Тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындары



бет1/9
Дата12.05.2022
өлшемі41,92 Kb.
#34156
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындары
Дәріс жоспары:

1. Гимнастика –дене тәрбиесінің құралы. Гимнастиканың міндеттері.

2 Гимнастиканың түрлерi және олардың сипаттамасы

Қимыл-қозғалыс ойындары.

1.Ойын дене тәрбиесі құралы. Қимыл-қозғалыс ойындарына сипаттама.

2. Қимыл-қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесі.

1. Қимыл-қозғалыс ойындарының негізін салған ғалымдар.
Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы. Гимнастика (грекше gymnazo–жаттықтырамын)-дене тәрбиесінің құралы, сондай-ақ ол адамның денсаулығын нығайту, күш-қуатын, икемділігін, төзімділігін арттырып жетілдіру үшін қолданылатын әдістер мен арнайы іріктеліп алынған дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі.

Гимнастика адамды дұрыс жүруге, жүгіруге жаттықтырады, мүсіннің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Гимнастика - жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым. Гимнастика - адам организміне жан-жақты әсер етіп, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтеді, үйлесімді дамуына көмектеседі, көңіл күйін көтереді.

Гимнастикалық жаттығулар жа­сау арқылы өмірлік қажетті қозғағыш дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті - ептілік шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет