануды жүзеге асыратын баламалық қағидасы;

- ресурстық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету қағидасы;

- жасалған бағдарлама мен жобаларды түзету, өзгерту және нақтылауды қажет ететін ашықтық қағидасы.



Бүгінгі таңдағы әдістемелік қызметтің басты міндеттері:

білім беру және әдістемелік жүйенің даму стратегиясын белгілеу;

қоғамның интеллектуалды және рухани әлеуетін жетілдіретін шығармашыл тұлға ретінде педагогты дамытатын ғылыми негізделген, соның ішінде әдістемелік қызметтің жүйесін жасау;

білім беру мазмұны мен әдістері аясында педагогтардың шығармашылық қызметінің теориялық негіздері мен нәтижелері бойынша мәліметтер қорын құру;

білім беруді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуын әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

білім берудің өзекті мәселелері және оны жүзеге асырудың әдістемесі бойынша педагогтар мен басшы кадрларға ғылыми-әдістемелік көмек беру;

инновациялық қызметтің дамуына түрткі болу;

оқу-тәрбиелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың жеке бағыттары бойынша эксперимент алаңдарын, авторлық шеберханалар желісін құру және соның негізінде білім беру мазмұны мен оны жүзеге асыруда сапаға жету мақсатында олардың іс-әрекетіне басшылық жасау, үйлестіру,



Әдістемелік қызметтің басты бағыттары:

Ақпараттық қызмет

Диагностикалық болжау қызметі

Білім мазмұнын жаңарту қызметі

Инновациялық және эксперимент жүргізу қызметі

Біліктілікті арттыру қызметі

Аттестаттау қызметі

Коммерциялық қызметі

Басқару қызметі

Әдістемелік жұмыстың формалары

Әдістемелік кеңес

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері

Әдістемелік бірлестіктер

Әдістемелік кеңес- оның негізгі қызметі әрбір мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру болып табылады. Әдістемелік кеңеске директордың орынбасары жетекшілік етеді.

Әдістемелік бірлестіктер- оның құрамына әдетте бір немесе аралас пәндердің 4-5 оқытушысы кіреді. Олар ұстаздардың оқытылатын ғылым саласындағы жаңа жетістіктердің нәтижелерін зерттеуін, олардың жаңа әдістемелік тәсілдермен және технологиялармен танысуын, жаңа оқу бағдарламалары мен сұрақтарын талқылауын ұйымдастырады, мұғалімдердің сабақтарын талдайды.


Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет