Тақырыптық күнтізбелік жоспарды дайындауда Ы



бет1/2
Дата29.11.2022
өлшемі32,43 Kb.
#53569
  1   2

Түсінік хат


Тақырыптық - күнтізбелік жоспарды дайындауда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»" әдістемелік нұсқау хаты. (21 шілде 2022 жыл. Хаттама №8)


«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы); өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығы
"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына толықтыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы);
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы);
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы);
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы;
Орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығыБағдарлама мектептің физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физика пәніне деген қызығушылығын арттырып, пәнді терең түсінуі үшін қажет. Бағдарлама оқушылардың қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжіриебелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы жеке тұлға қасиетін қалыптастырады.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруді оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлға аралық қарым - қатынастарға бейімдеу болып табылады. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы арқылы алуға тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады. Теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс.Сол мақсатта 10-11 сынып оқушыларының сұранысына негіздеп жасалған құрал.
Физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасы физика пәнінің мектеп курысындағы ерекшелігін, мақсаттарын және оқушылардың қабілеттілігінен, қызығушылығынан және кәсіптік болашақ мамандық таңдау мүддесін ескере отырып дайындадым.
Курстың негізгі идеясы техника мен технология қарқынды дамыған заманда мамандық таңдау ,техника мен технологияның қарқынды дамуы негізінде мамандықты кең көлемде таңдауға мүмкіндік ашу негізінде құрастырылды.
Бұл бағдарлама жаратылыстану – математикалық бағыттағы мектептердің 10-11 класс оқушыларының болашақ мамандықты таңдау барысында оқушыға және мұғалімге көмекші құралы болады деп есептеймін.
Бағдарлама жалпы білім беретін мектептерге арналған физиканың мемлекеттік білім стандартының негізінде жасалып, білім беру жүйесін сапалы деңгейге көтеруді көздейді.
Бұл бағдарламада физика пәнінен заман талабына сай мамандықтарға тарту, қызықтыру, оқушыны келешек өмірге дайындау, білім алу және кәсіби бағыт- бағдарының қалыптасуына арналған және оқушының мамандық таңдаудағы дайындығына көмегі зор болады деп ойлаймын.
Жалпы білім беретін физика курсы бөлімдерінің негізгі формулалары мен сирек қолданылатын заңдары және шығармашылық жұмыстар қамтылған.
Бағдарлама орта мектептің физика курсына қосымша құрал ретінде қолдануға арналған. Осы қосымша құрал оқуға түсуші талапкерлерге және мектеп мұғалімдеріне пайдалы болады деп есептеймін.
Мақсаты:
Физикадан тақырыптық тестілер есептерін шығару. Жеке тұлғаны білімділікке және ізденімпаздыққа ынталандыру, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.оқушылар бойына физика ғылымына деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті дарыту және оқушыны келешек өмірге дайындау және жаңа мамандықтарға бейімдеу, білім алу және кәсіптік қызметті жалғастыруда кәсіби білік пен бейімділікті өзара байланыстыру. Жеке тұлғаны білімділікке және ізденімпаздыққа ынталандыру, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Міндеті:
- Физика және техника ғылымдары жетістіктерінің байланысын оқыту;
- Ғарышты игерудің жетістіктері мен теніз техникасы авиациялық зерттеу әдістерімен таныстыру;
- Физика пәнінің негізгі заңдарының адам ағзасы, өсімдіктер әлемі, жан-жануарлар үшін маңыздылығын игеру;
- Нарық жағдайындағы байланыс саласы мен ауыл шаруашылығы қызметіндегі физика ғылымының маңыздылығын ашу;
- курста оқып үйренген білімдерін , іскерліктерін өмірде қолдану
Өзектілігі: мектеп бітірушілердің таңдау пәнін анықтауына көмектесу,оқушыларға физика курсын тарау бойынша қайталатып, еске түсіртіп, білімдерін нақтылай түсуге септігін тигізеді.
Курс мүмкіндіктері:
- Физиканың теориялық және практикалық бағытталу арасындағы байланыстардың айқындалуы.
- Физика ғылымы мен кәсіби мамандықтар арасындағы заңдылықтардың өзара байланысы.
- Оқушының болашақ еңбек жолын дұрыс таңдау мүмкіндігі.
-Жаңа технологияландырылған әлемде бағдар ала білуді, яғни білімді күнделікті өмірде жеке басы үшін маңызды мәселелерді шешуге қолдана білуге бағыттау.
Күтілетін нәтиже::
- физика пәнінен меңгерген білім дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу;
- физика заңдарын практикалық қолданыстарын түсініп игере білу;
- мамандық таңдауда игерген білімдерін пайдаланып, өмірде қолдана білу
Мамандық бағыты: жаратылыстану-математикалық
Мамандық бағдары:физика-математика
Пәнаралық байланыс:Математика, химия, космонавтика , география,биология.
Кәсіптік бағдар:
физика пәні мұғалімі, эколог, мұнай-газ ісі маманы, телекомуникация, инженер-механик, стандарттау, сертификаттау және метрология маманы
Әдістемелік бөлім
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар мамандықтарын саналы түрде таңдай алады, қоғамдағы физика ролінің маңыздылығын түсінеді.

Білу керек:


• Заманауи қоғамдағы физиканың маңызы мен орнын
• Тірі және өлі табиғаттағы құбылыстарға қолданылатын физика заңдарының ортақтылығын
• Әр түрлі мамандықтарда физикалық заңдар мен теориялардың қолданылуын
• Физикалық зерттеу әдістерінің әр түрлі салаларда қолданатынын.

Орындай алады:


• Әр түлі сала қызметтеріндегі негізгі принциптер мен физикалық теория арасындағы өзара байланысты түсіндіре алады .
• Зерттеу әдісінде қолданылатын өндірістік процес жайлы ақпарат жинай алады.
• Негізгі физикалық білімдерін пайдаланып жиналған ақпараттың құрылымын ажыратып бағалай алады, сараптама жасай алады.
• Дискуссия мен талқылауларға қатысып өңделген ақпаратты жеткізе алады.
• Эксперимент жасауда, сандық есептерді шешуде алған білімін қолдана алады.
Ұсынылады :
1. Мәлімет мазмұны түсінікті, қолжетімді және оқушылар деңгейіне сәйкес алынуы керек. Оқу материалын аса тереңдетпей әр детальға терең тоқталу мақсат етілмейді.
2. Интернет ресурстарын, курс тақырыптарын көрнекі түсіндіре алатын аудио және видео құралдарды қолданған дұрыс.
3. Тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне, қызығушылығына, жоба тақырыбына қарап дифференсацияланған түрде дайындау қажет.
4.Сабақта заманауи оқу әдістерін қолдану : ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, оқытуды дамытатын және мотивацияны дамытатын әдістерді.
5. Курста оқу әдістерін және қоғам мен физика арасындағы интеграцияны белсенді қолдану.
Мұғалімге арналған әдебиеттер:
1. Ф.Е.Фарбер Физика. Жоғарғы мектеп, 2000 ж
2. Ю.Г.Мизун «Ғарыш және ауа райы» Наука, 2001ж
3. К.Ю.Богданов «Физика биологта қонақта» Наука, 2001ж
4. Н.И.Кошкин, М.Г.Ширкевич Элементар физика анықтамасы 1999ж
5. «Жалпы геология курсы» Арыстанов, Әбішев, Тұяқбаев 2000 ж
6. Қатты денелер физикасы. Тамаев С 1996 жыл
7. Физиканы оқыту әдістемесі Акитай.
8. Кванттық механикаға кіріспе Ахметов А.Қ 2004 ж
9. «Физика және Астрономия» журналы, №2, 2007.
Оқушыға арналған әдебиеттер:
1.Развитие технического творчества школьников П.Н. Андрианова, М.А.
Галагузовой. Москва «Просвещение» 2000 г.
2.Физика – юным. Алексеева М.Н. Москва «Просвещение» 2001 жыл
3. С. Әлімқұлова «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалар» Физика мектепте № 5 2006 жыл.
4. «Физика жайлы әңгімелер» М.И Блудов 2006 ж
5. «Книга для чтения по физике» 2002 ж
6. Энциклопедия для детей. Физика./Под ред. М. Аксеновой – М.; Аванта +, 1999
7.О.Мұсабеков. Қолданбалы физика есептері. Алматы, «Математика және физика» журналдарының жинағы .

Курсты ұйымдастыру формасы:


Лекция, практикалық жұмыс.
Курсты аяқтау формасы:
Реферат, баяндама, эссе жазу.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ .
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі :
сағат саны – 36 , аптасына 1 рет




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет