Талғат сайрамбаев



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет6/58
Дата07.02.2017
өлшемі2.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

де  етістігіне  байланысты  тұрақты  сөз  тіркестерін  айқындаған. 

Автор де етістігінің морфологиялық жағымен бірге, синтаксистік 

ерекшеліктерін,  яғни  сөз  тіркестеріндегі  өзіндік  ерекшеліктерін 

айтумен шектелген.

Автор  де  етістігінің  есімше,  көсемше  формаларын  əрі  есім-

мен  де,  етістікпен  де  тіркесте  жұмсалуын  көрсетеді.  Бірақ  де 

етістігінің  есімдермен  тіркесінің  тек  кейбір  түрлеріне  ғана  жал-

пылама  шолу  жасалып,  оның  мағыналық  жағы  ғана  айтылады 

да,  олардың  ерекшеліктері  сөз  болмайды.  Синтакасистік  қыз-

меті  жағынан  тек  толықтауыш  болуын  ғана  ескертеді.  Автор  де 

көмекші  етістігінің  басқа  сөздермен  өзара  түйдекті  топ  құрау 

кезінде  енді  ол  екеуінің  басыңқы  сыңарларының  қай  сөз  табы 

болатынын, яғни сөз тіркесін құрауын ескермейді.

Қорыта  келгенде,  көмекші  етістіктер  морфологиялық  жағы-

нан  өте  өзгерімпаз.  Сондықтан  да  олар  көптеген  сөздермен  тір-


66

Күрделі сөз тіркестері

кесіп,  ондай  сөздердің  синтаксистік  қызметі  мен  байланысу 

формаларын  өзіне  бағындырып  отырады.  Бұл  жағынан  келгенде 

көмекші  етістіктердің  рөлі  күшті.  Олар  өзі  тіркескен  сөздермен 

есімді,  етістікті  сөз  тіркестерде  күрделі  бағыныңқы  сыңар  ре-

тінде жұмсалады.



3.  Шылаулы  сөз  тіркестері  туралы.  Сөз  тіркесінің  байла-

нысу формасының бірі – меңгеру. Меңгеруде бағыныңқы сыңары 

барыс,  табыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  жалғауы  арқылы  келсе, 

екіншіден,  ондай  тұлғалы  сөздер  шылаулар  арқылы  да  түйдекті 

тіркес күйінде етістікті сөз тіркесін құрайтындығы белгілі. Міне, 

сондықтан  да  меңгерудің  есімді  меңгеру,  етістікті  меңгеру, 

ортақ  меңгеру  жəне  сол  етістікті  меңгерудің  негізінде  шылаулы 

меңгеру деп төртке бөлінеді.

Бұл  жерде  солардың  ішіндегі  бір  тобы  шылауларға  назар 

аударылады. Жалпы шылаулар морфологиялық жағынан сөз тір-

кесі тұрғысынан да сөз болып жүр.

Алайда  шылаулар  сөз  тіркесі  аясында  қарастырылды  деге-

німізбен,  олардың  өзінше  қызметі  мен  өзінше  ерекшеліктері  сөз 

болып  қозғалған  емес.  Шылаулар  қатысты  сөз  тіркесі  сөз  бол-

ғанда  мына  септікті  мына  шылаулар  меңгереді  деген  тəрізді 

мəселеден асып кете алған жоқ. 

Тілімізде  шылаулар  деп  аталатын  топқа  мыналар  жатады: 

дейін,  шейін,  қарай,  əрі,  бері,  таман,  шамалы,  мен,  гөpi,  басқа, 

үшiн, туралы, арқылы, шақты, сайын, се бептi, қаралы, да, неме-

се, я болмаса, бiрақ, өйткенi, сондықтан, ал, əлде, мейлi, бiресе, 

кейде,  ғана,  ой,  сол  жайында,  бекер,  егер,  онда,  сияқты,  бойы, 

ғұрлы, бетер, салым, тарта, жуық, таяу, я, яки, құй, -ау, -ай, -ақ, 

демек, -мыс, -мic, тұрсын, т.б. 

Бұлардың  сөйлемде  атқаратын  қызметi  бiрдей  емес,  сондық-

тан сол қызметтерiне қарай үш топқа бөлiнедi: 

1. Жалғаулықтар. 

2. Демеулiктер. 

3. Септеулiктер [65, 365]. 

Профессор  М.  Балақаев  шылауларға  көмекшi eciм дердi  де 

жатқызады [16, 68]. Шылаулардың  осы  түрлерiнiң  сөй лемде 

өзiндiк орны бар. Жоғарыда көрсетiлгендей демеу лiктер, жалғау-

лықтар сөйлемнiң iшiнде көп қолданылғанмен, олардың мүшелiк 



67

Күрделі сөз тіркестері

қызметiне  немесе  байланысу  формасына  ешқандай  əсер  етпейдi. 

Бipaқ сөйлемде мұн дай қызметi болмағанымен де, өзiндiк стиль-

дiк қызметтерiнiң барлығы айқын.  

Шылаулардың  iшiнде  сөз  бен  сөздi,  яғни  сөздердi  бiр-бiрi-

мен  тіркестіруге  немесе  олардың  синтаксистiк  қызметінe  өзiндiк 

əcepi болатын ерекше табы – септеулiк шылаулар. 

Жалпы  септеулiк  шылаулардың  рөлi  бiркелкi,  яғни  өзi  қа-

тысты  сөздiң  мағынасын  толықтырушы  деген  пiкiр  орынды. 

Mысалы,  Бiздiң  шахталардың  жайын  Алматыға  дeйiн  жазып 



жiберген  кім?  (Ə.Ə.).  Жалт  қарасам,  Шұға  үйiнe  қарай  бара 

жатыр  екен  (Б.М.)  деген  сөйлемдердегi  қарай,  дейiн  шылау-

ларының  қызметiн  талдай  келiп,  про фессор  А.  Ысқақов  Aлма-



тыға,  үйінe  сөздерiнен  шылауларды  түсiрiп  айтуға  болатын-

дығын,  бiрақ  оны  түсiрiп  айтуда  кейде  ойды  тиянақтандыра 

түсу  жағы  əлсiрейтiндiгiн  дəлелдейдi [65, 375]. Бiздiң  ойымыз-

ша,  ойдың  тиянақтылығы  емес,  ойдың  толық  берiлуi  əлсiрейдi. 

Мысалы,  сол  сөйлемдердiң  «Бiздiң  шахталардың  жайын  Алма-

тыға  жазып  жiберген  кiм?  Жалт  қарасам,  Шұға  үйiнe  кeтin 

бара жатыр екен деп те айта беруге болады. Бұл сөйлемдер дегi 

негiзгi  қарастырып  отырған  Алматыға  дeйiн  жазып  жiберген, 



үйінe  қарай  кeтin  бара  жатыр  екен  –  меңгерiле  байланысқан 

пысықтауыштық  қатынастардағы  сөз  тipкecтepiн  құраса,  сол 

сияқты  кейiнгi  сөйлемдердегi  Алма тыға  жазып  жiберген,  үйi-

нe кeтin бара жатыр дегенде де меңгерiле байланысқан пысық-

тауыштық  қатынастар  жасалады.  Бұл  жерде  олардың  не  байла-

нысу  формасында,  не  синтаксистiк  қызметiнде  ешбiр  өзгешелiк 

жоқ. Сонда бiрiншi сөйлемде шылаулар қатысуы арқылы, екiншi 

сөй лемде  шылаусыз  жасалған.  Бұл  арадағы  айырмашылық  тек 

олардың  мағыналық  реңктерiнде  ғана  демекпiз.  Өйткeнi  бiрiншi 

сөйлемдегi  сөз  тiркестерiнде  екiншi  сөйлемдегiлерге  қарағанда 

мағыналық  ерекшелiктер,  яғни  ме кендiк  жағы  айқын.  Жоғары-

дағы  мысалдарда  шылаулар  өзi  қатысты  сөздiң  мағынасын 

толықтыра түceдi деген қағиданы дəлелдей түседi. 

Осы  күнгi  əдебиеттерде  шылау  қатысты  не  сөйлем  мү шесi 

немесе  сөз  тipкeciнeн  шылауды  алып  тастағаннан  сөйлем  мағы-

насы  онша  өзгерicке  ұшырамайды  деген  қағида  басым.  Сонда 

шылау  өзi  тiркескен  сөздiң  мағынасын  тек  толықтыра  түсумен 



68

Күрделі сөз тіркестері

ғана  шектелетiн  сияқты.  Де генмен  мына  сөйлемдер  құрамын-

дағы шылаулардың қа лай жұмсалатындығын талдап көрейiк. 

а) Күлбаршын жайына Сəмет арқылы қанықпын (С. Омаров). 



Eндi Ысқақ жайында мұндай əңгiмелер көп (Б. Соқпақбаев). 

ə)  Оған  дейiн  Баршын  мен  Бөбек  қолшанада  буынып-түйiнiп 

жолға  əзiр  тұрған  жүктi  бұзып,  ыдыс-аяқ,  ас- суды  кемеге  қайта 

шығарды  (Ə.  Сəрсенбаев). Eкeyi  түнгi  сағат  үшке  дейiн  сөй-



лестi (Л. Толстой). 

б) Содан берi ақ жаңбыр толассыз сорғалап, малды да, жанды 

да мезi қыла бастаған едi (Ə. Əбішев). 

Осы сөйлемдерде шылау қатысты мынадай сөз тipкecтepi бар: 



1. Сəмет арқылы қанықпын. 

2. Ысқақ жайында көп. 

3. Оған дейiн бұзып. 

4. Сағат үшке дeйiн сөйлесейiк. 

5. Содан берi сорғалап. 

Екiншi  топтағы  сөз  тiркестерiндегi  жағдай  алдыңғы  топқа 

қа-рағанда  керiciнше.  Қарастыра  келгенде,  шылау лардың  өзi  қа-

тысты  сөздiң  мағынасын  толықтыра,  дəлел дей  түсетiндiгi  бай-

қалады  (екiншi  топтағы  шылаулы  тiркестерден  ендi  шылау 

сөздердi  алып  тастап,  шылау сыз  етiп,  төмендегiдей  құрап  кө-

релiк). 

1. Сəмет қанығу. 

2. Ысқақ көn. 

3. Оғaн бұзыn. 

4. Сағат үшке сөйлесейiк. 

5. Содан сорғалаn. 

Бұдан  мыналарды  байқауға  болады:  бiрiншiден,  бағыныңқы 

сөз  бен  басыңқы  сөздердiң  арасында  синтаксистік  мағыналық 

байланыс  жоқ,  осы  себептен  де  олардың  арасындағы  байла-

нысуда  синтаксистiк  қатынаста  жоғарыдағы  формада  толық 

тұрақтамаған  бейберекет  сөздер  тобы  шығады.  Сөйтiп  өзара 

түсiнуге қажеттi синтаксистік заңдылықтары сақталған айқын сөз 

тipкeстepiнeн  арқылы,  жөнiнде,  дейiн,  берi,  бұрын  (қайталап 

келген)  шылауларының  түсiп  қалуынан  мағыналық  айқындығы 

жоқ топтардың келiп шыққанын көремiз.    

Бұған  қарағанда,  шылаулар  өзi  қатысты  сөздердiң  мағына-

сын  айқындаушы  деген  пiкiрмен  бiрге  ендi  кейде  ондай  қасиет-



69

Күрделі сөз тіркестері

терiне  қоса  шылаулар  өзi  қатысты  сөздi  синтаксистiк  қызметi 

мен  байланысу  формасын  айқындаудағы  басты  фактор  дейтiн 

қосымша пiкiр айту керек. 

Шылау, шылаулы меңгеру туралы морфологиялық, синтаксис-

тiк  жағынан  зерттеген  А.  Ысқақов,  М.  Балақаев,  Т.  Қордабаев, 

Ə.  Ибатов,  В.А.  Исенғалиева  еңбектеpiнің  барлығында  да  тек 

етістіктi сөз тiркесiнде жұмсалатындығын сөз етумен шектелген.    

Шындап  келгенде  шылаулы  етістіктi  меңгеру  сөз  тipкесте-

рiнің  ішінде  табыс  септiкті  шылаулар  мен  шылаулы  есiмдi 

меңгерудiң əрқайсысының өзiндiк ерекшеліктері бар. 

4.  Модаль  сөздi  күрделi  сөз  тipкecтepi.  Күрделi  сөз  тipкec-

тepiн  жасаудың  бiр  тəсiлi – модаль  сөздер.  Қазақ  тiлiндегi  мо-

даль сөздер туралы А. Ысқақов: «Бұл сөздердiң шығу төpкiнi, өз 

алдына  категория  болып  қалыптасу  ерекшелiктерi  мен  жолдары, 

олардың қазiргi құpaмы мен құрылымы жəне басқа морфология-

лық  (үстеу,  одағай,  шылау  сөздермен),  синтаксистiк  (қыстырма 

сөзбен,  сөйлеммен,  сөйлем  мүшесiмен)  категорияға  қaрым-қа-

тынасы  мен  арақатынасы,  олардан  бөлiнетiн  ерекшелiгi  деген 

сияқты  соны  жатқан  мəселелердi  арнайы  тексерудi,  тиістi  шеші-

мiн табуды қажет етедi» [65, 44], – дейдi. 

Модаль  сөздер  түркi  тiлдерiнде  ғана  қарастырылып  келеді. 

Е.И.  Убрятова  айтқандай,  өз  алдына  жеке  толық  мағыналы  сөз-

дер  де,  көмекшi  сөздер  мен  кейбiр  шылау лар  да,  қыстырма 

сөздер  де – бəрi  де  модаль  сөздердiң  құрамында  үнeмi  аралас 

жүредi. Жəне сөз таптарына тəн қасиет негiзгi белгiлер бұлардан 

(модаль  сөздерден)  байқалмайды.  Мұның  үстінe  модальдiлiк 

категориясы,  модаль  сөздердiң  саны,  көлемi  туралы  пiкiрлер  де 

əртүрлі [15, 281].

 

Қазақ  тiліндегі  модаль  сөздер  туралы  Е.  Жанпейiсов  арнайы 



диссертация  қорғап,  оның  өзіндiк  ерекшелiктеріне  тұжырымдар 

жасады.  

 

Қазақ  тiлiнде  де  модаль  сөздер,  яғни  сөйлем  мазмұны  жө-



нiндегi  сөйлеушi  адамның  пiкiрiн  бiлдiретiн  сөздер  жеткiлiкті 

зерттелген емес [68; 2; 63].    

Соған  байланысты  болар,  сықылды,  секiлдi,  сuяқты,  тəрiз-

дi,  т.б.  сөздердi  белгiлi  сөз  таптарына  жатқызу  жө нiнде  бiрнеше 

пікiрлер  бар.  Мысалы,  түсiндiрме  сөздiктi  құрастырушы  ғалым-



70

Күрделі сөз тіркестері

дар ол сөздердi шылау сөздер деп бiлсе [69], ендi бiр топ ғалым-

дар  ондай  сөздердi  бейтарап  сөзге  жатқызады [70, 66]. Шындап 

келгенде,  мұндай  сөздердi  модаль  сөздер  деп  берудi  біз  де  жөн 

деп бiлемiз. 

Өйткенi  шылауларға  қарағанда  олардың  төмендегiше  өзге-

шелiктерi бар. 

Бiрiншiден,  шылаулар  морфологиялық  өзгерicтерге  ұшыра-

майды, ал модаль сөздер морфологиялық өзгерiс терге ұшырайды. 

Екiншiден,  шылау  сөздер  белгiлі  септiк  жалғаулы  сөздер 

apқылы  қимылға  қатысты  ғана  жұмсалса,  ал  модаль  сөздер  əрi 

есiмдермен,  əрi eтicтіктермен  тipкeстe  қабыса  жəне  меңгерiле 

байланысады. 

Сонымен,  жоғары  оқу  орындарына  арналған  еңбек тер  мен 

жеке  зерттеу  жұмыстарда  есiмдi (именные)  жəне  етістіктi  мо-

даль сөздер (глагольные) деп екіге бөлген. 

Осыған орай есiмдi модаль сөздер тобына сияқты, сықылды, 

секiлдi, тақылеттi, рəуiштi, шамасы, тəрiздi, зады, pac, мүмкін, 

бəлки, расында, шынында, керек, тuic, қaжет, əрине сөздерiн, ал 

етістіктi модаль сөздер тобына бiлем, көpiнeді, дейді, екен, болар, 



шығар сөздерiн жатқызады. 

Модаль  сөздер  сөйлемде,  бiрiншiден,  синтаксистiк  байла-

нысқа  түспейдi,  екiншiден,  өздiгiнен  сөйлем  мүшесi  бола  ал-

майды.  Соған  қарамастан  олар  əрбiр  сөйлем  мүшесі  болатын 

сөздермен  белгiлi  дəрежеде  мағыналық  байланысқа  енiп,  жиi 

қолданылатын  сөздер.  Модаль  сөздер,  көбiне,  сөйлем  орта-

сы  мен  соңында  келедi.  Мысалы:  Барлық  қыздар  секiлдi  Суат 

та  тамаша  жiгiттi apмaндайтын («Қазақ  əдебиеті»).  Сибирь 



сияқты,  қазақ  даласы  сияқты  бос  жатқан  жерлерге  көшiру  ке-

рек  (С.  Мұқанов) – деген  сөйлемдерде  секiлдi,  сияқты  модаль 

сөздері  сөйлемнiң  iшiнде  қолданылып,  барлық  қыздар,  Сибирь 

зат  есiмдерiмен  тipкeсiп,  сөз  тiркесiнiң  бағыныңқы  сыңарының 

құрамында жұмсалса, Омбы оған қақпасыз қора сияқты (С. Мұ-

қанов). Meнi  Алматыға  айдап  келген  де  сол  болар.  Ондай  қaдaм 

жасауға жiгiттiң батылы жетпейтiн сияқты (Ө. Қанахин) – деген 

сөйлемдерде  модаль  сөздер  сөйлем  соңында  сын  eсім,  есiмдiк, 

есiмшелермен  тipкecтe  сөз  тipкeciнің  басыңқы  сыңарының  же-

тегiнде жұмсалған. 



71

Күрделі сөз тіркестері

Бұл  сөйлемдерде  сықылды,  сияқты, ceкiлдi  сөздері  сөйлем-

нiң  ортасында  да,  соңында  да  қолданылады,  ал  мүмкін,  керек, 

қажет, тuic, т.б. модаль сөздер сөйлемнiң соңында тұрып жұм-

сала бередi. 

Бiздiң негiзгi мақсатымыз – сол модаль сөздердің сөз тiркесiне 

қатысы  мен  мағыналық  тобын  жəне  синтаксистiк  қызметiн  ай-

қындау. 

Модаль  сөздер  туралы  қазақша  түсiндiрмелi  сөздiкте  былай 

делiнген: 

Сияқты – шылау (тəрiздi, секiлдi). Украина жырлары да қазақ 

жырлары  сияқты  арнаулы  əнiмен  ғана  айтылады  (С.  Мұқанов). 

Елтiрiден iшiк, бас киiм, жаға жəне тaғы сол сияқты жылы киiм-

дер жасалады (Ермеков). 



Секiлдi – шылау (сықылды, тəрiздi, сияқты).

Шалқы дария, шалқы көңiл, шырқат əн,

Даусымыз ассын алты қырқадан. 

Үнiмiз бар алтын жалау секiлдi 

Күйiмiз бар көк дауылдай бұрқаған (Қ. Аманжолов). 

Сықылды – шылау (секiлдi, тəрiздi, сияқты). 

Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейдi, 

Ол немене жоқтықтың əcepi емей (Абай). 

Тəрiздi – шылау  (сияқты,  секiлдi,  тақылеттi).  Мағыш  тə-

рiздi  Мəкен  де  көп  тыңдаған,  көп  ұққан,  жаттаған  өлеңдерi 

бар (М. Əуезов). Кең дала оның көңiлiн де кеңiтiп жiберген тəрiз-

дi (Ғ. Мұстафин). 

Тақылеттi – сын  (ұқсас,  сияқты,  секiлдi,  тəрiздi).  Желnуiш 

тақылеттi  пальмалардың  жапырақтары  теле граф  бағаналары-

ның үстінe бас шұлғып, баяу теңселедi. Скориковтың Орта Азия 

халықтары  тақылеттес  бет  сү йегi,  шығыңқылау  келген  ша-

ралы дөңгелек жүзi болмашы тершiп жадыраған (Ə. Нұрпейісов). 



Ұқсас – сын (ұқсайтын, сəйкес келетiн, тəрiздес, шамалас). 

Жауырыны жап-жалпақ, шалқақ кеуде, 

Сұңғақ бойлы бiтiмi ұқсас дəуге –

 Комбайншы рульге отырғанда, 

Денесiне себiлдi күннен cəуле [69]

 

(С. Мұқанов). 



Модаль сөздер жеке колданылмайды. Олардың басқа сөз тап-

тарымен  тipкecy  қабiлетi  əртүрлi.  Мысалы:  сияқ ты  сөзі  барлық 



72

Күрделі сөз тіркестері

сөз  таптарымен  тipкece  бередi,  ал  бас қалары  таңдап  тiркеседi. 

Бұл сөздердiң басыңқы қызметте жұмсалатын сөздерi де əртүрлi. 

Мысалы, модаль сөздер зат есiмдердiң iшiнде көпше атау тұлғалы 

форма сымен көбiрек тipкece алады. Сонда бiз Асан сияқты бала, 

Алматы  сияқты  қала,  nүлiш  тəрiздi  мата,  қазақ  тəрiздi  халық, 

атай  сияқты  шал,  бала  сuяқты,  бала icпеттес  сөйлейдi  деп 

тiлiмiзде айта беремiз. 

Модаль сөздер жiктеу, өздiк, сiлтеу жəне кім? не? де ген сұрау 

есiмдiктерiмен де түйдектi тiркесте жұмсала бередi. Мысалы: мен 



сияқты бала, сол тəрiздi ел, осы ic nеттес ic, сол тəрiздi oқиғa, 

кім сияқты сөйлейдi, не тəрiздi ойланады. 

Осы сияқты сын есiмдермен де бiршама тiркеседi. Мұнда сын 

eciмнің түбiр, туынды, күрделi түрлерiмен сияқты модаль сөзiнiң 

тipкece алатындығын мына мысалдардан көруге болады. 

1. Түбір сын есім мен модаль сөз:

жақын


қызық

дұрыс   


       сияқты

əдемі


ыстық

2. Туынды сын есім мен модаль сөз:

басқаша

қонымды  



           сияқты

жайлы


күлкілі

Мұндай тiркестер, көбiне, сөйлемнiң соңында жұмсалады.  

 

Кейде  мұндай  сөздер  тек  сын  eсiммен  ғана  емес, coл  сын 



есiмдерге  көмекшi  етістік  e-нің  (түрлi  формадағы)  тipкeciнeн 

соң  да  келiп,  онымен  мағыналық  байланыста  келедi.  Мысалы: 

Бойындағы бар қанын басқа бiр ыдыcқa қотарып алып, оның ор-

нына  ып-ыстық  сұйық  қopғacын  құйып  жiбергеннен  сау  емес 



сияқты, тұла бойы күйiп-жанып, өртенiп барады (Ө. Қанахин).

Мұндай модаль сөздер кейде -ғы, -гi қосымшалы сөздерге де 

тiркесiп, көбiне, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, 

Mінici  түciнікті:  азық-түлiк,  дүние-мүлiк  дүкендерiндегi  сияқты 



73

Күрделі сөз тіркестері

жазушы  лабораториясындағы  бұйым  да  тұтынушыға  жеткенше 

алаң ашық жатуға тиiстi eмec (Ө. Қанахин).

Сияқты  (тəрiздi,  сықылды,  секiлдi)  модаль  сөздер  қолда-

нылуы,  лексикалық  мағынасы  жағынан  бiрдей,  яғни  адамдарды 

немесе  заттарды  бiр-бiрiне  теңестiру  жағдайында  қолданылады. 

Мысалы, Бiрақ бiр қapaғaнда көз жетер төңiрек бiртeгic құлпыр-

ған  қызыл  пүлiш  сияқты  боп  көрінедi  (Ə.  Сəрсенбаев).  Бүгiн 

бұл  сөздерде  дaғдылы  арман  емес,  жалын  сезiм  тəрiздi  жарық 

сəуле  eлесі  бар  (М.  Əуезов).  Менiң  ойымша,  жаңағылар  да  сол 

мөлдір  бұлақ  іспетті  (Ө.  Қанахин).  Көктем  күлсе,  гүлдердей 

құлпырасың. Тау өзенi секiлдi бұлқынасың («Қазақ əдебиеті»). 

Осы сөйлемдердегi сияқты, секiлді, сықылды, тəрізді, іспет-

ті сөздерi бiр құбылысты екiншi құбылысқа теңеу, бiрiн екiншi-

ciмен  салыстыру,  ұқсату  мағынасында  берiл ген.  Жалпы  əр  сөз 

табының арнайы синтаксистiк қызметi бар екендiгi белгiлi. Алай-

да  шылау,  модаль  сөздердiң  синтаксистiк  қызметi  туралы  айту 

қиын.  Дегенмен  сөйлем  iшiнде  қолданылатын  модаль  сөздердiң 

қызметiнде  өзiндiк  ерекшелiк  бар.  Мысалы,  Асан  сияқты  бала 



кел ді  –  десек,  осындағы  келдi –  баяндауыш,  бала – бас тауыш, 

ал  Асан  сөзiнiң  синтаксистiк  қызметi  бұл  арада  тек  сияқты 

сөзiне  байланысты  айқындалады.  Сөйтiп,  Асан  зат  есiмiнiң  өзiн-

дiк  синтаксистiк  қызметi  əлсiреп,  сияқты  сөзiнiң  əсерiнен  ендi 

анықтауыш  қызметiнде  жұмсалып  отыр.  Бұған  қарағанда,  мо-

даль сөздер белгiлi сөз таптарымен түйдектi тipкec құрау кезiнде 

бұлардың  мағыналық  тобын  да,  синтаксистiк  қызметiн  де  анық-

тайды.   

Miнe,  осы  сияқты  мəселелер  онша  ескерiлмей  жүр.  Мектеп 

жəне  жоғары  оқу  оpындарына  арналған  оқулықтарында  ондай 

сөздер  арқылы  жасалған  анықтауыш  немесе  модаль  сөздердiң 

септелiп, т.б. сөйлем мүшелерi болуы тiптi еленбейдi. 

Eciм сөздерге бағыныңқы болып келетiн модаль сөздi күрделi 

сөз  тiркестерiн  сөз  еткенде  зат  есiмдерге  байла ныстысын  ерек-

ше  қарастырғанымыз  жөн.  Себебi,  бiздiң  əдеби  шығармалардан 

жиған  мысалдарымызда,  негiзiнен, eciм  сөз  таптарының  iшiнде 

зат есiм түйдектелiп жұмса луы көп кездеседi. Сияқты сөздердiң 

қатынасымен  болған  күрделi  сөз  тipкecтepi  сөйлем  iшiнде  зат 

eciмдepгe  бағыныңқы  болып  келгенде  төмендегiдей  қызметте 

жұм салады. Мысалы: Сен сияқты адасқандар əдебиетте де жүр-



74

Күрделі сөз тіркестері

ау (М.Сүндетов). Сондай-ақ Зарыққан Смағұловтың орын дауын-

да А. Тоқмағамбетовтің «Желiккен жеңгейлерге», «Бiр мылжың-

ның  баяндамасы»  сияқты  сықақтap  да  кө рермендердi  ауық-

ауық күлкi құшағына бөлеп отырды («Мəдениет жəне тұрмыс»). 

Осы  eкi  сөйлемдегi  сияқты  сөзiне  қатысты  тipкecтep 

aдacқaндap,  сықақтар  дeгeн  зат eciм  сөздерге  бағыныңқы  бо-

лып келген. Бiрақ екi сөйлемдегi сөз тipкecтepiнің атқаратын қыз-

меттерi eкi  түpлi.  Осы  сөйлемдердегi  мо даль  сөз  қатысқан  сөз 

тipкecтepi (сен сияқты) «Желiккен жеңгейлерге», «Бiр мылжың-



ның баяндамасы» сияқты өзiнен соңғы зат eciм сөзiмен бiр тipкec 

құрап,  айқын дап  тұр. Eкi  сөйлемдегi  күрделi  сөз  тipкeci  өзінен 

соңғы  зат  есiмнiң  анықтауышы  қызметiн  атқарады.  Сен  сияқты, 

«Желiккен жеңгейлерге», «Бiр мылжыңның баяндамасы» сияқты 

деген  тipкecтep  қандай?  деген  сұраққа  жауап  бе рiп,  сөйлемнiң 

бастауышын  анықтап  тұр.  Сияқты  сөзiнiң  басқа  түрлерi  де  зат 

есiмдермен тiркесiп, əртүрлi синтаксистiк қызметте жұмсалады.    

Н.  Базарбаев  сықылды,  секiлдi,  сияқты,  тəрiздi  сөздердiң 

күрделi  сөз  тipкeciн  құрауға  қатысты  емес,  тек  сөз  тipкecтepiн 

байланыстырушы деп ғaнa санайды [44, 31].

 

Бұл  пiкiрге  толық  қосылуға  да  болмайтын  сияқты.  Себебi 



сөйлемдегi  алғашқы  толық  мағынасын  жойып  жiберiп,  əcipeсe, 

анықтауышқа,  т.б.  сөйлем  мүшелерiне  ай налдыратын  сөздер – 

осы жоғарыда аталған модаль сөздер. 

Модаль  сөздер  кейде  тек  жеке  сөздермен  ғaнa  тipкeсiп  қой-

май, бiрыңғай зат есiмдермен де ортақтасып жұм салады. Модаль 

сөздi  сөз  тipкecтepi  сөйлем  iшiнде  eтicтіктepмeн  қабыса  жəне 

меңгерiле байланысады. 

Қорыта  келгенде,  модаль  сөздердiң  сөз  тipкecтepiнe  қатысы 

туралы мынадай тұжырым жасауға болатын секiлдi. 

1. Модаль сөздер де, өз алдына қолданылатын сөздер тобы. 

2.  Модаль  сөздер  сөйлемде  түрлi  морфологиялық  қосымша-

ларды қабылдай алады. 

3.  Модаль  сөздер eciм  (зат eciм,  сын eciм,  есiмдiк)  жəне 

eтicтіктepмeн  тiркесiп  (түйдектi  тiркес),  яғни  күрделi  тiркестер 

құрайды. 

4. Модаль сөздер əрбiр сөз табымен тeк мағыналық байланыста 

ғана тipкece алады. Модаль сөздердiң есiмдермен тiркесулерiнде 

өзгешелiк болады. 



75

Күрделі сөз тіркестері

5.  Есiм  немесе  етiстiктердiң  таза  күйiнде  басқа  сөз дермен 

тipкeсiнe қарағанда модаль сөздер арқылы тipкeстepдің аясы тар.   

6. Модаль сөздi сөз тiркестерінің таза сөз тaптapымeн жасал-

ған жалаң сөз тіpкeстepінe қарағанда мағынасы күрделi. 

7. Модаль сөздi сөз тipкecтepi сөйлем ішінде жəне сөйлемнiң 

соңында келедi. Сөйлем соңында келген мо даль сөздер сөйлемге 

əр түрлi модальдiк peңк бередi. 

8.  Яғни  олар  тipкeceтін  сөз  таптарының  синтаксистік  қызме-

тiн  жойып,  өзiнiң  тұлғасына  қарай  оның  синтаксистiк  қызметiн 

өзгертiп отырады. 

9.  Модаль  сөздi  сөз  тipкecтepi  көбiне  aнықтaуыш,  пысықта-

уыш,  кейде  сөйлемнiң  басқа  да  мүшелерi  қызметiнде  жұмсала 

бередi. 


10. Модаль сөздi сөз тipкecтepi есiмдi, eтicтікті тipкecтepiнде 

де жұмсалады.  

 

5.  Фразеологиялық  единица,  оның  сөз  тipкecтepiне  қа-



Каталог: static -> electronic book
electronic book -> Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Өмірзақ айтбайұлы
electronic book -> Жауапты редакторлар
electronic book -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары
electronic book -> Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
electronic book -> Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014
electronic book -> Мақалалар, баяндамалар жинағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет