Талғат сайрамбаев


 Сөз тіркесінің сөз, фразеология



Pdf көрінісі
бет3/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

2. Сөз тіркесінің сөз, фразеология

тағы басқа ұқсас единицалармен арақатынасы

Сөз жəне күрделі сөз тіркестері. Соңғы кезде сөз тіркестері-

не  арналған  еңбектерде  оның  объектілері  туралы  теориялық 



33

Күрделі сөз тіркестері

талас  пікірлер  көбеюде.  Ондай  пікірлердің  бір  қыдыруы  сөз  тір-

кестерінің  тілдің  басқа  категорияларынан,  атап  айтқанда,  сөз, 

күрделі  сөз,  сөйлем  жəне  синтагмалардан  айырмашылығы.  Бұл 

мəселе түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде де соңғы 

кезде  ғана  сөз  бола  бастады  əрі  ол  жайындағы  пікірлер  де  əр 

алуан.  Сонымен  бірге  күрделі  сөз  тіркесінің  əрбір  сыңарының 

күрделі  сөз,  қос  сөз,  біріккен  сөздерден,  т.б.  айырмашылығы  да 

айқындалады.  Өйткені  күрделі  сөздерді  біліп  алмай,  күрделі  сөз 

тіркестерінің  əрбір  сыңарының  жалаң  немесе  күрделі  екендігін 

білу  де  қиын.  Сондықтан  күрделі  сөз  тіркестерінің  жасалу  ерек-

шелігін  анықтау  күрделі  сөздердің  жасалу  жолдарын  айқындау-

ды қажет етеді. Оның үстіне сөз тіркестері синтаксистік қызметі 

жағынан  да  айқындалатыны  белгілі.  Жалпы  күрделі  сөз  бар  да 

сөйлем мүшесі бар. Екеуі де синтаксистің объектісі болғанымен, 

бірде  сөз  тіркесінің,  енді  бірде  сөйлем  мүшесінің  ыңғайында 

қарастырылады.  Сонда  күрделі  сөзді  құрайтын  элементтердің 

барлығы да бірдей бір-ақ күрделі сөйлем мүшесі бола ма, жоқ па 

деген мəселе келіп шығады.

Өйткені  синтаксистік  қызмет  жай  жəне  күрделі  сөз  тіркес-

терінің  əрбір  сыңарына  тəн.  Сөйлем  мүшелеріне  талдауда  жай 

сөз  тіркестері  онша  қиындық  тудырмайды.  Ал  күрделі  сөз  тір-

кестерінің  күрделі  сөйлем  мүшелерімен  синтаксистік  қызметін 

айқындауда өзіндік қиыншылықтар байқалады.

Сондықтан  да  олардың  синтаксистік  қызметін  анықтау  үшін 

алдымен  күрделі  сөз  тіркестерінің  өзіндік  жігін,  оны  құрайтын 

элементтерді білу – басты шарт.

Алдымен  сол  категориялардың  түркі  тілдеріндегі  еңбектер-

дің  зерттелу  жайын  қарастыра  отырып,  сөз  тіркестерінің  сөз, 

күрделі  сөз,  сөйлем  жəне  синтагмалардан  айырмашылықтарын 

арнайы сөз етуді мақсат еттік.

Сөз  де,  сөз  тіркесі  де – сөйлем  құраудың  негізгі  материалы. 

Бірақ əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Сөз жеке ұғымды 

ғана  білдіретін  болса,  сөз  тіркестерінде  көлемі  жағынан  да, 

мағыналық ерекшеліктері жағынан да күрделілік қасиет бар.

Сөз лексика, морфологияның, сөз тіркесі синтаксистің объек-

тісі  болса,  олардың  бір-бірінен  өзіндік  айырмашылықтары  мен 

ұқсастықтары  бар.  Ол  жөнінде  Н.К.  Дмитриев,  Н.А.  Кононов, 



34

Күрделі сөз тіркестері

А.П.  Поцелуевский,  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  бағалы 

пікірлер кездеседі [11; 18; 21],

 

ал соңғы кезде бұл тақырыпқа ар-



найы  зерттеулер  жазылды.  Татар  тілінің  көрнекті  зерттеушісі 

М.З.  Закиев  сөз  бен  сөз  тіркесінің  арасындағы  айырмашылықты 

былайша  сипаттайды.  Сөз  болса  затты,  құбылысты  жалпыла-

ма білдіреді де, ал сөз тіркесі дəлелденген, айқындалған ұғымды 

білдіреді. Ал сөз бен сөз тіркесінің бір-біріне ұқсастығы – олар-

дың екеуі де сөйлемнің құрамында қолданылады, кейде сөйлемнің 

қызметін атқара алады. Ал сөйлеу процесінен бөліп алғанда екеуі 

де  белгілі  бір  ұғымды  білдіргенімен,  ол  жайындағы  көзқарасты, 

хабарды, субъектінің ол ұғымға қатысын білдіре алмайды. Деген-

мен, зерттеушінің соңғы пікірі сөз бен сөз тіркесі арасындағы бар 

ерекшелікті түгел қамтымайды [31, 105].

Сөз  бен  сөз  тіркесінің  бір-бірінен  айырмашылықтары  кейбір 

еңбектерде басқаша түсіндіріледі. Г.Жəркешова «Біріккен сөздер 

мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» [32] деген еңбегінде 

біріккен сөздердің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығын 

жеке  алып  зерттесе,  Ю.Сеидов [33]

 

əзірбайжан  тіліндегі  сөз  тір-



кесі  туралы  докторлық  диссертациясында  сөз  тіркестерінің  сөз-

дерден  айырмашылықтарына,  яғни  қос  сөздердің  сөз  тіркесінен 

айырмашылығына тоқталады.

Рас,  бұл  аталған  еңбектерде  сөз  тіркестерінің  сөздің  белгілі 

бір  түрінен  айырмашылықтары  қарастырылғанымен,  оның  не-

гізгі  түбір,  туынды  түбір,  қос  сөз,  біріккен  сөз,  қысқарған  сөз, 

күрделі сөздерден, əсіресе, əрбір сөз табының күрделі түрлерінен 

айырмашылықтары  түгелдей  қамтылған  дей  қою  қиын.  Солай 

бола тұрса да, бұл зерттеушілердің сөз тіркесінің сөздің əр тобы-

на қатысы туралы маңызды мəселені көтеріп, қозғау салғандығын 

атап  айтпай  болмайды.  Жалпы  сөз  тіркесі  заңдылығын  дұрыс 

ұғуда  олардың  сөздің  əрбір  түрімен  қатынасын,  ұқсастығын, 

өзгешеліктерін ашу қажет. Əрбір сөздің өзіндік қасиеттерін іштей 

талдап,  олардың  қайсысы  сөз  тіркесінің  заңдылықтарына  ұқсас, 

қайсысы ұқсас емес екендігін ашып алмай, сөздің сөз тіркесінен 

айырмашылығын  жалпылама  айту  жеткіліксіз.  Сондықтан  сөз 

бен  сөз  тіркесінің  ерекшеліктерін  айтпас  бұрын,  сөздің  қандай 

түрлері бар, ол түрлерінің қайсысы сөз тіркестеріне ұқсас, қандай 

айырмашылықтары бар, соған тоқтала кетейік.


35

Күрделі сөз тіркестері

Сөз, негізінде, негізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз, 

қысқарған сөз болып бөлінетіні белгілі. Мысалы: мал, адам, етік, 

малшы,  адамша,  етікші,  бала-шаға,  ата-ана,  КПСС,  ВЛКСМ, 

АДК, бүгін, алдыңгүні, алабота деген сөздердегі негізгі түбір мен 

туынды түбір сөздерді сөз тіркестеріне ұқсас деп айту қиын. Өйт-

кені  мал,  малшы  сөздерінен  бірігу,  кірігу  сияқты  белгі  таба  ал-

маймыз. Олар басы ашық негізгі сөздер болып табылады да, сөз 

тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. Ал бүгін, алдың-

гүні,  алабота,  баспасөз,  т.б.  сөздері  сөздің  бірігуінен  жасалған. 

Бұлардың  тарихи  төркіні  туралы  Э.В.  Севортян: «Біріккен  сөз-

дердің  түп  төркіні  сөздердің  сөйлемдегі  алатын  орнына  қарай 

синтаксистік қарым-қатынастан пайда болған» [34, 152],

 

– дейді. 



Ол  сөздердің  кейбірі  (бүгін),  алабота,  баспасөз  тəрізді  сөз-

дердің  екі  түбірден  біріккендігі  айқын  көрініп  тұрады.  Сондық-

тан біріккен сөздердің сөз тіркестеріне ұқсастығы бар ма, жоқ па 

деген мəселеде кейде екіұдай пікір кездеседі. Біріккен сөздер екі 

сөзден  құралғанымен,  бір-ақ  ұғымды  білдіреді  де,  құрамындағы 

сөздер кірігіп, бір бүтінге айналған. Олардың əрбір сыңары бұрын-

ғы дербес мағынасын сақтаған күнде сол бірігуімен бір-ақ лекси-

калық  мағынаға  ие  болады.  Біріккен  сыңарларының  бір-бірімен 

бірігіп кеткені соншалықты, бұл күнде оларды бөліп-жарып қол-

дануға келмейді. Оның үстіне олардың бұлай бірігуі – ұзақ уақыт-

тың жемісі, сондықтан біріккен сөздер бір-біріне бағыныңқылық 

дəрежесін  жойып,  бір  бүтінге  айналған.  Осы  қасиет  оның  сөз 

тіркесіне ұқсамайтын белгісі болып табылады да, сол тобымен сөз 

тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. Біріккен сөз ту-

ралы Г. Жəркешова мен Ы. Маманов «Қазақ тілінде анықтайтын 

сөз  бен  анықталатын  сөз,  толықтайтын  сөз  бен  толықталатын 

сөз,  пысықтайтын  сөз  бен  пысықталатын  сөздер  өзара  бірігетіні 

байқалады» [35, 37],

 

–  дей  келіп,  олардың  бір-бірінен  өзгешелі-



гін былай көрсетеді.

1)  қаптесер,  алжапқыш  –  алдыңғысы  толықтауыштық  қа-

тынаста.


2) түгел, айналсоқ – алдыңғысы пысықтауыштық қатынаста.

3)  асқазан,  белбеу,  қолғап – алдыңғысы  анықтауыштық  қа-

тынаста [35].



36

Күрделі сөз тіркестері

Авторлар біріккен сөздер екі жəне одан да көп сөздерден құ-

ралғанымен,  мынадай  белгілермен  сөз  тіркестерінен  дараланады 

деп көрсетеді.

1. Екі я үш сөз бірігіп, бір ғана жаңа мағына береді. Біріккен 

сөздер екі, я үш сөздің жай ғана қосындысы емес, басқа мағынаға 

ие  болатын  бір  бүтін  сөз,  оның  құрамындағы  жеке  сөздердің 

мағынасы түгелдей, не жартылай жойылып, жаңа мағыналы, жаңа 

тұлғалы жеке сөз жасайды.

2.  Біріккен  сөздер  дара  сөздер  сияқты  сөйлемнің  бір-ақ  мү-

шесінің қызметін атқарады.

3. Біріккен сөздің қосымша белгісінің бірі – біріккен екі сөздің 

арасындағы үндестік заңы.

4.  Біріккен  сөздердің  сыңарлары  бір-бірімен  басыңқы-бағы-

ныңқылық байланыста болмайды.

5.  Біріккен  сөздер  сөз  тіркесінің  бір-ақ  сыңары  болып  жұм-

салады [32, 4].

Əрине автордың біріккен сөздер туралы айтқан пікіріне қосы-

ла  отырып,  біріккен  сөздер  тарихи  қалыптаса  келе,  бұл  күнде 

бір-ақ  мағыналық  дəрежеге  ие  болғандығын,  сондықтан  қазіргі 

тілде  бір  ғана  ұғымды  білдіретінін  баса  айту  керек.  Олар – əу 

бастағы анықтаушы – анықталушы, толықтаушы – толықталушы, 

пысықтаушы – пысықталушы  сөздер  болып,  бірі – бағыныңқы, 

бірі – басыңқы қызметте жұмсалу дəрежесінен алыстап, енді бір 

бүтін  болып  кеткен  сөздер.  Құрамындағы  сыңарлары  бір  кез-

де  сөз  тіркесінің  жеке-жеке  сыңарлары  болған  бұл  сөздер  бұл 

күнде  біріккен  күйінде  сөз  тіркесінің  бір-ақ  сыңары  болып,  не 

бағыныңқы,  не  басыңқы  қызметте  жұмсалатын  дəрежеге  жет-

кен.  Сөйтіп  біріккен  сөздер  тарихи  жағынан  сөз  тіркесіне  ұқсас 

болғанымен, бұл кезде ол қасиеттер бүтіндей алшақтаған.

Қысқарған  сөздердің  негізі  сөз  тіркесіне  ұқсас  сияқты.  Қыс-

қарған сөздердің мынадай төрт түрі бар: 1. КПСС; 2. Партбилет; 

3. ҚазҰУ; 4. Обком. Бұл кемінде екі немесе одан да көп сөздерден 

қысқартылып,  бір-ақ  ұғымды  береді.  Ал  оларды  толық  жазатын 

болсақ,  облыстық  комитет,  партиялық  билет,  т.б.  сөздер  біріне-

бірі  бағыныңқы-басыңқы  байланыста  жұмсалған  сөз  тіркестері 

дер едік. Енді сол сөздер айту мен жазуды ықшамдап, үндемеуге 

байланысты  қысқартылып,  сөз  тіркесінің  бір-ақ  сыңары  қызме-



37

Күрделі сөз тіркестері

тінде  жұмсалатын  дəрежеге  ие  болды.  Сонымен,  қазіргі  кездегі 

қысқарған  сөздер  де,  тарихи  жағынан  алғанда,  сөз  тіркестері 

негізінен пайда болған. 

Сонымен қысқарған сөздер:

1.  Тілдегі  арнайы  сөз  тіркестері  болатын  сөздердің  негізінде 

пайда болған.

2.  Бұрын  еркін  сөз  тіркестері  болғанымен,  енді  түрлі  форма-

да  қысқаруының  нəтижесінде  сөз  тіркесі  формасынан  бүтіндей 

өзгеріп, бір-ақ сөздің мағынасын береді.

3. Сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.

4. Сөз тіркесінің бір сыңарының қызметінде жұмсалады. 

Қос сөздер қазақ тілінде екі сөздің қосарлануы арқылы жаса-

лып, бір күрделі лексикалық мағына тудырады.

Н.  Сауранбаев  қазақ  тіліндегі  қос  сөздерді  бес  топқа  бөліп 

көрсетеді [2, 64].

1. Мəндес қос сөздер (қыз-келіншек, келін-кепшік).

2. Қайшы мəндес қос сөздер (үлкен-кіші, ыстық-суық).

3. Қайталама қос сөздер (тау-тау, бара-бара, бес-бестен).

4.  Сыңар  мəнді  қос  сөздер  (алай-дүлей,  кəрі-құртаң,  өте-



мөте).

5. Қоспа буынды қос сөздер (ап-ауыр, ұп-ұзын, тəп-тəтті).

Қос  сөздердің  осы  бес  түрі  барлық  сөз  таптарына  да  ор-

тақ [36, 126].

 

Бірақ  қос  сөздердің  қай-қайсысы  да  кемінде  екі 



сөзден  құралатындығы,  оның  əрбір  сыңарының  кейде  толық  ма-

ғыналы, кейде мағынасы жоқ сөз болатыны белгілі. Алайда кей-

бір  зерттеушілер  екі  сөзден  құралатындығына  сүйеніп,  қос  сөз-

дерді сөз тіркесі түрлеріне жатқызады.

Кейбір еңбектерде қос сөздерді сөз тіркесі дегенмен, олардың 

сөз  тіркесінен  төмендегідей  айырмашылығы  барлығын  көрсе-

теді.

Бір  сыңары  өздігінен  мағына  бере  алмайтын  қос  сөздер  сөз 



тіркесіне жатпайды. Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы бол-

ғанымен, бір сөздің орнына қолданылады.

Қос  сөздердің  əрбір  сыңары  басқа  тілге  калька  бойынша  ау-

дарылмай,  тек  мағынасы  жағынан  аударылады.  Қос  сөздердің 

сыңарларының  мағыналық  жағынан  жақындасқандығы  сонша-

лық,  оларды  бірыңғай  мүшелер  сияқты,  айтуда  арасына  кідіріс 



38

Күрделі сөз тіркестері

(пауза) жасап айтуға болмайды [37, 90]. Осылай екені сөзсіз. Де-

генмен мына жайды да ескеру керек.

Қос  сөздердің  əрбір  сыңары,  жоғарыда  айтылғандай,  мағы-

налы да, мағынасыз да болуы мүмкін. Бір сыңары өздігінен мағына 

бере  алмайтын  қос  сөз  тіркесі  бола  алмайды  деген  пікір  дұрыс. 

Ал  ата-ана,  қызыл-жасыл,  бара-бара,  күні-түні  сияқты  əрбір 

сыңары толық мағыналы қос сөздерді де сөз тіркесіне ұқсас деп 

айту қиын. Өйткені қос сөздердің қай түрі де бір-ақ ұғымды біл-

діреді.  Олар  біріне-бірі  бағыныңқы-басыңқылық  қызметте  жұм-

салады.

Сөз  тіркесі  синтаксисінің  үлкен  мəселесінің  бірі – күрделі 



сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  айырмашылығы.  Бұл  мəселе  тіл-

тілдердің  барлығында  да  арнайы  зерттеліп  жүр.  Күрделі  сөз  бен 

сөз  тіркесі  құрылымы  жағынан  алғанда  ұқсас  екені  белгілі.  Мы-

салы,  Екі  басында  екі  пұттық  гирдей  домалақ  темірі  бар  сом 

тұтқасын  айналдырып  тұрған  жалпақ  бетті,  қошқар  мұрынды, 

қалың  ерінді  зор  қара  жігіт  Матвей  Степановичтің  əніне  қосыл-

мақ болды (Ə. Сəрсенбаев). Сұлулық жерден өніп, көктен жау-



ған,  Тапқан  ол  тыныштықты  таза  ауадан  (І.  Жансүгіров).  Осы 

сөйлемдердегі  қошқар  мұрынды,  жалпақ  бетті,  қалың  ерінді  – 

күрделі сын есімдері, жерден өну, көктен жауу, тыныштықты 

табу – жай  сөз  тіркестері.  Бұлардың  əрқайсысы  екі-үш  сөзден 

жасалған.  Алайда  сөз  тіркесінің  құрылымында  айырмашылық 

бар.  Мысалы,  тыныштықты  табу,  жерден  өну,  көктен  жауу 

деген сөздер бірі  басыңқы, бірі бағыныңқы қызметте жұмсалып, 

меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркесін  құрап  тұр.  Ал  жалпақ  бет-

ті, қошқар мұрынды, қалың ерінді деген күрделі сын есімдер осы 

қалпында  сөз  тіркесі  бола  алмайды,  өйткені  олардың  əрқайсысы 

біріне-бірі  басыңқы-бағыныңқы  қызметте  жұмсалмай,  екеуі  бі-

рігіп,  басқа  бір  сөзді  анықтап,  бағыныңқы  қызметте  жұмсалып 

тұр.  Бұлардың  бағыныңқы  қызметте  жұмсалып,  күрделі  сөз  жа-

сауында  -ды/-ді  жұрнағының  да  тікелей  əсері  бар.  Жалпақ  бет, 



қошқар мұрын, қалың ерін деп, -ды/-ді жұрнағын қоспай айтсақ, 

бұл  сөздер  бірі  бағыныңқы,  бірі  басыңқы  қызметте  жұмсалған 

жай  сөз  тіркесі  болар  еді.  Сонда  өз  алдына  жай  сөз  тіркестері 

енді -ды/-ді жұрнақтарының əсерінен күрделі сөзге айналған.

Сөйтіп  құрылымы  жағынан  күрделі  сөздер  сөз  тіркестеріне 

ұқсас,  ал  мағыналық  жағынан  олардың  əрқайсысының  өзіндік 



39

Күрделі сөз тіркестері

ерекшеліктері бар. Айталық, күрделі сын есімдер қаншалықты екі 

сөзден құралғанымен, бір ғана мағынада заттың сынын білдіреді. 

Күрделі  сөз  бен  сөз  тіркесін  ажыратуда  мына  сияқты  мəсе-

лелерге көңіл бөлген жөн.

1. Əрбір сөз табының күрделі түрі, оның жасалу жолдары.

2.  Жалпы  күрделі  сөздер,  олардың  түрлері,  бір-бірінен  айыр-

машылығы.

3.  Күрделі  сөздердің  сөз  тіркестерінің  жеке  сыңарларынан 

жəне бүтіндей жай сөз тіркестерінен айырмашылығы.

4. Олардың мағыналық ерекшеліктері, т.б.

Жалпы күрделі сөз бен сөз тіркесі Н.Н. Прокопович, Н.И. Фи-

личева, Ю. Сеидов, А. Хаджиев, М. Балақаев, А. Ысқақов, К. Аха-

новтардың еңбектерінде арнайы сөз болады.

Əзірбайжан  ғалымы  Ю.  Сеидов  күрделі  сөз  бен  сөз  тіркесте-

рінің  айырмашылығымен  бірге,  бұл  екі  категорияның  бір-біріне 

ұқсастық жақтарын да қарастырады.

Біріншіден, мұнда автор күрделі сөз де, сөз тіркесі де екі сөздің 

бірігуінен жасалады деп көрсетеді. Бұған біз де қосыламыз. Бірақ 

олардың  өздеріне  тəн  белгілерін  ажыратып  алу  керек.  Күрделі 

сөзде  екі  сөз  бірігіп  бір-ақ  мағынаға  ие  болса,  сөз  тіркесін  екі 

сөздің бірігуі дегеннен гөрі, екі сөздің тіркесі ретінде қарастыру 

қажет. Олай болса, Ю. Сеидовтың сөз тіркесі мен күрделі сөздер-

дің  құрама  сыңарлары  бірыңғай  формадағы  бірыңғай  сөз  тапта-

рынан  жасалады  дейтін  пікірі  сын  көзбен  қарауды  қажет  етеді. 

Өйткені бұл пікірге қарағанда, күрделі сөз бен сөз тіркесінің əрбір 

сыңарлары бір сөз табынан жасалатын сияқты. Оның үстіне олар 

тек бір грамматикалық формада жұмсалатын категория делінеді. 

Мысалы:  қызыл  ала,  он  екі,  оқып  отыр  сөздері  əрқайсысы  бір 

сөз табынан, яғни сын есім, сан есім, етістіктен құралған. Алайда 

күрделі сөздер əр уақытта бір сөз табынан құралмайды, оған таяқ 

жеу,  ала  жаздай,  құрмет  қыл,  бас  бұзар [38, 72] сөздері  дəлел 

бола алады.

Екіншіден,  сөз  тіркестері  тек  бір  ғана  сөз  таптарының  шең-

берінде келеді деу де біржақты. Алтын сағат, темір күрек, оқып 



айтты  сияқты  сөз  тіркестері  бір  ғана  сөз  таптарына  жататын 

компоненттерден  құралғанымен,  əртүрлі  сөз  таптарынан  жасал-

ған сөз тіркестері де тілімізде аз кездеспейді.


40

Күрделі сөз тіркестері

Ал  Ю.  Сеидовтың  күрделі  сөз  бен  сөз  тіркестерінің  əрбір 

сыңары  бір  грамматикалық  формада  жұмсалады  деуі  де  тілдік 

фактілермен дəлме-дəл келе бермейді.

Үшіншіден,  автордың  сөз  тіркесі  мен  күрделі  сөздердің  құ-

рама  сыңарларының  орналасуы  бірдей  болып  келеді  жəне  күр-

делі  сөз  бен  сөз  тіркесінің  құрама  сыңарлары  грамматикалық 

бірыңғай  байланысқа  түседі  деуі  де  ойланарлық.  Сөз  тіркестері 

əрі  аналитикалық,  əрі  синтетикалық  тəсіл  арқылы  байланыса 

алатын  болса,  күрделі  сөздерде,  көбіне,  орын  тəртібі  басым 

болады.

Сонымен,  күрделі  сөз  бен  сөз  тіркестерінің  ұқсастығы  олар-



дың  жасалу  жолында  емес,  сөз  санының  көлемінде.  Саны  жағы-

нан екеуі де екі немесе одан да көп сөздерден құралады. Ал сы-

ңарларының  өзіндік  ерекшеліктері  тұрғысынан  оларда  ұқсастық 

жоқ.  Өйткені  сөз  тіркесінің  əрбір  сыңары  толық  мағыналы,  син-

таксистік  қызметі  бар,  біріне-бірі  бағыныңқы-басыңқы  қызметте 

жұмсалуға тиісті сөздер болса, күрделі сөздердің сыңарлары кей-

де  толық  мағыналы,  кейде  дербес  мағынасы  жоқ  сөздер  де  бо-

лады,  олардың  арасында  сөз  тіркесіндегідей  толық  грамматика-

лық  байланыс  жоқ.  Сол  тобымен  бір-ақ  сөз  табы  қызметінде 

жұмсалады.

Бұл екі синтаксистік топтың өзара айырмашылықтары жөнін-

де Н.И. Филичева:

1.  Күрделі  сөз  сөз  тіркесіне  қарағанда  лексикалық  мағына 

жағынан біртекті.

2.  Сөз  тіркесі – синтаксистік  категория,  күрделі  сөз – сөз 

жасаудың бір түрі.

3. Сөз тіркестерінің əрбір сыңарлары дербес, бірақ өзара син-

таксистік байланыста болса, күрделі сөздер өзара тығыз мағына-

лық байланыста тұрады.

4.  Сөз  тіркестері  бір-бірімен  берік  синтаксистік  байланыста 

құралса, күрделі сөзге синтаксистік қатынас міндетті емес.

5. Сөз тіркесі мен күрделі сөз формасы жағынан ұқсас дейді. 

К.Аханов  сөз,  яғни  күрделі  сөздің  сөз  тіркесінен  айырмашылы-

ғын  ажырататын  жалпылама  белгілер  делініп  семантикалық  тұ-

тастық,  морфологиялық  тұтастық,  синтаксистік  тұтастық  белгі-


41

Күрделі сөз тіркестері

лері аталып жүр дей келе, осы үш топтың əрқайсысына жеке-же-

ке тоқталады.

І.  Семантикалық  тұтастық  белгі.  1.  Күрделі  сөз  құрамын-

дағы  əрбір  сыңарлардың  мағыналық  жəне  грамматикалық  дер-

бестілігі күңгірттенеді. 

2.  Сондықтан  оның  əрбір  сыңары  жеке-жеке  мағынаны  біл-

дірмей,  сол  жинағымен  немесе  тобымен  бір-ақ  мағынаны  білді-

реді. Мысалы: қолғап.



ІІ.  Морфологиялық  тұтастық  белгі.  Күрделі  сөз  де  жалаң 

сөз  сияқты  көптеледі,  септеледі,  жіктеледі,  ондай  кезде  оның 

сыңарларының  əрқайсысы  бөлек-бөлек  өзгермей,  тұтас  күйінде 

түрленіп, бір тұлғаға (формаға) ие болады. Автор А.И. Смирниц-

кийдің  пікірін  қолдай  келіп,  тіл  біліміне  тұтас  тұлғалану  жəне 

ажыратыла тұлғалану деген терминді енгізді де, тұтас тұлғалану 

күрделі  сөзге  тəн  де,  ажыратыла  тұлғалану  сөз  тіркесіне  тəн  де-

ген қорытынды жасайды.

Осының  ішінде  сөздің  тұтас  тұлғалануының  арасына  басқа 

да  сөздерді  сала  беруге  болады  деп  А.И.  Смирницкийдің  пікірін 

профессор К. Аханов та қолдайды.

ІІІ.  Синтаксистік  тұтастық  белгі.  Күрделі  сөз: 1) оның  сы-

ңарларының  арасында  синтаксистік  қатынастар  сақталмайды; 

2)  күрделі  сөздің  құрамындағы  əрбір  сыңар  сөйлемде  өз  алды-

на дербес мүше бола алмайды, мұндай қызметті (сөйлемге мүше 

болу  қызметін)  күрделі  сөз  тұтас  күйінде  атқарады; 3) күрделі 

сөздің  əрбір  сыңары  сөйлемде  басқа  сөзбен  өздігінен  қатынасқа 

(байланысқа)  түсе  алмайды,  күрделі  сөз  мұндай  байланысқа 

тұтасқан күйінде ғана түсе алады [37, 54-63].

Ю.  Сеидовтың  күрделі  сөздің  бір  сыңарында  ғана  екпін  бо-

лып, екінші сыңарында екпін болмайды деуі біржақты пікір. Бұл 

пікір  көбіне  жүріп  еді,  айтып  жүр  сияқты  күрделі  етістіктер 

ыңғайында  ғана  дұрыс.  Ал  сан  есім,  сын  есімдерден  жасалған 



қызыл ала, түлкі тымақты, он екі, алты жүз, жиырма бес сияқ-

ты күрделі сөздерде екпін бірінде басым, екіншісінде солғын емес.

Осы  пікірлерді  қорыта  келгенде,  күрделі  сөз  бен  сөз  тіркес-

терінің  арасындағы  айырмашылықтарды  мына  төмендегіше  бө-

луге болады:


42

Күрделі сөз тіркестері

р/с Күрделі сөз

Сөз тіркесі

1

Күрделі сөз – сөз жасаудың бір 



түрі.

Сөз тіркесі – синтаксистік 

категория.

2

Күрделі сөздің əрбір сыңары 



бір-бірімен тығыз мағыналық 

байланыста айтылады.

Сөз тіркестерінің сыңарлары бір-

бірімен синтаксистік байланыста 

болады.

3

Күрделі сөздің əрбір сыңарында 



жеке-жеке мағына болуы да, 

болмауы да мүмкін. Бірақ оның 

сыңарларының жеке-жеке 

мағынасы болғанымен, тұтас 

сөздің мағынасы сыңарларының 

мағынасынан гөрі күңгірттеу 

болып келеді.

Сөз тіркесінің əрбір сыңарының 

мағынасы айқын болады.

4

Күрделі сөздің əрбір сыңарына 



жеке-жеке сұрақ қойылмайды, 

ол екеуі бір-ақ сұраққа жауап 

береді.

Сөз тіркесінің əрбір сыңары 



дербес сұраққа жауап береді.

 5

Күрделі сөздің əрбір сыңарының 



орны жылжымалы емес, 

тұрақты.


Сөз тіркесінің əрбір сыңары 

дербес сұраққа жауап береді.

 6

Күрделі сөздің тұтасымен 



морфологиялық өзгеріске 

ұшырамайды. Яғни оның 

əрбір сыңары жеке-жеке 

морфологиялық өзгерісте 

болмайды, сол тобымен 

тұлғаланып көптеледі, 

септеледі, жіктеледі.

Сөз тіркесінің əрбір сыңары 

түрлі мор-

фологиялық өзгерістерге 

ұшырайды.

 7

Күрделі сөз тұтасымен басқа 



сөзбен синтаксистік байланысқа 

түседі.


Сөз тіркесінің əрбір сыңары 

жеке-жеке синтаксисік 

байланыста жұмсалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет