Тақырыбы: Физика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері Физика пәні мұғалімі



бет1/2
Дата11.02.2023
өлшемі22,36 Kb.
#67150
  1   2

Тақырыбы:


Физика сабағында оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру мәселелері
Физика пәні мұғалімі: Аманжолова Құралай Базылқызы
№77 жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені
Қарағанды қ.

Ғылыми- техникалық прогрестің қарқынды даму үдерісінде және оның өндірісте ауқымды пайдалану заманы -білім беру саласының мекемелерінің алдында үлкен міндет жүктеп отыр. Бұл міндет – оқушыларды жүйелі түрде сапалы біліммен қамтамасыз ете отырып келешекте алған білімдерін толықтырып оны өздерінің танымдық және зерттеушілік қаблеттерімен ұштастыра білу.


Физика пәні бойынша білімді сапалы түрде қалыптастырудың маңызды факторларының бірі – сабақ үстінде оқушылардың білімге деген танымдық қызығушылығын арттыру. Бұл үшін жаңа сабақты түсіндіру барысында сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру өте маңызды. Физика пәнінің кабинетін замануи талаптарға сай жабдықтау оқушының пәнге деген қызығушылығын өз кезегінде жағымды әсер етуі сөзсіз. Кабинеттің талапқа сай жабдықталуы мұғалімге жаңа материалды түсіндіруге уақытын үнемді және тиімді пайдалануына үлкен септігін тигізеді.
Көптеген оқушыларда оқуға деген немқұрайлық, осыған орай төмен танымдық қызығушылық деңгейі көрінеді. Сондықтан да кез-келген мұғалімнің алдында осындай мәселелерді шешу үшін сабақ берудің тиімді әдістерін, түрлерін іздестірген жөн деп есептеймін. Бірінші кезекте күттірмейтін шешім бұл білім беру үдерісінде оқушылардың белсенділігін арттыру. Білім алу үдерісінде тұлғаның белсенділігін арттыру-бұл сапасы деңгейінің көрсеткішіне және тұлғаны дамытуға және оның кәсіби дайындығына тікелей әсер ететін фактордың бірі болып табылады. Жылдан-жылға ақпарат ауқымының жылдам өсуі оның көпсалалығы біздерден іскерлікті талап ететіні даусыз, ендеше осы мақсатқа жету жолы бұл аралас білім арқылы іздену, дұрыс шешім қабылдау. Оқушының бойына табылатын білім-білік дағдысы оның мәліметтер жинауда, оны талдауда, ақпарат жүйесін жинақтауда нәтижелерді қорытындылауда және істің соңына дейін жеткізудегі өзінің жекелеген іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай мұғалімнің де мақсат-міндеттері өзгеріп отырады. Енді мұғалім тек қана білім беретін ақпарат көзі ғана болып қоймайды, мұғалім енді оқушының өзін-өзі дамытудағы іс-әрекеттердің ұйымдастырушысы, шығармашылық ізденістерге бағыт-бағдар беруші болуы керек.
Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық іс-әрекеттерінің арқасында бұл мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыруға болады. Білім берудің белсенділігін арттырудың стратегиялық бағыты берілетін ақпараттың ауқымдылығында емес, бақылау жұмыстарының жиілігінде немесе қатаңдығында емес, бұл оқушының ойлау, қабылдау қабілетіне дидактикалық және психологиялық жағдай қалыптастыру болып табылады. Бұл бағытта оқушының интелектуалдық белсенділігі ғана емес, сонымен қатар тұлғаның, әлеуметтік белсенділігі де қарастырылады. Жұмысқа деген белсенділікті өзіндік іс-әрекеті, көшбасшылықты, шығармашылықты дамыту – бұл оқу-тәрбие үдерісінде іске асырылатын бүгінгі күннің талабы. Қоғамның даму үдерісі адами фактордың белсенділігімен, кәсіптік және қоғамдық салалардың барлық түрлеріндегі адамдардың шығармашылық дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептер білім-білік дағдыларын игерумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен бірге тұлғаның дамуына, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Танымдық белсенділікті, өз бетінше білімін толықтыратын қасиеттерді дамытпайынша жаңа тұлғаны қалыптастыру мүмкін емес.
Л.Н. Толстойдың мына сөздерін айта кеткенді жөн көріп отырмын « Знание тогда знание, когда оно приобретено усилиями своей мысли, а не памятью».
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың тағы бір жолы бұл оқушылардың өзіне әр түрлі тапсырмалар жинағын құрастыруды тапсыру керек. Оқушыларға әр түрлі эксперименттік есептер шығарған ұнайды. Оқушылармен алған білімді тиянақтау, жинақтау мақсатында сабақ үстінде әртүрлі ойындар ұйымдастырған өте тиімді. Мұндай сабақтың түрі – сайыс сабақ ретінде өтуі мүмкін. Сайыс - сабақтың негізін топтар арасында сұрақ- жауап және кезектесіп берілген тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады. Мұндай сабақтарды өткізудің әр түрлі тәсілдері бар. Олар: «Көңілді тапқырлар тобы», «Брейн ринг», «Жұлдызда сәт», «Бақытты шақ» сияқты бәрілеріне таныс ойындарнегізінде ұйымдастыруға болады. Сайыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу төмендегідей үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық, ойын сәті, қорытынды.
Жалпы сабақ сәтті өту үшін төмендегідей бірнеше шарттардың болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет