Тақырыбы: Жәндіктердің шағуы кезіндегі жедел жәрдем негіздері



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#16169
  1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Жәндіктердің шағуы кезіндегі жедел жәрдем негіздері


Орындаған: Тазабек Ж.А.

Топ: ММ-32

Қабылдаған: Жылқайдарова С.Б.

Біздің жер шарымызда төрт миллиардтай адам өмір сүреді. Ал жәндіктер – одан да көп. Егер адамдар мен жануарлар олардан сақтанбаса, көп ұзамай жер бетінде тек жәндіктер қалған болар еді. Жәндіктердің шағуынан төмендегідей әдістер арқылы сақтану керек.

1. Егер масасы көп ашық аспан астында түнеуге тура келсе, арнайы маса шағуына қарсы күркешікте ұйықтаған абзал.

2. Жәндіктер тамақтың иісіне жиналады, сондықтан да далада тамақ пісіргенде немесе тамақтанған кезде ішінде тамағы бар қазан, шелектердің қақпағын, жуынды қақпағын тығыздап жауып ұстау қажет.

3. Бау-бақшада жұмыс істеп жүрген кезде байқаусызда құмырсқа, сона не араның ұясын бұзып кетуіңіз мүмкін.

4. Иіс су, шашқа арналған лак, иіс май сынды порферлік иіс жәндіктерді өзіне тартады.

5. Жәндіктер бар жерлермен жалаң аяқ жүрген кезде аяғыңды шағып алуы мүмкін екенін есте сақта.

6. Егер өлтіре алмайтыныңды біле тұра сона, ара сияқты жәндіктерді қуалама. Себебі көбінесе оларды өз еркіне жіберген дұрыс.

7. Жәндіктерге аллергиясы бар балалар олармен абай болғаны абзал.

Инсекттік аллергия жәндіктердің шағуына деген әсіре (гипер) сезімталдық болып табылады. Оның себебіне қан сорушы және жарғақ қанатты жәндіктердің шағуы (аралар, жабайы аралар, масалар мен басқалары) жатады. Инсекттік аллергияның негізін иммундық патологиялық реакцияларда жанама әсер ететін IgE құрайды. Оның туындауына тектік бейімділік ықпал жасайды. Инсекттік аллергияның барынша жиі білінісі шағу орынында 15-20 минуттен соң гиперемияның, ауырудың, ісінудің пайда болуы. Оның таралып жайылумен және температураның көтерілуімен, қалтырап-дірілдеумен, лимфаденитпен бірге өтуі мүмкін. Бір мезгілде қышу, бөртпе пайда болады. Кейбір жағдайларда бір жәндіктің шағуынан дененің бар бөлігінің қышып, крапивница, бет, қол, көмей ісінуі пайда болып, тегіс бұлшықет, бронхтар спазмы туындап, тұншығу ұстамасының, құсудың, іштегі ауырудың, іш өтуінің пайда болуы ықтимал. 

Жәндіктердің уына жоғары сезімталдығы (сенсибилизациясы) бар балаларда анафилактикалық талықсудың (шоктың) даму қауіпі болады. Көп жәндік шаққанда анық білінетін геморрагиялық синдром мен коллапс туындайды. Алғашқы көмек - ара, жабайы ара шаққанда жарадан оның тұмсығын алып тастау; - ішуге антигистаминдік препараттар (пипольфен, супрастин, тавегил) беру; - шағу орынын 1-1000 қатынасындағы ерітілген калий перманганатының сұйықтығымен өңдеу; - жүйелі түрдегі анық байқалатын аллергиясы бар балаларға адреналинді, антигистаминдік препараттарды бұлшық етке енгізу, ауыр жағдайларда гормондарды – глюкостериоидтарды (преднизолон, гидрокортизон) қолдану; - қажет жағдайларда синдром бойынша терапия жүргізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет