Тақырып: Жүрек ырғағының. бұзылыстары



бет4/6
Дата07.09.2022
өлшемі3,22 Mb.
#38626
1   2   3   4   5   6

Синустық тахикардия

  • СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің жоғарылауынан болады, жүректің соғуы минутына 100-ден артады, ырғағы дұрыс.

Синустық брадикардия

  • СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60-тан кем.

Синус түйінінің тоқтауы

  • Синус түйінінің импульс түзуге шамасының келмей қалуы. Импульстің болмауынан жүрек соғуы кенет тоқтайды.

Гетеротоптық аритмиялар – синустық жүрекшелік түйіннің автоматизмдік қасиеті әлсірегенде жүректің өткізгіш жүйесінің төменгі бөліктерінде өз бетінше серпін өндіру қабілеті пайда болады.

  • Қарыншаішілік ырғақ – серпін қарыншааралық перденің жоғарғы бөлігінде, Гис шоғында, оның аяқшаларында пайда болады және ЖЖЖ мин 30-10 реттен аспайды
  • Атриовентрикулярлық ырғақ – жүрекшелер мен қарыншалар аралық түйінде пайда болатын серпіндердің әсерлерінен дамиды. ЖЖЖ мин 60-40 рет. (биологиялық , химиялық заттардың әсері, гипоксия, некроз)
  • Жүрекшелік сирек ырғақ (невроз, жүрек қақпақша ларының кемістіктері, миокардиопатиялар)

Аритмияның симптомокомплексі

  • ЖСЖ, жүректің жиырылу күшіне, ырғақ бұзылысының ұзақтығына байланысты. Мысалы, ЖСЖ минутына 40-тан төмен болса АҚ төмендеп, өмірге маңызды мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды: Бастың айналуы, есінен тану, жедел жүрек жеткіліксіздігі, диурездің тоқтауы. Тахиаритмия кезінде ЖСЖ минутына 100-150 жылдамдайды (жыбыр аритмиясы және жүрекшелердің дірілі). Егер бұл жағдай ұзаққа созылса (апталар, айлар) созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Жыбыр аритмиясының нормосистолиялық түрі (ЖСЖ 60-90 минутына) симптомсыз жүруі мүмкін.

Пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия кенеттен басталатын жүрек ырғағының бұзылысымен сипатталады, ырғақ дұрыс болуы да не дұрыс болмауы да мүмкін. Мұндай эпизодтар кей жағдайда белгісіз ішкі себептерден өздігінен жоғалса, кей жағдайда емді қажет етеді.

  • Пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия кенеттен басталатын жүрек ырғағының бұзылысымен сипатталады, ырғақ дұрыс болуы да не дұрыс болмауы да мүмкін. Мұндай эпизодтар кей жағдайда белгісіз ішкі себептерден өздігінен жоғалса, кей жағдайда емді қажет етеді.
  • Экстрасистолия (жүрекшелерде, атриовентрикулярлы түйінде, қарыншаларда пайда болған жекеленген немесе қосарланған жиырылулар). Жүрек ырғағының кең тараған бұзылыстарына жатады. Көп жағдайда симптомсыз жүреді. Қарыншалық экстрасистолия ең қауіпті деген ырғақтың бұзылысы – жүрекшелер тахикардиясының дамуына әкеліп соқтырады. Қарыншалық тахикардия — қарынша, Пуркинье талшықтары, Гис шоғыры аяқшаларында бастама алатын жиі кездесетін жүрек ырғағының бұзылысы. Қарыншалық тахикардия ауыр қан айналым жеткіліксіздігіне әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет