Тақырып: Академиялық оқылым әрекеті Қарастырылатын сұрақтар



Дата18.03.2023
өлшемі16,9 Kb.
#75399

Тақырып: Академиялық оқылым әрекеті

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Академиялық оқылым әрекеті
2. Академиялық материалдар
Мақсаты: Академиялық бағытта оқылым әрекетін жүзеге асыру сатыларын сипаттау. Мәтін түрлерін жіктеу. Академиялық материалдарды талдау.
Академиялық оқылым әрекеті. Кез-келген өз стилі болады. Барлық әріп танитын адам күнделікті қажетіне байланысты түрлі материалдарды оқуына тура келеді және олардың өзіне тән қалыптастырып алған оқу стилі бар. Қарапайым оқылым стиліне әрбір сөзіне көңіл бөліп, оны басынан аяғына дейін түсінуге тырысып оқитын көркем шығарманы оқу стилін жатқызу. Мысалы, «Аңыз адам» журналы түсетін болса, ол журналдың бетін парақтап өзін қызықтырған мақаланы ғана оқып шығуы мүмкін. Ал, оның қолында телефон нөмерлерінің тізімі жазылған анықтамалық болса, ол өзіне керекті адамның есімін ғана іздеуі мүмкін. Мектеп пен ЖОО-дағы оқылым мен мектептегі оқылымның айырмашылығын былай салыстырсақ:



Мектептегі оқылым

Университет қабырғасындағы оқылым

Оқытылатын мәліметтер мұғалім тарапынан беріліп, қадағаланады

Оқитын материалдарды студенттің өзі таңдауы қажет

Барлық оқушылар бірдей материалдар оқиды

Студенттің оқитын материалдары таңдаған тақырыптарына байланысты болады,

Оқушы мәтінінің негізгі мазмұнын түсініп, одан түсінгенін мазмұндап беруі тиіс.

Студент мәтіндегі ақпаратты түсініп, ақпараттың қаншалықты маңыздылығын айқындауы керек, сонымен қатар өзге де пікірлермен салыстырып, байланыстыруы қажет.



Академиялық бағытта оқылым әрекетін жүзеге асыру мына қарапайым сатыларды орындаған абзал:



  • Жазба жұмысының тақырыбын толық түсіну

  • Материалдардың тақырыпқа дұрыс сәйкес келетінін анықтау

  • Материалдарды оқып, түсіну

  • Мәтіндегі автордың айтпақ ойын түсіну, осы тақырыпқа қатысты өзге авторлардың ойын білу

  • Жазба жұмысында автордың пікірін қалай қолданатыны жайында ойлану

  • Оқыған мәтіннен түсінгенді қолдану және жазба жұмысының тақырыбына жауап беру үшін өз пікірін беру

  • Оқырманды жазба жұмысында оқыған материалдардан жасалынған мәліметтерді дәлел ретінде қолдана отырып, зерттеу сұрағының жауабына сендіру.

Академиялық бағыттағы мәтінді тиімді оқу үшін мәтіннің мақсатын, жазылу стратегиясын және мазмұнын өзара тығыз байланыста қарастыру керек.



Мәтін түрлері мынандай:



  • оқулық

  • газет мақаласы

  • журнал мақаласы

  • баяндама

  • онлайн құжат

  • кесте, сурет, сызбалар.

Уақытты үнемдеу мен тиімділікті арттыру үшін кез-келген студент өзінің оқылым стратегиясын қалыптастыруы шарт. Оқылым стратегиясын арттыратын амалдарға мыналар жатады:





  • Оқу жылдамдығы

  • Негізгі сөздер мен тіркестерге шолу жасау

  • Параграфтарға шолу жасау.


Оқылым әдістерін қолдануына тура келеді:

Зерттеу – мәтінді оқымас бұрын тақырыбын, тақырыпшыларын, мәтіндегі сурет, сызбағ кесте астындағы сөздерді, мәтіннің кіріспесі мен қортындысын және оның түйіндемесін мұқият оқып, зерттеа алу керек.
Сұрақ қою – тақырыпты сауалға айналдыруға тырысу керек. Егер оқулық болса, бөлім соңындағы сұрақтарды оқыған дұрыс «Мен бұл тақырып туралы осы кезге дейін не білемін?» және «Бұл тақырып туралы дәрісте не айтылды?» деген сұрақтарды үнемі өз-өзінен сұрап отыру керек.
Оқу – оқылым әрекетін бастаған кезде асты сызылған, қарамен жазылған немесе курсивпен жазылған сөздерге мән беру керек. Себебі, автор негізгі ойлары мен курсивпен жазылған сөздерге мән беру қажет. Себебі, автор негізгі ойлары мен қажетті ақпараттарды ерекшелеп беруге тырысады.
Дұрыстап оқу – әрбір бөлімнен соң дауыстап қазір ғана оқығаныңызды өз – өзіңізден дауыстап сұрау керек. Әрбір бөлімге қорытынды жазуға тырысу қажет.
Қайталау – оқығанды қайталау үшін мынандай амалдарды орындау қажет.
Оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына кеңестерді еске сақтау қажет:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет