Тақырып Сызықты емес оптика элементтері. №9 дәріс (1 сағат)


Жұтылу. Өздігінен (спонтанды) және мәжбүрлі сәулелену



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі61.8 Kb.
#15653
1   2   3
Жұтылу. Өздігінен (спонтанды) және мәжбүрлі сәулелену.

Заттың сəуле шығаруы не жарық жұтуы, оның ішкі энергиясының өзгеруіне байланысты болады. Заттағы атомдар қозбаған негізгі күйде болса, заттың ішкі энергиясы да ең аз шамаға ие болады. Зат бөлшектеріне сырттан қосымша энергия берсек, олар оны жұтып, қалыпты немесе негізгі күйден қозған күйге көшеді. Атомдардың ішкі энергиясы үздіксіз өзгеріп отыруы мүмкін емес, ол секірмелі түрде, дискретті өзгереді. Олай болса, əр заттың молекулалары немесе əр элементтің атомдарының өздеріне тəн энергия күйлерінің белгілі дискрет мəндері болады. Сондықтан олар энергияны тек белгілі мөлшерде ғана жұтады немесе энергетикалық күйге көше алады. Энергия жұтқанда электрон (атом) төменгі энергетикалық деңгейден жоғарғы деңгейге, ал энергия шығарғанда жоғарғы энергетикалық деңгейден төменгі энергетикалық деңгейге ауысады. Əрбір элементтің атомдары тек өзіне сəйкес келетін энергетикалық деңгейлердің жүйесін ғана сипаттай алады



(1.1- сурет).

а) жағдайында атом өздігінен жарық шығару (фотон) нəтижесінде, екінші энергетикалық күйден, бірінші энергетикалық күйге спонтанды түрде көшеді.

б) жағдайында берілген жарық квантын (һν) жұту нəтижесінде бөлшек (электрон) бірінші энергетикалық күйден екінші энергетикалық күйге еріксіз көшеді (резонанстық көшу).

в) жағдайында берілген жарық квантын жұтып, жарық (фотон) шығарады да екінші

энергетикалық деңгейден бірінші энергетикалық деңгейге еріксіз көшеді (индукцияланады).

Спектрдің ең төменгі деңгейі - бөлшектің қалыпты күйіне сəйкес келеді (Е0). Одан жоғары деңгейлердің əр қайсысы белгілі қозған күйлерге сəйкес Е1, Е2, Е3 жəне т.б. деңгейлерге орналасады. Бұл деңгейлерде атом мен молекуланың ішкі энергиясы көбірек болады. Бөлшекті негізгі деңгейден қозған деңгейге көшіруге жұмсалатын энергия қоздыру энергиясы деп аталады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет