Тақырыбы: Табиғат бұрышы: Қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы. Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін



бет1/3
Дата23.11.2022
өлшемі2,96 Mb.
#51952
  1   2   3

Тақырыбы:
Табиғат бұрышы: Қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы.
Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру.
Бөлме құстарын күтуге, аквариумдегі балақтарды күтіп баптауға дағдыландыру. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып еңбекке баулу.
Табиғат бұрышындағы өсімдіктер
Кез-келген балабақшада табиғат бұрышында бөлме өсімдіктерін өсіру үшін санпиннің келісімі керек. (қазіргі уақытта) Өсімдіктерді күтіп, баптау үшін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірігіп іс – әрекет етуі керек. Көптеген бөлме өсімдіктерінің ішінен балабақшаға ыңғайлы, зияны жоқ гүлдерді тәрбиеші ажыратып танып және таңдай білуі керек. Бұл гүлдерді күту кезінде, бақылау кезінде балалар үшін зиянын тигізбеу керектігін есте сақтау қажет.
Гүлдер жиынтығы
Табиғат бұрышында қазіргі уақытта гүлдер саны күннен күнге арту үстінде.
Олардың ішінде: сәндік, жапырақты, және гүлдейтін бөлме өсімдіктері, әсіресе, топқа ерекше сән беретін бөлме гүлдері бар. Олар алоэ, бальзамин, фиалка, фикус, бегоня, аспарагус, герань, традесканция, драцена, рео және маранта т.б. өсімдіктер болады.
Тәрбиеші балаларға қызықты болу үшін мереке қарсаңында мысалы, жаңа жылда топқа (Рождественская звезда) атты гүлінің ерекшелігі мен тартымды гүл ашып тұрғанын көрсетіп, балалардың қызығушылығын арттырады.
Ал сегізінші наурыз қарсаңында топқа құмырадағы кішкентай гицинтами және примуламис гүлдерін балаларға көрсетіп қана қоймай, көктем мезгілінің жақындағанын сезіндіре біледі. Бақылап болған соң оны ойын алаңына отырғызу керектігін оның далаға да арналған гүл екендігін түсіндіру керек.
Көктем мезгіліндегі еңбек
Астра, бальзамин, бархат, петуния гүлдерін ақпан айында арнайы ыдысына тұқым күйінде егіп, көктем мезгілінде ойын алаңына балалармен бірге отырып, егуге болады. Гүлдерді еге отырып, балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру және гүлдерді күтіп баптауға тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет