Тақырыбы: І. Жансүгіровтың «Күйші» поэмасына талдау Жоспар: І. Кіріспе. «Күйші» поэмасына қысқаша тоқталу ІІ. Негізгі бөлім


Ақынның поэмадағы суреттеу шеберлігіне тоқталайық



бет4/6
Дата07.01.2022
өлшемі31.89 Kb.
#20950
түріПоэма
1   2   3   4   5   6
Ақынның поэмадағы суреттеу шеберлігіне тоқталайық.

Теңеу: Күлдірлеп қоңыраудай, жүйрік аттай, қымыздай балға ашытқан, оймақтай аузы, сұлтандай сүйігімді.

Эпитет: Зарлы күй, ащы күй, алтын күрек, мақпал бау, құс мамық, қылаң қабақ, қара шаш, алма сағақ, текті құс, теріс азу, ақиық қыз.

Кейіптеу: Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына, бұлт тыңдап мінбей тұрды тау басына, жолбарыс жымың қағып, сылқ-сылқ күлді, ауырып домбыра да ыңыранды, жүректей сандыраған, күй жынданды.

Метафора: Кенем-құтым, мен-тұйғын, мынау сұлу сұқсыр болып, жаңа толқын-жасыған күй.

Градация:Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, талдырып, тамшылатып,

сығып, сарқып т.б.





Портрет:

Қара қас,қылаң қабақ, керқұба қыз,

Қара шаш, алма сағақ,құралай қыз.

Сырықтай ордадағы сымдай бойы.

Тал шыбық,қыпша белдің өзі нағыз.
… Қарсылап қарсы алдында тұр мегежін. Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ. Шөп желке, шолақ бұрым қотыр-қотыр, Қыз емес,қарсы алдында албасты отыр. Жыландай жиырылған кесерткі қыз…

Күй аттары: «Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сары өзен», Боз інген», «Ақ көбек», «Ақсақ құлан», «Қос келіншек»,

«Жау жорығы», «Қалмақ қыз», «Арша мерген», «Қара көбек», «Бала көбек», «Желмая», «Тәттімбет», «Кенже қара»,

«Тойтан салған», «Атылған аққу», «Күйген», «Суға кеткен», «Нар идірген», «Ой, бауырым!», «Азат».

Қорытындылау:   Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының көркемдік сапасы аса жоғары. Сонымен қатар, идеялық мазмұны да терең. «Күйші» кезінде де, кейін де идеялық қадір-қасиетімен  жарқырап көзге түседі. Қазақ поэмаларының тарихындағы аса көрнекті туынды ретінде бүкіл жұршылыққа кеңінен танылған, оның халықтық шығарма – асыл рухани байлық екені хақ. Сондықтан да, «Күйші» поэмасы Ілияс талантының шарықтаған шағының тамаша туындысы. Қорыта келе, І.Жансүгіровтың «Күйші»шығармасы өнерді дәріптеген туынды. Ол осы шығармаларымен келешек ұрпаққа «Өнер- адамның асыл мұрасы»,- деген ойын жеткізеді. Өзінің өнерге деген құрметін, сый-сияпатын, үлкен махаббатын, өнердің әсерінен бойын жайлаған керемет сезімдерін өзінің өшпес ақындық өнерімен жеткізе білді. Адамдарды ерекшелендіретін, сақтап, қастерлеп ұрпақтан - ұрпаққа берілетін, ешбір бағасы жоқ, уақытқа, жауға бағынбас асыл мұра- өнер!

Аққайың ауылы

Кең көше,ну орманмен оранғаны,

Жап-жасылға айнала боялғаны,

Ауылымның орманын ұнатамын.

Көз алдымда жайқалады жасыл бағы

Жұпар иісті,гүлдері үлбіреген,

Сылдырап тұр бұлағы мөлдіреген,

Құстары да шиқылдап ұшып жүрген,

Таусылмайтын ерекше бұл бір өлең

Алып тұр ғой барлығын қанатына

Демаласың қоңыр жел самалына,

Қоп-қоңыр құнарлы топырағы,

Текеметтей төселген табаныңа

Қарақат,шие,бүлдірген мен алмасы

Саңырауқұлақ тұнып тұрған сағасы

Айта берсең қасынасы сарқылмайтын

Аққайыңның «жұмақмекен» бағасы.

Анам –әкем

Анашым-асылым!

Қанат жайып бүгінде ұшты құсың

Әкешім –ардақтысың!

Ұл –қызына беретін жігер күшін

Жан анам аяулы жан

Төгілмесін ешқашан мұңнан жасың

Ардақты әкем

Нағыз ұста бар өнерге бұрған басын

Анашым- ақылшы жан

Жетелейді биікке бағалап шын

Әкешім- мақтанышым

Жалықпайды айтудан балаға сын

Сендер барда бақытым жанады екен

Баласына беретін баға бөтен

Жаратқаннан сұраймын басымды иіп

Аман болсын ардақты анам-әкем.

Алғашқы қоңырау

Бүгін міне мереке білім күні

Ерекше боп көрінеді күннің нұры

Оқушылар келіпті гүл құшақтап

Қоңыраудың естілді сыңғыр үні

Ұстаздар көздеріне жас алады

Жәкірттерін көргеніне шаттанады

3 ай уақыт 3 күндей боп өте шығып

Оқушылық күндерімде басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет