Тақырып: «Клондау» ұғымы 02



Дата16.05.2023
өлшемі16,97 Kb.
#93940

Тақырып: «Клондау» ұғымы 02.2023
Сенің білетінің:
ағзаны клондаудың негізгі әдістері туралы.
Сенің меңгеретінің:
ағзаның клоны мен бағаналық жасушаны алу жолын түсіндіру.

Көптеген бірдей көшірменің алынуы немесе пайда болуы клондау деп аталады. Клондаудың табиғи және жасанды түрі бар. Табиғи клондау табиғатта өсімді көбею мен партеногенез нәтижесінде пайда болады. Адамда монозиготалы егіздер туылған кезде кездеседі. Жасанды клондау – нәтижесінде геннің, жасушаның немесе көпжасушалы организмнің көшірмесін жасауға бағытталған үдеріс. Геннің көшірмесін шығаратын молекулалық клондау жасанды клондауға мысал болады.


Клондау нәтижесінде алынған организм, жасуша немесе ген клон деп аталады.
Қазіргі кезде кез-келген геннің көшірмесін тірі ағзадан тыс жерде, in vitro, «сынауықта» (лат. шыныда) технология арқылы алуға болады.

Жасанды клондаудың үш негізгі түрі бар.


Молекулалық клондау. Қажет затты өндіру үшін in vitro рекомбинантты ДНҚ-ның көптеген көшірмесін алуға бағытталған.
Репродуктивті клондау – бүкіл көпжасушалы ағзаның бірдей көшірмесін жасау үшін қолданылатын әдіс. Көпжасушалы ағзаның көпшілігі жыныстық жолмен көбейеді, екі дарақ (ата-ана) ДНҚ-сы қатысады. Бұл ата-ананың біреуінің дәл көшірмесін немесе клонын жасауға мүмкіндік бермейді.
Дене жасушасының ядросын ауыстыру әдісі келесі кезеңдерден тұрады:
ересек донордан дене жасушасын алу және өсіру (бұл жасушалар диплоидты және бүкіл геномды қамтиды);
ересек аналықтан ұрықтанбаған жұмыртқаны алу;
жұмыртқа жасушадан гаплоидты ядроны алу (энуклеирленген жасуша);
жұмыртқа жасушадан алынған ядроны ересек ағза – донордың диплоидты ядросымен ауыстыру;
жұмыртқа жасушаның бөлінуі мен эмбрионның дамуын ынталандыру;
ересек донордың генетикалық клонын дамыту үшін эмбрионды суррогат аналық қойдың жатырына имплантациялау.
Терапиялық клондау донорлық жасушамен бірдей ДНҚ-сы бар эмбриондық бағаналық жасушаны алу үшін клондалған эмбрион алуды қамтиды.

Тапсырма: Ағзаны клондау тәсілі.


Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықта.

Жауабын көрсету



Терапиялық клондау донорлық жасушамен бірдей ДНҚ-сы бар эмбрионалды бағаналы жасушаны алуға бағытталған.

Акапарат

Өте ерте кезеңде эмбрионалды жасуша плюрипотенттілікті сақтайды.

Жалган

Эмбрионалды бағаналы жасуша жұмыртқа жасушаның бөлінуі басталғаннан кейінгі алғашқы бес күнде жиналады.

Ақпарат

Бағаналы жасушаның бөлінуі сынауықтағы эмбрионның өміршеңдігіне әсер етпейді.

Жалған


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет