Тақырып: Фармакогенетика



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата30.03.2023
өлшемі415,9 Kb.
#77470
  1   2   3   4


Тақырып:  Фармакогенетика 
6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 
6.4.1. Фармакогенетика, пәні, міндеттері, заманауи медицинадағы маңызы.
6.4.2. Дәрі-дәрмектерді қолдану барысындағы анықталатын ферменттік жүйенің ақаулары. 
Ағзаның дәрілік терапияға жауап реакцияларының (асқыну) түрлері: төзімділік 
(толеранттылық), жоғары сезімталдық, парадокстық (атиптік) реакциясы. 
6.4.3. Тұқымқуалайтын аурулардың дәрілік заттарға атиптік (кері) реакциялары. 
6.4.4. Фармакогеномика және дәріні қолдануды дербестендіру мүмкіндіктері. 
Ақпараттық блок 
Күнделікті тәжірибе әртүрлі науқастарға қолданатын бірдей дәрілік заттардың тиімділігінің 
бірдей емес екендігін көрсетеді. Дәрілерге төзімділіктің де әртүрлілігі туралы да айтуға болады. 
Салыстырмалы түрде жақында ғана мұндай айырмашылықтардың көбі генетикалық 
факторлармен анықталатындығы анықталды. Адам ағзасының дәрілік заттарға реакциясы, оның 
мәні мен зардаптары генетикалық бақылауда болады, сонымен қатар ағзаның дәрілік зататар 
әсеріне ерекше жауап реакциясын диагностикалау, түзету және алдын алу әдістері 
фармакогенетика пәнінің негізгі міндеттері болып табылады. 
Фармакогенетика ұғымын Фогель (1959) ұсынған
.
Ол көптеген дәрі-дәрмектерді енгізгенде 
ағзның жауап реакциясының генетикалық бақылануда болатындығын бірінші рет атап өтті. 
  А
ғзаның дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттесу сипаты көптеген себептермен жағдайларға , 
мысалы дәрілік заттардың биологиялық белсенділігімен биологиялық қолайлылығына және
ағзаның аллергиясына, залалсыздандыратын және ағзадан шығаратын мүшелердің, яғни 
физиологиялық және патологиялық жағдайларына т.б. жағдайларға тәуелді болады. 
Фармакогенетика ағзаның дәрілік заттарға типті және атипті тұқым қуалау арқылы 
берілетін жауап реакциясын зерттейді. 
Дәрілік препараттарға тұқым қуалайтын жеке 
сезімталдық екі негізгі критериймен анықталады
:
1. Фармакокинетика -
дәрілік заттардың сіңірілу, метаболизм өнімінің таралуы / 
биотрансформациясы және ағзадан шығарылу кезеңдерімен сипатталады. Бұл аталған 
кезеңдердің барлығы өздеріне сай гендер бақылауында болады, сондықтанда әртүрлі гендердің 
полиморфизмі көрсетілген 
фармакокинетикалық үдерістерге әсер ете алады.
Дәрілік заттардың
биотрансформациялық ферменттерінің синтезі мен жұмысын бақылайтын, сонымен қатар 
олардың сіңірілуі, және ағзадан шығарылуын қамтамасыз ететін тасмалдаушы ақуыздар 
гендерінің полиморфизмінің клиникалық маңызының зор екендігі дәлелденген.
2. Фармакодинамика – дәрілік заттардың фармакологиялық тиімділігін, локализациясы мен әсер 
ету механизмін, күшін және әсер ету ұзақтығын (яғни нысаналарда (рецепторларда, энзимдарда 
немесе метаболизмдік жолда) аллельдер қатарының әртүрлігі байқалады).
Генетикалық полиморфизм негізгі үш басты метаболизаторлық фенотипті (дәрі 
қабылдаушы дара) анықтайды: баяу және жылдам шығаратын экстенсивтер. Экстенсивті 
метаболизаторлар – қарастыратын дәрілік заттардың метаболизмдік жылдамдығы қалыпты
даралар. Бұл топқа тұрғындардың көбі жатады.Олар көбінде сәйкес ферменттер түріне сай 
«жабайы» аллельдер бойынша гомозиготтар болады. Баяу жүретін метаболизаторлар (кейде 
нольдік) қарастыратын дәрілік заттардың метаболизмдік жылдамдығының төмендігімен 
сипатталады. Оларды генетикалық тұрғыдан алып қарағанда метаболизмдік ферменттерге сай 
мутантты аллел бойынша (баяу жүретін) гомозиготтар ( аутосомды-рецессивті типте тұқым 
қуалайтын болса) немесе гетерозиготтар (аутосомды-доминантты типте тұқым қуалайтын болса).
Мұндай дараларда фермент синтезделмейді немесе белсенді емес («дефекті») фермент 
синтезделеді, соның салдарынан дәрілік заттардың жоғарғы концентрациясы ағзаға жинақталады 
да жағымсыз қосымша реакциялардың туындауына әкеледі. Сондықтанда баяу жүретін
метаболизаторлар үшін дәрінің дозасы аз немесе басқа дәрі тағайындалуы қажет. Жылдам 
жүретін (немесе өте белсенді) метаболизаторлар кейбір дәрілердің метаболизмінің 
жылдамдығының жоғарылығымен сиипатталады. Бұлар негізінен сәйкес фермент бойынша 
«жылдам жүретін» аллельдер бойынша гомозиготтар (аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типі 
бойынша) немесе гетерозиготтар (аутосомды-доминантты тұқым қуалау типі бойынша). 
Дәрілердің метаболизмінің жоғарлауына әкелетін функциональды аллельдер копиясы бар 


адамдар көп кездеседі. Осындай адамдар үшін дәрілердің метаболизмінің жылдам өтуіне 
байланысты дәрінің қалыпты дозасы қандағы емдік (терапевтік) қасиет көрсете алмайды, 
сондықтанда ондай адамдарға қалыпты метаболизаторларға қарағанда дәрі дозасын жоғарылату 
қажет. Дәрілік заттарға ерекше реакция беруін анықтайтын тұқым қуалайтын факторлар
биохимиялық факторлар болып табылады. Бұл ақаулар негізінен дәрілік заттардың ыдырауын 
катализдейтін ферменттердің ақауы болып табылады. Дәрінің әсер ету сипаты, дәрежесі әрі 
ұзақтығы дәрілік заттардың метаболизмі арқылы анықталынады
.іске асырылады. 
Тұқым қуалау арқылы берілетін дәріге атипті жауап рекциясының берілуі дәрі-дәрмектер 
метаболизмінің аномальды өтуіне байланысты болады. Оны екі топқа бөліп қарауға болады: 
1. Дәрі-дәрмекті қабылдау барысында анықталынатын тұқым қуалайтын ферменттік жүйенің 
ақаулары (дефекты); 
2. Тұқым қуалайтын аураулар барысында дәрілік заттарға атипиті реакция беруі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет