Тақырыбы: Табиғи газ, мұнай мен мұнайға серік газдар. Мұнай өңдеу өнімдері. Тас көмір. Сланец. Торф. Жануар мен өсімдік тектес өнімдер. Орындаған



бет1/4
Дата18.03.2022
өлшемі23,19 Kb.
#28424
түріРеферат
  1   2   3   4

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Табиғи газ, мұнай мен мұнайға серік газдар. Мұнай өңдеу. Мұнай өңдеу өнімдері. Тас көмір. Сланец. Торф. Жануар мен өсімдік тектес өнімдер.

Орындаған: Махамбет Гүлзат Махамбетқызы

Тобы: ХБ – 19 – 1к

Қабылдаған: Аубакирова Гульсим Баграмовна

Петропавл, 2022 ж

Жоспары:


  1. Органикалық қосылыстар. Олардың түрлері

  2. Табиғи газдар

  3. Мұнай, мұнай өнімдері, мұнай өңдеу

  4. Тас көмір

  5. Сланец. Торф


Органикалық қосылыстар – құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары). Адам ертеден табиғи бояу, қамыс қантын, әртүрлі майларды, т.б. пайдалана білген. Көміртек атомының өзара және көптеген өзге элементтердің атомдарымен химиялық байланысқа түсуіне орай органикалық қосылыстардың саны 5 млн-нан асты. Оларға органикалық химия зерттейтін изомерия құбылысы және әртүрлі күрделі өзгерулер тән.

Органикалық қосылыстарды тегіне байланысты табиғи және синтездік деп екі үлкен топқа бөлуге болады. Табиғи органикалық заттарға: табиғи газ, мұнай, көмір, шымтезек (торф), тақтатас (сланец), озокерит, мақта және орман шаруашылығының өнімдері, ауылшаруашылығының қалдықтары, т.б. жатады. Синтездік органикалық заттарды органикалық синтез арқылы жасанды жолмен алады.



Табиғи газдар, негізінен, (96%-ға дейін) метаннан тұрады. Дайын күйінде пайдаланылады және әртүрлі органикалық заттар алу үшін, шикізат ретінде қолданылады.

Мұнай - органикалық заттардың күрделі қоспасы.

Мұнайды өңдеп, бензин, керосин және басқа жанармайлар, жағармайлар алады. Сонымен қатар мұнай маңызды органикалық шикізат болып табылады.



Тас көмір отын ретінде қолданылады және одан көптеген органикалық заттар алынады.

Битумды және жанғыш тақтатастардыөңдеу арқылы бензин және басқа отындар, майлар, битум, тұрмыстық газ, т.б. заттар алынады.

Шымтезектен қаныққан көмірсутектер, органикалық қышқылдар, фенол, т.б. органикалық заттар алынады.

Целлюлоза, негізінен, мақта талшығы (95-98%) мен ағаш сүрегінің (40-50%) құрамында болады. Целлюлозадан жасанды талшықтар, қағаз, спирт, эфирлер және эфир майларын алады.

Ауылшаруашылығы өнімдері мен олардың қалдықтарынанкрахмал, сахароза, глюкоза, витаминдер және басқа өнімдер алынады.

Синтездікжолмен сан алуан органикалық заттар синтездеуге болады. Олардың шикізаттары, негізінен, мұнай, газ және жоғарыда аталған басқа заттар болып табылады. Мысалы, әртүрлі полимерлер, дәрі-дәрмектер, жасанды және синтездік талшықтар мен каучуктар, органикалық бояулар, т.б. көптеген заттар синтездік жолмен алынады. Табиғатта кездесетін заттармен қатар табиғатта ұшыраспайтын заттарды да синтездеуге болады. Сонымен қатар, заттарды синтездеу арқылы бағалы табиғи заттарды үнемдеуге мүмкіндік туады.

Органикалық заттардың құрамында міндетті түрде көміртек атомы болады. Органикалық химия көмірсутектер мен олардың туындыларын зерттейді. Органикалық заттардың қасиеттерінде бейорганикалық заттардан біраз өзгешеліктер бар. Олар төмен температураларда балқып қайнайды, оңай айырылады және жанғыш болып келеді. Органикалық заттардың саны өте көп, табиғатта кең таралған және оларды синтездеп алуға да болады. Органикалық заттардың санының көп болуы көміртек атомының ерекше қасиеттеріне байланысты. Органикалық қосылыс құрамындағы көміртек атомдары өзара тізбектеліп, тармақталып және тұйықталып байланыса алады.

Сонымен қатар, бірімен-бірі дара және еселі байланыстар арқылы да қосылады.

Адам және жануар организмдері, өсімдіктер, табиғи газ, мұнай, т.б, негізінен, органикалық заттардан тұрады.

Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.



Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет