Тақырыбы: Ғалам туралы ғылыми көзқарастар Дәріс Ғалам туралы ғылыми көзқарастар



бет1/20
Дата31.12.2021
өлшемі3,5 Mb.
#23807
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Дәріс 1

Дәріс №1


Тақырыбы: Ғалам туралы ғылыми көзқарастар

Дәріс 1. Ғалам туралы ғылыми көзқарастар



Кіріспе 1. Ғалам. Ғаламның пайда болуы туралы алғашқы ұғымдар. 2. Ғалам жүйесіндегі планеталар қозғалысы 3. Ғаламның алғашқы модельдері. 4. Коперник әлемі. 5. Ғаламның негізгі элементтері күн және жұлдыздар.

Кіріспе. Жұлдызды аспан әлемі қай кезде де адамдардың ерекше қызығушылығын тудырып келеді. Жұлдыздар неге жанады? Түнде олардың нешеуі жарқырап тұрады? Олар бізден алыс орналасқан ба? Жұлдызды аспанның шекарасы бар ма? Ежелгі заманнан бастап адамдарды осы және басқа да көптеген мәселелер ойландырды, олар біз өмір сүріп жатқан үлкен әлемнің неден жасалғанын түсініп, білгісі келді. Адамдардың ол туралы ең алғашқы түсініктері ертегілер мен аңыздарда сақталған. Жер шары туралы ғылымның пайда болып, тереңге тамыр жаюынан және дамуынан бұрын ғасырлар және мыңжылдықтар өтті. Бұл ғылым бізге дүниенің қарапайымдылығы мен ерекше тәртібін ашып көрсетті. Оны ежелгі Грецияда Космос деп текке атамаған, ал Космос деген сөздің бастапқы мағынасы тәртіп және әдемілік дегенді білдіреді. Әлем жүйесі - Жердің, Күннің, Айдың, планеталардың, жұлдыздардың және басқа да аспан денелерінің кеңістікте орналасуы мен қозғалысы туралы түсінік. Ригведа деп аталатын ежелгі үнді кітабынан (Гимндер кітабы деген n мағынаны білдіреді) адамзат тарихында ең бірінші рет барлық жер шарын бір тұтас етіп сипаттаған анықтаманы тауып алуға болады. Ригведаға сәйкес оның құрылысы соншалықты күрделі емес. Оның ішінде ең алдымен Жер бар. Ол шексіз тегіс қабат – кең байтақ кеңістік ретінде беріледі. Бұл қабаттың үсті аспанмен жабылған. Аспан – жұлдыздар жыпырлаған көгілдір күмбез. Аспан мен жердің арасында – жарқыраған ауа. Бұның бәрі ғылымнан өте алыс еді. Бірақ бұл жерде маңыздысы басқа нәрсе. Бүкіл Жер шарын ойша құшағыңа алу деген батыл мақсаттың өзі керемет. Осыдан кейін адамзаттың ой-санасы әлемнің құрылымын түсінуге, ой елегінен өткізуге және шешуге, өзінің түйсігінде дүниенің толық көрінісін жасауға қабілетті деп айтуға болады. 1. Ғалам. Ғаламның пайда болуы туралы алғашқы ұғымдар. XVII ғасырдан бастап астрономдардың маңызды міндеті – Галилей өз телескопынан көріп қалған оразан зор жұлдыздар тобыры Құс жолын зерттеу болды. Астрономдардың көптеген ұрпағының күш-жігері Құс жолының жұлдыздарының толық саны қанша, оның шынайы формасы мен шекарасы қандай екенін түсінуге, мөлшерін бағалауға жұмсалды. Тек 20-ғасырда ғана бұл - өзіне барлық көзге көрінетін жұлдыздарды жинақтаған бірыңғай жүйе екені түсінікті болды. Осы жүйеге басқаларымен бірге тең құқықта біздің Күніміз де , онымен бірге Жер және планеталар да кіретін болды. Және де олар оның ортасында емес, шеткері орналасады. Астрономдар үшін Галактика құрылымын толық білу үшін ондаған жылдар бойы мұқият қадағалаулар мен терең ойпікірлер қажет болды. Біз, ішкі жағынан көріп отырған жұлдыздар жүйесін Құс жолы жолағына ұқсатып осылай деп атай бастадық. (галактика деген жаңа грек сөзі галактикос, млечный дегенді білдіреді. Галактика көзге өрім-өрім және аспандағы шашыраңқы орналасқан жұлдыздарына қарап, бейберекет болып көрінгенімен оның өте дұрыс құрылымы мен формасы бар. Оның құрамында диск, гало және корона бар. Схематикалық суреттен көріп отырғандай, диск дегеніміз ұштастырып қосылған екі табақшаға ұқсайды. Ол осы көлемнің ішінде Галактика ортасының дөңгеленген орбиталары бойынша қозғалады. Дисктің диаметрі өлшенген – ол шамамен 100 мың жарықтық жылдарды құрайды. Бұл дегеніміз, дискті диаметрі бойынша бір шетінен екінші шетіне дейін кесіп өту үшін жарық бойынша жүз мың жыл қажет. Міне Галактиканың үлкендігі қандай! Ал дисктегі жұлдыздардың саны жүз миллиардтай болады. Галода осымен салыстыратындай жұлдыздар саны бар (гало сөзі дөңгелек дегенді білдіреді). Олар аздап жапырылған сфералық көлемді толтырады және дөңгеленген орбита бойынша емес, қатты созылған сопақша орбита бойынша қозғалады. Бұл орбиталардың жалпақтығы Галактиканың орталығы арқылы өтеді. Олар әртүрлі бағыттар бойынша аздап немесе көптеп тең бөлінген. Біздің Галактиканың құрылысы мынадай: 1 – сфералық бөлігі; 2 - диск; 3 - ядро; 4 – газды-шаңдық бұлттар қабаты; 5 – корона 1 5 4 2 100 мың жарықтық жылдар 3 Диск пен оны қоршаған гало коронаның ортасында тұр. Егер диск пен галоның радиустары көлемі бойынша өзара салыстыруға келетін болса, коронаның радиусы бес, он есеге үлкен болуы мүмкін. Неге болуы мүмкін? Иә, өйткені ол көзге көрінбейді –одан ешқандай жарық шықпайды. Олай болса ол туралы астрономдар қайдан біледі? Табиғатта барлық денелердің тартылыс күші бар және олар оның әсерін сезеді. Бұл туралы Ньютон ашқан Бүкіләлемдік тартылыс заңында айтылған. Міне корона туралы да оның жарығына байланысты емес, оның тартылыс күшіне байланысты білді. Ол көзге көрінетін жұлдыздарға, жарық шығарушы газдың бұлттарына әсер етті. Осы денелердің қозғалысын бақылай отырып, астрономдар оларға диск пен галодан басқа тағыда бірдеңенің әсер ететінін түсінді. Осы бідеңені егжей-тегжейлі зерттей отырып, ең ақырында қосымша тартылыс әсерін беріп тұрған коронаны анықтады. Ол өте көлемді болып шықты – диск пен галоның құрамына кіретін барлық жұлдыздардың салмағынан бірнеше есе артық. Кеңестік астроном Я. Эйнасто мен оның қызметкерлері Тарту обсерваториясында осындай мәліметтерге қол жеткізді. Әрине, көзге көрінбейтін коронаны зерттеу өте қиын. Сондықтан, оның мөлшерлері мен салмағының бағалары соншалықты нақты емес. Бірақ оның басты жұмбағы басқада: біз оның неден тұратынын білмейміз. Оның ішінде қандай да болсын, тіпті сәуле шығармайтын болса да, жұлдыздар бар ма, біз білмейміз. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар оның салмағын жұлдыздар емес, көптеген ұсақ элементтік бөлшектер –нейтринолар құрайды деп болжам жасауда. Бұл бөлшектер ғалымдарға өте ертеден белгілі, бірақ оладың өзі біздер үшін жұмбақ болып отыр. Олар туралы мыналар белгілі деп айтуға болады: олардың қимылсыздық салмағы бар ма, яғни бөлшек қозғалмай, бір орында тұрған кездегі салмағы белгілі ме? Элеманттік бөлшектердің көпшілігінің осындай слмағы белгілі. Бұл, мысалы, электрон, протон, нейтрон. Барлық атомдар осылардан құралады. Ал фотонда, жарықтың квантында ол жоқ. Фотондар тек қозғалыс үстінде өмір сүреді. Егер коронаның қимылсыздық салмағы бар болған ғана жағдайда нейтрино корона үшін материал ретінде қызмет ететін еді. Қазіргі кезде астрономдар нейтриноның қимылсыздық салмағы бар ма әлде жоқ па деген сұрақты айқындау үшін арнайы тәжірибе жүргізіліп жатқан физикалық зертханалардан тағатсыздана хабар күтуде. Физиктер көзге көрінбейтін коронаның жұмбақ сырын шешуі мүмкін. 2. Ғалам жүйесіндегі планеталардың қозғалысы. Жұлдыздардың арасында Күннің бір жыл бойы жылжуын бақылай отырып, ежелгі адамдар қандай да бір жыл мерзімінің түсетінін алдын ала бақылап үйренді. Олар аспан жолағын эклиптика бойымен 12 шоқжұлдыздарға бөлді, олардың әрқайсысында Күн жобамен бір ай бойы болады. Бұл шоқжұлдыздар зодиак шоқжұлдыздары деп аталды. Олардың ішінде біреуінен басқасы жануарлардың атымен аталады. Қандай да бір шоқжұлдыздың таң алдындағы шығуымен ежелгі адамдар өздерінің ауыл шаруашылық жұмыстарын байланыстырады, бұны олардың аталуынан да көруге болады. Мысалы аспанда Суқұйғыш шоқжұлдызының пайда болуы болжалды су тасуын, Балықтар пайда болса – балықтардың алдағы уақытта уылдырық шашатынын білдіреді. Бикеш шоқжұлдызы таңертеңгілік пайда болған кезде егін жинау жұмыстары басталады, бұл жұмыстарды көбіне әйелдер атқарады. Бір ай өткеннен кейін аспанда Таразы шоқжұлдызы пайда болады, осы уақытта бидайды өлшеп, есебін жүргізу басталады. Біздің эрамызға дейін 2000 жыл бұрын ежелгі жұлдызшылар зодиак шоқжұлдыздарының арасындағы бес айрықша аспан шырақтарын байқаған. Олар аспандағы өз орындарын жиі жиі ауыстырып, бір зодиак шоқжұлдызынан екіншісіне көшіп отырады. Кейіннен грек астрономдары бұл аспан шырақтарын планеталар, яғни адасып жүргендер деп атайды. Олар Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурн. Аталған планеталар бүгінгі күнге дейін ежелгі Рим құдайларының аттарымен аталып жүр. Адасып жүрген аспан шырақтарының қатарына Күн мен Ай да қосылады. Ежелгі астрономдар планеталардың қозғалысындағы белгілі бір заңдылықтарды, және олар аяқталғаннан кейін планетаның аспанда Күнге қатысты орналасуы қайталанатын уақыт аралықтарын анықтағанға дейін көптеген жүзжылдықтар өткен сияқты. Осы уақыт аралығы кейіннен планеталардың айналуының синодикалық кезеңі деп аталды. Осыдан кейін мынадай қадам жасауға болатын еді - әрбір планета үшін белгілі бір орын берілетін жер шарының ортақ моделін жасау және оны пайдалана отырып, планетаның орналасуын бірнеше айлар мен жылдар бұрын алдын ала біліп отыруға болады. Планеталар өздерінің Күнге қатысты аспан әлеміндегі қозғалысының сипаты бойынша (біздің түсінігімізде) екі топқа бөлінеді. Меркурий мен Шолпан шоқжұлдыздары ішкі немесе төменгі, ал қалғандары сыртқы немесе жоғарғы болып аталады. Күннің бұрыштық жылдамдығы жоғары планетаның тікелей қозғалысының жылдамдығынан артық. Сондықтан Күн ақырындап планетаны басып озады. Ішкі планеталар үшін де Күнге және планетаға бағыттар сәйкес келген кезде планета мен Күннің бірігуі басталады. Күн планетаны басып озғаннан кейін ол Күннің шығысының алдында, түннің екінші жартысында көзге көрінетін болады. Күнге қарсы бағыт пен планетаға қарсы бағыттың арасындағы бұрыш 180 градусқа жеткен кездегі сәт планетаның қарама-қарсы келуі деп аталады. Бұл уақытта ол өзінің шегіну қозғалысы доғасының ортасында болады. Планетаның Күннен шығысқа қарай 90 градусқа алшақтауы шығыс квадратурасы, ал батысқа қарай 90 градусқа алыстауы батыс квадратурасы деп аталады. Осы арада айтылған планеталардың орналасуы (жерден бақылау тұрғысынан) конфигурациялар деп аталады. Вавилонияның ежелгі храмдары мен қалалардағы қазба жұмыстары кезінде он мыңдаған астрономиялық мәтіндер жазылған тақтайшалар табылған. Оларды ажыратып оқыған кезде вавилон астрономдары аспандағы планеталардың орналасуын мұқият қадағалағаны анықталды; олар планеталардың синодикалық айналымын анықтап, оларды өздерінің есептерінде пайдалана білді. 3. Ғаламның алғашқы модельдері. Ежелгі Шығыс халқының астрономиялық жоғары деңгейіне қарамастан, олардың әлемнің құрылысына деген көзқарастары тек қана көзбен көру түйсіктерімен шектелді. Сондықтан, Вавилонда Жерді мұхиттың қоршауындағы дөңес аралға ұқсайды деген түсінік қалыптасқан. Жердің ішінде өлгендер патшалығы бар деп саналған. Аспан - жер қабатына тірелетін және төменгі суларды (жер аралының айналасындағы мұхит) жоғарғы сулардан (жаңбыр суы) бөліп тұратын қатты күмбез. Осы күмбезге аспан шырақтары жабыстырылған, ал аспанның үстінде құдайлар өмір сүреді. Күн таңертең шығыс қақпаларынан шығады, батыс қақпалары арқылы кіреді, ал түнде Жердің астында қозғалып жүреді деп есептеген. Ежелгі египеттіктердің түсініктеріне орай, Жер шары - солтүстіктен оңтүстікке дейін созылып жатқан үлкен алқап. Оның ортасында Египет орналасқан. Аспан бағандармен тіреліп тұрған үлкен темір қақпаққа ұқсайды, сол қақпаққа шырағдандар секілді жұлдыздар ілінген. Ежелгі Қытайда мынадай түсінік болған: Жер тегіс тікбұрыштың формасында, оның үстінде дөңгелек дөңес аспанды бағандармен тіреп қойған. Ашуланған айдаһар орталық бағанды майыстырып тастаған, соның салдарынан Жер шығысқа қарай қисайып тұр. Сол себептен Қытайдағы барлық өзендер шығысқа қарай ағады. Аспан батысқа қарай қисайып тұрғандықтан, барлық аспан шырақтары шығыстан батысқа қарай қозғалады. Кіші Азияның (Иония) батыс жағалауларындағы грек колонияларында, Италияның оңтүстігінде, және Сицилияда біздің эрамызға дейінгі төртінші ғасырда ғылымның, соның ішінде табиғат туралы ілім ретінде философияның қарқындап дамуы басталды. Дәл осы жерде табиғат құбылыстарына қарапайым пайымдап қараудың және оларды аңғал түсінудің орнына осы құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру, олардың шынайы себептерін білуге талпыныс пайда болды. Ежелгі грек ойшылдарының ішіндегі көрнекті ғалым Герклит Эфесский (б.э.дейін 530 - 470 гг. .) былай деген екен: дүние - барлығының ішіндегі бірегейі, оны құдайлардың ешқайсысы және адамдардың ешқайсысы жасаған жоқ, ол заңдылыққа сай тұтанатын және заңдылыққа сай өшетін мәңгі алау болды, болып тұр және бола береді.... Сол кезде Пифагор Самосский (б.э.дейін 580 - 500 гг. .) Жер басқа да аспан денелері сияқты шар пішіндес деген пікірді айтты. Пифагор Жер шарын бір бірінің ішіне салынған концентрациялық хрустальды сфералар ретінде елестетті, және оларға планеталар жабыстырылған деп санады. Осы модельде әлемнің ортасында Жер орналасқан, оның айналасында Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер және Сатурн айналып жүр. Қозғалмайтын жұлдыздар сферасы бәрінен алыс орналасқан. Планеталардың тікелей және шегіністі қозғалысын түсіндіретін әлем құрылысының алғашқы теориясын грек философы Евдокс Книдский (б.э.дейін 408 - 355 гг.) жасады. Ол әрбір планетаның бір емес, бір бірімен байланысқан бірнеше сферасы бар деген пікірді ұсынды. Олардың біреуі шығыстан батысқа дейінгі бағыт бойынша аспан сферасы осінің айналасында Ұқсас жұмыстар Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ Қазақ тіліндегі тілдік тұлға мәселесі Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы Ономастика Ғаламның тілдік бейнесі динамикалы негізді және ғалам бейнесіне тілдік араласудың нәтижесі Сөз образдар дүниенің тілдік бейнесін жасауға қатысатын тілдік бірліктер Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс.

Дәріс №2




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет