Тақырыбы: Теңіз өнімдерінің тағамдық маңызы



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі24,36 Kb.
#16919
түріҚұрамы
  1   2   3   4

Тақырыбы: Теңіз өнімдері
Теңіз өнімдерінің тағамдық маңызы 

Балықтардан басқа  теңіздер мен мұхиттарда шаян  тәрізді жануарлар және өсімдік  организмдері тіршілік етеді.  Олардың өкілдері омыртқасыздар,  теңіз балдырлары  болып табылады, олар тағамдық, азықтық, техникалық және емдік құндылыққа ие.     

Теңіз өнімдерінің құрамында  ағзаның дұрыс жұмыс жасауы  үшін қажетті көптеген құрам  бөлшектер бар. Олар оңай сіңірілетін  ағуыздың бай көзі болып табылады. Ол ас шаяндары мен қысқышсыз  шаяндарда ең көп кездеседі (шамамен 17%), ал бұл балықтардағыға қарағанда айтарлықтай көп емес. Теңіз өнімдерінің құрамында май мөлшері онша көп емес (ең азы теңіз шаяны - 0,5%, ал ең көбі омарлар -  2%), бірақ ол омега-3 тобының құнды майы. Теңіз өнімдерінің құрамында темір, мырыш (ол устрицаларда ең көп, сондықтан олар мықты афродизиак ретінде танымал) және мыс сияқты минералды құрамдар, сонымен қатар PP және B12дәрумендері бар. Теңіз өнімдері йод пен фосфордың ең жақсы көзі болып табылады, ағзаны кальциймен, селенмен және фтормен қамтамасыз етеді. Теңіз шаяндарынан басқа, шаян тәрізділердің құрамында көп холестерин, сонымен қатар, холестериннің сіңірілуін шектейтін стиролдың белгілі мөлшері бар.

Теңіз өнімдерінің  балықтан басқа астық (қоректік) өнімдерін әртүрлі тағамдар мен тіскебасар дайындауда пайдаланылуы жиіленіп келеді. Теңіз өнімдерінің ең бағалылары: шаян тәрізділер, былқылдақ денелілер (моллюски) және балдырлар. Олардың құрамында адам орга-низміне (ағзаға) өте қажетті заттар: белоктар (көп мөлшерде - 22%-ға дейін), минералдың заттар, дәрумендер В, РР, С, Д, майлар, гликоген, ферменттер, микроэлементтер бар. Микроэлементтер мен ағза қызметінжақсартып, қалпына келтіретін заттардың (тонизирующие Бещества) болуы себепті, теңіздік өнімдерді емдік тағамдарда кең қолданады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет