Тақырып Экологияның төрт заңы. Адам экологиясы



бет2/2
Дата28.11.2022
өлшемі23.78 Kb.
#53289
1   2
Адам экологиясы
Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я — биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады.
Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХ ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.
Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда.
Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

  • экологиялық жағдайы нашар аудандар;

  • экологиялық жағдайы орташа аудандар;

  • экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы кіреді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су, жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған. Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтылары аз өзгеріске ұшыраған, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады.
Биосфера мен экожүйедегі адамның ролі. Биосферада бір жағынан табиғи факторлармен және екінші жағынан адам әрекетімен байланысты антропогендік эволюция барысында туындатын өзгерістер жүріп отырады. Табиғи эволюция мыңдаған жылдар масштабында жүретін болса, антропогендік эволюция ондаған және жүздеген жылдарды ғана қамтиды.
Экожүйелердің антропогендік эволюциясы мақсаттық бағытталған және кездейсоқ деп екі класқа бөлінеді. Бағытталғанда адам жасанды экожүйелердің жаңа типтерін қалыптастырады. Агроэкожүйелер, бақша-саябақтық ансамблдер, теңіздегі қызыл қошқыл балдырлар бақшалары, устрица фермалары т.б. осы эволюция нәтижесі.
Кездейсоқта адам әрекеті нәтижесінде табиғат үшін бөгде заттардың антропогендік айналымы жүреді, ксенобиотиктер (пестицидтер, химиялық ластаушылар), сынап. Экожүйелердің Кездейсоқ антропогендік эволюциясының мақсаттық бағытталған эволюциямен салыстырғанда атқаратын ролі басымдау. Ол әлдеқайда әралуан және регрессивті сипатта болады: биологиялық әралуандылық пен өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады.
Сырттан келген бөгде түрлер адвентивті түрлер, ал адвентивті түрлердің экожүйеге ену процессі адвентизация деп аталады. Адвентивті түрлердің қоныстануына экожүйелердің антропогендік бұзылыстары және келімсек түрлер популяцияларының тығыздығын тежей алатын антогонист түрлердің жоқтығы себепші болады.
Табиғи экожүйелердің өзгешелену деңгейі – ауылшаруашылық, қалалық, өнеркәсіптік, экожүйелер қатарында арта түсуде.
Экология адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым. Адам экологиясы адам мен оны қоршаған ортасының жеке, табиғаттың экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарының ғылыми негіздегі заңдылықтарын зерттейтін кешенді пән.
Қоршаған орта адамды қоршап тұрған және оның өмір сүруіне объективті әсер ете алатын, оның түрлі қажеттілігін (биологиялық, мәдени және басқадай) қанағаттандыра алатын объектілер бірлестігі.
Популяциядағы басқа да биологиялық түрлерден адам баласының ерекшеліктері де басым, оларды табиғатпен экологиялық байланыстарынан және оларды жүзеге асыру барысындағы атқарылатын формаларының ерекшеліктерінен көруге болады.
Осылайша, адамның басқа биологиялық түрлермен ұқсастығы оның биологиялық шығу тегіне, биологиялық заңдылықтар жүзеге асатын табиғатына байланысты.Ал олардың экологиялық айырмашылығы оның адамдар қоғамының яғни, қоғамдық және әлеуметтік заңдылықтар жүзеге асырылатын қоғамда өмір сүруінде.Бұл екі құбылыс ғаламшарда жалғыз ғана биоәлеуметтік түр болып саналатын, тек адамзатқа ғана тән құбылыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет