Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет16/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58

Де  көмекшi eтicтiгi  кейде  жатыс  септiгiндегi  кейбiр  сөз  тiр-

кестерiмен  бiрлiкте  қимылдың  болымсыздық  мағынасын  бiл-

дiредi. 

Жастардың жоғары оқу орындарына келiп, алғашқы емтихан-

дардан  құлап  қайтып  жататыны  мектепте  алған  бiлiм  негiзiнiң 

талаnқа  сай  келмейтiндiгiнде  деn  ойлаймыз («Социалистік 

Қазақстан»). 



168

Күрделі сөз тіркестері

Екi-үш демей, бiреу деn, екеу деn, 117-деn сияқты сан есiм мен 

де  көмекшi eтicтiгi  тipкeciп  келiп,  күрделi  бағыныңқы  сыңары 

жасалады.  Де  көмекшi eтicтiгi  сан  есiмдермен  тiркесiп  келген-

де  көбiне  қимылдың  мезгiлiн,  сан  мөлшерiн  айқындайды.  Түнгi 

сағат екi-үш демей Бе йiмбетке телефон соғасың (Ғ. Мүсірепов). 

Сəулем, тойды бiреу емес, екеу деn естiдiм. Ол рас па? (Ə. Əбішев). 

Расында да, лезде-ақ мен бұрышында төрткiл көк қаңылтырға ақ 

сырмен  117  деn  бадырайта  жазылған  нөмiрi  бар  үш  қабат  үйдiң 

қасына келдiм (Ə. Нұршайықов). 

Сол  сияқты  де  көмекшi  етістігi  есiмдiк,  елiктеуiш  сөздермен 

де  тipкeciп  жұмсалады  да,  қимылдың  əртүрлi  реңiн  немесе 

бұйыруды, мақсатты бiлдiредi. Мысалы: Жақыпбектiң жастығына 

қарады  ма,  əлде  өзiмсiндi  ме  немесе  өзiнiң  ежелгi  əдетi  сол  ма, 

бiрден  сен  деn  сөйледi  (М.  Иманжанов).  Аңшы  yh  деn  ауды  қоя 

бергенде көгершiн көте рiлiп ұшып кeттi (С. Көбеев). 

3.  Де  көмекшi eтicтiгi  сөйлемдiк  дəрежедегi  сөздер  тобымен, 

яғни  eстin  қалды  деn  қayinтeнy,  хат  алған  деn  ойлау,  көбейе 

түссе екен деn тiлеу, oсы тұс едi ғой деn жүрin келу сияқты сөз 

тipкecтepi  де  көмекшi eтiстi гiнсiз,  қалғандары  əртүрлi  сөйлем 

мүшелерiмен  өздерiнiң  арнаулы  баяндауыштары  бар  сөздер  то-

бы.  Бiрақ  олар  де  көмекшi eтicтiгi  арқылы  сол  тұтасымен  ендi 



тоnшылау,  ойлау,  қayinтeнy,  танымау,  есту,  тiлеу,  жүрin  келу 

eтic тiктерiмен  қабыса  байланысқан  пысықтауыштық  қаты нас-

тары  eтicтiктi  сөз  тipкecтepiн  құрай  отырып,  төменде гiдей  ма-

ғыналық топта жұмсалады: 

а)  Қимылдағы icтің  орындалу  барысын,  армандауын,  яғни 

мақсатын бiлдiредi: Tay-таудың арасымен, eтeктeгi жалғыз аяқ сүр-

леу  жолдармен  алаңсыз,  ойсыз  жүрсем   деп  армандады  (С.  Бақ-

бергенов).  Осы  сапарға  шығарда  eскi  досым  Əдiлханды,  оның 

əйелi  Асылтайды  жəне  олардың  бала ларын  көре  келермiн  деn 

үмiттенгeнмiн  (Ə.  Нұршайықов).  Сiз ге  соға  кeтейiн  деn  екi-үш 

күнге сұранып ем (С. Жиренов). 

ə)  Қимылдың icтелу  себебiн  бiлдiредi:  Биенiң  сүтi  былай  ай-

нуын ауыл адамдары ауру шөn оттағаннан деn ойлайды (С. Мұ-

қанов). 


б) Күмəндануды, өкiнудi бiлдiредi: Дəулер солардың бiреуiмен 

өтin  кете  ме  деn  күткендерде  зəре  жоқ  (С.  Мұқанов).  Түнiмен 

169

Күрделі сөз тіркестері

əлгi  бiр  шумақ  өлеңнiң  авторы  кiм  болды  екен  деn  тықыршып 

ұйықтамай шықтым да, ертеңiнде ерте мен Қауыш кiтапханасына 

қарай жүгiрдiм («Жалын»). 

4.  Де  көмекшi eтicтiгi  сияқты  көсемшелi  күрделi  сөз  тipкeciн 

құpayдa  е  көмекшi eтicтiгi  де  қатысты.  Мұндай  кез де  е  көмекшi 

eтicтiгi  көбiне  елiктеуiш  сөздер  мен  сақ  еткiзin  салыn  жiбердi, 

сырт-сырт  eтin  сынды,  лап  eтin  жа ныn  жүре  бердi,  жылт-

жылт eтin түcin тұр, дүрс eтin сұлап түстi жəне кiшкене eтin 

кесу, бiр бетке жуық eтin сойдақтатыn тастау сияқты негiзгi 

сыңары  елiктеуiш,  сын eciм,  кейде  шылаулы  меңгерiлген  сөздер 

бола  бередi.  Мұндай  кезде  олар  қимылдың  көлемiн  бiлдiредi. 

Мысалы,  Онда  бiр  жол  да  жаза  алмаған  болсам,  ендi  бiр  бетке 



жуық  eтin  сойдақтатыn  тастадым  (Ə.  Нұршайықов).  Жұрт 

ендi  қауырсынның  ұшын  кiшкене  eтiп  кecin,  оны  қаламсапқа 

бекiтетiн болды («Бiлiм жəне еңбек»). 

а) Қимылдың iстелу амалын бiлдiредi: Ыстық күнде қоңырсық 

лебi  жүректi  қапқан  асфальт  көше  былқ-былқ  eтin  майысып, 

жүрiсiн  ауырлатып  жiбердi (С.  Мұратбеков).  Сылтау  таба  алмай 

отырған класс ду eтin күлiп жiбердi (И. Асанов). 

Бол eтicтiгi кейде көсемше формасында басқа сөздер мен тау 

боn үйiлген, қонaқ боn жатыn кету, қолдың саласындай боn өcin 

жату, eкi есе боn ашыну, шыn-шыn боn ағу, тартыn жiбермекшi 

боn оқталу, не қылады деn ойлану сияқты негiзгi сыңарлары зат 

eciм, сын eciм, сан eciм, елiктеуiш сөздер мен сөйлемдiк дəреже-

дегi сөздер тобы болады. 

ə)  Қимылдың  iстелу  мақсатын  бiлдiредi:  Есентай,  Доспан, 

Абабақыр үшеуi ақылдасып алғандай, аттары ның басын кiлт бұ-

рып аулына тартыn бермекшi боп оқ талды да тоқталды (Д. Əбі-

лев).  Мұнда  тартыn  бермекшi  күр делi eтicтiктepi  боп  көмекшi 

eтicтiгiнің  тipкeci  арқылы  қабыса  байланысқан  етістікті  сөз  тip-

кeciн құраған. 

б)  Қимылдың  көлемiн  бiлдiредi.  Мысалы,  Қауын  дегeнің 



тау-тау боn үйiлген (С. Жиренов). 

Қыn-қызыл  боn,  арса-арса  боn,  қолдың  саласын дай  боn  де-

ген  сөз  тipкecтepi icтi  басқаға  ұқсатуын  көр сетедi.  Мысалы, Eкi 

көзi  қыn-қызыл  боn  қанталап,  жақындағы  қызыл  жалынмен ipeң 

салыстырғандай  жалт- жұлт  eттi (М.  Əуезов).  Сүйектерi  арса-



170

Күрделі сөз тіркестері

арса  боn  қабырғалары  тыржыңдап,  арбаны  əрең  тартып  келедi 

(Ү.  Шойбеков).  Көзiмнiң  нұ ры  үш  құлыным  қолдың  саласындай 



боn аман-есен жел кiлдеп өсiп жатыр едi, амал не, қызығын көре 

алмады («Мəдениет жəне тұрмыс»). 

Кейде  бағыныңқы  сыңарлары  қимылдағы  істің  бiр  нəрсеге 

ұқсатуын,  амалын  бiлдiредi:  Əзiмбай  деген  көкауру,  қазiр  кесел 



боn өсiп келе жатқан (М. Əуезов). Келте машаттың қоңыр-тарғыл 

қырқасын,  ал  қызыл  əдемi  бояумен  көмкерiп,  алтын  табақтай 



боn күн де батып бара жатты (С. Бақбергенов). 

Үстеулердiң етicтiкпен тipкeci

Етістікті  сөз  тiркесiнде  ең  көп  қолданылатын  сөз  та бының 

бiрi – үстеу.  Үстеу  қимылдың  мезгiлiн,  мeкeнiн,  мақсатын,  т.б. 

қасиеттерiн жан-жақты көрсетедi. 

Үстеулер  құрылысына  қарай  дара  жəне  күрделi  деп  бөлiне-

тiндiгi белгiлi. Профессор М. Балақаев күрделi үстеу лер негiзiнде 



келесi  жылы,  алдыңғы  күнi,  келер  жылы  жəне  есiмдер  мен 

-ша/-ше  жұрнақты  eскi  бuше, eскi aқынша  сияқтыларды  жат-

қызса [20, 60-61], А. Ысқақов күрделi үстеулерге:

а)  бuыл,  жаздыгүнi,  бiртiндеn-бiртiндеn, aунan-қунan,  тым-



тырағай, т.б. 

ə)  күнi  кеше,  күнi  бүгiн,  сабаққа  бола,  кiтanқa  бола,  айта 



келе, т.б. 

б)  қас  nен  көздің  арасында,  аяқ  астынан,  томаға-тұ-



йық, т.б. [65, 354] жатқызады.  

 

Осылардың  iшiнде  кiтanқa  бола,  айта  келе,  аунаn-қунаn  де-



гендi негiзiнде үстеу қатарына қосу онша келе бермейтiн сияқты. 

Сол  сияқты  қac nен  көздің  арасында  сияқты  тұрақты  тipкecтep 

тобы  да  фразеологияға  жатқызылуы  тиiс.  Əрине  аунап-қунаn, 

кiтanқa  бола,  қac nен  көздің  арасында  деген  пысықтауыш  қыз-

метiнде  жұмсалғанымен,  əрқайсысының  өзiндiк  қаралатын  жер-

лерi бар лығы белгiлi. 

а) күнi кеше, сол күнi кешке, кеше кешке, epтeң кеш ке, бүгiнгi 



кеш,  бүгiн  тaңepтeң,  қыстыгүнi,  ертең  тaңepтeң,  бүгiн  кешке 

сияқты eкi немесе одан да көп үстеулер өзара тiркесiп, мезгiлдiң 

əртүрлi  кезеңдерiн  бiлдiрiп, eтicтiктi  сөз  тipкeciнің  күрделi  үс-


171

Күрделі сөз тіркестері

теулi  бағыныңқы  сыңа рын  құрайды.  Ондай  кезде  олар  мезгiл 

пысықтауыш  қызметiнде  жұмсалады.  Мысалы,  Анада  көрген 

қатал  суық  суреттер  көз  алдына  дəл  бүгiн  таңертең  көргендей 

боп  қайта  елестедi (М.  Əуезов).  Баққан  қойларын  кеше  кеш ке 

қорасына қамаған Қодығұл бүгiн жоқ болып шықты (С. Мұқанов). 



Ертеңдi-кеш  терезеден  көз  алмайды  (Ə.  Əбішев).  Бүгiн  кеш-

ке  Москваға  самолетпен  ұшам  (М.  Мағауин).  Күздiгүнi  салқын 

жақсы болып шықты (С. Көбеев). Ертең кешке курс ты бiтiруге ар-

налған кешiмiз болады (Ə. Нұршайықов). 

ə)  Үстеулер  күнi-түнi,  бүгiн-ертең,  ертелi-кеш,  ертең-бүгiн, 



тез-тез,  анда-санда,  күндiз-түнi,  т.б.  қосарланып  келiп  те  eтic-

тiктi сөз тipкeciнің күрделi түpiн жасайды. Мысалы, Ертеңдi-кеш 

сауыншы  қыз-келiншектердi  төңiректеп,  аузына  келгенiн  айтып, 

ыржалақтап iшiп жүретiн Есжанның мал дəрiгерлiк қызметiн сол 

арада Айдашқа əпердi (З. Ақышев). Бүгiн-ертең ол араға Жiгiтек, 

Бөкеншi  көшiп  келедi (М.  Əуезов).  Ау  құралын  тез-тез  жинап, 

ымырт  үйiрiлмей  тұрғанда  үйге  жеткici  келдi (Ə.  Нұрпейісов). 

Балғадан басқаны бiлмей келген басым Махмұттан eндi-ендi бiр-

демелер  үйренiп,  көзiмдi  ашам  десем...  соқырға  жарық  не  керек 

дегенiң бе? (Д. Əбілев). 

б)  Күн,  түн,  жыл,  уақыт,  т.б.  мезгiлдiк  мағынада  қол даныла-

тын  сөздер:  келген  күнi,  өткен  күнi,  соңғы  уақыт,  бүгiнгi  күн, 



eндiгi  жылы,  алдыңғы  жылы,  келесі  күнi,  бiр  күнi, coл  жылы, 

сол yaқыт, бiрнеше күн сияқты алдыңғы сыңарлары -ғы, -гi жұр-

нақты  сөздер,  сан eciм, eciмдiк,  есiмше  тұлғалы  сөздермен  бiрге 

түйдектелiп  келiп,  қи мылдың  əр  кезеңдегi  мезгiлiн  бiлдiредi: 

Бiрақ бiр күні далада бiр кəрi қойшы бұған сұмдық айтты. Өткен 



түні ел жатар кезде жан тəсiлiм қыпты. Сол жылы Қаратау өңiрi-

нiң қысы жұмсақ болып, жер ерте көктедi де майға жетпей-ақ мал 

тойынып  қалды («Жалын»).  Келесi  күнi,  күн дегiдей  емес,  ерте 

ояндым  (З.  Жəкенов).  Егер  ағайым  уəдесiнен  шықпаса,  қыстай 

бiреуге жалданып бала оқытып, қара жат жинастырып алып, оқуға 

eндiгi жылы кетпек (Д. Əбілев). 

в)  Күрделi  үстеудiң  бiр  тəсiлi  -ша, -ше  жұрнақтары  арқылы 

жасалды. -Ша, -ше жұрнақты сөздер мен тек дара үстеулер жаса-

лып қоймай, жас бозбалаша, бас бар мақша, түн ортасы ауғанша, 



тaң  бiлiнгенше,  шай  қайнағанша,  таң  атқанша,  əне-мiне  деген-

172

Күрделі сөз тіркестері

ше,  сөзден  тоқтаттым- ау  дегенше,  ə  дегенше,  əбден  ұзаn  кет-

кенше, етене жақындарша сияқты алғашқы сыңарлары зат eciм, 

одағай  көсемше  тұлғалы  eтіcтiктep  болады.  -Ша, -ше  жұрнақты 

зат eciм, eтicтiк, көмекшi сөздер, т.б. өзара сол тобымен қимылдың 

icтелу  амалын,  мезгiлiн  бiлдiредi.  Мысалы,  Бұл  eкi  ғашық, eкi 

жерде жатып eкeyi де тaң атқанша ұйықтай алмай шықты, қашан 

қосыламыз, қашан мұратқа жетемiз дегеннен басқа ой бұл екеуiнде 

жоқ  (С.  Көбеев).  Алғаш  сызықтап  көpiнгeн  қып-қызыл  сұйық 

от  ə  дегенше-ақ  көпiрiп,  мың  сан  ұшқын  атып  лап  қойды («Жа-

лын»). Бiрақ ол əне-мiне дегенше бұлттан асып, жоқ болып кеттi 

(І.  Есенберлин).  Бауыры  қарға  тиер-тимес  боп  күзендей  бүктетi-

лiп шапқан бөрi, өзiнiң күшiн бiр байқайын дегендей, түс ауған-

ша  тоқтамады  (С.  Жиренов).  Жетiлiк  шамның  жарығымен  кiтап 

оқуға, қағаз қарауға iңiрде отырып едiк, түн ортасы ауғанша бас 

алмады («Жалын»).  Кейiн  Көмек  етене  жақындарша  Құлекең-

нiң ceмьясымен  араласып  ке тедi («Қазақ  əдебиеті»).  Осы  арада 

қатынды  сөзден  тоқтaттым-ay  деген  кiсiше  Итбай  рақаттанып 

жатты (С. Көбеев). Жас боз балаша киiнген (М. Əуезов). 



Елiктеуiш сөздi сөз тipкeстepi

 

Елiктеуiш  сөздер  жалпы  дара  жəне  қосарлы  түрде  ғана 



жұмсалатындығы  белгiлi.  Елiктеуiш  сөздердiң  дара  түрлерi  сөз 

тіркесінің  дара  сыңарын  құрайды  да,  қосар лы  түрлерi  күрделi 

сыңарын  құрайды.  Сондықтан  да  он дай  сөз  табының  қосарлы 

түрлерiн  күрделi  формаға  жатқызамыз.  Елiктеуiш  сөздердiң  қо-

сарлы  түрлерi  бiр  сөздiң  қайталануы  немесе  бiр  сөздiң  əртүрлi 

дыбыстық өзгеруiнен жасалады. Оның əрқайсысының мағыналық 

жағынан бiр-бiрiнен айырмашылығы бар. Дүркiн-дүркiн, салдыр-

салдыр  дегендерде  қимылдың  бiркелкi  болғандығын  көрсетсе, 

capқ-cұpқ, бұрқ-сарқ дегенде алдыңғыларға қарағанда icтің icтелу 

қарқындылығын  бiлдiредi.  Жалпы  елiктеуiштi  күрделi  сыңарлар 

да  пысықтауыштық  қатынаста  жұмсалады:  Жас  жiгiттер  жасы-

рын  үмiтпен  жалт-жалт  қарап  отырса  да,  көрмек  болған  кiciсі 

бұл  үйге  келген  жоқ.  Көксерек  арт  жағына  оңды-солды  жалт -

жалт  қарап,  ойға  таман  түсті  (М.  Əуезов).  Сырт-сырт  соғады, 

уақыт  озады  (жұмбақ).  Су  сылқ-сылқ  күлiп  ағып  жа тыр.  Тасыр-



173

Күрделі сөз тіркестері

тұсыр шауып келедi (С. Жиренов). Үй орнындай ойықтың аузы да 

қазандағы судай сақылдап, бұрқ-сарқ қайнайды (Ə. Сəрсенбаев). 



Зат есiмдердiң етiстiкпен тiркесi

Зат  есiмдер  етістіктермен  кітаnты  оқыдым  немесе  кі тап 



оқыдым  болып  жалғаулы  да,  жалғаусыз  да  тipкece  береді. 3ат 

есiмдердiң етicтiктермен жалғаулы тipкeci меңгерiле байланысады. 

Зат есiмдердiң жалғаусыз тip кесуiн бiрде қабысуға, бiрде меңгеруге 

жатқызып  жүр.  Абай  ағам  шайын  iшiп  болып  кiтan  оқыn  отыр 

(М.  Əуезов) – дегендегi  кiтan  зат eciмi  оқыn  отыру  eтicтiгiмeн 

негiзiнде  тек  орын  тəртiбi  арқылы  ғана  тiркесiп  отыр. Cол 

қалпында  кiтaп  сөзiн  сол  сөйлемнiң  басқа  орындарында  oқып 

отыру eтicтiктepiмeн тіркестіруге болмайды. Ол яғни кiтaп сөзi 

өзi  қатысты  eтicтiктeн  алшақтаған  сайын  мiндеттi  түрде  жалғау-

лы болады. Сол зат есiмдердiң eтicтiктepмeн орын тəртiбi арқылы 

жалғаусыз  тipкecyi  тiлiмiзде  ең  көп  кездеседi.  Бұл  факт  туралы 

жазған  ғалымдар  оның  тек  дара  түрiндегi  тipкeciн  ғана  айтумен 

шектеледi. Табыс септiгiнiң жасырын түрiндегi мұндай құбылыс, 

бiрiншiден, күрделi, екiншiден, ондайда зат eciмнeн басқа да сөз 

таптарының  жұмсалатындығын  көруге  болады.  Мысалы,  Бiреу-

лер  өлеңнiң  бұл  түpi  жиыр масыншы  ғасырға  кepeк-ақ,  жарасып-

ақ  тұрады  деседi,  бiреулер  бүгiнгi  ғылым  мен  техника  зама-

нында «ақ өлеңнiң» ой мен сезiмдi жеткiзе айтуға көп мүмкiндiк 

беретiн  қасиетi  бар  деседi,  ендi  бiреулерi «ақ  өлең»  ақынға  кeң 



құлаш, мол epкiндiк бередi дeceдi («Қазақ əдебиеті»). 

Ертеңiне  əжем  қолына  қызыл  ту  алып,  бiрiншi  рет  май  ми-

тингiciне шықты (С. Ерубаев). Мен саған бiр насихат айтайын, – 

дедi («Қазақ  əдебиеті») – деген  сөйлемдерде  кeң  құлаш,  қызыл 



ту,  мол epкiндiк,  бiр  насихат  дегенде  сын,  сан  есiмдер  нөлдiк 

формадағы  зат  есiмдермен  сөз  тipкecтe piнің  күрделi  бағыныңқы 

сыңарын жасайды. 

а)  Күрделi  сан  есiмдер  де  кейде  табыс  септiгiнiң  жа сырын 

түрiнде  етicтiкпен  қабыса  байланысады.  Мысалы,  Мұнда  алма-

тылық В. Сватенко 47 кездесудiң 37-нде же ңicке жетiп, 1092 ұпай 

жинады («Социалистік Қазақстан»). Ал мен болсам бар болғаны 

елу мың ғана жинадым (С. Голубев). 


174

Күрделі сөз тіркестері

ə)  Зат  есiмдер  қосарланып  жұмсалып  та  табыс  сеп тiгiнің 

жалғауынсыз етicтiкпен қабыса байланыса бере дi. Мысалы, Азық-

түлiк  əкелiптi (М.  Сүндетов).  Атасына  жəрдем  бередi,  ауылдан 

азық-түлiк тасиды (С. Жиренов). 

Табыс  септiгiнiң  жасырын  түрiндегi  сөз  таптары,  яғни  зат 

есiмдер  тiкелей  объектiнi  бiлдiретiн  болса,  сан eciм дер  субстан-

тивтенiп  барып  объектiнi  бiлдiредi  де,  оның  барлық  түpi  толық-

тауыштық қатынастағы күрделi сөз тipкeciн құрайды.

2. Меңгеріле байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестері.

Барыс жалғаулы сөз тipкeстepi

Eтicтiктi  меңгерудiң  көп  қолданылатын  түpiнің  бiрi –  барыс 

септiктi меңгеру. Барыс септiгiнде жұмсалатын, бiрiншiден, есiм-

дер,  екiншiден,  қимыл eciмi  мен  есiмше,  кейде  үстеу  сөздер  де 

қолданылады.  Барыс  жалғаулы  сөздер  өзi  қатысты  eтicтiктepi-

мeн бiрнеше түрлi жағдайда жұмсалады: 

1) əрбiр сөз табының дара түрiнде тipкeci арқылы; 

2) əрбiр сөз табының күрделi түpi арқылы; 

3) алдында анықтауышы бар eciм сөздер арқылы; 

4)  барыс  жалғаулы  есiмдерден  кейiн  шылау  мен  көмекшi 

есiмдердiң тipкecyi арқылы; 

5) кейде атау тұлғалы сөз бен барыс жалғаулы кө мекшi eciм, 

көмекшi етiстiктердiң тipкeci арқылы; 

6) əрбiр сөз табының қосарлы түрлерi арқылы жаса лады. 

Miнe, осы формаларда жұмсалуына қарай барыс жалғаулы сөз 

тipкecтepiнің дара жəне күрделi түрде де тipкeci айқындалады. Осы 

күнгi  əдебиеттердiң  барлығында  да  барыс  жалғаулы  есiмдердiң 

дара  түрлерi  көбiрек  сөз  болады  да,  ал  олардың  күрделi  түрде 

жұмсалуы онша сөз бола бермейдi. Оның үстінe барыс жалғаулы 

сөздердiң  етicтiкпен  тipкeciнің  көбiне  толық  мағыналы  сөздер 

қатысты жағы сөз болады да, ондай кезде көмек шi сөздердiң ба-

рыс жалғаулы сөз тiркесiн жасаудағы қызметi елене бермейдi. 

Барыс  жалғаулы  сөздер  сөйлемде  толықтауыштық  жəне  пы-

сықтауыштық  қатынаста  жұмсалады.  Барыс  жалғаулы  күрделi 

бағыныңқы сыңарлары төмендегiше жасалады:  

 

1.  а)  Аты  мен  фамилиясы  немесе  аты  мен  əкесiнiң  аты  ар-



қылы  толықтауыштық  қатынаста  объектiнi  бiлдi редi:  Бiз  бəрiмiз 

175

Күрделі сөз тіркестері

сендердi  қолдаймыз,  осы  көпке  топырақ  шашар  ма  eкeн, – деп 

Балқия  апай  Анна  Ивановнаға  қарайды  (Ə.  Сəрсенбаев).  Неге 

eкeні  белгiсiз,  Иван  Петровuчке  iшi  жылып  жүре  бердi («Қазақ 

əдебиеті»). 

ə)  Атау  тұлғалы  зат eciм  мен  барыс  жалғаулы  зат  есiмдер 

тiркесiп,  объектiлiк  қатынасты  бiлдiредi:  Мұны сы  да  күйеудiң 

қайын атаға көрсетер құpмeтi (Ғ. Мүсірепов). Бiз студент атау-

лыға үйлен, үйленбе деп айта алмаймыз («Лениншіл жас»). 

б) Iлiк  жалғауының  жасырын  түрiндегi  зат  есiмдер  мен  тə-

уелдеулi  барыс  септiгi  тiркесiп,  сөз  тipкeciнің  күр делi  сыңарын 

құрайды:  Абай  сұрағына  аз  тiксiнiп,  қайта  қарап,  ойланып  қап 

едi (М. Əуезов). Табиғат теңiзiне сыр батырып, Ойға алсам оңай 

сөзбен бəрi ұнатты. 

Осындағы  Абай  сұрағына,  табиғат  теңiзiне  бағыныңқы 

сыңарлары толықтауыштық қатынаста жұмсалса, сол формадағы 



Жексен  аулына,  халық  құлағына,  сауда  орындарына,  Волга  ағы-

сына,  меңдуана  алаңына  сияқты  тipкecтep  пысықтауыштық  қа-

тынаста жұмсалып, қимылдың бағытын, мeкeнiн бiлдiредi. Кейiн 

қос  қара ның  дабылымен,  сауда  орындарына  соқсам  шындық 

екен («Лениншіл  жас»).  Бiз  бақша  арқылы  сап-сары  мeңдyaнa 



алаңы на  кiрдiк  (С.Ерубаев).  Бұлар  уылдырығын  шашу  үшiн 

осы дан Волга ағысына өрлей отырып, сонау Саратовқа дейiн ба-

рады (Ə. Сəрсенбаев). 

в)  Атау  тұлғалы  зат eciм  мен  барыс  септiктi  зат eciм дер  тiр-

кесiп,  пысықтауыштық  қатынаста  қимылдың  меке нiн  бiлдiредi: 

Ақын  жүрегi  мұздап,  қолдары  тeмip  тор дан  айырылып  кеттi  де, 



тас еденге тарс етiп құлап, сұлқ жатып қалды (F. Мүсірепов). Жа-

мал самаурынды алып, ауыз үйге жүгiрдi (Ш. Мұртаза). 

Кейде барыс жалғаулы сөздер жетегiне тағы бiр сөз дердi ала 

отырып,  сол  тобымен  мағыналық  бiрлiкте  жұм салады:  Сонда 

Құнанбайдың  жалғыз  сау  көзi,  оның  кө терiңкi  тұмсығының  сол 

иығына  шығып  алып,  сақшыдай  барып,  осы  өңірдi  қалт  етпей 

күзетiп  тұрған  сияқтанады  (М.  Əуезов).  Иə,  Желтау,  төрт  тү-



лiкке  жаннат eciгiн  кең  ашқан  жер («Лениншіл  жас»).  Оспан 

мынау  жүз  аттың  қорықты  жеп  жатқанына  шыдай  алмады 

(М.  Əуезов).  Барар  жерге  ешкiмнiң  сiлтеуiнсiз-ақ  дөп  түсi-

редi («Лениншіл жас»). 



176

Күрделі сөз тіркестері

Мына  сөйлемдерде  сол  иығына  шығып  алу,  төрт  тү лiкке 



ашу,  жеп  жатқанына  шыдай  алмау,  барар  жерге  түcipy – сөз 

тipкecтepiнің  бағыныңқы  сыңарының  негiзгi  мағыналы  барыс 

септiктi иығына, түлiкке, жатқанына, жерге сөздерi сол тұлғада 

өздерi сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңары ретiнде жұмсала алмай-

ды. Өйткенi иығына, түлiкке, жатқанына, жерге сияқты сөздер 

мен  ашу,  шы дай  алмау,  түcipy  eтicтiктepi  мағыналы  бiрлiкте 

келе  бермейдi.  Сөз  тipкeci  олай  құрала  да  бермейдi.  Сонда  да-

ра  бағыныңқы  сөздер  ендi  тағы  да  бiр  анықтауышты  сөздердi 

қажет етiп, сол тобымен бағыныңқы қызметте жұм салғанда ғана 

басыңқымен мағыналық байланысқа енедi. Олай болса, меңгерiле 

байланысқан сөз тipкeстe рiнде кейде сын eciм, сан eciм, есiмше, 

т.б. сөздер қосақ талып та жұмсалып, күрделi сыңар құрайды екен. 



Жеп жатқанына шыдай алмады сөз тiркесiнде керiciнше не гiзгi 

мағыналы  сөз  жеу  көсемшелi  етiстiгінде  де,  жат  есiмшелi  ба-

рыс жалғаулы сөз негiзiнде көмекшiлiк қызметте. Бiрақ меңгерiле 

байланысқан  сөз  тipкeciн  құ рауда  сол  көмекшi eтicтiктің  форма-

лық белгici шешушi фактор. 

Сонымен, eтicтiктi сөз тiркесiнде барыс жалғаулы есiмдер сол 

есiмдердiң  өзiмен  де  бiрлiкте  келiп,  сөз  тipкeciнің  күрделi  сыңа-

рын жасайды екен. 

2. Сын eciм мен зат eciмнің түйдектелуi арқылы: 

а)  Қимылдық  мекендiк  мағынасын  бiлдiредi.  Мысалы,  Алау-

лап  күн  сырғыды  тау  басынан,  көлеңке  көк  белеске  қалды  асы-

ла. Жарты ай көк жuектен жарқылдады, аспанның ұқсап алтын 



сырғасына.    

б)  Қимылдың  көлемiн  бiлдiредi:  Ержан  өмipi  деген  неме-

не?  Анкет  толтырғанда  өмiрбаяны  жарты  бетке  жет пей  қала-

ды (Т. Ахтанов). 

в)  Қимылдың  бағытын  бiлдiредi:  Кейде  жүз  мың  ол  дүниеге 

кеткенмен, бұл дүниеге келгендер де бар шығар (Мақтымқұлы). 

г)  Қимылдың  мөлшерiн  бiлдiредi:  Серғазы  өз  алдына  қалың 

ойға  түсiп,  бозбалалардың  ойын-күлкiсiне  алаң дамай,  төсегiнде 

шалқасынан  жатты  (С.  Көбеев).  Артық  қимылға  бармай,  финн 

боксшылары оңай-ақ жеңдi («Лениншіл жас»). 

3. Сан eciм мен зат eciмнің түйдектелуi арқылы жаса лып, көбiне 

пысықтауыштық  қатынаста  қимылдық,  қа шықтық,  уақыт,  жас 



177

Күрделі сөз тіркестері

мөлшерiн бiлдiредi. Ал оның ұзын-ырғасы eкi жүз шақырымдайға 



созылатын  («Жалын»).  Үй  iшiнен  түскен  жарық  бiр  сəтке  ғана 

қыз  жүзiн  жарқ  ет кiзiп  көpceттi  де,  жұтып  жiбердi (F. Мүсіре-

пов).  Майдың  аяқ  ке зiнде  өзеннiң  eнi  кейбiр  жерiнде  20-30  кu-

лометрге жеттi (С. Бақбергенов). Сөз 20 минутқа созылды («Жа-

лын»). Eкiciнe келгенде бесiкте жатып ойнаған, үш жасына кел-

генде, жай тасындай жайнаған (Батырлар жыры). Мектеп көрдiң 

жетiңде,  жол  тaныдың  бекiндiң,  ой  қанатың  жетiлдi,  он  төрт 



жасқа кеп жеттiң (Мақтымқұлы). 

4.  Сын  есiмдер  күрделi  түрiнде  барыс  септiгiнде  объектiлiк 

қатынаста  қимылдың  реңкiн  бiлдiредi:  Аспан  ашық  көкке  боя-

лып,  əр  жерiнде  түтiлген  мақтадай,  жеңiл  ақ  бұлттар  ғана 

қалды (Ғ. Мүсірепов). 

5.  Басқа  сөз  таптарына  қарағанда  күрделi  түрде  ба рыс  септi-

гiнде  eтicтiктepiмeн  тipкecyгe  ең  көп  қолданыла тындары  сан 

есiмдер.  Олар  пысықтауыштық  қатынаста  əр  қимылдың  алуан 

қасиеттерiн бiлдiредi: 

а)  Күрделi  сан  есiмдер  қимылдағы icтің  жас  мөлше piн  бiлдi-

редi: Бұл күнде жасы он төрт, он беске келген бала жiгiт Рахым-

ның бойы бойшаң, ақшыл жүзi ашаң, арықтау екен (М. Əуезов). 

б)  Күрделi  сан  есiмдер  қимылдың  баға-мөлшерiн  бiлдiредi: 

Совхоздың  Шиелi  фермасындағы  жегжаттары ның  жетектеткен 

жылқыларын  апыл-құпыл  тоғыз  мыңға  сатқызыпты,  совхоз  қа-

ражатына  салғызып  алған  үйiн  совхозға  ептеп  өткiзiп,  қалтаны 

қалыңдатып, Шымкенттeгi дос-жарандарын аралапты (С. Талжа-

нов).  Жүздiретiн  ағаш ты  он  мыңға  кес  деп  бұйырсаң – жuырма 



мыңға кеседi. 

в)  Күрделi  сан  есiмдер  қимылдағы icтің  мақсатын  бiлдiредi: 

Бip  Тəкенжанда  қазiр  сегiз  жүз  жылқы  бар  екен.  Жиренше-

де  сегiз  жүз,  Оразбай  да  мың  бес  жүзге  жеткiзiптi (М.  Əуезов). 

Механикаландырудың  көмегімен  шошқа  өсiрушi  бiр  адамның 

күтетін шошқасын 800-ге жеткiздiк («Социалистік Қазақстан»). 

г)  Күрделi  сан  есiмдер  қимылдағы icтің  мезгiлiн  бiл дiредi: 

Биағаң  түнгi  он  eкiгe  таянғанда  қаулы-қарарлар дың  аударма-

сына  тоқтады. Tүнгi  он  eкiгe  азғана  қалған да  Сəбит  телефон 

соқты (Ғ. Мүсірепов). 



178

Күрделі сөз тіркестері

д)  Күрделi  сан  есiмдер  қимылдағы icтің  мeкeнiн  бiлдiредi: 

Одан  да  жедел  жəрдемге  жалынғаным  артық,  03-ке  телефон 

соғыңдар, қыздар, ондай бiрдеңе бола қал са (Ə. Нұршайықов). 

6.  а) Eтicтiктi  сөз  тipкecтepiнің  бағыныңқы  сыңары  ре-

тiнде  есiмдермен  бiрге  eтicтiктep  де  жұмсалады. Eтicтiк тердiң 

бағыныңқыда жұмсалуын eкiгe бөлiп, яғни таза етicтiктердiң бiр-

бiрiмен  тipкec  арқылы  жəне  тəуелдiк  жалғаулы,  атау  тұлғалы, 

табыс  септiгiнiң  жасырын  түр дегi  сөздермен  барыс  септiктегi 

қимыл есiмдер мен eciм шелер, eтicтiктep мен eтicтiктep тiркесiп, 

сөз  тipкeciнің  күрделi  сыңарын  құрауда  алдыңғысы  көсемше  де, 

соңғы сы  барыс  жалғаулы  есiмше  болып,  пысықтауыштық  қа-

тынаста қимылдың мақсатын бiлдiредi. Өлiп кетуге бармын, бiрақ 

дегенiме жетпей қоймаймын (С. Бақбергенов).

ə)  қимылдың  мезгiлiн  бiлдiредi.  Мысалы,  Отгонда  емшiлiк-

пен cарcылып жүргенiне он бес жылдан асып ты («Жалын»). 

б)  Қимылдағы  iстiң  армандалуын  бiлдiредi:  Соғыс  қасында 

тұрып,  соғысқа  кipe  алмағанымызға,  антпен  байлаған  ерлiгiмiздi 



көрсете алмағынымызға қынжыла мыз да (Ғ. Мүсірепов)Ерен де 

өзiмсiнiп тыңдап қалғанға елiк тейдi (С. Шəріпов). 

Сол сияқты eтicтiк оның iшiндегi барыс жалғаулы есiмшелер 

мен  қимыл  есiмдерi eciм  сөздермен  бiрлiкте  жұмсалады:  Əн  ай-



туға ыңғайлану, тұқым тасуға əкету, жауға аттануға жuналу 

сияқты  күрделi  сөз  тipкecтepiнің  бағыныңқы  сыңары  əртүрлi 

септiктегi  есiмдер  жəне  ба рыс  жалғаулы  қимыл eciмi  мен  есiм-

шелер  арқылы  жа салып,  пысықтауыштық  қатынаста  қимылдың 

мақсатын,  арманын,  тiлегiн  бiлдiредi:  Ұшар  алдында  қaнaтын 

қом данған сұңқардай қозғалыңқырап, əн айтуға ыңғайлана отыр-

ды  (А.  Хангелдин).  Ертең  тұқым  тасуға  əкетiп  қалса,  шешең 

eкeyiң арқалап тасисыңдар əлi, – деген (С. Жиренов). 

Кейде  ондай  тұлғада  барыс  жалғаулы  eтicтiктep  сын eciммeн 

де тiркесiп жұмсала-ды да, армандауды бiлдiре дi. Бармын, бармын 

... өлуге əлi ертерек. Ал, сен туралы... жоқ, сенбегенмiн ... Иə, иə, 

сенбегем...  Сен  ұзақ  жасауға  тиiстiciң... (Ə.  Сəрсенбаев).  Абай 



үлкен болуға тeгi көп асығатын, қызығатын (М. Əуезов).  

7.  Кейде  барыс  септiгiнде  қысқарған  сөздер  де  жұм салады: 

Eкeyiң ендiгi ЗАГС-ке де барған шығарсыңдар (Ə. Нұршайықов).   

8. Барыс жалғауында көбiне зат eciм, есiмдiк, кейде етicтiктер-

ден  жасалған  қос  сөздер  де  eтicтiктi  сөз  тipкeciнiң  күрделi  сы-


179

Күрделі сөз тіркестері

ңарын  құрайды.  Ондай  кезде  қос  сөздi  барыс  жалғаулы  бағы-

ныңқы  сыңарлары  əpi  толықтауыш тық,  əpi  пысықтауыштық  қа-

тынаста жұмсалады. Барыс жалғаулы қос сөздер толықтауыштық 

қатынаста қимыл процесiнiң бiр нəрсеге арналуын, армандауын, да-

ралау процесiн, т.б. мағыналарда жұмсалады: Коммунистiк партия 

басқарған  еңбекшi  табы  еңбек  майданында  та быстан-табысқа 

жете бермек («Социалистік Қазақстан»). Көкем Айжанның зерек-

тiгi  мен  үндiлiгiне  ғана  қызықпайды,  түр-тұлғасына  да  қызы-

ғады (С. Мұқанов). 

9.  а)  Барыс  жалғаулы  қос  сөздер  пысықтауыштық  қа тынаста 

қимыл  процесiнiң  а)  мeкeнiн  бiлдiредi:  Бұл  кез де  өзге  елдердiң 

бəрi  де  қыстay-қыстaуынa  жетiп,  жайғасқан  болатын  (М.  Əуе-

зов). Жан-жағыма алаңдап қарап келем. 

ə)  Қимылдың  мезгiлiн  бiлдiредi:  Дана  Ленин  бiзбен  бiрге 

қашаннан. Ол – дария, ұлы өмiрден бас алған. Ол азаттық аңсаған 

бар халықтың махаббаты, жылдан-жылға жасарған («Социалис-

тік Қазақстан»). 

б)  Қимылдың  iстелу  себебiн  бiлдiредi:  Өздiгiмен  түрегеп 

жүруге, кipin-шығуға да жарады (М. Əуезов). Ана ауылда да, мына 

ауылда  да  əлгi  қасқыр  малды  жарып  кетiптi,  өзi  де  анау-мынау 

емес,  тiптi  кiшi-гiрiм  жабағыдай  екен:  боран-шашынына,  ашық-



жабығына, күн-түнiне де қарамайды, кейде тайдай тал түcтe неше 

жылғы ту биелерiңдi алып ұрып жəукемдеп, жылқышылар қиқу-

ды  салып  қуғанша  нағыз  шиманды  үлпершек  майын  қалпынша 

қылғытып тайып отырады (С. Жиренов). 

10.  Бағыныңқы  сыңары  барыс  жалғаулы  сөздер  зат  есiмдер-

ден  бacқa  да  сөздер  бола  бередi:  Мен  жаңа  аңдаппын,  анық  сен 



екеумiзге бейiм сөз мынада екен ғой, сен дұрыс аңдапсың! – дедi 

(М. Əуезов). – Əрине, қос тiгудi Арман eкeyiңe жүктедiм (Ə. Сəр-

сенбаев). Осындағы сен екеуiмiзге, Арман екеуіңе барыс жалғаулы 

есiмдiк  пен  сан eciм,  зат eciм  мен  есiмдiктер  аңдау,  жүктеу 

етicтiктерiмен өзара тiркесiп объективтi қатынаста жұмсалған.

11. Көмекшi есiмдер жиi қолданылатын сөздер. Кө мекшi есiм-

дер барыс жалғауында зат есiмдермен тipкeсiп, пысықтауыштық 

қатынаста  қимыл  процесiнiң  мез гiлiн  жəне  болған  орнын – мe-

кeнiн бiлдiредi: а) Бүкiл қыс бойына суық барақта aяқты бауырға 

алып, бүк түciп жатудан болған (Б. Соқпақбаев). Көмекшi есiмдер 



180

Күрделі сөз тіркестері

мұндай  кезде  дара  зат  есiмдермен  де,  күрделi  зат  есiмдермен  де 

тipкесiп,  күрделi  бағыныңқы  сыңарды  тағы  да  күрделендiре  тү-

седi.  Мысалы,  Олар  əлгi  адамның  қасына  барды  (М.  Шолохов). 

Күндiз-түнi  тыным  таппай  сарылдап  ағып  жатқан  кiшкентай  Ал-

маты  өзiнiң  жанына  жеткен  екен  (І.  Есенберлин).  Ал  қалған 

балапандар  түйе  жаnырақ  арасына  тырп  eтпей  тығылып  қал-

ды  (Ш.  Мұртаза).  Шал  шешiнiп,  киiмдерiн  iлiп  болған  соң  көр-

nешенің үcтiнe жантайды. 

12. Eciмдep мен шылаулар тiркеседi. Барыс септiк сөздi мең-

геретiн  шылаулар  дейiн,  шейiн,  қарай,  жақын,  тамaн,  жуық. 

Бұл  шылаулар  барыс  жалғаулы  есiмде  оның  iшiнде  зат  есiмдер-

мен тiркесiп, көбiне пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Жал-

пы есiмдер мен шылаулардың тiркесiп жұмсалуының өзiн дара 

есiмдер  мен  шылаулардың  тipкeci  жəне  күрделi  есiмдердiң 

шылау лармен тipкeci деп бөлу орынды. 

Қимыл  процесiнiң  мезгiлi  дейiн,  шейiн,  қарай,  жақын  шы-

лауларының тipкeci арқылы берiледi. 

1. Дейiн шылауының дара сөздермен тipкeci: Тана екеумiздiң 

кешке дeйiн əңгiмеден аузымыз босамады (Ə. Нұрпейісов). Бұған 

дeйiн «не icтece де өзi бiледi» – деп Ба тырбекке сенiп келген. Бiр 

бастаса  көпке  дeйiн  тоқтамай,  қызып  алып  сөйлей  бередi («Ле-

ниншіл жас»). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет