Тақырып: Электр сұлбалар және оның түрлері



бет1/5
Дата05.05.2023
өлшемі111,84 Kb.
#90604
түріРеферат
  1   2   3   4   5

РЕФЕРАТ

Тақырып: Электр сұлбалар және оның түрлері.

Орындаған:


Тексерген:
2021
Жоспары:


1.Электр сұлбалар.Сұлбалар туралы жалпы түсінік.

2. Сұлбаларда қолданылатын шартты графикалық белгілеулер.

3.Сұлбаларда қолданылатын әріпті–санды белгілеулер.

4. Электр сұлбаларын орындауда қойылатын жалпы талаптар.

5.Принципті сұлбаларды орындау ережелері.

6. Құрылғылардың принципті сұлбасын оқу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.





1.Электр сұлбалар





    1. Сұлбалар туралы жалпы түсінік

Сұлба бұйымның құрама бөліктерін және олардың арасындағы байланыстарды шартты түрде кескіндейтін не белгілейтін құрылымдық құжат болғандықтан; бұйымды жобалау, жасау, реттеу, бақылау, жөндеу және пайдалану кезінде қолданылатын негізгі құжат болып саналады.


Өнеркәсіптің барлық салаларындағы бұйымдардың сұлбаларын орындауда қойылатын жалпы талаптар МЕСТ 2.701-84 стандарттың ережесіне сәйкес орындалады.
Негізгі атқаратын міндетіне байланысты сұлбалар 10 түрге және 8 типке бөлінеді.
Сұлбалардың түрлері кириллица алфавитінің бас әріпімен белгіленеді. Олар: электрлік – Э, гидравликалық – Г, пневматикалық – П, газдық – Х, кинематикалық – К, вакуумдық – В, оптикалық – Л, энергетикалық – Р, бөлу – Е, құрастырма – С.
Сұлбалардың типтері араб санымен белгіленеді. Олар: құрылымдық -1, функционалдық - 2, принциптік - 3, құрамдық (монтаждау) - 4, іске қосу - 5, жалпы - 6, орналасу - 7, біріктірілген - 0.
Құрылымдық сұлба бұйымның негізгі функционалдық бөліктерін, олардың міндеті мен өзара байланысын анықтайды және пайдалану (эксплуатация) кезінде бұйыммен жалпы түрде танысу үшін қолданылады.
Функционалдық сұлба бұйымның жекеленген функционалдық тізбегінде немесе тұтастай алғанда бұйымда жүріп жататын белгілі құбылыстарды анықтайды. Бұндай сұлба бұйымдардың жұмыс істеу принципін оқуда, оларды ретке келтіруде, тексеруде және жөндеуде қолданылады.
Принциптік (толық) сұлба элементтердің толық құрамын және олардың арасындағы байланысты анықтайды, сол сияқты бұйымның жұмыс істеу принципі туралы жете танысуға мүмкіндік береді. Принципті сұлба басқа конструкторлық құжаттарды, оның ішінде сызбаларды да, жасау үшін негізгі құжат болып табылады. Сонымен қатар бұйымдардың жұмыс істеу принципін оқуда, оларды ретке келтіруде, тексеруде және жөндеуде қолданылады.
Құрамдық (монтаж) сұлба бұйымды құрайтын бөліктердің біріктірілуін көрсетеді және осы біріктірулерді іске асыратын сымдарды, бұрауларды,
кабельдерді, сонымен қатар олардың түйісіп қосылатын жерлерін анықтайды. Сұлбаның бұл түрі бұйымдағы сымдарды, бұрамдарды, кабельдерді бекіту әдістері мен салуды анықтайтын сызбаларды жасау кезінде пайдаланады.
Іске қосу сұлбасы бұйымның сырттай іске қосылуын көрсетеді. Бұл сұлба бұйымның іске қосылуын орындауда және пайдалануда қажет.
Жалпы сұлба белгілі бір эксплуатациялық қызмет атқаратын бірнеше бұйымның өзара байланысын анықтайды, ол монтаждау және жобалау кезінде қолданылады.
Орналастыру сұлбасы бұйымды құрайтын бөліктердің салыстырмалы орналасуын, қажет болғанда сымдарды, бұрамдарды, кабельдерді көрсетеді. Конструкторлық құжаттарды, бұйымдарды жасағанда және пайдаланғанда осы сұлбаның қажеттілігі туындайды.
Біріккен сұлба жекеленген жағдайда бір графикалық құжатта бір бұйым үшін сұлбаның екі типін орындауға рұқсат етіледі.
Орындалған сұлбаға әріптік және санды бөліктерден тұратын код қойылады. Мысалы: электрлік принциптік сұлба коды - Э3.
Электр сұлбаларында электр бұйымның не қондырғының элементтері кескінделеді және элементтер арасындағы байланысы, токтың өту реті көрсетіледі. Бұйым тетіктерінің конструкциясын кескіндеу талап етілмеген жағдайда олардың кескіндерін МЕСТ 2.102-68 ережесіне сәйкес айтарлықтай оңайлатып орындайды. Электр қондырғылары үшін сұлбалардың барлық типтері қолданылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет