Тақырыбы: Иммунитет



бет1/6
Дата31.03.2023
өлшемі366,44 Kb.
#77864
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы:

Тақырыбы:

Иммунитет.

Иммунитет туралы ілім.Иммундық жүйені ұйымдастырудың және жұмыс істеуінің негізгі принциптері.

Жоспар

  • Иммунология.
  • Иммунитеттің түрлері
  • Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары .
  • 1) Иммундыбиологиялық препараттар 2) ИБП-ның түрі 3) Вакциналар

Иммунология – бұл ағзаның генетикалық бөгде денелерден (антигендерден) қорғану тәсілдері мен механизмдерін зерттейтін жалпы биологиялық және медициналық ғылым.

  • Иммунология – бұл ағзаның генетикалық бөгде денелерден (антигендерден) қорғану тәсілдері мен механизмдерін зерттейтін жалпы биологиялық және медициналық ғылым.

Иммунитет теориясы:

  • Иммунитет теориясы:
  • Иммунитеттің фагоциттік теориясын
  • И.Мечников 1883 ж.ашты.

  • Иммунитеттің гуморалдық (бүйірлі тізбек) теориясы
  • П.Эрлих 1898 ж.ашты.

    3.Клондық -селекциялық теориясын Ф.Бернет ашты.

Иммунитет(immunitas-лат. бір нәрседен құтылу, босау)

Иммуниет-организмді генетикалық бөгде белгілері бар заттар мен тірі денелерден қорғау әдісі болып келеді. Организмге бөгде заттарға –микроорганизмдер, нәруыздар, жасушалар, тіндер, сонымен қатар мутантты және ісік жасушалары жатады.

Иммунитет құруға жауаптылар-иммунды жүйенің жоғары арнайылықты жасушалары-лимфоциттер.

  • Лимфоциттер- организмнің генетикалық тұтастығын бақылауға негізделген. “Өзінікін” “ өзгенікінен” ажырата білу қасиеті. Осы қасиет иммунитет жүйесінің негізгі қасиеті.
  • Иммундық жүйе -морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі болып табылатын, ағзаның ішкі ортасындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын, миграция және рецеркулация жолдармен байланысатын арнайы лимфоидтық мүшелер мен тіндердің өзара жиынтығы.

Иммундық жүйе– Иммундық жүйе организмді антигендерден арнайы түрде қорғау ісін атқарады.Ол жүйе лимфоидтық тіннен тұрады.Өзінің іс атқаратын факторларының (иммундыреагенттер) кірісуімен жасушалық және де гуморальдық реакциялар жүру арқылы антигенді бейтараптап , залалсыздандырып ағзадан тыс шығарады.Иммундық жүйенің антигендерді залалсыздандыру ісі бейспецификалық факторлармен толықтырылып ,ағзаны қандайда болмасын бөгде заттардан қорғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет