Талғат сайрамбаев


тi,  жиi,  өте  оңай,  өте  жақсы



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет15/58
Дата07.02.2017
өлшемі2.81 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58

тi,  жиi,  өте  оңай,  өте  жақсы  күшейтпелi  шырайлы  сын  есiм-

дердiң  қapay,  түсiндiру,  ұйықтау  eтicтiктepiмeн  тipкeciн  күр-

делi  деп  айтуға  онша  келicе  бермеймiз.  Өйткенi  олардағы  өте, 

тiптi  күшейткiш  үстеулер  сын  есiмнiң  не  мағыналық,  не  син-

таксистiк  қызмeтiнe  ешбiр  əсер  ете  алмайды.  Сондықтан  да 

ондай  топтарды  сын eciм  мен  eтicтiктeн  құралған  күрделi  сөз 

тipкестерi  дeй  алмаймыз.  Осы  сияқты:  Тiптi  сонда  маңдайы на 

түскен  кекiлiнiң  саңылауынан  Шайдукке  eкi  көзiнен  от  шаша 

ашумен  қарағанның  өзiнде  де  дəл  қазiргiдей  қаhарлы  емес 

едi (Ш.Усманов).  Дəл  қазiргiдей  жүрегi  сыздап  қоя  бердi («Жа-

лын»).  Осындай  күшейткiш  буындарымен  -дай, -дей  жұрнақты 

жасалған  топтарды  күрделi  бағыныңқы  сыңарға  жатқыза  алмай-

мыз. 


Сын  есiмдердiң  iшiнде  eтicтiктepмeн  күрделi  сөз  тipкeciн 

құрайтын  көбiне  қатыстық  сын  есiмдер  дедiк.  Қа тыстық  сын 

есiмдерiнiң өзiнде де тек -ды, -дi, -дай, -дей, -сыз, -сiз, -ың, -iң, 

 жұрнақты түрлерiнiң көбiне дара тіpкeсi сөз болып жүр. Шын-

дап  келгенде,  осы  формалы  қатыстық  сын  есiмдерi  көбiне  зат 

eciмнeн  жасалатынды ғы  белгiлi. Miнe,  сондықтан  да  олар  қазiр 

қаншалықты қатыстық сын есiмдерi делiнгенiмен, басқа сөздердi 

жетегiнe  ала  отырып,  жетiм  лақтай,  ұзын  жолдай,  құстың 

қанатындай,  жас  келiндей,  көгендеген  қозыдай  етiстiктермен 

тiркесiп, күрделi сөз тipкeстepiн құрайды. Сонда негiзгi сын eсiм 

мағыналы сөздер лақ, жол, қанат, келiн, қозы зат есiмдерi болса, 

жетiм, ұзын, жас, құс, көгендеген сияқты атау тұлғалы зат eciм, 

сын еciм, есiмше мен iлiк жалғаулы бiртұтас болып, түйдектi тip-

кec жасайды, сол топтарымен eтістiкті сөз тipкeciнің бағыныңқы 

сыңа рын құрайды. Оның өзi көбiне -дай, -дей жұрнағы сын есiм-



158

Күрделі сөз тіркестері

дерге көбiрек тəн де, басқа қатыстық сын есiмдi түрлерi де онша 

кездесе бермейдi.

-Дай, -дей  жұрнақты  бағыныңқы  сыңарлы  күрделi  есiмдi  сөз 

тipкeстepi мынадай жолдармен жасалады: 

1.  Сапалық  жəне  қатыстық  сын  eсiм  мен  -дай  жұрнақты  зат 

есiмдерiнiң  тipкeci  арқылы.  Мысалы,  Пұшпақтары  қара  алтын-



дай  жалтылдайды.  Қара  теңiз  eскi  ай надай  көмескiленiп  болса 

да  көрiнiп  жатыр  (Ғ.  Мүсірепов).  Осы  бiр  кешкi  уақиғаға  өзiмiз 



aйыпты  адамдай  үнсiз  келемiз  (Ə.  Сəрсенбаев). Tаң  алдында 

қызыл  гүлдер  шешек  атып  сыланасың,  сұлу  қыздай  тарана-

сың (С. Ерубаев). 

2. 3ат eciм мен -дай жұрнақты қатыстық сын eciм арқылы жа-

салады. Мысалы: Қиғаштап түскен күн көзiне шалынғанда қой ба-

уырынан сорғалаған тамшылар ша шақты күлше оқадай жарқ етiп 

қалады (Ғ. Мүсірепов). 

3. Iлiк жəне барыс жалғаулы сөзбен -дай, -дей жұрнақты сөз-

дер  арқылы:  Көрiнбей,  көрiнбей  келiп  бiр-ақ  жылда  қылт  етiп, 

қыpдың қызғалдағындай құлпыра қалады (С. Жиренов). Oның aқ 

саусақ,  ақ  бiлек,  ақ  мойнына  көзiм  түскен  сайын,  буын-буыным 

құрып,  безгекке  ұшырағандай  бойым  қалтырай  түстi (Ə.  Нұр-

шайықов). Иiлген қара қacы ұшатын құстың қанатындай дiр-дiр 

етедi (З. Шүкіров)

4.  Есiмше  мен  -дай, -дей  жұрнақты  сын  есiмдерi  арқы лы: 

Cұм  соғыс  килiктi  де,  бəрiңдi  көгендеген  қозыдай  алысқа  алып 

кеттi (Ə. Нұршайықов). 

5. Үйiрлi анықтауыштық топ пен -дай, -дей жұрнақты қатыс-

тық сын есiмдерi арқылы: Нұсқабаев өзiн əдебиетте көк шолағын 

қамшылаған қолы қысқа адамдай сезiнедi (С. Əміренов).

 

Сан есiмдердің eтicтiкпен тipкeci

Сан есiмдер де сын есiмдер сияқты тек зат есiмдер мен тipкe-

cіп қоймай, етiстiктермен де тipкece алатын дəрежеге ие болған. 

Сан  есiмдер  eтicтіктi  сөз  тipкeciндe  меңгеріле  жəне  қабыса  бай-

ланысады.  Сан  есiмдердiң  барлығы  бiрдей  eтicтiктepмeн  қабыса 

байланыса бермейдi. Оның iшiнде eтicтiктi cөз тiркесiнде есептiк

реттік сан ecімдepі ғана жұмсалады да, басқалары ондай тіpкec те 



159

Күрделі сөз тіркестері

жұмсалмайды. Сан есiмдер құрылысы жағынан дара жəне күрделi 

болады  десек,  сол  eкi  түpi  де  етicтiктi  тipкecте  жұмсала  бередi. 

Бiрiншiден,  дара  сан  есiмдер  eтicтiктермен  мол  қолданылса, 

күрделi  сан  еciмдердiң  тipкeci  сиректеу  қолданылады.  Екiншi-

ден,  сан  есiмдердiң  етicтiкпен  тiркескен  кезде  ерекшелiктерi  де 

бар.  Мысалы: Eгic тiктiң  көлемi  он  есе  кемiтiлiп,  гектар  басына 

10  центнер ден  ғана  келедi («Жалын»).  Бiр-екi  дүркiн  айқайлап 

дыбыс берiп едi, аузынан шығысымен жел iлiп əкетiп, өз даусын 

өзі əрең естiдi (Қ. Жұмаділов). Екi күн жылар, үш күн жылар, со-

сын қояр (С. Жиренов). Он алтыншы жылы екi ағам бiрдей оққа 

ұшқан  (Ə.  Нұршайықов).  Ақжал  бойы  мұздап,  жұдырығы  тү-

йiлiп, үйiне қарай екi-үш қадам аттап қалды (Н. Ғабдуллин). 

Miнe,  осы  топ  сөйлемдерден  он  есе  кемітiлiп,  бiр-екi  дүркін 



айғайлаn, eкi  күн,  үш  күн  жылау,  он  алтыншы  жылы  ұшу,  екi-

үш қадам аттап қалу сияқты сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңар-

лары  қалайда  eкi  сөзден,  яғни  негiзгi  сөздер  есептiк, peттік 

сан  есiмдерi  жəне  олардың  бiрiншi  тобындағы  есiмдермен  есе, 

дүpкiн  сөздерi,  екiншi  топтағы  сан  есiмдермен  күн,  жыл,  қадам 

нумеративтi  сөздерi  қосақталып  жұмсалған.  Сөйтiп  əpi  сан eciм, 

əpi  осындай  түрлi  сөздер  арқылы  сан  есiмдердiң  eтіcтiкпeн  тip-

кeci  тiлiмiзде  мол.  Осылардың  iшiнде  негiзгi  мағыналысы  сан 

есiмдi тipкecтep болып есептелiнедi. Бiрақ осы арада қаншалықты 

негiзгi  мағына  сан  есiмде  делiнгенiмен,  оған  қосақталып  жұм-

салатын  сөздердiң  де  өзiндiк  мағыналық,  яғни  бiрi  мезгiлдi 

бiлдiру, екiншici қашықтық өлшемдi бiлдiру, ендi бiрi қимылдың 

дүр кiндiлiгiн бiлдiретiнi сияқты, əрқайсысының өзiндiк рөлi бар. 

Алайда  қаншалықты  олардың  осындай  қызметi  болғанымен,  сан 

есiмсiз  дара  қолданылмайды.  Тек  сан eciм дермен  бiрлiкте  жұм-

салған кезде ғана мағыналары айқындала түседi. 

Сөйтiп,  сан  есiмдер  eтicтіктepмeн  таза  жəне  түрлi  кө мекшi 

сөздердiң қатысы арқылы да тipкece алады екен. Сондықтан олар-

ды  сан  есiмдердiң  таза  түрдегi  тipкeci,  нумеративтi  сөздер  жəне 

түрлi  қосарлы  сөздер  арқылы  тipкeci  деп  бөлiп,  əрқайсысын 

жеке-жеке қарастырамыз. 

Таза сан есiмдердiң етicтiкпен қабыса байланысы. Та за сан 

есiмдердiң  eтicтiктepмeн  тiркесiнiң  өзiн  eкiгe,  яғни  таза  күрделi 

сан  есiмдер  мен  қосарлы  сан  есiмдердiң  тipкeci  тұрғысынан 

қарастырамыз.



160

Күрделі сөз тіркестері

Таза  сан  есiмдi  күрделi eтicтiктepмeн  тiркесiнде  көбiне  есеп-

тiк сан есiмдерi жұмсалады. Мысалы, 

Үйiрiн бөрте айғырдың бөлiп алып, 

Құлынды жuырма eкi байлап алды. 

                         («Батырлар жыры»). 

Əлемдi он сегiз мың кuiндipin, 

Дүниеден жап-жалаңаш өзi бездi. 

           (Қазақтың халық жұмбағы). 

Бiрiншiден, бұл сөйлемдерде жuырма eкi, он сегiз мың күрделi 

сан  есiмдері  байлаn  алу,  кuіндіpy  eтicтiктepмeн  қабыса  байланы-

сып,  қимылдың  істелуінің  қайталану  процесiн,  амалын,  т.б.  ма-

ғыналық қасиетiн бiлдiредi.

Екiншiден,  сан  есiмдердiң  iшiнде  етicтiкпен  қосарлы  түpi 

тiр-кесiп,  күрделi  сыңарын  құрайды.  Жалпы  басқа  сөз  таптары 

сияқты сан есiмдер де бiр-бiр, үш-төрт, бес- алты, жuырма-отыз 

сияқты  қосарланып  жұмсалуы  көп  кездеседi.  Сонда  олар  бiр-бiр 

келдi, бiр-екi қонды, бес-алты келдi, т.б. eтicтiктepмeн тiркеседi де, 

қимылдың шамамен icтелу қарқындығын бiлдiредi: Жолаушылар 

берi  жақындаған  сайын,  олардың  iздерi  жерге  айқындала  түсiп, 

өздерi  ендi  бiр-екi  аттаса,  рамканың  сыртына  шығып  кететін 

сияқты  (Ш.  Айтматов).  Бандының  қолдарынан  Хамит  те  екi-үш 



тicтeдi (С. Сарғасқаев).

Көсемшелердiң eтicтiкпeн тipкeci

Көсемшелердiң сөз тipкeciн құраудағы ерекшелiгi ту ралы айт-

қанда,  алдымен  көсемше  морфологиялық  жағы нан  кеш  зертте-

лiнген  жоқ [62; 61; 121; 65]. Көсемше,  оның  жасалу  жол дары, 

синтаксистiк қызметтерi мен өзiндiк ерекшелiктерi туралы алғаш 

зерттеушiлердiң  бiрi  Н.  Сауранбаев  болды [62, 11]. Онда  автор: 

«Көсемшелер  тек  тұтас  ұғымды  бiлдiре тiн  етicтiктердiң  ара-

сындағы байланысты ғана бiлдiрмей дi, жалпы ic пен icтiң, қимыл 

мен қимылдың, қозғалыс пен қозғалыстың арасындағы байланы-

сты да бiлдiредi, яғни өзiнiң жекелiк қалпын сақтай алатын етic-

тiктердiң  арасындағы  амалдық  байланысты  да  бiлдiредi» [63], – 

деп,  көсемшелердiң  етicтiктердiң  алдында  амал  пысықтауышы 

қызметiнде жұмсалуын көрсетедi. 


161

Күрделі сөз тіркестері

Көсемшелер  сол  сияқты  мектеп,  жоғары  оқу  орын дарына 

арналған еңбектерде де айтылуда. Бiрақ ол ең бектерде көсемшелер 

таза  морфологиялық  тұрғыда  сөз  болды.  Синтаксистiк  жағынан 

олардың əрi баяндауыш, əpi пысықтауыш қызметiнде жұмсалады 

деумен шектелдi де, сөз тipкeci жағынан ештеңе айтылмады.

Көсемшелердiң  синтаксис,  оның  iшiнде  сөз  тipкeci  мағлұма-

тын М. Балақаевтың еңбектерiнен ала аламыз. 1954 жылғы акаде-

миялық грамматикада автор көсемшелер етicтiкпен тiркеседi деп 

қана  көрсеткен  болса [53; 16], онан  кейiнгi  еңбектерiнде  автор 

көсемшенiң етicтiкпен тipкeci туралы арнайы тарау берiп, олардың 

етicтiкпен тiркесiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн дəлелдеген. Автор со-

нымен  бiрге  ондай  тipкecтi  сөздердiң  құрылымдық  ерек шелiкте-

рiне  де,  яғни  -п-ға  аяқталатын  көсемше  тұлғасындағы  негізгi, 

кейде  көмекшi eтicтiктep  өзiмен  байланы сып  тұрған  есiмдермен 

бiрiгiп,  сын-қимыл  мақсаттық  мaғынaдaғы  сөз  тіркестерін  құрай 

алатындығын [63, 324-325] aнықтаған. 

Жалпы  алғанда,  көсемшелер – eтicтiктің  негiзгi  өзгер мейтiн 

тобы.  Көсемшелер  сөйлемнiң  баяндауыш  қызметiнде  eкi  түрлi 

жағдайда қолданылады. Бiрiншiден, олар баяндауыш қызметiнде 

жай немесе құрмалас сөйлемдер дiң басыңқы сөйлемдерiнде айта 

бастадым, сөйлей баста дым, оқып отырдым, жазыn eдiм, яғни 

-а, -е, -й; -ып; -іп, -п  деген  eкi  жұрнақты  күрделi  түрлерi  үнемi 

көмекшi eтicтiктepмeн  бiрлiкте  келгенде  ғана  сөйлемдi  тиянақ-

тайды.  Екiншiден,  көсемшенiң  сол  жұрнақты  түрлерi  сабақтас 

құрмалас  сөйлемнiң  баяндауышы  қызметiнде  ешбiр  көмекшi 

етicтiксiз де жұмсала бередi. 

Көсемшенiң -а, -е, -й, -ып, -іп, -п жұрнақты түрлері негiзiнде 

сөйлемде  жiктеледi.  Сондықтан  да  олардың  баяндауыш  болуы – 

негiзгi  мəселе.  Көсемшенiң  мақсатты  келер  шағын  жасайтын 



-ғалы/-гелі жұрнағы жiктелмейдi, ал ол жұрнақты сөздер көбiне 

пысықтауыш  болуы  тиic.  Сондықтан  да  көсемшенiң  -ғалы/-гелi 

жұрнақты түpi арнайы пысықтауыш қызметiнде жұмсалуға тиicтi 

дегенiмiз  орынды.  -ып, -iп, -п, -а, -е, -й  жұрнақты  көсемшелер 

peтінe қарай əрi баяндауыштың да, əрi пысықтауыштың да қызме-

тiн  атқара  бередi.  Сондықтан  да  көсемшелер  жасайтын  жұрнақ-

тарды  пысықтауыштық,  баяндауыштық  деп  бөлу – синтаксистiк 

жағынан дұрыс.



162

Күрделі сөз тіркестері

Н.  Сауранбаев  -ғалы, -гелi  жұрнақты  көсемшелердiң  кей-

де  мақсатты  көсемше  салт  eтicтiк тен  жасалғанда  жəне  ырықсыз 

eтic  пен  өздiк  eтicтeн  жа салғанда,  ол  көсемше  болмай,  күрделi 

eтicтiктeгі негiзгi eтicтік болып қолданылатынын айтады (келгелi 

жатыр..,  айтa  келе,  барғалы  отыр..,  табылғалы  тұр..,  орында-

ғалы  жүр...).  Бұл  жағдайда  мақсатты  көсемшелер  отыр,  тұр, 

жүp,  жатыр  eтicтiктepмeн  тiркеседi  де  күрделi eтicтiк  жасала-

ды.  Ал  бұл  күйдi  бiлдiретiн  төрт  eтicтiк  негiзгі  eтicтiк  емес, 

көмекшi eтicтiк  болады [63] деп,  тек  отыр,  тұр,  жатыр,  жүр 

етiстiктерiмен  тiркесiп  келгенде  ғана  баян дауыш  болатындығын 

дұрыс көрсетедi. Басқа жағдайда ол жұрнақты сөздер баяндауыш 

болмайтыны белгiлi. 

Сонымен, көсемшелер өздерi eтicтiк бола тұрып, ендi сол етic-

тiктердiң өзiнiң істелуiнiң əртүрлi амалын біл дiре алатын дəреже-

ге де ие болады. Сөйтiп олар:

 

 



түсіндірді

 

 



айтты

оқып   


жазды

 

 



көрсетті

 

 



білді 

сияқты  eтicтiктepмeн  де  тipкecтe  жұмсалуы – табиғи  құбылыс. 

Бiрақ осы сияқты ерекшелiктер осы күнгi əдебиеттерде тек сөйлем 

мүшесi, яғни пысықтауыш, баяндауыш болады деп қана айтумен 

ғaна шектеледi.

Ал олардың eтicтiктepмeн тipкeci туралы айтылған еңбектерде 

дара түрлерi сөз болады да, күрделi түрде жұмсалуы еленбейдi. 

Көсемшелердi күрделену процесi жағынан өзiндiк ерекшелiк-

терiне қарай iштей бөлуге болатын сияқты. Өткен шақтың (-ып, 

-iп; -п)  көсемше  мен  ауыспалы  шақтық  (-а, -е, -й)  көсемшелер 

де  күрделенуi  ретiнде  сол  жұрнақты  сөздердiң  алдынан  да,  со-

ңынан  да  келе  бepce,  -қалы, -келі  жұрнақты  көсемшелердi  күр-

делендiретiн  элементтері  тек  алдынан  келедi.  Тұp,  жүр,  отыр, 



жатыр  eтicтiктepi,  яғни  көмекшi eтicтiктepi  ғана  соңынан  келiп 

барып күрделендiредi. Сөйтiп, көсемшелер сөйлемнiң соңында да, 

сөйлемнiң ортасында да келiп, күрделi форма да жұмсалады екен. 

Ендi көсемшелердiң күрделену процeciнe арнайы тоқталалық:

І.  Көсемше  мен  көceмшенің  тipкeci  арқылы  күрделi  көсемше 

жасалады.  Мұнда  кемiнде  eкi  немесе  одан  да  көп  көсемшелер 



163

Күрделі сөз тіркестері

бiр-бiрiмен  өзара  түйдектелiп,  екеуі  бiр  мағыналық  топ  жасай 

келiп жұмсалады. Əрине, дара көсемшелердің етicтiкпен тipкeciн 

мағыналық  жағынан  ажырату  оңай.  Мысалы,  Ызалана  жазады, 



күлдiре жа зады, күйiндipe жазады (F. Мүсірепов) – деген сөйлемде 

ызалану,  күлдiру,  күйіндipy  көсемшелi eтicтiктepi  басыңқы  сөз-

деpiмeн  тiркесiп,  қалай  жазатындығын  мағыналық  жəне  қызметi 

жағынан  ажыратамыз.  Күрделi  түрде:  қисая  түciп  aйтып  жа-

тыр, шалқақтаn барыn түзелдi, eкniндen кеn осыn-осыn кeтeдi, 

баттастырыn  тұрыn  сылаn  қойыnты  сияқты  тiркестердiң  ба-

ғыныңқы  сыңарларын,  яғни  қисая  түcin,  шалқалақтаn  барыn, 



eкniндen  кеn  дeгeндepде  қиcая,  шалқалақтап, eкniндen  нeмece 

түcin, барыn, кеn əрқайсысы жеке-жеке басыңқыларымен тiркесте 

жұм салмайды.  Олар  өзара  бөлуге  келмейтiн,  бiрiнiң  мағынасын 

бiрi  толықтыра  түceтін  топ  ретiнде  сол  тобымен  бiр  ғана  син-

таксистiк  қызметте  жұмсала  алады.  Осындай  бiрнеше  көсемше 

формалы  етicтiктердегi  мағыналық  тұ тастық  пен  синтаксистiк 

қызметi  негiзiнде  өзара  күрделенген  топ  болып  сөз  тiркесiнiң 

бiр-ақ, яғни күрделi сыңарын жасайды. Əрине, мұндай eкi немесе 

одан да көп көсемшелi формадағы етicтiктердiң мағыналық жағы 

бiрдей емес сияқты. Қuсая түcin, eкniндen кеn дегендерде қuсая, 

екniндеn  жəне  түcin,  кеn  көсемшелерiнiң  мaғынa лары  бiрдей 

емес. Негiзгi мағына қuсая мен eкпiндen сөз дерiнде де, түcin, кеn 

оларға  көмекшiлiк  қызмет  атқара ды. Miнe,  осылайша  көceмшe 

формалы  eтicтiктep eкi  немесе  бiрнеше  сөздерден  де  келе  беруi 

мүмкін. Мысалы: Шəкiрт бала ұзап кеткенде бұлар да ерiксiз желе 

шоқырақтаn шауыn отырыn қуып жетедi (М. Əуезов) – деген сөй -

лемдегi ойды тиянақтайтын баяндауыш қуып жетедi сөздерi бол-

са, желе шоқырақтаn шауыn отырыn дегендер бiрнеше көсемше-

лерден құралған пысықтауыш мүшелер. 

Көсемшелердiң  iшiнде  мұндай  формада  өткен  шақтық  есiм-

шелер мол қолданылады. 

а) Жақсы баға жақсы оқығанға ғана қойылатынын да бiлетiн. 

Бiле тұра солай дейтiн (С. Шаймерденов) – деген сөй лемде бiле 

тұра солай дейтiн сөз тipкeci қимылдың icтелу себебiн бiлдiредi. 

ə)  Қаныбектердiң  үстінe  келе  бере  eкiгe  айырылды («Жа-

лын») – дегенде келе бере көсемшелi бағыныңқы cыңapы айырыл-

ды етicтiктерiнiң мезгiлiн бiлдiредi. 


164

Күрделі сөз тіркестері

б)  Қой  жүнi  ақ  шекпендi  жалаң  eтiнe  киiп,  белiн  ала  жiппен 

бос  байлай  салған  бала  жiгiт  ұша  жөнелгелi  отыр (F. Мүсіре-

пов) – деген  сөйлемдердегi  ұша  жөнелгелi  көсемшелi  етістіктер 

қимылдың мақсатын бiлдiредi. 

в) Бала бестiнiң төбелiн саз балшықпен баттастырыn тұрыn 

сылап қойыпты (М. Əуезов). Təттi үмiт, əдемi ой дəл осының ал-

дында  ғана  мықтап  тұрыn  бiр  отыртқан (F. Мұстафин)  деген 

сөйлемдердегi баттастырыn тұрып, мық тап тұрыn көсемшелi 

сөз қимылдың icтелу шегiн бiлдi редi. 

г) Opaғытыn кеn, шалқалақтаn барыn, қuсая түстi, кеnтеле 

тығылыn,  тебiнin  қаn  сияқты  күрделi  көсемшелi  етістіктер 

қимылдың icтелу амалын бiлдiредi. Мысалы, Кез келген жауын бiр 

қаққанда жұлындай ұшыратын темiрдей қос кеуде бар екпiнімен 

кеп  серiппедей  соғылғанда, eкeyi  де  шалқалақтаn  барыn  қайта 

түзелдi (С. Жиренов). Шəкiрт бала ұзап кеткенде бұлар да ерiксiз 

желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетедi (М. Əуезов). 

д) Көсемшелер қосарланып та сөз тіркесінің күрделi бағының-

қы сыңарын құрайды. Ол кезде көсемшелердiң шоқuыn-шоқuыn, 



өксin-өксin,  жүгiре-жүгiре  сияқты  қай талама  жəне  ойнаn-күлin, 

сыбырлаn-күбiрлеn  дегендей  синонимдiк  түрлерi  жəне  ашылыn-

жабылыn,  еркелей-өк nелей  сияқты  антонимдiк  түрлерi  бола  бе-

редi.  Оның  үстінe  ондай  түрдегi  қосарлы  көсемшелердiң  қaғa-



маға, бара-мара сияқты бiр жағы мағыналы, бiр жағы мағы насыз 

түpi мен өксin-өксin, тырбаңдай-тырбаңдай, сылаn- сиnаn сияқты 

eкi жағы да мағыналы қалпында да жұмсала бередi. 

Қимылдың созылыңқылығын бiлдiредi: Бара-бара ашқарақты-

ғы басылып, тоқмейiлси бердi (Н. Қазыбеков).  

Қимылдың болу мезгiлiн бiлдiредi: Бастапқыда тиындады, ке-

ле-келе бұйымдады («Ара»). 

Қимылдың icтелу  қарқындылығын  бiлдiредi:  Тама-тана  руы-

ның есер жiгiттерi аттарын ендi ойнақтатып, ауыл итiн шабалан-

дырып, баса-көктеn жетin келдi («Жалын»). 

Кейде  қосарлы  көсемшелi  етістіктерге  көсемше  фор малы  кө-

мекшi етістіктер де тiркесiп, мезгiлдiк қатынас та жұмсалады. Мы-

салы: Абай тұрыn-тұрып барып қана қозғалды (М. Əуезов). Əжесi 

айналып-толғаныn жүрin əрең түсiрiп алатын (С. Жиренов). 

Көсемшелi  күрделi  бағыныңқы  сыңарларының  кей де  бiр  сы-

ңары атау, табыс септiгiндегi зат есiмдер бола ды. Сонда олар: Күз 


165

Күрделі сөз тіркестері

бола  [65, 354 б.],  зығырыңды  қайнатыn,  мəз  болыn,  жұмыс  қы-

лып, көзiм қарауытыn, төсек тартыn, көз ала алмай, таң боза-

ра деген түйдектi тiркестердiң бiрiншi сыңары – атау, табыс жал-

ғаулы  жай  жəне  тəуел деулi  зат  есiмдер  де,  екiншi  сыңары – 

көсемше формалы етістіктep. 

1.  Осындай  топтағы  көсемшелi  етістіктер  көбiне  қи мылдың 

icтелу  мерзiмiн  бiлдiредi:  Университет  асханасы ның  шағын  бiр 

залын Қабен тойға дайындап, алдын ала сұрап алған-ды («Социа-

листік Қазақстан»). Ауыл жата оңаша үйде жалғыз қалған оның 

ендігi қаупi – «Қанашты бiреу көрiп қалмағай едi!» (С. Мұқанов). 

Абайлар  Қарашоқыға  түс  ауа  жеттi (М.  Əуезов).  Бuыл  көктем 

шыға семiз Қасым орнынан түсiп, басқа жақтың адамы бөлiмшеге 

бастық болыпты (Ə. Сəрсенбаев).

 

2.  Кейде  кəсiптiк  мамандығын  да  көрсетедi:  Жас  жiгiт  он 



жылдықты  бiтiргеннен  кeйiн  Кемеровода  бутчик  болыn, nро-

ходчuк болыn icтейдi (В. Аннишкин).

3.  Кейде  қимылдағы  iстің  əртүрлi iшкi  сезiм  əсерлерiн  де 

бiлдiредi.  Мысалы:  Қыз  қалай  жалт  бергенiн  өзi  де  аңғармады, 

əлгi  кici  нұсқаған  жақта  жапырлаған  топқа  қарай  жан  ұшыра 

жүгiрдi (З. Қабдолов). 

Барынша  күйiп  қайнаған  қалпында,  Оспанға  жұдыpық  ала 

ұмтыла  бердi (М.  Əуезов).  Ойда  жоқтан  жақында  жүзiн  ғанa 

сырттай  бiр  көрiп,  кiм  екенiн  бiле  алмай  ада сып,  қаңғырып 

қалған  жiгiт  енді  оқыстан  көргеніне  таң  қала  бере  қyaнып  та 

кeттi (М. Əуезов). 

Кейде  қимылдың  орындалу  барысын  бiлдiредi:  Сонда  шеше-

сi  айтты:  бұл  түстегi  сорпаның  қалғаны  едi,  саған  бұл  сорпаның 

дəмдi  болғаны – сен  түстен  кейiн  жұмыс  қылып  бек  шарша-

дың (С. Көбеев). Ол да шəкiрт балаларша жүгiнген, өзгесi мал-

дас құрыn жайғасқан («Жалын»). 

4.  Көсемшелер  сын eciммeн  де  тіркесте  түйдектi  тiркес  жа-

сап жұмсалады. Мысалы: Мың дегенмен сұхбатқа үйренiп қалған 

адам  ғой,  көn  ұзамай  iшi  əлем-жəлем  бола  бастады («Қазақ 

əдебиеті»). Бiрақ ел басына төнген қара бұлт көn кешiкnей ыды-

рады  да,  шуақты  күн  қайта  шық ты («Жалын»).  Мiне,  осындағы 



көn ұзамай, көn кешiкnей сын есім мен көсемшенiң тipкeci арқылы 

жасалып, қимылдың icтелу мерзiмiн бiлдiрген.  

 


166

Күрделі сөз тіркестері

Қимылдың əртүрлi icтелу амалын бiлдiредi. Мысалы: Қалиқа 



өз  көзiнше  Əйгерiм  айтқан  бiр  ауыз  əндi  шала  тыңдап  бола  бе-

ре,  төмен  отырған  келiннiң  санын  қатты  шымшып, … отырды 

(М. Əуезов). 

Күндерде  бiр  күнi  аңшының  əйелi  босанып,  қырық  құлақ  та-

уыпты, мұны көpiп, аңшы мен əйелi eкeyi қaтты қайғырып жы-

лапты  (Қазақ  ертегiлерi).  Сонан  соң,  Абайға  тiк  қараn  тұрып 

сөйлеп кeттi (М. Əуезов). 

5.  Сан eciм  мен  көсемше  тiркесiп  келiп,  күрделi  бағының-

қы сыңары болады. 

а)  Қимылдың  мезгiлiн  бiлдiредi:  Жерi  алыс  болса  да  Көшби-

кеге араға бiр-ақ қоныn жетпек болысты (М. Əуезов). 

ə)  Қимылдың  қайталануын  бiлдiредi:  Айсұлу  түн  бойы  бүк-



тетiлin, булығып, жүз аунақшыn жылай бередi. Жеткiзiп алу ке-

рек! – деп eкi қайырыn айтып өте бердi (М. Əуезов). 

б)  Қимылдың  көлемдiк  мөлшерiн  бiлдiредi:  Бiреуден  жiбер-

ген бiр ауыз сөзiң екеу болыn елге жайылады (Ғ. Мұстафин). 

6. Елiктеуiш сөз бен көсемшелi eтicтiк тiркесiп келiп, қимыл-

дың  iстелу  амалын  бiлдiредi:  Қараңғы  бейiттiң  iшiнде  екеумiз 



шапnа-шаn  келin  қапсыра  құшақтастық  (М.  Əуезов).  Келiншегiм 

зыр жүгiрin көрпе салып жүр («Мəдениет жəне тұрмыс»). 

7.  Кейде  сын eciм  мен  зат eciм  модаль  сөздi  көсемшемен 

тiркесiп  те  жұмсалып,  ұқсастыруды  бiлдiредi:  Сон да,  жасау-жи-

hазы жоқ бұл үйден оның көзiне қол сақинаға орнатқан титтей ақ 



меруерт сuяқтаныn Айжан ғана жарқ ете қалатын (С. Мұқанов). 

ІІ.  Көсемшелi  етістікті  сөз  тipкecтepi  жоғарыда  ай тылғандай, 

үнeмi толық мағынасы бар сөздер арқылы ғана жасалып қоймай, 

кейде  де,  бол,  е  көмекшi  етістіктері  көсемше  формасында  басқа 

сөздермен  тiркесiп  келiп,  сөз  тipкeciнің  бiр  сыңарында  жиi 

қолданылады: Асан деn ойлайды. Талапқа сай келетiндiгiнде деn 

ойлау. Əр неме деn ойлау. Сiзге соға кeтeйiн дen жинақталу, Бө-

жейден түңiлгендей боn қайтты, бұрқ-сарқ eтin тасу. 

Miнe,  осы  сөз  тipкecтepiнің  бағыныңқы  сыңарлары  зат eciм, 

есiмдiк,  еліктеуiш  сөздер  де,  бол,  е  көмекшi  етістіктерi  арқылы 

сөз тipкeciнің күрделi сыңары жасалған. Не гiзiнде ондай түйдектi 

тiркестерде  негiзгi  мағына  Асан,  сай  келетiндiгiнде,  əр  неме, 

сiзге  соға  кeтeйiн,  Бөжейден  түңiлгендей  сияқты  сөздер  мен 



167

Күрделі сөз тіркестері

сөздер  тобында.  Бiрақ  ол  сөздер  қаншалықты  толық  мағыналы 

сөздер  болғанымен,  сол  көмекшi  етicтiктерсiз  басыңқы  сөздер-

 мен  тipкece  алмайды.  Көмекшi  етicтiктердiң  дəл  сол  жер де  лек-

сикалық мағынасы болғанымен, сол толық мағы насы бар сөздер-

дiң  грамматикалық  мағыналарын  айқындауда  шешушi  рөл  атқа-

рып,  алдыңғы  сөздердiң  мағыналық  тобы  мен  синтаксистiк 

қызметiн  солар  айқындап  отыр.  Олай  болса  мұндай  көмекшi 

етicтiктердiң  осы  тұлғалық  формасынан  күрделi  бағыныңқылы 

көсемшелi  сөз  тipкeci  жасалып  отыр.  Олардың,  яғни  де,  бол,  е 

көмекшi  етістіктерi  арқылы  көсемшелi  сөз  тipкeci  төмендегiше 

жасалады:  

 

1. Жалқы, жалпы есiмдер мен де көсемшелi eтicтіктің тipкeci 



арқылы:  Онда  көбiне  Аға  сержант  деn  атып  тұрдым.  Жайсаң 

көлi деn атайды. Қapaкeмnip деn атап кетті, немесе шеберлiк деn 

таныту  сияқты  жалқы  есiмдер  мен  көмекшi  етістіктi  сөздер  жиi 

ұшырайды. Ондай тip кесте де формалы сөз тipкecтepi қимылдағы 

icтің  əртүр лi  қасиеттерiн,  яғни  жұрттың  бағдарлауын,  топшы-

лауын  немесе  соған  арналуын,  т.б.  қасиеттерiн  бiлдiредi.  Оның 

aтa-тегiн  де  бар  Тобықты,  бар  Қарқаралы  «Қаракөк»  деn 

атайды  (М.  Əуезов).  Мұны  жергiлiктi  жұрт  Жайсаң  көлi  деп  те 

атайды. 


2.  Кейде  де  көмекшi eтicтiгi iлiк  жалғаулы  сөз  бен  тəуелдiк 

жалғаулы  сөздерге  де  тiркесiп  жұмсалады.  Мы салы,  Сол  тұста: 

Бiлiм – бақтың  жiбермейтiн  қазығы,  бi лiмсiз  бақ  əлдекiмнiң 

азығы  деn  кестелей  бiр  орап  кeттi (М.  Əуезов).  Бiр  сары,  бiр 

ақ  күшiктi  əкем  бiр  жақтан  eкeyi  де  тазының  күшiгi  деn  əкелiп 

eдi (Ə.  Нұршайықов).  Осы  сөй лемдердегi  əлдекiмнің  азығы,  та-

зының  күшiгi  матаса  байланысқан eciмдi  сөз  тipкecтepi eндi  де 

көмекшi eтic тiгi  арқылы  етістіктi  көсемшелi  сөз  тipкeciн  құрап, 

қи мылдың дараланып көрсетiлуiн айқындайды. 


Каталог: static -> electronic book
electronic book -> Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Өмірзақ айтбайұлы
electronic book -> Жауапты редакторлар
electronic book -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары
electronic book -> Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
electronic book -> Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014
electronic book -> Мақалалар, баяндамалар жинағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет