Тақырыбы:«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» Мақсаты



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі64.35 Kb.
#20678
1   2   3   4
Қарттар үйіжасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.

Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.

Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.

Оқушы:

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған

Ал әкелер өздеріңе арналмақ

Бұл айтатын асқақ ән.

Көкке өрмелеп көңілің

Нұрға толсын өмірің

Бақытты бол жан әке

Ұзақ болсын өмірің

-Арайлы ақ тілекпен

Ән жолдаймын өзіңе

Сағыныш сазы жүрекпен

Сыр арнаймын өзіңе

-Арманым едің аңсаған

Әке сен бақыт мен саған

Ұрпағым болып жалғадым

Қуаныш әке сен маған

Бата:

- Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет