Тақырыбы. «Тәрбие басы отбасы»



Дата06.03.2023
өлшемі15,74 Kb.
#71966

Тақырыбы. «Тәрбие басы отбасы»

Мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, отбасының рөлінің маңыздылығы, оның париоттық көзқарасы.

Міндеттері:

-үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру;

-өз отбасының тарихын білу;

-сұранысты дамыту;

-балаларды моральдық тұрғыдан дамыту;

-патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту.


Керекті құралдар: интербелсенді тақта, «Отбасылық мерекелер» тақырыбындағы бейнежазба, балалардың өздерінің отбасылық суреттері, мақал-мәтелдер, үлестірмелі қағаздар.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут)

- Сәлемдесу, тәрбие сағатының мақсаты түсіндіріледі.


ІІ. Мұғалімнің сөзі:

Барлық өнеге - отбасынан басталады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деп , ата-бабаларымыз тегін айтпаса керекті. Үйдегі тәрбие-баланың болашағына үлкен әсер етеді. Әр бала –өз отбасының тарихын, ата-тегін біліп өсуге тиіс. Ата-ана өз баласына адами қасиеттерді үйретіп отырады. «Әке-асқар тау, ана- бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» дейді. Бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананың отбасындағы беретін тәрбиесінің қазіргі таңда өзекті мәселе екені және әр баланың өз отбасындағы жеке тұлға болып дамуына нені қажет ететіні туралы ой бөлісеміз.


«Менің бақытты отбасым» (бейнежазбаларды қарау)
Мұғалімнің сөзі:
«Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата – ана мен мұғалімнің рөлі зор. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». Бала ата-анадан және өз ұстазынан адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерді, қуаныш табуға баулитын жақсы істерді үйренуге тиіс.
«Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко айтқан екен. Баласын ата-ана отбасында жақсы тәрбиелеуге , жаман іс-әрекеттен аулақ болуға үйретеді. Отбасы – шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өз президенті, министрлері болады. Мемлекеттің барлық мүшелері отбасындағы құндылықтарды бірдей сақтауға міндетті.

«Жалғасын тап...»

1.Атаңның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4. Ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)

Қорытынды: «Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген грек философы - Эпикет. Бала - әр ата-ананың болашағы. Бала-ата-ананың өмірінің жалғасы. Ендеше, өз өміріміздің болашағы болып саналатын ұрпағымызды жақсы біліммен сусындатып, зайырлы еліміздің бақытты балаларын мықты етіп тәрбиелей берейік. Еліміздің болашағы-жастар деп, елбасымыз айтқандай, жарқын елдің- жас ұрпағына жақсы тәлім-тәрбие берейік! Сау болыңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет