Тайм-менеджмент


Уақыттың шектеулі екендігін ұғыну



Pdf көрінісі
бет21/103
Дата19.02.2023
өлшемі2.81 Mb.
#69078
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова
Материал 2 2, Ты – сама себе психолог
Уақыттың шектеулі екендігін ұғыну
Уақыттың ең үлкен өтірігінің бірі – сіздің әлі уақытыңыздың
көп екендігін сезінуіңіз.
Адамгершілік тұрғыдан көптеген жамандықтардың қайнар
көзі ретінде «тул-и амәл» деп аталған ұзақ өмір сүретіндей
қамсыз жүру саналған. Адамзаттың ұзақ өмір сүретіндігін
ойлап алдануы – табиғи құбылыс. Тіпті бір хадисте Алла
Елшісі (с.а.с.) «Адамның жасы ұлғайған сайын оның бойында
мына екі қасиет жасара түседі: дүние-мүлікті қалау мен ұзақ өмір
сүруді қалау»
41
, – деп айтып кеткен.


Олай болса, қалшылдаған жас шағында, тепсе темір үзер
мықты кезінде адам өлімді есіне де алмақ емес. Әлі келе
қоймаған болашағы үшін ұзын-сонар жоспарлар құрып, қиялға
беріледі. Бос қиялдарының соңында жүргенде бір сәтке
шындыққа көз жүгіртіп қарағанда өмірінің соңына таяп,
жастық шақтағы күш-қуаты мен жұмысқа қабілетінің ізі де
қалмағанын көреді. Кейбіреулер ойламаған жерден ауруға
шалдығып, күтпеген жерден апатқа ұшырап, әп-сәтте тақырға
отырып қапыда қалып жатады. Бар үміті, арман-қиялы желге
ұшқандай болады.
Өмірде адамға тұтқиылдан келетін осындай жайттар оны
орны толмас өкінішке ұрындырмас үшін, адамды тәтті
қиялдармен алдамас үшін Алла Елшісі (с.а.с.) көптеген
ескертулер жасап кеткен.
Солардың бірінде былай дейді: «Жеті түрлі бәле бастарыңа
келмей тұрып ізгі амал жасауға асығыңдар! Әлде сендер естен
тандырар кедейлікті, азғындыққа бастайтын байлықты, берекені
қашырар ауру-сырқауды, алжытатын кәрілікті, аяқ астынан
алқымнан алатын ажалды, ғайыптан келетіндердің ең жаманы –
Тажалды не болмаса қиямет күнінің келуін күтудесіңдер ме?
Расында, осылардың ең қорқынышты да тым ащы болғаны –
қиямет-қайым».
42
Сонымен қатар рақатқа беріліп, ғапылдыққа түсіп кетуден
сақтандырған мына хадисті де ескерген жөн: «Жалған
дүниенің ләззатын ұмыттыратын өлімді жиі естеріңе алыңдар».
43
Сондай-ақ, бос қиялдармен дүниеге шектен тыс берілмей,
дүниені бір жолаушының сапар барысында уақытша аялдаған
аялдамасы ретінде қабылдап, оны асыра бағаламау қажеттігін
ескертеді: «Бұл дүниеде бір жерде уақытша ғана жүрген жат елдік


адам немесе жолаушы секілді бол
44
және өзіңді қабірге кіргендей
көр».
45
Алла Елшісі (с.а.с.) өзінің дүниеге деген көзқарасын
төмендегідей баяндайды: «Мені мен бұл дүниенің мысалы
жолаушы мен ағаштың мысалына ұқсайды. Жолаушы келіп
ағаштың көлеңкесінде бір сәт тынығады да, содан соң өз жолымен
кете барады».
46
Өлімді еске алу адамға уақытының шектеулі екендігін
ұғындырады. Ал адамның өмірінің ұзақтығы – бар болғаны
азан мен намаз арасы. Адам шынымен өлімге санаулы-ақ күн
қалғандай елестетіп, ісін уақытында дұрыс атқаруды үйрене
алады. Мұндай жағдайда өлім адам үшін мотивацияға
айналады.
Осылай ойлай алған адам уақытын өмірлік маңызы бар
істеріне ғана арнауды үйренеді. Жеке міндеттері мен
жауапкершіліктерін дұрыс атқарып, отбасына қажетті деңгейде
көңіл бөліп, жақындарымен жақсы қарым-қатынаста болуды
қолға алады.
Ал өлімді еске алғандағы ең маңызды жайт – сол өлімнен
кейін болатын өмірге дайындалу. Адам ешқашан қашып
құтыла алмайтын өлімнен қашуға тырысады, ал құтылу мүмкін
болған тозақтан қашуға олай тырыспайды. Бұл – көп
адамдардың қателігіне айналған өкінішті шындық. Ал біз өлім
сәті келгенде «қап!» деп сан соғып қалмай, керісінше «пах!»
деп рақаттана алуымыз үшін өмірді дұрыс өткізуіміз қажет
болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет