Тақырып: Мысал жанры



Дата18.03.2022
өлшемі109,03 Kb.
#28419
түріБағдарламасы

Тақырып: Мысал жанры

Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа да мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында, әдебиеттегі оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі.






Қара бұлт.

Даланың күнге күйіп, аптап өткен үстінен
Бұлт шықты қаптап көктен.
Қуанды шаруалар «я, Құдайлап!»,
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды халық үміт етіп,
Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт құя салды,
Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.
Теңізге пәрменінше құя салып,
Мақтанды мырзасынып тауға барып.
Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсың,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.
Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге,
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге!
Не қайыр қазір сенің жауғаныңнан,
Сенсіз де су жетерлік теңіздерде!»

* * *
Жиылып кеңес тындап отырғандар,
Ғибрат мұнан да бар алсаңыздар.
Бұлттай жерге жаумай, суға жауған
Қазақта іс ететін көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орынға мал, өнерін
Біреулер жүреді, оған не амал бар?!
Мысалы, қазақ - дала, орыс - теңіз,
Даланы, шама келсе, көгертіңіз.
Мұң десең, мұқтаж десең - қазақта көп,
Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз?
Мақал бар: «Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, - деген, - досқа істеңіз».
Мен мұны арнап жаздым замандасқа,
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа.
Бұл сөзді сендерге айтпай, кімге айтамын,
Болады асыл таста, ақыл жаста.
Қарышта өз жұртыңа, барың болса,
өзге елдің өзінде көп бізден басқа.

А.Байтұрсынов

Сұрақтар?

● Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?
● Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Бұлт қандай бейне?
● Тау қандай бейне?
● Абай атамыз айтқандай адам бойындағы бес асыл іс пен бес дұшпанды қане, кім атап береді?

Мысал жанрын үйренудің тиімді тәсілі -рөлге бөліп оқу немесе исценировка көрініс жасау әдісі.



Сөздікпен жұмыс.

Мысал өлеңдегі түсінік қажет ететін сөздерді тауып,оқушларға түсіндіріп,сөздік дәптеріне жаздырамыз.


Аптап- ыстық

Пәрменінше- бар күшімен

Қайран қалу- таңғалу

Қайыр- пайда.



Тақырып қызықты әрі түсінікті өту үшін көрнекілік әдісінен пайдалануға да болады.Ол үшін суреттер,макеттер ,видеороликтер және слайдтардан пайдалануға болады.




Мәтінмен жұмыс :

 «Қара бұлт» мысалындағы ғибрат алатын шумақты табыңыз.

«Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,

Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.

Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,

Қандай зор тиер еді пайдаң елге».

Бұлт сияқты қолынан келетін істі пайдаға жұмсамайтын адамдар қазіргі өмірде кездесе ме?

Қорытынды:

Адам өмірде қолынан келетін жақсылығын пайдалы жерге жасау керек. Бұлытқа ұқсап пайдасыз жерге жаумай және істеген іспен мақтанбау керек. Тау секілді көрген қателікті түсіндіріп айту керек



Үйге тапсырма:

Қара бұлт өлеңін жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет