Математикалық теорияларды (теоремалар, ережелер, формулалар тағы басқалар) дәлелдеу - жалпы дәлелдеудің дербес түрі.
Дәлелдеу - қандайда бір ойдың дұрыстығын немесе дұрыс еместігін (жалғандығын) басқа бір бұрыннан белгілі жағдайлар жәрдемімен негіздеп отыратын пайымдаулар нәтижесіндегі ой қорытулар тізбегі.
Математикалық теорияларды дәлелдеу тек дедуктивтік негізде жүргізледі, яғни дәлелденетін ой (тұжырымдама, пайым) бұрын дәлелденген немесе дәлелдеусіз қабылданған сөйлемдерге сүйенеді. Математикада тәжірибе нәтижесі, эксперимент қорытындысы, мысалдар, тағы басқалар дәлелдеудің негізі бола алмайды.