Тақырып №12 Биоалуантүрлілікті сақтаудың мәселесі. Биоалуантүрлілікті сақтаудың жаңа қағидасы: жеке түрлерді сақтаудан қауымдастықты сақтауға өту Ауылшаруашылық салдарынан тірі ағзалардың жойылуы



бет1/6
Дата01.12.2022
өлшемі200,77 Kb.
#54089
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Экологиялық биогеография ТАҚЫРЫП №12 Биоалуантүрлілікті сақтаудың мәселесі. Биоалуантүрлілікті сақтаудың жаңа қағидасы: жеке түрлерді сақтаудан қауымдастықты сақтауға өту Мамандығы: 5В060800 – Экология Авторы: ботаника кафедрасының аға оқытушысы Кейкин Е.Қ Сабақ түрі: дәріс Қарағанды 2018


Дәріс жоспары:
1. Ауылшаруашылық салдарынан тірі ағзалардың жойылуы.
2. Биоалуантүрлілікті сақтау мәселесі.
3. Өсімдіктердің таралуы мен ауантүрлілігіне адамның әсері.
4.Қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына омыртқалылардың жеке және топтасып бейімделуі.
5. Ауылшаруашылығына құнды түрлерді өзіне тән емес аумақтарға жерсіндіру.


Тақырып №12 Биоалуантүрлілікті сақтаудың мәселесі. Биоалуантүрлілікті сақтаудың жаңа қағидасы: жеке түрлерді сақтаудан қауымдастықты сақтауға өту
Ауылшаруашылық салдарынан тірі ағзалардың жойылуы
Флора мен фауна нысандарын ауылшаруашылықта бақылаусыз қолдану. Ауылшаруашылық салдарынан тірі ағзалардың жойылуы. Биогеоценоздың соңғы өнімдерін басқару мүмкіндіктері (және салдары). Адам ауылшаруашылығында «пайдасыздарды» пайда алып келетін нысан түрлерімен «ауыстыру». Ауылшаруашылығына құнды түрлерді өзіне тән емес аумақтарға жерсіндіру. Өсімдіктер және жануарлардың биоалуантүрлілерінің құнды түрлерін сақтау мәселесі.
Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы
Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.
1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:
әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;
биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;
биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;
биологиялық алуан түрлілікті және оның құрамын анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет