Талғат сайрамбаев


 Сөз тіркесінің күрделенуінің негізгі тəсілдері



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет4/58
Дата07.02.2017
өлшемі2.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

3. Сөз тіркесінің күрделенуінің негізгі тəсілдері

Дербес  мағыналы  сөздердің  сөз  тіркесін  күрделендірудегі 

қызметі. Жасалу жағынан келгенде алғашқы академиялық грам-

матикада күрделі сөз тіркестері бірнеше сөзден келгенімен, олар-

ды  іштей  бірнеше  байланысу  формаларына  қарай  жіктемейді. 

Екінші  академиялық  грамматикада,  керісінше,  бір  күрделі  сөз 



43

Күрделі сөз тіркестері

тіркесінің  өзінде  қиысу  мен  қабысу,  қиысу  мен  қиысу,  меңгеру 

мен қабысу, əртүрлі формадағы қабысу сияқты іштей бірнеше бай-

ланысу формаларына жіктейтін сөздер тобы шыға береді. Бірақ екі 

академиялық грамматикада да сөз тіркесінің күрделі түрлері мен 

толық  мағыналы  сөздердің  ыңғайында  жасалатындығы  айтыла-

ды. Бұған қарағанда сөз тіркесінің құрылысы жайлы мəселе орыс 

тіл білімінің өзінде толық шешілді деп айту əлі ертерек сияқты.

Сөз тіркесі құрылысын зерттеудің теориялық та, практикалық 

та  мəні  зор.  Оның  өзі  жай  жəне  күрделі  сөз  тіркестеріне  де  тəн. 

Əрбір  сөз  тіркесінің  кез  келген  сыңарын  білу  үшін,  ең  алдымен, 

оны құрайтын элементтерін білу қажет. Ал оның құрамында дер-

бес мағыналы жəне дербес мағынасы жоқ сөздер де болуы мүмкін. 

Дербес  мағыналы  сөз  таптары  ғана  (көбіне)  жай  сөз  тіркестерін 

құрай алады. Сонымен бірге, бұл сөз таптары – күрделі сөз тіркесін 

жасаудың  негізгі  материалы.  Яғни  күрделі  сөз  тіркесін  жасау-

да  əр  сөз  табының  өздеріне  тəн  ерекшеліктері  айрықша  қызмет 

атқарады.

Сол сияқты сөз тіркестерінің байланысу формалары арқылы сөз 

таптарының  морфологиялық  өзгерістері,  ал  олардың  байланысу 

тəсілдері арқылы əрбір сөз табының мағынасы айқындалады. Сөз 

тіркесін құрауда сөз таптары – басты элемент, бірақ сөз тіркесінің 

түрлерін  ажыратуда  олардың  да  арақатынасы  бірдей  емес.  Сөз 

тіркестерін құруда зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер 

затқа  қатысты  өрбісе,  үстеу,  еліктеуіш  сөз,  көсемше,  т.б.  сөздер 

қимылға қатысты, яғни солармен тіркесуге қабілетті болып келеді. 

Бұдан қай сөз табының қай сөз табына қатысты екені айқындалады. 

Жалпы  алғанда  сөз  тіркестерінің  əрбір  сыңары  арқылы  жеке  сөз 

табын,  оның  морфологиялық  өзгерісін,  құрылымдық  жүйесін, 

тіркесу қабілетін дербес мағынасы бар сөз бен дербес мағынасы 

жоқ сөздің рөлін, т.б. айқындауға мүмкіншілік туады. Мұның өзі 

морфология мен синтаксистің тығыз байланыстылығын көрсетеді. 

Орыс тілі мен түркі тілдері əдебиеттерінде сөз тіркесін жай, күрделі 

деп  бөледі  де,  олардың  күрделенуі  жөнінде  түрліше  көзқарастар 

байқалады.  Біріншіден,  Ю.  Шведова,  Н.А.  Баскаковтардың  пі-

кірлері бойынша, күрделі сөз тіркестері болу үшін бірнеше сөздер 

болуға  тиіс  те,  оларды  іштей  бірнеше  байланысу  формаларына 

талдауға  болады  дейді.  Екінші  пікір  бойынша,  ондайда  бірнеше 



44

Күрделі сөз тіркестері

сөздер болғанымен, оларды іштей байланысу формаларына талда-

уды қажет етпейді. Үшіншіден, сөз тіркестері аясының кеңеюіне 

көмекші сөз таптарының да қатысы сөз болады. Бұл арада біз тек 

дербес  мағынасы  бар  сөздерге  қатысты  күрделі  сөз  тіркестерін 

сөз еттік.

Сөз  тіркесі  туралы  И.А.  Батманов,  Н.П.  Дыренкова,  А.К.  Бо-

ровков, Н.К. Дмитриев, А.Н. Кононов, Л.П. Поцелуевский, Е.И. Уб-

рятова  сияқты  көрнекті  зерттеушілердің  еңбектерінде  көптеген 

пікір-тұжырымдар  жайында  жоғарыда  айттық.  Бірақ  сөз  тіркес-

терінің  құрылысы  жөнінде  бұл  ғалымдардың  еңбектерінде  тиіп-

қашты  ғана  сөз  болады.  Сөз  тіркестерінің  көптеген  мəселесін 

арнайы  зерттеген  ғалым  Е.И.  Убрятова  оның  құрылысына  қыс-

қаша ғана тоқталады. Автор Қыһыл көмүс – золото (исторически: 

красное серебро), үрүң көмүс – серебро (исторически: светлое се-

ребро),  қыһыл  око – младенец  (досл.:  красное  дитя),  құс  сүрэх – 

трус  (досл.:  утка  сердце),  саба  түс – напасть  (досл.:  закрывая 

падать),  кимог  киир – наступать  (досл.:  напирая,  войти)  быһа 



тарт – рвать пополам, прерывать (досл.: разразая, тянуть), хайа 

хат – рассыхаться (исторически: раскалываясь пополам сохнуть) 

деген мысалдарды талдай келіп, бұл сөз тіркестерінің əрқайсысы 

бір ғана ұғымды білдіреді. Сондықтан да оларды анықтауыш пен 

анықталушы сөздің (алғашқы төрт мысалы) немесе пысықтауыш 

пен  баяндауыштың  (соңғы  төрт  мысал)  тіркесі  деп  қарауға  кел-

мейді. Бұлардың қайсысы да аналитикалық тəсілмен жасалған əр-

қайсысы бір ғана ұғымды білдіретін күрделі сөздер дейді [15, 35].

Н.А.Баскаков  жалпы  сөз  тіркесінің  аясын  кеңейтудегі  өзін-

дік  ерекшеліктерін  елемейді,  ол  сөз  тіркестеріндегі  негізгі  заң-

дылықтармен бірге оның құрылысына назар аударған. Автор сөз 

тіркестерін  атрибутивно-субстантивно  жəне  атрибутивно-атри-

бутивно  сөз  тіркестері  деп  бөліп,  əрқайсысының  күрделі  жасалу 

жолдарын  береді.  Атрибутивті-субстантивті  күрделі  сөз  тіркес-

терінің жасалуын есімді-етістікті күрделі сөз тіркестері деп екіге 

бөліп  қарастырады.  Есімді  күрделі  сөз  тіркестерінің 10 түрлі, 

етістікті  күрделі  сөз  тіркестерінің 3 түрлі,  яғни  атрибутивті-

субстантивті  сөз  тіркестерінің 13 түрлі  күрделену  жолдарын  бе-

реді. Сол сияқты атрибутивті-атрибутивтікті сөз тіркестерінің де 

күрделі түрлерін есімді, етістікті деп бөле отырып, автор: «Ондай 


45

Күрделі сөз тіркестері

аралас  атрибутивті-атрибутивтік  сөз  тіркестерінің  өзі  объектив-

тілі  жəне  объектісіз  жай  сөз  тіркестерінен  тұратындығын  көр-

сетеді»


 

[39, 177].

Н.А.  Баскаковтың  күрделі  сөз  тіркесі  туралы  айтуы  бойын-

ша  оның  барлық  моделін  беру  мүмкін  емес.  Автордың  бір  күр-

делі  сөз  тіркесі  дейтінінің  өзінде  он  шақты  сөз  бола  береді. 

Ондағы сөздер сөз табы жағынан əртүрлі жəне əртүрлі байланысу 

формаларында болады. Оны автордың мына мысалдарынан анық 

көруге болады.

1. Жаңағы қойдың ішіндегі көк қошқар. «Тот упомянутый се-

рый баран, находящийся среди овец».

2.  Жаңағы  үлкен  əйелдің  баласын  арқалап  қашқан  көк  қош-

қар. «Серый  баран,  который  утащил  ребенка  той  старшей  же-

ны» [39, 166]. Күрделі  сөз  тіркестерін  жасау  үшін  тек  толық 

мағыналы  сөздер  ғана  қатысты.  Екіншіден,  кейде  сөз  тіркесінің 

аясының  кеңеюіне  толық  мағыналы  сөздермен  бірге,  дербес 

мағынасы, синтаксистік қызметі еленбейтін күшейткіш үстеулер-

дің  қатысы  бар  дейтін  «ең  жақсы  кеңес,  очень  хороший  умный 

совет» деп жақсы жəне жақсы кеңес, очень хороший умный со-

вет»  деп  жақсы  жəне  ең  сөзін  анықтауыш  деп  күрделендіретін 

күрделі  жəне  аралас  (смешанные)  тіркестер  деп  бөле  отырып, 

ондай  сөз  тіркестерінің  тек  толық  мағыналы  сөздердің  негізінде 

жасалатындығын көрсетеді [40, 80].

Жалпы сөз тіркесінің құрылысы туралы арнайы еңбек жазыл-

ған емес. Тіпті орыс тіл білімінің өзінде осы күнге дейін арнайы 

зерттелмеген.  Н.А.  Баскаков  түркі  тілінің  материалының  негі-

зінде  алғаш  рет  докторлық  диссертация  қорғап,  соның  негізінде 

«Словосочетания  в  современном  турецком  языке»  деген  түркі 

тілінің  сөз  тіркесінің  құрылысы  туралы  монографиялық  еңбегін 

шығарды.  Онда  автор  бірінші  рет  түркі  тілінің  материалының 

негізінде  жай  жəне  күрделі  сөз  тіркестерінің  жасалу  жолда-

рын, олардың ерекшеліктерін арнайы сөз етті. Автор күрделі сөз 

тіркестерінің жасалу модификациясын жасады [41; 42].

Сөз тіркесі жəне оның құрылысы туралы М.З. Закиевтің құн-

ды  пікірлері  бар.  Автор  татар  тілінің  синтаксистік  құрылысына 

арналған  еңбегінің  «Жай  жəне  күрделі  сөз  тіркестері»  деген  та-

рауында  жай  жəне  күрделі  сөз  тіркестерін,  олардың  бір-бірінен 



46

Күрделі сөз тіркестері

айырмашылығын,  сонымен  бірге  күрделі  сөз  тіркестерінің  жа-

салу  жолдарын  сөз  етеді.  Автор  жай  сөз  тіркестері  болу  үшін 

негізінде  толық  мағыналы  сөздер  болу  керектігін  қолдайды. 

М.З. Закиев: «...сөз тіркесі сөздерден құралады. Негізгі сөз тірке-

сінің  не  басыңқы,  не  бағыныңқы  сыңары  болады.  Ал  көмекші 

сөздердің  кейбірі  (шылау  мен  көмекші  сөздердің  орнына 

жұмсалған  сөздер)  сөз  тіркестерінің  құрамында  олардың  сыңар-

ларын байланыстыру үшін жұмсалады» [31, 105], – дей отырып, 

дербес мағынасы жоқ сөздер сөз тіркесінің бір сыңары бола ала-

тынын  көрсетеді,  бірақ  мұндай  сөздердің  күрделі  сөз  тіркесін 

құрудағы рөлін сөз етпейді. Мысалы, автор келесі аптада қайту 

дегендегі келесі аптада – өз алдына сөз тіркесі, ал аптада қайту 

сөз  тіркесі  емес,  өйткені  бұл  екі  сөз  келесі  сөзімен  бірлікте 

ғана  бір  мағынаға  ие  болады,  сондықтан  олар  сөз  тіркесінің  бір 

сыңары:  мұндай  тіркестер  іштей  жай  сөз  тіркестеріне  талдауға 

келмеуі  себепті  күрделі  сөз  тіркестері  болады  дейді,  сөйтіп  ав-

тор күрделі сөз тіркестері болу үшін тек толық мағыналы сөздер 

қатысу  керек  дегенге  қосылады.  Сонымен  бірге  ол  татар  тілінде 

күрделі  сөз  тіркестерінің  фразалық  жəне  еркін  сөз  тіркестерінен 

жасалатындығын  айқындайды.  Ю.  Сеидов,  А.А.  Абдуллаев,  т.б. 

ғалымдар  да  күрделі  сөз  тіркестері  туралы  орыс  тіліндегі  прин-

ципті  қолдайды [33; 43]. Соңғы  кезде  қазақ  тілі  мен  өзбек  тілі 

материалдарының  негізінде  жазылған  «Түркі  тілдеріндегі  күр-

делі  сөз  тіркестері»  атты  кандидаттық  диссертациясында 

Н.  Базарбаев  көмекші  есім  мен  етістіктерді  сөз  бен  сөзді  байла-

ныстырушы  дəнекер  дейді.  Одан  ары  ол  қазақ,  өзбек  тілдерінде 

күрделі  сөз  тіркестерінің  есімді,  етістікті  сөз  тіркестеріне  тəн 

бірнеше  құрылымдық  типтері  бар  екенін,  оның  бесеуін  есімді, 

төртеуін  етістікті  сөз  тіркесіне  жатқызып,  күрделі  сөз  тіркесте-

рінің  тоғыз  түрлі  жасалу  жолын  көрсетеді [44]. Автор  кейбір 

қосымшалар  мен  есімшелердің  қызметі  туралы  айта  келіп,  Қа-



зақстанның  орталығы  орнағанға  дейін  Алматының  халқы  суды 

арықтан  ішкен.  Қазақстан  орталығы  орнағанға  дейінгі  Алма-

тының  халқы  суды  арықтан  ішкен  деген  екі  сөйлемнің  бірін-

шісіндегі орнағанға дейін – баяндауыш қызметінде, автордың пі-

кірінше,  ол – жай  сөз  тіркесі,  ал  екінші  сөйлемдегі  орнағанға 

дейінгі дегендегі -гі жұрнақты түр анықтауыштық қатынасқа ауы-


47

Күрделі сөз тіркестері

сып, күрделі сөз тіркесін құрайды [44, 34]. Бұл арада автор мəсе-

лені  дұрыс  көрсеткенімен,  өзінің  бастапқы,  күрделі  сөз  тіркесі 

болу  үшін  толық  мағыналы  сөздер  болу  керек  деген  пікіріне 

қайшы келіп отыр.

Ю.М.  Сеидов  «Словосочетания  в  азербайджанском  языке» 

деген  еңбегінде  сөз  бен  сөз  тіркесінің  айырмашылығын  айта  ке-

ліп: «Евэ  тəртэф  кетмəн»  сияқты  ішінде  көмекші  сөзі  бар  үш 

сөзден  құралған  сөз  тіркесінде  екі-ақ  сыңар  бар  деп,  көмекші 

сөздердің  қызметін  елемейді.  Көмекші  сөздердің  сөз  тіркесі 

ішінде  жұмсалатындығын  айтқанымен,  ондағы  қызметін  елемей, 

сөйлемнің  ішінде  тұрған  еш  сөзге  қатысы  жоқ  сияқты  сөздер 

деумен шектеледі [33, 15].

Қазақ тіліндегі сөз тіркесін жүйелі түрде зерттеп келе жатқан 

профессор  М.  Балақаев 1961 жылы  жарияланған  «Структур-

ные особенности  словосочетания в тюркских  языках» [45]

 

деген 


мақаласында қазақ тіліндегі жəне басқа да түркі тілдеріндегі сөз 

тіркестерінің құрылымдық ерекшеліктерін арнайы сөз еткен.

Жалпы  тіл  білімінде  сөз  тіркестерінің  құрылысы  туралы 

бірсыдырғы  айтылып  келеді.  Алайда  сөз  тіркестері  құрылысы-

ның  түрлері  мен  ондағы  сөз  саны  туралы  мəселеде  пікір  ала-

лығы кездеседі.

Кейбір  ғалымдар  күрделі  сөз  тіркесі  болу  үшін  кемінде  үш 

немесе одан да көп толық мағыналы сөздер қатысуға тиіс дейді. 

Осы  пікірді  В.В.  Виноградов  пен  оның  шəкірттері  де  қолдайды. 

Енді бір зерттеушілер бұл пікірді толығымен қолдай отырып, сөз 

тіркестері  аясының  кеңеюіне  дербес  мағынасы  жоқ  сөз  таптары 

да қатысады дегенді айтады.

Сөз  тіркестерінің  құрылысы  туралы  орыс  тіл  білімінде  ар-

найы  мəселе  көтерген  В.В.  Виноградов  сөз  тіркесін  құрау  үшін 

тек  толық  мағыналы  сөздер  ғана  қажет  десе,  М.  Балақаев  күр-

делі  сөз  тіркесіне  толық  мағыналы  сөздермен  бірге  көмекші 

сөздер де қатысады дейді.

Күрделі сөз тіркесі болу үшін кемінде үш немесе одан да көп 

дербес мағыналы сөздер қатысады деген пікір ойға қонымды.

Н.Н.  Прокопович,  В.П.Сухотин  жəне  басқа  да  кейбір  ғалым-

дар  В.В.  Виноградовтың  сөз  тіркесі  туралы  пікірлеріне  сүйеніп, 

күрделі  сөз  тіркесін  тек  толық  мағыналы  сөздер  ғана  жасайды 



48

Күрделі сөз тіркестері

дейді.  Осы  тұрғыдан  Н.Н.  Прокопович  орыс  тіліндегі  сөз  тір-

кестерінің үш түрлі кеңею жолын айқындайды.

Бірінші тəсіл: жай сөз тіркесі мен бағыныңқы жеке сөз. Мыса-

лы: Близкие ему по крови.

Екінші тəсіл: басыңқы сөз жəне бағыныңқының жай сөз тіркесі. 

Мысалы:  Достойный  лучшей  участи,  кудрявый  от  мелкого  кус-

тарника.

Үшінші тəсіл: басыңқы сөз бір-біріне байланыссыз бағыныңқы 

сөздер  тобы.  Мысалы:  Вложить  патрон  в  ружье [24, 62-72]. 

Ал  В.П.  Сухотин  сөз  тіркесінің  төмендегідей  кеңею  жолдарын 

көрсетеді. 

1. Құрамындағы бөліп-жаруға келмейтін тұрақты идиома, фра-

залы  тіркестер.  Мысалы,  Работать  спустя  рукава,  сидеть  сло-

жа руки.

2.  Етістік  қатысты  тұрақты  тіркес  пен  калькалы  конструк-

циялар:  иметь,  дать,  брать,  принять,  идти  жəне  тағы  басқалары: 

Иметь большое и огромное значение, иметь свое отдельное, опре-

деленное мнение.

3.  Құрамында  сан  есімді  немесе  сандық  ұғым  беретін  сөздер 

бар сөз тіркестері: Два приятеля, много книг, мальчик лет четыр-

надцати.

4. Құрамында сын есімдері бар ілік септігі арқылы байланыс-

қан (при именной родительный) сөз тіркестері: Человек большого 

ума, фонтан высокого напряжения.

5.  Құрамында  аналитикалық  тəсіл  арқылы  жасалған  шақты, 

түрді  (вид),  райды  немесе  сын  есімнің  шырайын  білдіретін  кон-

струкциялары бар сөз тіркестері:

стал

начал 


 

 

писать [46, 156-157].



перестал 

Автор  осылайша  сөз  тіркесі  аясының  кеңеюін  айта  келіп, 

бірыңғай  мүшелер  де  сөз  тіркесінің  аясын  кеңейтудің  тəсілі  деп 

қарады.  Өйткені,  бірыңғай  мүшелердің  əрқайсысы  басыңқы  сы-

ңарға тікелей қатысты болып, онымен бірге (басыңқы сыңармен) 


49

Күрделі сөз тіркестері

лексика-семантикалық  жəне  синтаксистік  бірлік  құрайды.  Со-

нымен  автор  бірыңғай  мүшелер  де  күрделі  сөз  тіркесін  құрайды 

дейді.  Бұған  байланысты  мына  ерекшеліктерді  ескеру  керек. 

Əдетте, сөз тіркесі құрамындағы сөздер тек сабақтаса байланыса-

ды,  сабақтаса  байланысқан  сөздер  ғана  сөз  тіркесі  деп  аталатын 

топ  құрайды  дейді.  Сондықтан  сөз  тіркесі  бір-біріне  сабақтаса 

байланысқан  сөздер  синтаксистің  екінші  бір  тарауы  жай  сөйлем 

синтаксисінде  қаралуға  тиіс.  Өйткені  бірыңғай  мүшелердің  жа-

салуы  тек  синтаксистік  байланысуға  ғана  негізделмейді,  дауыс 

ырғағына да негізделеді.

Күрделі  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  жəне  басыңқы  сыңар-

лары туралы да əртүрлі пікір бар. Күрделі сөз тіркестерінің бағы-

ныңқы сыңарларының басыңқы сыңардың лексикалық мағынасын 

айқындауға қатысу дəрежесі болады деген тұжырым да айтылып 

жүр.


Т.А. Тарасевич күрделі сөз тіркестері туралы диссертациясын-

да  күрделі  сөз  тіркестеріне  басыңқы  сыңары  өзінің  лексика-

семантикалық  ерекшелігін  айқындау  үшін  екі  немесе  бірнеше 

негізгі сөздерді қажет ететін конструкцияларды жатқызады [47].

Бұл  пікірлерде  күрделі  сөз  тіркестерінің  бір-ақ  сыңары,  яғни 

басыңқы сыңары негізге алынады. Біздіңше, күрделі сөз тіркесінің 

бір  сыңары  төңірегінде  сөз  қозғау  біржақты  сияқты.  Жай  сөз 

тіркесінде басыңқы сыңары не есім, не етістік болатыны белгілі. 

Көбіне олардың əр сыңарларының қай сөз таптарынан жасалғаны 

ғана негізгі фактор болып табылады.

Күрделі  сөз  тіркесінде  басыңқы  сыңары  да  күрделі  болып 

келетіндігін ескеру қажет, яғни мұнда басыңқының рөлін негізге 

алу  да  керек  болады.  Сонда  бағыныңқы  сыңары  дара,  басыңқы 

күрделі  болып  келеді.  Егер  Т.А.  Тарасевичтің  пікіріне  сүйенетін 

болсақ:     – Δ  формулада,  оның  өзі  кейде   – ΔΔ  немесе     – 

ΔΔ  формулада  да  келетіні  айқын.  Міне,  осы  жағынан  қарағанда 

күрделі  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы-басыңқы  сыңарларының 

құрылымдық  ерекшеліктерін,  мағыналық  бірлігін,  семантикалық 

тұтастығын ескеріп, оларды сөйлем ішінде өзіндік бір мағыналық 

топ, кішкене бөлшек деп қарайтын боламыз.

Сонымен, қорыта келгенде, зерттеушілер күрделі сөз тіркесін 

жасау үшін негізінен толық мағыналы сөздердің қатысын негізге 



50

Күрделі сөз тіркестері

алады.  Шынында,  сөз  тіркесінің  толық  мағыналы  сөздердің  қа-

тысы  негізінде  жасалатындығында  дау  жоқ.  Сондықтан  да  дер-

бес мағынасы бар сөздер, яғни сөз таптары, сөз тіркесінің негізгі 

құрамды элементі деп қаралуға тиіс.

1. Зат есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөздер 

əрқайсысы өзіндік тіркесу қабілеттеріне қарай белгілі мағыналық 

байланыстағы сөз тіркестерін құрай алады. 

2. Жоғарыда аталған сөз таптары арқылы етістікті, есімді жай 

сөз тіркестері жасалады.

3.  Сол  сөз  таптары  арқылы  жай  жəне  күрделі  сөз  тіркестері 

құралады.

4. Күрделі сөз тіркесін жасауға сол сөз таптарының барлығын 

да жай жəне күрделі түрінде де жұмсала алады.

5.  Дербес  мағынасы  бар  сөздер  күрделі  сөз  тіркесін  құрауда 

бұрын  басыңқы  қызметте  жұмсалса,  енді  түрлі  қосымша  қосылу 

арқылы  сол  тобымен  басқа  бір  сөзге  бағыныңқылық  қызметте 

жұмсалады.



Көмекші  сөздердің  сөз  тіркесін  күрделендірудегі  қызметі. 

Жоғарыда  айтылғандай,  күрделі  сөз  тіркестерін  құрауда,  көбіне, 

толық  немесе  дербес  мағынасы  бар  сөздердің  төңірегінде  сөз 

болса,  сонымен  бірге  ондай  құрамды  сөз  тіркестерінің  құрамын 

кеңейтуде көмекші сөздердің де мəні туралы айтылып келеді. Мұн 

дай  пікір  тек  қазақ  тілі,  түркология,  орыс  тіл  білімдерінде  ғана 

емес, шетел тіл ғалымдарының зерттеуінде барлығы байқалады.

Жалпы  сөз  таптарының  өзі  үлкен  екі  салаға,  яғни  дербес 

мағынасы  бар,  дербес  мағынасы  жоқ  сөздер  деп  бөлінетіндігі 

белгілі. Сонда дербес мағынасы бар сөз таптарына зат есім, сын 

есім,  сан  есім,  есімдік,  етістік,  үстеу,  еліктеуіш  жатса,  дербес 

мағынасы жоқ сөз таптарына шылау негізгі арқау болады. 

Негізгі  сөз  таптарының  жетегінде  айтылып  жүрген  көмекші 

есім, көмекші етістік, нумеративті жəне модаль сөздер. Міне, осы 

сөздердің сөйлемді сөз тіркесіне талдау кезінде өзіндік қызметте-

рі айқындалады. О. Бехагел негізгі сөз бен көмекші сөздің тірке-

сін бірде сөз тіркесі деп қараса, бірде оның бір сыңары деп біледі. 

Р.  Блюмель  негізгі  сөз  бен  көмекші  сөздің  тіркесін  дербес  сөз 

тіркесі деп қарайды.

Түркі  тілдерінде  жалпы  сөз  тіркестері  ғылымның  алғашқы 

қалыптасқан  дəуірінде  сөз  тіркесі  болуы  үшін  тіпті  сол  толық 


51

Күрделі сөз тіркестері

мағыналы сөздер ғана емес, бір сыңары толық мағыналы, екінші 

сыңары дербес мағынасы жоқ үйге дейін сияқты зат есімдер мен 

шылаулардың да тіркесі өзара сөз тіркесі деп танылып келгендігі 

белгілі.

А.П.  Поцелуевский  меңгеру  туралы  айта  келіп,  оның  мына-

дай екі түрін: а) өз толықтауышы бар етістік: хат язмак – писать 

письмо;  ə)  меңгерілетін  сөз  бен  шылау:  мен  учин – для  меня 

дегендегі мен ілік жалғаулы есімдік пен үшін тіркесінде меңгеріле 

байланысқан  сөз  тіркестері  дегені  белгілі [21, 16]. Мұнда  əрине 



«мен»  есімдігінің  лексикалық  мағынасы  болғанымен,  үшін  сөзі-

нің басыңқылық, не бағыныңқылық дəрежеде жұмсауында мағы-

налық  не  синтаксистік  ерекшелік  жоқ.  Міне,  соған  қарамастан 

автор кез келген сөз бен сөздің аралығындағы тіркестерді сөз тір-

кесі  дейді.  Дəл  осы  сияқты  пікірді  кезінде  Н.К.  Дмитриев  те 

қолдағаны белгілі [11, 203].

«Жалпы сөз тіркесі болу үшін кемінде екі сөз, оның əрқайсысы 

толық  мағыналы  сөз  болу  керек  дейтін  пікір  негізгі  шарт  болуы 

тиіс».  Бұл  принцип  тіл-тілдің  барлығында  да  орын  алған  десек, 

А.П.  Поцелуевский,  т.б.  пікірлеріне  қосыла  алмаймыз.  Ал  сөз 

тіркесінің аясының кеңеюіне сол толық мағыналы сөздермен бір-

ге  көмекші  сөздердің  де  қатысы  барлығы  тек  орыс,  түркі  тілде-

рінде  ғана  емес,  тіпті  неміс,  ағылшын  тілін  зерттеушілер  еңбек-

терінде де нақтыланады. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдердің аясы-

ның  кеңею  жолдарын  айта  келіп,  В.Г.  Адмони,  əсіресе,  шылау-

лардың сөз ішіндегі ерекшеліктерін былайша түсіндіреді.

Предлогтың зат есіммен тіркесі сөз тіркесі делінбейді, себебі, 

сөз  тіркесі  деген  ұғымды  тек  толық  мағыналы  сөздердің  тіркесі 

бере  алады.  Бірақ  мынаны  ескеру  керек,  предлогтың  есіммен 

тіркесі сонда да болса синтаксистік болып табылады. Екінші сөз-

бен айтқанда, предлог морфема емес... предлогтың есіммен тірке-

сінің  синтаксистік  қасиеті  етістікті  тіркестермен  салыстырғанда 

айқын  бола  алады.  Мысалы,  перфек  Павел  көмекші  етістігі  Ich 

habe gllesen  тіркесінде  тек  лексикалық  емес,  тіпті  жалпылама 

грамматикалық  мағынасынан  айырылып  тұр,  себебі,  оның  өткен 

шақтық мағынасы өзінде емес, есімшемен тіркескен жағдайда ғана 

болып  тұр.  Предлог  есіммен  тіркескен  кезде  өзіндік  мəні  айқын 

болып  тұрады.  Мына  тіркестерді  салыстырыңыз:  auf dem Tiseh 

и unter dem Tiseh.



52

Күрделі сөз тіркестері

Дұрысын айтқанда, көп жағдайларда предлогтың өзіндік лек-

сикалық мəні жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай айқын бола 

бермейді,  өйткені  предлогтың  негізгі  мақсаты – қандай  да  бір 

тұрлаусыз мүшені сөйлемге енгізу (ich worte ouf dich).

Сөйлемнің басты элементтері тұрлаулы сөйлем мүшелері мен 

тұрлаусыз сөйлем мүшелері дей келіп, В.Г.Адмони [48, 87] солар-

мен  бірге  тағы  да  бір  мүшелердің  барлығы  туралы  айтады.  Оны 

автор неміс тіліндегі «пич» сөзі сөйлемде, əсіресе, зат есім, кейде 

есімдіктермен  тіркескен  кезде,  белгілі  бір  дəрежеде  əрқайсысы-

ның  өзіндік  қызметтерін  ерекше  атай  келіп, «алайда  мұндай  сы-

ңарлар өздері сипаттап отырған ұғымның көлемін анықтай түседі 

немесе күшейтеді, ал шын мағынасындағы тұрлаусыз мүшелер де 

өздері  қатысты  ұғымдарды  кеңейте,  байыта  түседі.  Осы  себепті 

оларды бірімен-бірін қатар қойып салыстыру қай дəрежеде дұрыс 

болар  екен?  Бұл  категорияларды  бірдей  деп  санауға  болмайтын, 

өзіне  ғана  тəн  əрқайсысының  сапалық  қасиеттері  бар.  Əйтсе  де 

бұл «анықтауыш» сыңарлар, кейбір басқа синтаксистік категория-

лармен бірігіп, сөйлемде қандай да бір қызмет атқарады. Əрине, 

оларды сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деуге болмайды, сонда да 

болса,  сөйлемнің  əйтеуір  бір  мүшесі,  қала  берсе,  сыңарлары  деп 

атауға əбден болады.

Мұндай  тіркестер  əдеттегі  сөз  тіркестерімен,  яғни  толық  ма-

ғыналы  сөздердің  тіркесімен  тең  емес,  дегенмен,  олармен  ұқ-

састығы бар екі тобы да өзара тіркескен сөздер тобы деп, қалайда 

шылаулардың  сөз  тіркестерінің  аясының  кеңеюіне  қатысы  бар-

лығын көрсетеді [48].

Профессор  В.Н.  Ярцева  предлогтарды  септік  жалғауларымен 

теңестіруді  қолдамайды.  Оның  пікірінше, «предлог»  сөз  тіркесі 

мүшелерінің  арасындағы  қатынасты  білдіреді,  бірақ  олардың 

біреуіне  де  теңелмейді.  Предлог  сөз  тіркесінің  екі  мүшесін  бір-

бірімен байланыстырады жəне олардың екеуіне бірдей телінеді... 

Сөйтіп предлогтың өзінің екі жақтылық қатынасы оған өте-мөте 

тəн белгі болып табылады» [49, 120], – дейді. Сол тəрізді көмек-

ші  сөздердің  рөлі  туралы  айта  келіп,  орыс  тілінің  маманы 

Д.С.  Маслов  мынадай  пікір  білдіреді: «Көмекші  сөздер  сөз  тап-

тарының  жеке  подсистемасын  құрайды.  Бұл  подсистема  тілде 

үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Оларды «морфологиялық» жəне 



53

Күрделі сөз тіркестері

«синтаксистік»  көмекші  сөздер  деп  қарауға  болады.  Синтаксис-

тік көмекші сөздер сөз тіркестеріне де қызмет етеді» [50, 219].

Міне, осы пікір негізінде көмекші сөздердің тек морфология-

лық  ерекшелігінен  гөpi,  олардың  синтаксистiк  ерекшелiгiн  не-

гiзге алу орынды сияқты. 

Осы күнге дейiнгi авторлардың пiкiрiнше, көмекші сөздер то-

бының  өзiндiк  ерекшелiктерi  морфологиялық  жағынан  көбiрек 

айтылғаны  болмаса,  морфологияда  басты  назар  негiзгi  сөздерде 

болады  да,  көмекшi  сөздер  онша  елене  бермейдi.  Синтаксис  ма-

мандарының  арасында  көмекшi  сөздердiң  синтаксистiк  ерекше-

лiктеpiн  оларды  морфологиядан  гөpi  синтаксисте  қарау  керек 

дейтiн пікiр кездеседi [51].

 

Шынында, көмекшi сөздердiң өзiндiк ерекшелiгi морфология-



да егжей-тегжейлi ашылмайды. 

Ол, бiр жағынан, дұрыс та. Өйткенi морфологиялық талдауда 

əрбiр  сөздi,  бiрiншiден,  бiр-бiрiне  қатыссыз  жеке-жеке  талдаса, 

екiншiден,  əрбiр  сөздiң  тұлғалық  ерекшелiктерiне  ғана  назар  ау-

дарылады. 

Синтаксистiк  тұтастықта  толық  мағыналы  сөздер  өз  бетiн-

ше  жұмсала  алатын  болса,  көмекшi  сөздер  өз  алдына  морфоло-

гиядағыдай  жұмсала  алмайды.  Соған  орай  көмекшi  сөздер  тек 

басқа  сөздердiң  шылауында,  солармен  бiрлiкте  ғана  жұмсалып 

қолданылады. 

Жалпы  сөз  тipкecтepiнің  құрылысы  кезiнде  көмекші  сөздер-

дiң  барлығы  бiрдей  қатынаса  бермейдi.  Көмекші  сөздердiң  сөй-

лемнiң  соңында  келуi  оның  мағыналық,  синтаксистiк  ерекше-

лiктерiне əсер етпейдi. Сонымен сөз тiркестерiнiң байланысу фор-

масы,  тəсiлi,  мағыналық  тобы  мен  синтаксистiк  қызметiне  əсер 

ететiндерi  сөйлем  iшiнде  қолданылған  көмекшi eтicтік,  көмекшi 

eciм, шылау, модаль, т.б. сөздер. 

Kөмeкшi  сөздердi  сөз  тiркесiнiң  бiр  сыңары  қызметiнде 

жұмсалады  деп  те,  кейде  сөз  тipкeсiнің  бiр  сыңарының  қосалқы 

мүшесi  қызметiнде  жұмсалады  деп  те  түciндiредi.  Бұдан  дербес 

мағынасы жоқ сөздердiң сөз тipкeсiн құрауға қалайда қатысы бар 

дейтiн пiкiр шығады. 

А.З.  Гаджиева  есiмдi  сөз  тipкeстepi  аясының  кеңеюiне  тоқта-

лып: haxындa, барысында сияқты сөздердiң сөз тipкeсiнің аясын 

кеңейтудегi өзiндiк қызметiн көрсетедi [52, 13].

 


54

Күрделі сөз тіркестері

Ал  haxындa,  барысында  –  жеке  алғанда  арнайы  мағынасы 

жоқ  сөздер.  Соған  қарамастан  автор  олардың  сөз  тіркесiнiң  ая-

сын кеңейтуге қатысы бар деп бiледi. Ал профессор М. Балақаев 

сыңарларының  бipeyi eкi  немесе  одан  да  көп  негізгі  сөздер  мен 

көмекші  сөздерден  құралса,  күрделi  сөз  тipкeci  деп  аталады 

дейдi [53, 11]. Cонда  автордың  айтуынша,  күрделі  сөз  тіркесін 

құрау  үшін  дербес  мағын алы  сөздермен  бiрге,  дербес  мағынасы 

жоқ  сөздер  де  қатысты  болады  екен. 30-жылдарда  Қ.  Басымов 

сөйлем  мүшелерi,  оның  iшiнде  пысықтауыштың  кешке  дeйiн 



бардым, eкi  есе  болды,  үйiнe  шейiн  апардым ... тəрiздi  күрделі 

түрлерiн  кешке  дeйiн, eкi  есе,  үйiне  шейiн  демеулiк  шылаулар 

қосарланған  күрделi  пысықтауыштар [54] деп  атағаны  белгiлi. 

Сонда  Қ.  Бaсымoв  пен  М.  Балақаев  бiрi  сөз  тiркесiнiң,  екiншici 

сөйлем  мүшелерiнiң  құрылысын  айтқанмен,  олардың  аясының 

кеңеюiне  дербес  мағыналы  сөзбен  бiрге,  дербес  мағынacы  жоқ 

сөздердiң де қатысы болатынын мойындайды.

Бұл  пiкiрлерге  қарағанда,  көмекшi  сөздердiң  қалайда  сөз 

тipкeсiнe  қатысы  бар.  Алайда  олардың  сөз  тіркесін  құраудағы 

қызметі, көбіне, тек байланыстырушы, дəнекер ретінде қаралады 

да,  сөз  тіркесі  аясын  кеңейту  ерекшеліктері  еленбейді.  Шылау, 

көмекші сөздердің сондай қызметін төмендегі мысалдарды талдау 

кезінде айқын байқауға болады:

Тағы бір күндер Мамыр, Еңлiктей қыздардың қайғыл арын да 



айтып  бердi  (М.Əуезов).  Əкем  үшiн  төленетiн  азын-аулақ  пен-

сияны  азық  қылып,  өз  бетiмізше  оқшаулау  күн  кешкен  жандар-

мыз («Жалын»).  Шығыс  жаққа  қараған  терезенің  алдында  қос 

тiзерлеп, eкi  шынтағын  тiзесiнiң  алдынa  салып,  иегiн  қолдары-



ның  үcтiнe  қойып  Абай  отыр  (М.  Əуезов).  Аузын  шымшып 

тiккeн қaп сияқты тырсиып тұр («Жалын»).

Бұл  сөйлемдерде  айтып  бердi,  əкем  үшiн,  терезенiң  алды, 

қолдарының үcтi, қaп сияқты деген түйдектi тipкecт ер бар. Осы 

түйдектi тiркестердiң бiрiншi сыңарларының (айту, əке, жаз, те-



резе,  қол,  қaп)  дербес  мағынасы  бар,  ал  осы  сөздермен  тipкece 

жұмсалған:  беру,  үшiн,  алды,  үстi  сияқты  сөздерiнiң  кейбiрiнiң 

контекске  байланысты  дербес  мағынасы  бар  да,  ендi  бiрiнiң  он-

дай мағынасы жоқ. Осы сөйлемдердегi: қайғыларын айтып берді, 



əкем  үшiн  төленетiн,  терезенің  алдында  тiзерлеn,  қап  сияқты 

55

Күрделі сөз тіркестері

тырсиыn  сөз  тipкecтepiнe  морфологиялық  талдау  жасасақ,  бы-

лай  болып  шығады:  қайғыларын,  əкем,  қап,  терезенің,  тiзерлеn, 



төленетiн – eтicтік, зат eciм, үшiн – шылау, үcтi, беру – көмекшi 

eтicтiк; көмекшi eciм, сияқты – модаль сөз. 

Сонымен  қaйғы,  əке,  төлеу,  тiзерлеу,  терезе,  т.б.  сөздерiнiң 

арнайы  синтаксистiк  қызметi  бар.  Олар – сөз  тіркeciн  құрауда 

басты  тiрек.  Шылау,  көмекшi eciм,  көмекшi eтiстік,  модаль  сөз 

қатысты  сөз  тipкecтepiнің  қайсысын  күрделi  сөз  тipкeci,  қайсы-

сын  жай  сөз  тipкeci  деу  керек  eкeнi  ойландырады.  Жоғарыда 

келтiрiлген  мысалдардағы  терезенiң  алдында,  əкем  үшiн,  қan 



сuяқты,  т.б.  түйдектi  тiркестердiң  дара  тұрып  сөз  тipкeci  бола 

алмайтындығы  белгiлi.  Себебi:  үшiн,  сuяқты,  алды  сөздерiнің 

өзiндік  мағыналары  жоқ,  сондықтан  сөз  тipкeciнің  бір  сыңары 

бола  алмайды.  Əкем,  терезенің,  қan,  т.б.  сөздердiң  арнайы  син-

таксистiк  қызметi  бар.  Бiрақ  бұлар  үшін,  алды,  сuяқты  шылау, 

модаль, көмекшi eciм сөздерiмен түйдектелiп келгенде, бұрынғы 

синтаксистiк  қызметi  алшақтап,  олардың  синтаксистiк  қызметiн 

жетегiндегі тipкeскен сөздер анықтайды. Көмекшi сөздердiң син-

таксистiк қызметiнiң əcepiнeн олар бүтiндей басқа сөйлем мүше-

лерiне  ауысып  кетедi.  Сондықтан  көмекшi  сөздердiң  синтаксис-

тiк  тipкec  құрамындағы  атқаратын  рөлi  зор.  Олар  толық  мағы-

налы  сөздердi  меңгерiп,  синтаксис  қызметiн  айқындай  түседi. 

Ендеше  бұл  жағдай  сөз  тipкесiнiң  құралу  заңдылықтарына  да 

қатысты. 

Дербес  мағынасы  жоқ  сөздердiң  сөз  тipкeciн  құраудағы  қыз-

метiн  мына  сөйлемдерден  байқауға  болады.  Мысалы:  Абайды 

соған жақын тұрған ең шеткi орындыққа отырғызды (М. Əуезов). 

Онда да ойыншық машина сияқты алақандай-ақ бiрдеңенi бұраn-



бұраn,  ара  тəрізді  ызылдатып  алады  да,  сонысымен  сақал-мұр-

тын үйкелей бередi, үйкелей бередi (М. Сүндетов). 

Осында  ең  шеткi  дегендегi  шеткi  сын eciмінің  синтаксистiк 

қызметi бар да, ең сөзi жеке тұрғанда немесе сын есiм, үстеулер-

мен  тipкecпей  айтылғанда  сөйлем  мүшесi  бола  алмайды  жəне 

сөйлем мүшесi болатын сөздерге синтаксистiк əсер ете алмайды. 

Ал  тəрiздi  сөзiнiң  толық  мaғынасы  болмағанмен,  толық  мағы-

насы  бар  сөздердiң  синтаксистiк  қызметiн  айқындай  түседi; 

кейде жаңа бiр қызметте жұмсалуға бейiмдейдi. Ондай тiркестер 


56

Күрделі сөз тіркестері

септiк  ж алғауларының  жалғануы  арқылы  сол  түйдегiмен  басқа 

да сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқарады. 

Қорыта  айтқанда,  сөз  тipкecтepiнің  аясын  кеңейтудегi  көмек-

шi  сөздердiң  қызметi  олардың  мынадай  ерекшелiк тepiнe  байла-

нысты: 


1) белгiлi мағынасы жоқ, сондықтан əрдайым белгiлi сөз тап-

тарына қатысты; 

2)  өзiндiк  синтаксистiк  қызметi  жоқ,  бiрақ  басқа  сөзд ермен 

тipкecкeн кезде ондай қызмет анық айқындалады; 

3) морфологиялық өзгерic кейде болады, кейде болмайды;  

4) бағыныңқы-басыңқы қызметте жұмсалмайды; 

5)  басқа  сөздерге  тipкecкeн  кезде  оны  грамматикал ық  жағы-

нан өзiне бағындырады; 

6)  толық  мағыналы  сөздердiң  мағыналық  мəнepiн  айқын-

дауда басты тұлғаға айналады. 

Сонымен,  сөз  тipкeciнің  аясын  кеңейтуде  мынадай  фактор-

лар  шешушi  орын  алады: 1) əрбiр  сөз  табының  күрделi  түpi; 

2) көмекшi eтістік; 3) көмекшi eciм; 4) модаль сөздер; 5) шылау-

лар; 6) нумеративті  сөздер; 7) түрлi  қосымшылар; 8) фразеоло-

гиялық  тiзбектер,  т.б.  Ендi  солардың  əрқайсысына  жеке-жеке 

тоқталалық: 



Каталог: static -> electronic book
electronic book -> Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Өмірзақ айтбайұлы
electronic book -> Жауапты редакторлар
electronic book -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары
electronic book -> Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
electronic book -> Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014
electronic book -> Мақалалар, баяндамалар жинағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет