Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар!» атты сабақтан тыс іс-шара челлендж Мақсаты



бет1/3
Дата30.10.2022
өлшемі24,95 Kb.
#46228
түріСабақ
  1   2   3

Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар!» атты сабақтан тыс іс-шара челлендж
Мақсаты:
1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру.
2. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері, әңгімелері арқылы оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру.
3. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға, имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кітаптар, суреттер, күй.
Іс шараның әдісі: түсіндіру, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін, әңгімелерін жатқа оқу, түйін сөз.
Өту барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Музыка ойнап тұрады.

  • Балалар бұл ненің дауысы?

  • Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаздың кім екенін білесіздер ме?

  • Ия, ол Ыбырай Алтынсарин.

  • Ендеше баллалар бүгінгі шарамызды қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы –ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнаймыз.


Кіріспе
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:
Үміт еткен көзімнің нұры – балам,
Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет