Такырыбы: Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері



бет12/12
Дата18.01.2023
өлшемі48.25 Kb.
#61815
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
1.2.4. Қосымша
Сан сұрақ сыры
Жеті ата - ғұрып. Әр адамның жеті атасын білу парыз. Ол көргенділік пен білімділікті білдіреді. Қазақ жеті атасын білмесе «жеті атасын білмеген жетесіз» деп сөгеді. Жеті атаға: өзі, әкесі, атасы, бабасы, бабасының әкесі, оның әкесі, бабасы және оның әкесі. Қазақта «жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген мәтел бар. Жеті-ежелгі атау. Оның бір мағынасы апта. өлген адамның жетісі беріледі. Тағы да басқа мағыналары кездеседі.
Дүре салу - жазаның масқара, ең ауыр түрі. Жазалының құйрығын түріп қойып, қамшыны суға салып, 25, 0, 75, 100 рет дүре соғу. Мұндайда қамшы 4, 8, 16, 32 өрме де болуы мүмкін. Оны би анықтайды. Дүре салу кезінде адам өліп кетсе, кұны сұралмайды. Дүре саны мен өрме санына зейін аударсақ, әуелі сан екі есе артып отырады. Бұл арифметикалық қатар мүшелері.
Зекет жинау - VI ғасырдан бері келе жатқан салық түрі. Мал өнімнен, табысынан берілетін зекет шамасы мынандай: 40 қойдан 1 қой, бес түйеден 1 түйе, отыз сиырдан 1 сиыр беріледі. Егер табысың болмаса зекет жиналмайды. Сонымен, табысыңның қырықтан бір бөлігі зекет деп аталады.
Тоғыз - тақ сан. Тоғызға байланысты қазақ арасында түрлі өлшемдер туған. Соның бірі-айып өлшемі. Ел арасында ас бергенде, дау-шарада бір тоғыздан үш тоғызға дейін төленетін зат болған. Ол түйе бастаған 8 жылқы, жақсы ат бастаған сегіз үсақ мал, 8 сом күміс бастаған ақша. Қыз жасауы да тоғыз шапан, тоғыз ішік, тоғыз бешпет, тоғыз білезік, тоғыз көйлек т.т түрінде болған.
Бес жақсы - қалыңмал төлеуі. Бес жақсыға түзу мылтық, берік сауыт, бәйге ат, қамқа тон, оқалы камзол, шағи шапан, күміс ер-тұрман береді.
Қазақтың ұлттық ойындары.
Он құмалақ.
Он құмалақты суреттегідей томен қараған үшкіл ретінде орналастырайық. Үш құмалақты қозғап, үшкілді жоғары қарату керек. Ойланбаса ми сасиды, Қозғалмаса су сасиды.
Бесжұлдыз.
Қамауға алынған мүсәпірге сүлтан бір есеп берді.
- Егер шешсең босатам да, шеше алмасаң басыңцы алам, -деп үкім шығарды. Сұлтан талабы:
-Мына бес таяқшаны көзіңше жартылай сындырамын да, суреттегідей қоямын. Қолмен қозғамай, осыдан бесжұлдыз жасасаң бас бостандығыңды аласың, -деді Найранбаз. -Әрі ойланып, бері ойланып коз жасы көл болған мұсәпір бесжұлдыз құрастырды. Қалай?
Тоғызқұмалақ.
Бүл ойынды екі адам ойнайды. эрқайсысының 9 кіші, бір үлкен отауы болған.Әрбір отауда 9 кұмалақтан салынған. Жүрісті бастаушы өз отауындағы құмалақтың 8-ін алып, біреуін орында қалдырып, солдан оңға карай бэріне бірдей етіп, отауларға салады. Ең соңғы құмалақ түскен отауда жүп санды құмалақ болса, сол ұя босатылады да, құмалақ жүруші жақтың қазанына салынады. Егер жүрушінің құмалағы өз отауына түссе, құмалақтар алынбайды. Құмалақты өз қазанына көп жинаған ойыншы ұтады.

Қорытынды


Қазақ педагогикасының астарлары да түрліше. Олар біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қарасөз, біресе ертек, біресе ілмек, біресе дұзақ, біресе сиқырлы ой айту тағы басқа түрде кездеседі. Халық есептерінің өзімен туыстас, жалғас, көршілес елдердің салт-санасымен астарласып, үндесіп, қабысып жататындығы бар.
Барған жерін Балқан тау, 
О да біздің көрген тау, - демекші, қытайдың буы, орыстың ну-фуы, қазақтың түуі түп тамырлас. Қазақтың байырғы математикасында пәнаралық байланыс өте кең дамыған. Соның ішінде әдебиет пәнімен байланысты байқауға болады. Қандай есепті алсақ та, мақал немесе нақыл сөзбен түйінделген. Бұл түйіндеулерге зер салсақ, әрқайсысының тәрбиелік мәні зор. Тәрбие - сан қырлы. Ата-тегінің табысын айту, халқыңның дәстүрін сақтау, оны өз заманының қағидаларымен шендестіру тәрбиенің бір көзі. Ұлттық дәстүрлі мазмұндағы есептер, қазақтың қара есептері ,ұмытыла бастаған ұлттық дәстүрлеріміз, сондай-ақ ертегі есептер , ұлттық ойындар ,мақал-мәтелдер, қазақтың байырғы өлшем бірліктері,қазақша жыл есептеулер т.с.с оқушылардың ұлттық дүние танымын кеңейтеді. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан қазақ халқының ауызша есептері ауыз әдебиетінің бір жанры болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. С.Елубаев «Қазақтың байырғы қара есептері» Алматы Қазақстан 1996ж.
2. Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы 1997
3. Қазақ халқының салт-дәстүрі.С.Қалиев, М.Оразаев-Алматы 1994.
4. Интернет желісі.

Жетекшінің пікірі:


Бұл жұмыста оқушы қазақтың байырғы өлшемдеріне, қара есептеріне және олардың шешу жолдарына тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің қазақтың байырғы өміріне аса қызығушылықпен қарайтынын, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған математикалық есептерді жинап, оларға сипаттама берген. Қазақтың байырғы өлшемдерін зерттеп, іздеген, қара есептерінің әдебиетпен байланысын көрсете білген. Бұл берілген жұмысты математикадан қосымша сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет