Тақырып Адамның ерік қасиеті және өзін-өзі реттеу психологиясы Қарастырылған мәселелер



бет2/4
Дата26.04.2022
өлшемі19.68 Kb.
#32402
түріКонспект
1   2   3   4
Ерік теориялары.

Адамның өз шешімі бойынша жасалған әрекет пен қылықты Аристотель (б.д.д.384-322 ж.ж.) ерікті деп атады. Ежелгі Рим ойшылы және дәрігер Гален (б.д.д. 130-200 ж.ж.) ерікті және еріксіз қозғалыс жайлы айтып, соңғысына тек ішкі мүшелердің (жүрек, асқазан) бұлшық ет жиырылуын жатқызды. Қалған барлық қозғалысты ол ерікті қозғалыс деп қарастырды. Рене Декарт ерікті жанның тілегін қалыптастыруға қабілетті және кез келген адам әрекетінің пайда болуын анықтайтын, рефлекс негізінде түсіндіруге болмайды деп түсінді. Декарт еріктің басты мәселесі – заттың әсерінен пайда болған құмарлықпен күрес деп есептеді. Т. Гоббс бойынша, тілек, ойлау және ойлану актісінде пайда болған, тікелей қозғалысқа итермелейтін күш - ерік.

В. Вундттың (1912) ойынша, психикалық себеп еріктік актіде жоғары көрсету алады.

Ерікті мотивациялық тұрғыдан Э. Мейман (1917) қарастырды. Еріктік әрекеттің басты белгісі оның ойынша, әрекетті орындау туралы шешім қабылдап, әрекеттің орындалуына әкелетін толық психикалық акт, мақсат туралы елестің пайда болуы, сол мақсатқа байланысты келісімнің берілуі.

Ресейлік психологтер де ерікті мотивациямен байланыстырады. Соның бірі И.М.Сеченев. Біріншіден, ғалым еріктің адамгершілік компонентін бөліп көрсетті, еріктік актіде мотивтің адамгершілік компоненттерінің қатысы бар. Екіншіден, ерік күшінің пайда болуы үшін себеп, мотив керек.

Г.И. Челпанов (1926) еріктік актіде үш элементті бөліп көрсетті: тілек, ұмтылыс және тырысу немесе күш салу. Ол еріктік әрекетті мотивтер күресімен байланыстырды.

К.Н. Корнилов (1948, 1957) еріктің әрекет негізінде үнемі мотив жататынын көрсетті. Адамның елігуі, тілегі және қалауын ерікпен және еріктік актіде қарастырған ірі ғалымдардың бірі – Н.Н.Ланге (1883). Ол өз жұмыстарында қалау мен елігу арасындағы айырмашылыққа түсінік берді, қалау – бұл елігу, соңында әрекетке айналады және бұл әрекеттердің белсенділік сезімі арқылы жүзеге асады. Ол үшін қалау – бұл ерік.

Л.С. Выготский ерікті әрекетте екі бөлек процесті бөліп көрсетеді: біріншісі шешімге байланысты, жаңа ми байланысына тоқтау болу, ерекше функционалды аппараттық қалыптасуына әсер ету болса, екіншісі – орындаушы - қалыптасқан аппарат жұмысына байланысты.

Б.В. Зейгарник (1989) адамның өз әрекетін басқара алуын ерік мәселесі ретінде қарастырды.

Дж. Локктың ойынша, ерік қанағаттанбаушылықты жеңе отырып, тілекке қарсы шығуы да мүмкін, адамда қалау немесе еріктілікті қалыптастырады.

П.В. Симонов ерікті басты қажеттілік қана емес, бәсекелес түрткінің біреуіне қосымша арнайы механизм ретінде қарастырды.

П.И. Ивановтың (1967) айтуынша, ерікті әрекет еріксіз әрекетке қарағанда, түрткіге байланысты жүзеге асады.

Ш.Н. Чхартишвили (1958) Д.Н. Узнадзенің пікірін бөлісіп, ерікті субъектпен қабылданған ішкі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын әрекетке түрткі механизмі ретінде қарастырады.

Еріктің адам әрекетін психикалық реттеуші формасына алғаш көңіл аударған М.Я. Басов (1922) болды. Ерік психикалық механизм ретінде қабылданды, ол арқылы адам өзінің психикалық функцияларын реттейді.

В.И. Селиванов еріктің түрткі, реттеуші функцияларын бөліп көрсетті. Ерік – адамның саналы түрде іс-әрекетін реттеуі.

Л.М. Веккер (1957) бойынша, ерік ырықты реттелудің ең жоғары формасы. Реттеу әрекеттің интеллектуалды, эмоционалды-адамгершілік, жалпы қоғамдық бағалау критерилері арқылы іске асады.

Еріктің реттеуші рөлін сол сияқты А.Ц. Пуни (1966), Б.Н. Смирнов (1983), П.А. Рудик (1945,1962), Н.П. Рапохин (1981), М. Брихцин (1989) және т.б. көрсеткен.

Р. Мэй (R.May, 1974) ерікті, жеке тұлғаның өз әрекетін қойылған мақсатқа, бағдарға байланысты ұйымдастыра алу қабілеттілігі ретінде сипаттайды.

Көптеген психологтер ерікті, қиындықты жеңудегі, психологиялық механизм ретінде ғана түсінеді. К.Н. Корнилов, соған байланысты адам еркін оның қаншалықты қиындықты жеңе алатынына қарап бағалау керектігін айтады. П.В. Симонов (1987) ерікті кедергілерді жеңе алу қажеттілігі деп қарастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет