Тақырыбы: Тіл және таңба. Тіл және сөйлесім. №13. ОсөЖ. Тілдік қатынас негіздері орындаған: Сакенаева Р. Е дот 1/3



Дата13.05.2022
өлшемі1,13 Mb.
#34262

Тақырыбы: Тіл және таңба.

Тіл және сөйлесім.

№13.ОСӨЖ. ТІЛДІК ҚАТЫНАС НЕГІЗДЕРІ

Орындаған: Сакенаева Р.Е

ДОТ 1/3

Тілдің таңбалық сипаты сөйлесімді құрайтын элементтердің жиын­тығына (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б.) және тілдік тұлғалардың кұрылысына байланысты. Тілдегі таңбалық қызметті осы сөздердің дыбыстық жамылғышы атқарады. Дыбыстық таңбалардың бәрі бірігіп келіп бір жүйе – таңбалар жүйесін құрайды. Бірақ тілдегі таңбалық бөл­шектердің жүйесін таңбалардың басқа түрлерімен, мысалы, жол бойы белгілерінің жүйесімен, цифрлар жүйесімен немесе әскери сигналдар жүйесімен бірдей деп есептеуге болмайды. Олардың арасында көп айырмашылықтар бар.

Тіл – ойды білдірудің, пікір алысудың, адамдар арасындағы қаты­нас­тың кең көлемде қолданылатын күрделі құралы. Оны адамдар өмірдің, іс-әрекеттің барлық саласында қолданады. Басқа таңбалар жүйесінің қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау мүмкіндігі анағұрлым аз болады. Бұл – бір.

Екіншіден, тілдің көптеген басқа таңбалар жүйесінен айырмашылығы сол: тіл мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамдардың хабар­ланатын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнат­пауын, эмоциясын т.б., оның түрлерін біл­діреді. Стилистикалық синонимдер сөздердің эмоцио­нальды және экспрессивті сапасына негізделеді. Мысалы, "қуаныш" дегеннен гөрі "шаттық", “қайғыру” де­геннен “зар жылау/қағу”, “мұңаю” дегеннің эмоциональды-экспрессивті жағы күштірек. Сондай-ақ "жарық" дегеннен гөрі "сәуле" дегеннің эмоциялық бояуы қалыңырақ, экспрессивті қызметі күштірек болса, "сәуле" дегеннен гөрі "нұр" дегеннің эмоциональды-экспрессивті реңкі әлдеқайда басым. Сондықтан оларды бейнелеуіш құралы ретінде пайдаланады. Тіл, сөйтіп, логикалық ойлаумен ғана емес, сонымен бірге адамдардың психологиялық дүниесімен де байланысты. Мұндай қасиет таңбалардың басқа жүйелерінде, мысалы, транспорт (автомобиль, темір жол,

су жолы) сигнализациясында жоқ.



Үшінші айырмашылық: тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады. Олар келісім бойынша өзгере алады. Таңбалардың мұндай жүйесі қоғамдағы барлық адамдардың қатысуымен емес, сол мамандық өкілдерінің қатысуымен, олардың келісімімен жасала береді.

Ал дыбыстық тілдің дамуы қоғам мүшелерінің еркіне бағынышты емес. Әрбір жаңа ұрпақ қоғамдық тілдің біреуін немесе бірнешеуін үйренуі мүмкін.

Сонымен, таңбалардың жүйесі тілге қатысты көмекші құрал ретінде өзіндік мән-мағынаға ие, бірақ таңбалардың жүйесі адамдардың бір-бірімен өмірдің барлық саласында тілдік қатынас жасайтын; сөйлесім, пікір алысатын құралы - тілді ауыстыра алмайды.

Тіл мен сөйлеу - бір-бірінен ажырамас табиғи бірлікте. Сөйлеу - тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы.

Сөйлеу әрекеті с ө й л е у, е с т у, ұ ғ ы н у сияқты үш бө­ліктен тұрады.

Сөйлеу дегеніміз – тілдік қатынас процесінде өз ойын басқаларға білдіру, бас­қа­ның ойын білу мақсатында қолдану. Яғни сөй­леудің 3 қызметі бар: тіл­десу, хабарласу, іс-әрекеттке жұмылдыру. Адам­дар­­дың әр түрлі әлеуметтік ортаға орай қарым-қатынас жасау үшін дұрыс жүргізген сөйлеу әрекеті – сөйлеу.

Сөйлеу екі я бірнеше адамның бетпе-бет оты­рып, ауызша дауыс­тап сөйлеуі ғана емес, оған жазба тіл де, үн шы­ғар­май іштен сөйлеу де, ойды іштей топшылау да жатады. Бірақ бұлардың әрқайсысының мән-мағынасы, көріну, қабылдану жолдары әр басқа.

Сонымен тілдің де, сөйлеудің де ең маңызды қызметі – адамдардың қарым-қатынасын іске асыру. Сөйлеудің енді бір қызметі – адамның өзі­нің сезім-күйін білдіруі, сезімді білдіруде басқаға әсер етуі. Мұны тіл білімінде тілдің экспрессиялылығы мен эмо­циональдығы деп атайды. Тілді оқытуда тіл білімінің мәселе­леріне көп көңіл бөлінеді де, мәтін арқылы өз ойын, сезімін білдіру назарға алынбайды.



Адамдардың жасына, біліміне сай әдеби тіл стильдері бойынша мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізсе, адамдар ойлауға, өз сезімдерін ортаға салуға дағдыланады. Өйткені сөйлеудің үшінші қызметі – ойды жеткізе білу.

Пайдаланған әдебиеттер:
  • Оразбаева, Ф.Ш. Тілдік катынас негіздері: окулык /Ф.Ш.Оразбаева. - Алматы : Print-S, 2005.-147 б.
  • “Қазақ тілі. Энциклопедия”. –Алматы, 1998.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет