Тақырыбы: Мысыр мәдениеті



Дата12.04.2022
өлшемі2 Mb.
#30709









Тақырыбы:Мысыр мәдениеті



























Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері, шамамен, б. з. д. IV мыңжылдықтарда пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, біртіндеп қүл иеленуші мемлекеттер құрыла бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы анасы болып келген Ніл дариясы енді қүл иеленушілердің меншігіне айналды.

Б. з. д. IV мыңжылдықтың екінші жартысында Мысыр жерінде екі құл иеленуші мемлекет — Оңтүстік және Солтүстік патшалығы ірге көтерді. Б. з. д. III мыңжылдықта Солтүстік патшалығы ұзақ жылғы соғыстан кейін Оңтүстік патшалыққа бағынып,Ніл өзенінің жағасында тұтас Мысыр мемлекеті құрылды. Осы кезенде мәдениет пен өнер біраз дамыды. Тасқа ойылып, қашалып жасалынатын бедерлеу өнері барынша өріс алды.

Мысырдың гүлденуі, немесе өздерінің жерін Кемет (Қара жер) деп атаған мысырлықтардың мәдениеті неолит және энеолит кезеңінен басталады. Б.э.д. 4 мың жылдықтарға созылған аралықта ежелгі мысырлық қоғам құрылды. Жеке облыстардан (ном) құрылған мысырлықтар үнемі бір-бірмен қақтығыста болып Солтүстік және Оңтүстік патшалығын құрды. Ежелгі діни түсініктерге байланысты әрбір номның өзінің жебеуші құдайлары – крокодил, ибис (ұзын тұмсық құс), жылан және т.б. болғанБастапқыда Ежелгі мысырлықтардың эстетикалық сезімі көркем қолөнерінде қалыптасты. Ыдыстар мен зергерлік сәндік әшекейлер, үй жиһаздарында қарапайым геометриялық фигураларды aшебер пайдалану, оларға монументальды ерекшелікті тән етті. Әртүрлі өлшем мен әдісте орындалған бұйымдар мен әртүрлі материалдар – саз балшықтан, піл сүйегінен, алтыннан, тас пен ағаштардың түрлерінен, жолаққа орындалған өрнектер мен жазбалар, жануарлардың бейнесі және т.б үйлесімділік тапты.


Ежелгі Мысыр тарихы

Династияға дейінгі кезең(б.з.б3000жылға дейін)

Ежелгі патшалық(б.з.д2900-2270жж) Династия тұсында

Мысыр өркениеті даму барысында 32 династия билік құрып, Мысыр мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы осы династиялардың шеңберінде айқындалған болатын. Мысыр мәдениетінің дамуына, хронологиялық ерекшелігіне назар аударып өтейік. Бірінші династиялыққа дейінгі кезең, екінші ежелгі патшалық. Енді бұдан кейін патшалық деп айтамыз. Өйткені Мысыр мәдениетінің дамуы әрбір патшалыққа тәуелді болғанын жаңа айтып кеттік. Ерте патшалық, одан кейін Ежелгі патшалық, Орта патшалық, Жаңа патшалық және ең соңғысы Кешеуіл патшалық болады



Мысыр мәдениеті дегенде фараон, пирамида, сонымен қатар көптеген бітпейтін құдайлар көз алдымызға елестейді. Бұл Мысыр мәдениетінің ең алғашқы танымы. Расымен Мысыр мәдениеті бір ғана фараон билігін ұлықтау негізінде қалыптасқан болатын. Ал, фараон өз билігін қалай құрды? Әрине, ол сол көптеген құдайларды ұлықтау арқылы, өзін құдайдың тікелей ұлы, құдайдың мұрагері ретінде таныстыру арқылы жалғастырған болатын. Мысыр өркениетінде әрбір құдай белгілі бір қызмет атқарып отырды. Бұл тұрғыда Осирис ең алғашқы фараон ретінде, фараондарды жебеуші құдай ретінде танымал болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет