Тақырып Адамның ерік қасиеті және өзін-өзі реттеу психологиясы Қарастырылған мәселелер



бет4/4
Дата26.04.2022
өлшемі19.68 Kb.
#32402
түріКонспект
1   2   3   4
Ерікті тәрбиелеу

Іс -әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі оқу және еңбектің маңызы зор. Балаларды еріктің дамуында қиындықтарды жеңумен байланысты ойындарды ұйымдастыру өте маңызды. Еріктік әрекеттерді орындау, тұжырымдарды қалыптастыру, тұрақты қызығушылықтар мен сезімдер орнығуы, оқушылардың білімі мен дағдылары үшін ойластырылған қолдау -ерікті қалыптастыру шарты.

Ерік сапалары өмір бойында және адамның іс-әркетінде қалыптасады. Психикалық процестер сияқты ерік сапалары өздігінен емес тұлғаның жалпы дамуымен байланысты. Тұлғаның дамуының өзі психологиялық - педагогикалық әдіс- тәсілдерді дұрыс ұйымдастырғанда жүзеге асады.

Оқу процесінде оқыту тәсілдерімен қоса, тәрбие тәсілдерінің де маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ал, адам бойындағы ерік - жігерді оқу процесі барысында тәрбиемен ұштастыру тиімді.

Адамның бойындағы еріктік мінез-құлықтағы жеткіліксіздіктер тәрбие барысының дұрыс ұйымдастырылмағанынан болады. Адам бойында ерік сапаларының қалыптасуының бірі ретінде ерік-жігері күшті дамыған тұлғаларға еліктеу негізгі фактор бола алады.

Ерікті тәрбиелеудің негізі күнделікті өмірде қиындықтарды жүйелі түрде меңгеруде. Ерік сапаларын тәрбиелеуге қажетті тағы да бір шарт - қатаң белгіленген және дұрыс күн тәртібі, яғни оның өмірінің тәртібі. Сондықтанда, ерік - бұл ұйымдасқан еңбек деп тегін айтылмаған.

Егер ерік-жігерді тәрбиелеудің бұл түрі дұрыс ұйымдастырылмаса, адамның демалыс және еңбек мәдениеті де дұрыс қалыптаспайды. Ерікті тәрбиелеудің негізгі педагогикалық-психологиялық тәсілі ретінде библиотерапия немесе кітап терапиясы тиімді болады.

Библиотерапия – бұл адамда күтпеген жағдайларға қарсы тұру қабілеттерін дамытып және дағдыларын қалыптастыруға, ерік күшін нығайтуға, интеллектуалды және білім деңгейлерін «оқу жағдайында жинақтау» негізінде көтеруге бағытталған ғылым. Шетелдерде бұл іс-әрекет аймағы бірнеше онжылдықтар бойы дамып келеді. Библиотерапия бойынша жүйелі зерттеу ХІХ ғасырда басталды. Алғаш бұл аймақты зерттеген мамандар АҚШ-тан болды. Бұл ұғымның алғаш аталуы 1916 жылдан бастау алады. Содан бері библиотерапия туралы теориялық және тәжірибелік сипаттағы жүздеген мақалалар жарық көрді. Библиотерапияның адамға дәрі сияқты күш беретінін сонау ерте заман адамдарының өзі байқаған. Біздің заманымызға дейін ХІІІ ғасырда (яғни 3300 жыл бұрын) Фараон Размес ІІ-шінің Фива қаласындағы кітапхана маңдайшасына «Жан дәріханасы» деген жазуды оқуға бұйрық берген. Бірақта, адамның жан дүниесіне кітаптың күш берерлік әсеріне ол кезде адамдар күмәндәнған.

Библиотерапия идентификация мен проекция механизміне сүйенеді. Кітапты оқу барысында адам өзін әдебиеттегі кейіпкермен теңестіріп, сонымен бірге кітаптағы оқиғаларды басынан кешіреді. Бір жағынан кітап оқу барысында бастан кешетін сезімдер шынайы және күшті болады, екінші жағынан адам өзіндегі қауіпсіздікті сезінеді.

Кітаптағы оқиға шындыққа ұқсас болған сайын кейіпкермен идентификация жылдамырақ жүреді, оның көмегімен шешімдер жолын іздейді.

Сондықтан, кейіпкері ерік күшін жұмсау арқылы жетістікке жетумен аяқталатын позитивті кітаптар қолдану, ерік-жігерді тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық тәсілдері ретінде қарастыруға болады.

Ерікті тәрбиелеуде ұжым рөлінің маңызы ерекше. Ұжымда адам оны қоршаған адамдармен және қоғаммен қатынасқа түседі. Ол қоғамдық өмірдің мүшесі болады. Топтағы әртүрлі күшті және әлсіз ерікті адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Осының барлығы адамның еркіне өзіндік бір әсерін тигізеді. Ұжымның жалпы өмірімен, қызығушылықтарымен араласа отырып, адам өзінің мінез-құлқын, қызығушылықтарын басқара алу деңгейіне жетеді. Мұның өзі оның ерік- жігерінің қалыптасуына әсер етеді.


Пысықтау сұрақтары:

  1. Еріктің қандай анықтамаларын білесің?

  2. Психикалық процесс ретінде ерік қандай функциялар атқарады?

  3. Еріктің қандай амал кезеңдері бар?

  4. Ерікті тәрбиелеу жолдары қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет