Тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу



бет6/8
Дата28.04.2022
өлшемі75.53 Kb.
#32585
1   2   3   4   5   6   7   8
Баланс әдісі статистикада құбылыстар байланыстарын талдау, экономикалық пропорцияларды анықтау, салалар, аймақтар арасындағы байланысты сипаттау үшін қолданылады. Материалдық ресурстар қозғалысын мынадай баланс түрінде көрсетуге болады:

a  b  c  d ,

мұндағы a – мерзім басындағы ресурстар қоры;

b – мерзім ішінде қосылған ресурс;

c – мерзім ішінде жұмсалған ресурс;

d – мерзім соңындағы ресурстар қоры.

Баланс құру арқылы қатар жұмыс күшінің, негізгі капиталдың, қаржы құралдарының, т.б. көрсеткіштердің қозғалыстарын да зерттеуге болады. Баланс әдісі көрсеткіштер байланысын талдау үшін ғана қолданылмайды, ол мәліметтерді тексеруге, белгісіз көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді. Ел экономикасын макро деңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын нарықтық экономиканың халықаралық статистикалық үлгiсi – ұлттық шоттар жүйесінде (ҰШЖ) баланс әдісі кеңінен қолданылады. Бұл жүйеде шоттар екi бөлiктен тұрады және баланстық кесте түрiнде берiледi, яғни шоттың ресурстар бөлiгiнiң жалпы сомасы сол шоттың пайдалану бөлiгiнiң жалпы сомасына тең болуы керек.

Экономикалық баланстардың ішінде ең күрделі баланс - ұлттық шоттар жүйесіндегі салааралық баланс. Теориялық тұрғыдан қарағанда салааралық баланс ұдайы өндiрiс үдерісiнiң экономикалық-математикалық үлгiсi болып саналады. Бұл үлгiде өнiмдi өндiру, бөлу, тұтыну, қор жинау арасындағы байланыс толық қамтылып көрсетiледi, сондықтан салааралық баланс экономика салаларының арасындағы байланысты талдауға, негiзгi экономикалық пропорцияларды айқындауға мүмкiндiк бередi. Қазіргі кезде құбылыстар арасындағы байланыстарды талдау үшін әр түрлі баланстар жүйесі қолданылады.

Бастапқы жиналған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде алынған көрсеткіштерді көрнекі түрде бейнелеп, яғни график әдісін пайдаланып, зерттелетін белгілер арасындағы байланыстың бағытын, формасын анықтауға болады. Екі көрсеткіштің байланысын график түрінде нүктелік диаграмма, яғни корреляция өрісі арқылы бейнелейді. Ол үшін координаттар жүйесінің абсцисса осіне факторлық белгі мәндерін, ордината осіне нәтижелік белгі мәндерін салады. Белгілер арасындағы байланыс тығыз болған сайын, нүктелер байланыс формасын анықтайтын сызық бойына көп шоғырланады.

Құбылыстар арасындағы байланысты зерттеу үшін индекстер әдісі де қолданылады. Индекстер күрделі құбылыстардың динамикасын ғана анықтамайды, олар сонымен қатар құбылысқа әсер ететін факторлардың ықпалын да айқындайды. Яғни құбылыстар байланысы индекстер арасында белгілі бір қатынастың болуына себебін тигізеді. Бір-бірімен байланысты экономикалық көрсеткіштер индекстері белгілі бір жүйені құрайды.

Индекстер әдісін пайдаланып, құбылыстар арасындағы өзара байланысты зерттеу үшін факторлық талдау жасағанда, статистикада мынадай ережеге сүйенеді: егер нәтижелік белгі көлемдік және сапалық белгілердің көбейтіндісі түрінде анықталса, онда көлемдік фактордың нәтижелік белгіге тигізетін әсерін анықтау үшін сапалық көрсеткіштің базалық деңгейдегі, ал сапалық белгінің ықпалын анықтағанда, көлемдік фактордың ағымдағы деңгейдегі мәндерін алады.

Жүйелі тізбекті әдіс бойынша бірінші фактордың ықпалын анықтағанда басқа факторлардың барлығы ағымдағы деңгейде алынады. Екінші фактор индексін құрғанда бірінші фактор базалық деңгейде, ал қалған факторлар ағымдағы деңгейде болады. Үшінші фактордың индексін құру үшін бірінші және екінші факторлар базалық деңгейде, ал қалған факторлар ағымдағы деңгейде алынады. Мысал үшін нәтижелік белгі үш факторға байланысты болсын. Олардың байланысын шартты түрде былай белгілейік:

A  a b  c

мұндағы À – нәтижелік белгі;

a, b, c – факторлық белгілер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет