Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы білім беретін мектептерде ҚР-ның зияткерлік, дене бітімі мен рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» мақсаты қолға алынған [1]. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор. Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі. Оқушылар ұжымының тәрбиелік рөлін көтеру — мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады. Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар ұжымы болады.
Осыған орай біз дипломдық жұмыс тақырыбын «Топтық тапсырмалар арқылы оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары» деп алдық.
Зерттеу мақсаты: топтық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары мен әдістерін ұсыну.
Зерттеу нысаны: топтық тапсырмаларды ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімдердің кәсіби сапаларының жүйесі.
Зерттеу пәні: топтық тапсырмалар арқылы оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары мен әдістері.
Зерттеу болжамы: егер, мұғалім бастауыш сыныпта сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар топтық тапсырмаларды орындау арқылы ұжымды қалыптастыруға болады.
Зерттеу мақсатымен ұсынылған болжамдарға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға әдістемелік тұрғыдан шолу жасау.
Тoптық жұмыcты ұйымдacтыpy apқылы oқyшылap ұжымын қалыптастыру әдістерін анықтау.
Топтық тапсырмалар арқылы оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдарын арттыру әдістерін қарастыру.
Әдіснамалық және теориялық негіздері– зерттеліп отырған мәселеге қатысты психологиялык, педагогикалық және ғылыми-техникалық еңбектерді талдау, ұжым туралы және топтық тапсырмалар арқылы оқушылар ұжымын қалыптастыру туралы мәліметтермен танысу, практик-тәрбиешілердің озық тәжірибелерін жинақтау, оқушылар мен тәрбиешілердің, ата-аналармен сауалнамалар, әңгімелер өткізу, тәжірибелік эксперимент жұмысын ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі саласындағы әдебиеттерді теориялық талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, бақылау, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу, салыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |