Тақырыбы: «Математикалық ғажайыптар алаңы» Мақсаты



Дата22.03.2022
өлшемі73,67 Kb.
#28549

Тақырыбы: «Математикалық ғажайыптар алаңы»
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 5 «а,ә,б,д» сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Математикалық ғажайыптар алаңы» атты интеллектуалдық танымдық сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Сайыс келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:

1-кезең «Кім жүйрік?»

2-кезең «Сандар сөйлесін»

3-кезең «IQ-tarsia»

4-кезең «Ғажайып фигуралар»

5-кезең. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

6-кезең «Математикалық лото»

7-кезең. «Желі қуаты-Kahoot ойыны»
Құрметті сайыскерлер, барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық.
1-кезең «Кім жүйрік?» (сұрақтарға шапшаң жауап беру) (200 ұпай)

  • Натурал сандар деп қандай сандарды айтамыз?

  • Натурал сандар қатарының неше қасиеттері бар атаңыз?

  • Жай бөлшектер нешеге бөлінеді атаңыз?

  • Алымы бірге тең болатын жай бөлшектер қалай аталады?

  • Ортақ бөлім дегеніміз не?

  • Ортақ бөлгіш дегеніміз не?

  • Арифметикалық амалдарды атаңыз?

  • 2-ге бөлінгіштік ережесі?

  • 3-ке бөлінгіштік ережесі?

  • 5-ке бөлінгіштік ережесі?

  • 6-ға бөлінгіштік ережесі?

  • 9-ға бөлінгіштік ережесі?


2-кезең «Сандар сөйлесін» (500 ұпай)

  • 1 және 10 (бір тал кессең, он тал ек)

  • 6 және 60 (алыстан 6 жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді)

  • 2 және 2 (екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас)

  • 4 және 6 (төртеу түгел болса төбедегі келеді,алтау ала болса ауыздағы кетеді)

  • 100 және 100 (жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)

  • 100 және 1000 (жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар)

  • 7 және 1 (жеті рет өлшеп бір рет кес)

  • 6 және 1 (ағайын алтау, ана біреу)


3-кезең «IQ-tarsia»


4-кезең «Ғажайып фигуралар»

Бұл кезеңде оқушылар ұяшықтар таңдау арқылы тапсырма орындайды. Әрбір ұяшықта көрсетілген ұпай санына қарай тапсырма күрделенеді. Дұрыс жауаптар сол көрсетілген ұпайлармен бағаланады.


5-кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

(Математикалық сауаттылық) (200-500 ұпай)

1.Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? 

Шешімі: Жанат - ұзын
2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш


4. Төрбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп алғанда қанша бұрышы қалады? Жауабы: 5
5. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
6. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
7. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
8. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?  Жауабы: екі сағат
9. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары


10. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 

Жауабы: шырпы


11. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?  Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
12. Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның түсін таба алады? Жауабы: ешқайсысы

13.Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..? Жауабы: Айгерім


14. Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі? Жауабы: Дұрыс
15. Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? Сіздің есіміңіз
16. 1 бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді? Бұқа сүт бермейді
17. Жабық көзбен нені көруге болады? Түсті
18. Тауық өзін құспын деп айта ала ма? Жоқ, ол сөйлей алмайды
19. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе? Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар.
20. Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр? Жауабы:3
21. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды? Тақырбас адамның
22. Сиыр неге жатады? Жауабы жерге?


6-кезең «Математикалық лото»

Мұнда топтар өз бақтарын сынайды. Топтар билеттер суырып үш тілде айтып шығады. Сонан соң лото барабаны айналады. Қай топтың саны түседі сол топ өз сыйын қанжығалап тапсырма орындайды. Егер жауап бере алмаған жағдайда өзге топтарға бір реттік мүмкіндік беріледі.


7-кезең. «Желі қуаты-Kahoot ойыны»

Бұл кезеңде оқушыларға арнайы гаджеттер беріліп, ойынға қосылады.



Қорытындылау.
Жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет