Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры». «Болашаққа бастар жол»



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі19,76 Kb.
#15947
  1   2   3   4

Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры». «Болашаққа бастар  жол»

Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, өз елін, тарихын білуге, Елбасымыздың мақаласы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру, таным белсенділіктерін арттыру.


Кіріспе:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.



Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. 

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңіс­тіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ға­на әдемі афо­ризм емес. Шын мәнінде, немістердің, ита­лия­лық­тардың немесе үнді халықтарының жыл­намасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл -орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі гот-тар мен бүгінгі неміс­тер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежел­гі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қа­жетті дәйектеріміз де жеткілікті.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет