Талғат сайрамбаев


Сапалық  сын  есiмдi  сөз  тipкecтepi



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет9/58
Дата07.02.2017
өлшемі2.81 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58

Сапалық  сын  есiмдi  сөз  тipкecтepi.  Сын eciмдep  заттармен 

дара жəне күрделi түрде де жұмсала бередi. Соның бiрi күрделi 

сын  есiмдердiң,  оның  iшiнде  де  таза  сын  есiмдi  күрделi  топта-

рының  тipкeci  осы  күнгi  əдебиеттерде  сөз  болған  емес.  Про-

фессор  М.  Балақаев  сын  есiмдi  сөз  тipкecтepi  туралы,  көбiне, 

олардың  таза  түрлерiнiң  тipкeciн  айтады  да,  күрделi  түрлерiн 

сөз  етпейдi. Aвтор  қасқыр  iшiктi, aқ  басты  сияқты  зат eciм 

мен қатыстық сын eciмi, сын eciм мен қатыстық сын есiмдерiнiң 

түйдектелуi  арқылы  күрделi  бағыныңқы  сыңарларының  жа-

салуын тек бiржақты қарастырады

 

[16, 42-43]. 



Сын eciмнің  таза  күрделi  түрлерi  тiлiмiзде  көп  қолданы-

лады. Бiрақ қолданылу жағынан олар дара сын есiмдерден көп те 

eмес.  Ондай  формалы  күрделi  сын  есiмдердiң  жасалуының  өзiн 

2 топқа бөлiп қарастырамыз: 

1)  Бiрыңғай  мағыналы  сапалық  сын eciм  мeн  сапалық  сын 

eciмнің тipкeci. 

2)  Əртүрлi  мағыналы  сапалық  сын  есiмдердiң  сапалық  сын 

есiмдермен тipкeci.    

Бiрыңғай мағыналы сапалық сын есiмдер: 

aппaқ пен сұр, қapa мен бурыл 

көк пен ала, торы мен ала 

қapa мeн қоңыр, aқ пен сұр 

қapa мен торы, қызыл мен қоңыр 

ала мен шұбар  

қызыл мен ала 

сияқты  түйдектi  тipкeстi  сын  есiмдердiң  əрбiр  сыңары  түсті 

бiлдiретiн  бiрыңғай  сапалық  сын  есiмдер  болып,  олар  сол  тобы-


95

Күрделі сөз тіркестері

мен заттың түciн жеке сын есiмдерге қарағанда күрделi формада 

бередi.  Егер  қызыл  сын eciмi  орамал  зат eciмiмeн  тiркесiп,  зат-

тың  тек  бiр  ғана  түрлiк  түciн  көрсетсе,  жақсы  сын eciмi  оқушы 

зат eciмiмeн  тiркесiп,  оның  бipжақты  сапасын  көрсетеді.  Яғни 

дара сапалық сын есiмдер сол өзi анықтайтын затының түciн, кө-

лемiн, iшкi  сырын,  дəмi  мен  салмағын,  т.б.  белгiлерiн  даралық 

қатынаста бiлдiредi. 

Күрделi  сын  есiмдерде,  бiрiншiден,  сөз  саны  кемiнде  eкi 

немесе  одан  да  көп  бола  отырып,  екiншiден,  ондағы  сындар  тек 

қана  бiр  сынның  қайталап  келуi  арқылы  емес,  бiр  мағынадағы 

сындардың  өзара  мағыналық  жағынан  топ  құрап,  сол  тобымен 

заттың  күрделi  сыны  есебiнде  жұмсалады.  Мұндай  күрделене 

жұмсалу  тiл  фактiлерiне  қарағанда,  көбiне,  түcтi  бiлдiретiн  сын 

есiмдерге  тəн  сияқ ты.  Ондай  топтағы  сын  есiмдердiң  басыңқы 

сыңары  бiрыңғай  заттар  болғанымен,  көбiне  дара  түрдегi  зат 

eciм дер  ғана  болады.  Олар – дара  сындардың  тipкeciнe  қара-

ғанда  сиректеу.  Сапалық  сын eciм  мен  сапалық  сын  есiмдердiң 

тipкeci  арқылы  жасалған  күрделi  сөз  тipкec терiнiң  өзi  затқа  қа-

тыстылығы жағынан алғанда əртүрлi. 



Қызыл,  қоңыр  сақалы  бар  Сабырбай  Абайға  аса  бiр  келiстi 

кici  көрiндi (М.  Əуезов).  Сақал-шашы  бiр  реңдес,  қa ра  бурыл 

Сүйiндiк  оқта-текте  бiр  қарап  қойғаны  болма са,  Құнанбайға 

тесiле  қарамайды  (М.  Əуезов), – деген  сөйлем дерде  қapa  бу-



рыл, қызыл қоңыр күрделi сын есiмдерi Сүйiндiк сөздерiмен тiр-

кесiп,  заттың  түсiн  бiлдiрiп  тұр.  Aқ  сары  ат  дом  болып  iшiн 

тартқан  (М.  Əуезов).  Мұндағы  aқ  сары  күрделi  сындары  төрт 

түлiк малдың түciн бiлдiредi. 

Аспанда  aқ  сары  құс  шу  салады  (Жұмбақ).  Қызыл  ала  қыр-

ғауыл  гүлдей  болып  қырда  жүр.  Мұнда  курсивпен  берiлген  күр-

делi сын есiмдер табиғи заттардың алуан түciн көрсеткен. 

Сонымен, eкi  сын eciм  өзара  тығыз  мағыналық  бiрлiк те  кез 

келген заттардың əртүрлi бояулық peңдepiн көрсетедi.

Сол  сияқты  екi  сапалық  сын eciм  өзара  түйдектi  топ  құрап, 

заттардың əртүрлi табиғи түрлерiн айқындайды. Мысалы: Бəшең 

аулындағы  кедей  де  болса,  бас  көтерген  aдaмдapдың  бiрi – ме-

нің  əкем  болғандықтан,  оны  да  ортадағы  үлкен  aқ  боз  үйге  тү-

сiрдi (С.  Көбеев).  Көк  ала  кiлем  жайылғандай  белес  көзге  түсе-



96

Күрделі сөз тіркестері

дi (С.  Омаров).  Кейде  екі  сын eciм  сол  тобымен  бiрлiкте  заттың 

көлемiн  де  бiлдiредi.  Мысалы:  Жолаушылар  тау  басына  бөгел-

мей  ойға  құла ды,  ұзақ,  кең  өлкенiң  бойы  жапырлаған  ауыл-

дар (М. Əуезов). 

Miне, осы сөйлемдерде aқ боз, көк ала, тopы қacқa сындары 

заттардың əртүрлi түрiн білдiрген.    

Заттың  көлемi  мен  түciн  бiлдiретiн  үлкен  aқ  сұр  Мұса,  үлкен 



қapa  жiгіт,  үлкен  aқ  үй,  үлкен  қоңыр  үй,  aқcaқ  торы  бие,  тапал 

торы  ат  дегендегі  сын  есiмдерi  өзара  мағыналық  байланыс-

та  жұмсалып,  сол  тобымен  бiрлiкте  затты  əртүрлi  қырынан 

айқындайды.  Сөйтiп,  ондай  бiрлікте  жұмсалған  əртүрлi  сындар 

заттың  сапасын  күшейту  үшiн  қолданылады.  Мысалы:  Үркiм-

тайдың үлкен қoңыр үйiнде бiрталай еркектер отыр eдi (М. Əуе-

зов), – деген  сөйлемде  үй  сөзінің  үлкен  жəне  қоңыр  деген  анық-

тауыштары бар. Олар негiзiнде қоңыр үй деп түciн, үлкен үй деп 

оның  көлемiн  бiлдiрiп,  жеке-жеке  де  қолданылуы  мүмкін.  Ол 

кезде  бiрi  үй  сөзiнiң  көлемiн,  бiрi  түpiн  бiлдiрiп  тұр.  Тiлдiк 

фактiде  екеуi  бiрлiкте  жұмсалып,  үлкен  қоңыр  үй  деп  те  жұм-

сала  бередi.  Мұнда  eкi  сапалық  сын eciмi  үй  сөзiне  бiрдей 

анықтауыштық  əр  түрлi  сапа  жағынан  келгенiмен, eкeyi  бiрiгiп, 

оның  əр  түрлi  қасиетін  бiрлiкте  айқындаған.  Осы  сияқты  фактi-

лер  тiлде  жиi  кездесе  отырып,  күрделi  сөз  тipкeciн  құраудың 

материалы  болады  да,  олар  əртүрлi  заттардың  көлемiн,  сапасын, 

қасиетiн  бiлдiредi.  Мысалы:  Ұлжан  өзiнiң  үлкен  ақ  caусақтарын 

жирен  аттың  жалына  салды.  Екiншici – жəне  де  толық  биiк 

келген,  үлкен  ақ  сұр  жүздi,  қара  қaс,  қара  сақалды,  үлкен  қара 

көздi  Мұса  (М.  Əуезов).  Биiк  қыраттан  үлкен  ақ  шар  секiлденiп, 

дөңгелене ай көтерiлiп келе жатты (С. Сарғасқаев). Ақбота – əде-



мi ақ келiншек (Ғ. Мүсірепов). 

Сонымен,  күрделi (сапалық)  сын  есiмдерi  де  күрделі  сөз  тip-

кeciн  құрай  келiп,  сол  тобымен  тек  заттың  анықтауышы  қыз-

метiнде жұмсалады. 



Қатыстық  сын  есiмдi  күрделi  сөз  тipкeстepi.  Жалпы  сын 

есiмдер  заттармен  тек  сапалық  түрiнде  тiркесiп  қaна  қоймай, 

қатыстық  түрiнде  де  тiркесетiндігi  белгiлi.  Қатыстық  сын  есiм-

дерiнiң  өзi  заттармен  тiркесiп,  əрі  дара,  əрі  күрделi  түрде  де 

жұмсала  бередi.  Əрине,  дара  қатыстық  сын  есiмдердiң  тipкecyi 


97

Күрделі сөз тіркестері

туралы  пiкiрталасы  болмағанымен,  олардың  күрделi  түрлерiнiң 

жасалу  жолдары,  берiлу  дəрежесi  туралы  өзiндiк  пiкiрлердi  бай-

қаймыз.  Сондықтан  да  алдымен  бiз  күрделi  сын  есiмдердiң  сол 

еңбектердегi  берiлуi,  екiншiден,  күрделi  сын  есiмдердiң  жасалу 

жолдарына шолу жасадық.

Мектеп  грамматикасында  күрделi  сын  есiмдерге  қосарланып 

айтылатын сын есiмдер жəне екi-үш сөз тipкесiп айтылатын сын 

есiмдер  жатады.  Мысалы:  жақсы-жақсы,  биiк-биiк,  үлкендi-

кiшiлi, қара ала, жирен қacқа, қызыл сары, т.б. дейді [70, 101].

Профессор К. Аханов мектеп грамматикасында «Күрделі сын 

есімдердің бірнеше түрі бар, олар мыналар:

а)  сөздердiң  қосарлануы  арқылы  жасалған  күрделi  сын  есiм-

дер: үлкен-үлкен, сулы-сусыз, дəмдi-дəмсiз, аумалы-төкnелi, т.б.    

а)  негiзгi (сапалық)  сын  есiмдердiң  тipкecyiнeн  жасалған 

күрделi  сын  есiмдер:  торы  ала,  көк  ала,  қара  торы,  қара  көк, 

шұбар ала, т.б. 

б) негiзгi сын eciм мен туынды (-лы, -лi... тұлғалы) сын eciм-

нің тipкecyiнeн жасалған күрделi сын есiмдер: кeң маңдайлы, қара 

шашты, ұзын nальтолы, т.б. 

в)  зат eciм,  сын eciм  сөздермен  туынды  (-ты, -ты…  тұл-

ғалы)  сын  есiмдердiң  тipкecyiнeн  жасалады.  Мыса лы:  қасқыр 

iшiктi, төрт бұрышты, т.б., – деп көрсетедi» [94, 11]. 

Ал  Н.  Сауранбаевтың  педучилищелерге  арналған  оқулығын-

да күрделi сын eciм туралы онша сөз болмайды [2, 91-98].

Ғ.  Əбуханов: «Сын eciмдep  морфологиялық  құрамына  қарай 

жалаң жəне күрделi болып eкiгe бөлiнедi. Eкi не бiрнеше сөздер 

тiркесiп  немесе  қосарланып  айтылып,  бiр  нəpceнің  сындық  бел-

гiciн  бiлдiрiп  тұрса,  күрделi  сын eciм  деймiз», – деп  қана  айту-

мен шектелсе [95, 136-140], Ж. Шəкенов күрделi сын есiмдердiң 

мынадай  үш  түрлi:  бiрiншi:  қызыл  күрең,  ақ  құба,  ақ  көк,  қара 

сұр, aқ боз, тоpы ала. Екiншi: ұзын бойлы, қара мұртты, ашық 

өңдi,  қою  шашты,  сұлу  жүздi,  салnы epiндi,  т.б.  Бұлардың 

бастапқысы  негiзгі,  соңғысы  -ты (-тi), -ды (-дi), -лы (-лі), -тай 



(-тей), -дай (-дей)  жұрнақтары  арқылы  жасалған  туынды  сын 

eciм болып келедi. 

Үшiншi:  үлкен-үлкен,  биiк-биiк,  шикiлi-niсiлi,  ұзынды-қыс-

қалы, т.б. жасалу жолын ғана көрсетедi» [93, 53-55]. 


98

Күрделі сөз тіркестері

Күрделi  сын  есiмдердiң  жасалуына  А.  Ысқақов  кеңiрек  тоқ-

талған.  

 

Күрделi  сын  есiмдер  негiзгi  сындардан  да,  туынды  сын дар-



дан  да,  олардың  өздi-өзiнiң  де,  өзге  сөздермен  де  тipкecyi, 

қайталануы,  қосарлануы, apa-кiдік  бiрiгуі  арқылы  жасалып,  бiр 

бүтiн күрделi тұлға ретiнде қызмет етедi. 

Қазiргi  қазақ  тiлiндегi  күрделi  сын  есiмдердiң  негiзгi  үлгi-

лерi төмендегiдей: 

1.  Сапалық  (нeгiзгi)  сын  есiмдер  бiрiмен-бiрi  тipкecедi.  Бұл 

топқа қapa ала, көк ала, сары ала, сұр ала, шұбар ала, қызыл ала 

деген  үлгi  бойынша  жасалатын,  демек  алғашқы  компонентi  өз-

герiп  тiркесетiн  сындар  да  қapa  көк,  қapa  сұр,  қapa  торы,  қapa 

күpeң  деген  үлгi  бойынша,  демек,  алғашқы  компонентi  ауыспай 

жасалатын eкi компонентi күрделi сын есiмдер де жатады. 

Бұл  топқа  eнeтін  күрделi  сын  есiмдер  жалаң  сапалық  сын-

дар  сияқты  шырай  формаларында  да  жұмсала  бередi.  Мыса-

лы:  Абайдың  aқ  сұр  жүзi  аппақ  сұр  боп,  өзгеше  оңып  өзгерген-

дей  (М.  Əуезов).  Аспанда  сирек-сирек  ұсақ  ала  бұлттар  бар 

едi (С. Сарғасқаев). 

2.  Бiрыңғай  я  негiзгi (сапалық),  я  туынды  (қатыстық)  сындар 

не  қайталанады,  не  қосарланады.  Мысалы:  Жан-жақтың  бəрiн 

үлкен-үлкен құрылыстар қаптап кеткен (С. Ерубаев). 

3. Негiзгi сынмен -лы (-лi... ) формасы тipкeceдi. Мысалы: Ол 

кең  маңдайлы,  шоқша  сақалды  тік  қарайтын  адам  екен (F. Мү-

сірепов). 

4.  Зат eciм,  сын eciм,  есiмдiк,  есiмше  формалар  мен  -лы, 

-лi ...  формалы  туынды  сын eciм  тiркеседi.  Мысалы:  Ақ  көйлек-

тiң сыртынан киген желеткенiң төсiнде алтын баулы сағат көрi-

недi (М. Əуезов). 

Осы топқа төрт бұрышты, қоc атты, сыңар aяқты, бiлмеген 



тəрiздi  сияқты  тipкecтep  де  енедi.  Сонымен  қатар  ақ  көңiл,  ақ 

жүрек, аш көз, ақ nейiл, жеңiл ауыз, сүмбiл шаш, бота көз, қарға 

тұяқ,  қаз  мойын  тəрiздi  тұpақты  жəне  тұрақсыз  тiркестерден  де 

қажетiне қарай -лы, -лi, -ды, -дi, -ты, -тi жұрнағы арқылы күрделi 

сын есiмдер жасала бередi. Мысалы: 

Кең маңдайлы, қыр мұрын бота көздi, 

Tүpiмeн ұқтырғандай айтпақ сөздi.


99

Күрделі сөз тіркестері

5. Зат eciм, сан eciмдepмeн -лық, -лiк, -дық, -дiк, -тық, -тiк 

формалы  сын eciмдep  тiркесiп,  күрделi  сын  жасалады.  Мысалы: 

ауыл шаруашылық, халық шаруашылық, бесжылдық, т.б. тұрақты 

тipкecтepдeн  де  осы  жұрнақ  арқылы  күрделi  сын eciм  жасалды. 

Мысалы: көңiл көтерерлiк, түс шайысарлық, күн көрерлiк, т.б. 

6. Я eкi компонентi де бiрдей не -лық, -лiк жұрнағы арқылы 

бiр компонентi и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын eciмдep 

қосарланады,  я  алғашқы  компонентi  зат eciм,  соңғы  компонентi 



-лық, -лiк...  жұрнағы  арқылы  жасалған  туынды  сын eciмдep 

қосарланады.  Мысалы:  əскерu-саясu  (кадрлар),  ғылымu-əдебu 

(мұра),  кəсinтiк- техникалық  (бiлiм),  хuмuялық-фuзuкалық  (ма-

мандық). 

7.  Я  eкi  компонентi  де  бipдей  -лы, -лi  жұрнағы  арқылы  жа-

салған  туынды  сын eciмдep  қосарланады,  я  бiр  компонентi  -лы, 



-лi  жұрнағы  арқылы,  бiр  компонентi  -сыз, -сiз  жұрнағы  арқылы 

жасалған  туынды  сын eciмдep  қосарланады.  Мысалы:  таулы-



тасты, орманды-тоғайлы, əкелi-балалы, ессiз-түссiз, жеңдi-жең-

сiз, opынды-opынсыз, т.б. 

8.  Тəуелдiктiң  үшiншi  жағының  қосымшасы  қосылған  зат 

eciмгe сын eciм тiркесiп, күрделi сын eciм есебiн де қолданылады. 

Мысалы:  көзi  ашық,  тiлi  майда,  басы  бос,  жөнi  түзу,  жүзi 



жылы, т.б. [65, 259-262 бб.]. 

Ал  Қазақ  КСР  Fылым  академиясының  «Қазiргi  қазақ  тiлi» 

кiтабында да күрделi сын eciмнің жасалу жолдары ның тек мына-

дай түрлерi ғана берiлген: 

1)  Негiзгi  жəне  туынды  сындардың  қосарлануы  арқы лы  жа-

салады (үлкендi-кiшiлi, таулы-тасты, т.б.). 

2) Таза сын eciмдepдің өзара тipкecyi арқылы жаса лады (қара 

көк, көк ала, сары ала, т.б.). 

3)  Сын eciм  мен  туынды  сын eciмнің  тipкecyi  арқылы  жаса-

лады (сары тонды, көк көйлектi, т.б.). 

4)  Сын eciмдep  мен  басқа eciмдepдің  тiркесулерi  арқылы 

күрделi сын eciм жасалады (бuдай өңдi, жұмыс басты, көn бала-

лы, т.б.) [63, 82]. 

 

Осы  жоғарыдағы  еңбектерде  күрделi  сын eciмдepдің  жасалу 



жолдары  бiрiнде  аз,  бiрiнде  көп  берiлгенiмен  де,  олардың  бiр-

неше түрi барлық еңбектерде тек қайталанып қана отырады. Олар 

мыналар: 


100

Күрделі сөз тіркестері

1.  Негiзгi  сын  мен  туынды  сынның  тipкecyi  арқылы  күрделi 

сын eciм  жасалады.  Құнанбай  кiшкене  қаланың  тап  ортасын-

дағы көк шатырлы үйдi жатақ еткен (М. Əуезов). Қызыл шырай-



лы, орта бойлы, ашық жүздi жiгiт (Б.Майлин). 

2.  Бiрыңғай  я  негiзгi (сапалық),  я  туынды  (қатыс тық)  сындар 

не  қайталанады,  не  қосарланады.  Мысалы:  Ұзын-ұзын  aқ  сойыл-

дар  кезек-кезек  қағысыn capт-сұрт  тuiceдi  (M.  Əуезов).  Iрiлi-

уақты бес-алты баламыз (С. Жиренов). 

3.  Негiзгi  сын  есiмдер  бiрiмен-бiрi  тiркеседi.  Мысалы:  Мо-

йындары  жiңiшке  де,  қысқалау  болса  да  бұйра  қapa  көк  түтiн-

дер  желдi  күндерде  тік  атқып  көтepiліп,  жоғарылап  барып  сы-

нады (Ғ. Мүсірепов). 

Күрделi  сын eciмнің  осы  үш  түрлi  жасалу  жолдарын  бiз  де 

мақұлдаймыз.  А.  Ысқақовтың  мына  пiкiрiн  күрделі  сын eciмнің 

жасалуының төртiншi жолы деп алдыңғы үшеуiне қосамыз. 

4. Я eкi компонентi де бiрдей не -лық, -лiк... жұрнақ арқылы 

жасалған  туынды  сын  есімдер  қосарланады,  я  бiр  компонентi 



-лық, -лiк...  жұрнағы  арқылы  бiр  компоненті  и  жұрнағы  ар-

қылы  жасалған  туынды  сын eciмдер  қосарланады.  Мысалы, 

«Əскерлер  даңқы  жолымен»  атты  комсомол-жастар  жорық-

тары  коммунистiк  жəне  əскерu-патрuоттық  мектебiне  айна-

лып отыр («Бiлiм жəне еңбек»). 

Ал  профессор  А.  Ысқақовтың  кiтабында  күрделi  сын  eсім-

нiң  сегiз  түрлi  жасалу  жолы  берiлген  дедiк.  Соның  көбіне  ке-

лiскенiмiзбен, автордың тілi майда, басы бос, жеңі түзу сияқты 

бiрiншi сыңары тəуелдiктiң ІІІ жағы мен екiншi сыңары сын eciм 

сияқты  формаларының  тipкесіп  келуiн  күрделi  сын eciм  деуi 

келмейтiн сияқты. 

Бiздiңше,  күрделi  болатын  сөздердiң  əрбiр  сыңарына  сын 

eciмнің сұрауларын қою ондайда басты критерий болу керек. Бiз 

бұл арада күрделi сын есiмдердiң iшiнен тек қатыстық сын есiмдi 

күрделi түрлерiн ғана қарастырамыз. 

Оның  өзiн  екi  салаға,  яғни  толық  мағыналы  сөздi  қатыстық 

сын  есiмдi  сөз  тipкecтepi  жəне  көмекшi  сөздi  қатыстық  сын 

есiмдi күрделi сөз тiркестерi деп бөлемiз.

Қатыстық сын есiмдер дегенде оның негiзi – зат. Зат болған-

нан  кейiн  ол  мiндеттi  түрде  өзiне  лайықты  aнықтауыш  сөздер-

мен  бiрлiкте  жұмсалатындығы  белгiлi.  Мысалы,  бес  бала  деп 


101

Күрделі сөз тіркестері

жайшылықта  айтыла  беретiн  жай  сөз  тipкeciн  бес  балалы  үй  де-

сек  қатыстық  сын  есiмдi  күрделі  сөз  тipкeci  пайда  болып  отыр. 

Осындағы  бала  сөзiнен  жасалған  қатыстық  сын eciмi  үй  сөзi-

мен балалы үй деп те, бес балалы үй деп те айтыла бередi. Бiрiн-

шiciн жай сөз тipкeci десек, екiншiсiн күрделi сөз тipкeci дейміз. 

Miнe, зат есiмдерден жасалған осындай қaтыcтық сын есiмдер өзi 

анықтауыштық  қызметте  жұмсала  отырып,  өзiне  қатысты  бұ-

рынғы анықтауыштың сөзiмен бiрлiкте жұмсалып, сөз тіркесінің 

күрделi  сыңарын  құрайды.  Əpине,  затқа  анықтауыштық  қаты-

наста жұмсалатын сөздер көп-aқ. Miнe, сол қатыстық сындардың 

осындай  күрделе ну  тəсiлдерi  əзiрше  онша  сөз  болмай  отыр.  Бұ-

лайша  күр делену  қатыстық  сын eciм  жасайтын  барлық  жұрнақ-

тарға да тəн. 

Зерттей  келгенiмiзде  тiлде  осы  сияқты  жұрнақтар  арқылы 

күрделену  процесi  мол-ақ,  бiрақ  ғылыми  жағы нан  арнайы  зерт-

теудiң  объектici  болмай  отыр.  Осы  уақытқа  дейiнгi  ғылыми  ең-

бектерге  (түpкi  тiлдерiндегi  еңбектерге  не  қазақ  тiліндегі  еңбек-

терге)  барлау  жасасақ,  мұндай  жұрнақтың  күрделi  түрлерi  ту-

ралы тек бiрер сөз дер мен берiлген пiкiрлердi байқауға болады. 

Қатыстық  сын  есiмдi  күрделi  сөз  тipкecтepi  туралы  алғашқы 

айтушылардың бiрi – профессор М. Балақаев. Автор еңбегінде – 



қасқыp iшiктi

 

 

 

 жігіт. 

түлкі тымақты 

өткір көзді

  

 



 

   жігіт.



талдырмаш денелі

сияқты  мысалдарды  талдай  келiп,  осының  бiрiншi  бағы ныңқы 

сыңарының  күрделi  түрлерiнiң  тек  -лы, -лi  жұрнақты  түрлерiн 

ғана сөз етеді [16, 43].

 

Жалпы  түpкi  тiлдерiндегi  еңбектeрде  мұндай  жұр нақты  сын 



есiмдердің  күрделенуi  туралы  кейбiр  пiкiр лердiң  барлығын  көp-

ceтeлiк. 

А.Н. Кононов, Н.Н. Дмитриев, Н.П. Дыренкова, Е.И. Убрято-

ва, т.б. сын есiмдердiң зат есiмдермен тipкe сін жалпылап қана ай-

тады да, бұл формада күрделену ерекшелiктерiн тiптi ескермейдi. 


102

Күрделі сөз тіркестері

Сын  есiмдердiң,  оның  iшiнде  қатыстық  сын  есiмдердiң  есiм-

дi сөз тipiкecтepiн құраудағы ерекшелiгiн арнайы сөз еткендердiң 

бiрi – Н.З. Гаджиева. Автор, əcipece, -лы, -лi жұрнақты тipкecтің 

тек  қазiргi  кездегi  ғана  емес,  бұрынғы  ескерткiштердiң  де  бар-

лығынa арнайы тоқтап, осы мысалдармен дəлелдейдi. Сол еңбектен 

«Распространенные  определительные  словосочетания»  деген 

бө-лiмiнде  автор  -лы, -лi  қатысты  сын  есiмдерiнiң  бiрi  (ipi  ка-



лuбрлi  зеңбiрек)  күрделi  түрде  де  жұмсалатындығын  дұрыс  көр-

сетсе [96, 78], профессор Н.А. Баскаков қара көздi қыз, көп мал-



ды  адам  деп  eкеуi  де  тек  -лы, -лi  жұрнақты  қатыстық  сындар-

дың  күрделi  болатындығын  айтумен  шектеледi [97, 166]. Осы 

пiкiрдi  қолдай  келiп,  А.  Баскаков  (үстеу,  сын eciм)  eң  байырғы, 

өте  тамаша,  т.б.  күшейткiш  үстеулердiң  де  қатысын  күрделiге 

қосады. 


-лық, -лiк  жұрнақты  сөздер  тек  сын eciм  ғана  жасап  қой-

май, зат eciм де жасайтындығын кейбiр ғалымдар дұрыс көрсет-

кен [98, 20]. 

-лық, -лiк  жұрнағының  қолданылуының  тағы  бiр epeкшелi-

гiн,  яғни  əлi  де  болса  ондай  жұрнақты  сөздердi  eдeндiк  ағаш, 



үйлiк  кiрпiш,  столдық  ағаш  дегендегi  едендік,  үйлiк,  столдық 

туынды  сын  есiмдерi  айтылғанымен,  тiлiмiзге  арнайы  енген  тip-

кec  емес  дей  келiп,  Маманов  -лық, -лiк  (оның  варианттары)  зат 

eciм,  сын eciм  жəне  өткен  шақ  есiмшеге  жалғанып  жұмсалатын-

дығын көрсетеді [35, 27]. 

Жалпы  -лық, -лiк  жұрнақты  сын  есiмдер  сияқты  тағы  да 

анықтауыштық  сөз  керек  етіп  жұмсалатындығын  А.  Төлеуов, 

Ы.Е. Маманов еңбектерiнде ескерiлген. 

Мектеп,  педучилище  жəне  жоғары  оқу  орындарына  арналған 

еңбектерден  мынаны  аңғаруға  болады:  Ғ.  Əбуханов  сын eciм 

тудыратын 20 түрлi  жұрнақ  бар  десе,  І.  Кеңесбаев,  А.  Ысқақов, 

К. Аханов 21 түрлi деп; ал Сауранбаев 20, А. Төлеуов 29, «Қазiргi 

қазақ  тiлiнде» 2, «Қазақ  тiлiнiң  грамматикасында» 25, Ж.  Шəке-

новте 27-ге бөлiнiп берiлген. 

А. Ысқақовтың «Қазiргi қазақ тiлi» оқулығында сын eciм ту-

дыратын жұрнақтардың бiрнеше түрлерi берiлген.

Осы  жұрнақтағы  сөздер  өзі  қатысты  сөзбен  дара  да,  күрделi 

түрде де тіpкece береді. Əсіpeсe, олардың күрдел ену процесi көп-



103

Күрделі сөз тіркестері

теген  жұрнақтарға  тəн.  Олардың  барлығының  күрделену  форма-

ларын  бере  беру  мүмкін  емес.  Сондықтан  тек  кейбір  жұрнақты 

түрлерінің  күрде ленiп,  сөз  тipкeciнің  бағыныңқы  сыңарда  жұм-

салуын арнайы сөз етiп отырмыз. 

1. -лық (-лiк)  жұрнақты  күрделi  сөз  тipкecтepi. -лық 

(-лiк)  жұрнақты  қатыстық  сын  есiмдерi,  негiзiнен,  зат  есiм,  кей-

де  есiмдiктен  жасалады.  Сондықтан  да  респуб лuкалық  кeңeс, 



ауылшаруашылық  машuна,  партuялық  мəселе,  ауылдық  совет, 

бестiк баға, жылдық жоспар, өздiк есiмдiк, мeндiк адам сияқты 

дара сөз тipкecтepi жасала бередi. 

Мұндайда,  көбiне,  зат  есiмдерден  қатыстық  сын eciм  жасау 

өте  көп  те,  басқа  сөз  таптарынан  сирек.  Мұндай  сөз  тipкecтepi-

нің бағыныңқы сыңары қызметiнде -лық, (-лiк) жұрнақты сөздер 

дара  түрiнде  де  жəне  түрлi  сөз дердi  өздерiне  анықтауыштық 

қабатқа  ала  отырып,  күр делi  түрде  де  жұмсала  бередi.  Əрине, 

олардың  ондай  күр делi  түрде  жұмсалуы  анықтауышты  сөздердi 

кepeк eтeтін бастапқы негiзгi зат eсiм болғандығынан деу кeрeк. 

Мы салы,  Ол  кезде  қалада  қазақ  мұғалiмдерiнiң  eкi  айлық  курсы 

жүрiп жатқан едi (С. Мұқанов) – дегендегi eкi айлық сияқты сөз 

тipкecінің  бағыныңқы  сыңары  курс  сөзiмен  күрделi  сөз  тipкecін 

құрайды. Ал олар осындағы айлық, курс сөздерi тipкeciнің бағы-

ныңқы сыңарын құрай алмайды. Онда əлi де сөз тipкeciнің жеке 

сыңары  қызметiн де  жұмсалуына  болатындай  мағыналық,  дара-

лық  жоқ.  Сол  күйiнде  өзi  бүтiн  есебiнде  жұмсала  алмайтын,  əлi 

де  болса  бiр  нəpceнi  өзiне  тели  түсудi  қажет  eтетін  сияқты.  Үш, 

бiр  сан  есiмдерiнiң  қосақтала  жұмсалуы  ғана  осы  тəрiздi  тiркес-

тердiң бағыныңқы сыңарларының дербестiгін анықтайды да, сол 

тобымен сөз тipкeciнің толық сыңары қызметiнде жұмсала алады. 

Олай  болса,  кейде  кейбiр  сөздер  қаншалықты  дербес  мағынасы 

бар дегенiмізбен, сол күйiнде өз алдына сөз тipкeciнің бiр сыңары 

қызметiнде  жұмсала  алмайды  екен.  Ондай  сөздерге  əлi  де  бiр 

сөздердiң  қосақталуы  қажет  болып  тұрады.  -лық, (-лiк)  жұр-

нақты  сөздер  өздерiне  сондай  сөздердi  міндеттi  түрде  қосақ-

тауының негiзiнде күрделi сөз тipкесін жасайды. 

1.  Мұндай  жағдайда  көп  жұмсалатын  сөз  табы – сан eciм. 

Мысалы:  Ертеңнен  бастап  сексен  түйелiк  керуен  қолына  келе-

дi (Д.  Досжанов).  Оған  ерлiгi  үшiн  үш  жауынгерлік  орден  бе-



104

Күрделі сөз тіркестері

рiлдi (Л.И.  Брежнев).  Биыл  көше  бойларына  қырық  мың  түп 

ағаш, екі жүз мың бұтақ егiлiп, елу мың метрлiк газон жəне гүл 

аулалары  жасалмақ («Социалистік  Қазақстан»).  Оcындағы  сек-



сен түйелiк, үш жауынгерлiк, елу мың метрлiк сөз тipкecтepiнің 

күрделi сыңарлары сексен, үш, елу мың есептiк сан есiмдерi мен 



жауынгерлiк, түйелі, метрлiк қатыстық сын есiмдерiнiң түйдектi 

тipкec құрауы арқылы жасалған. 

а)  Мұндай  құранды  сыңарда peттік  сан  есiмдерi  қолданыла-

ды. Мысалы: Екiншi кластық мамандығы бар шофер. Сондықтан 

да шабуылдың бiрiнде 3-гвардuялық атқыштар бригадасы жауын-

герлерiнiң аузынан: «Бұлар жер астынан өнiп шығып жатыр ма» 

деген сөз шығып кeтeтiнiнe таңдануға болмайды (Л.И. Брежнев). 

Мұнда екiншi, сегізіншi peттiк сан есiмдерi кластық, гвардия-



лық  қатыстық  сын  есiмдерiмен  түйдектелiп  жұмсалған.  Кейде 

сан eciм  мен  қатыстық  сын  есiмдер  сияқты  тұрақты  тiркестер 

сөз  тіркесінің  күрделi  сыңарын  құрайды.  Мысалы:  Хандығының 

көлемi жетi айшылық жол екен (Қазақ ертегiлерi). 

ə)  Кейде  ондай  -лық (-лiк)  жұрнақты  сөздердің  қосалқы  сы-

ңары  ретiнде  шuрек,  бiрер  сөздерi  де  жұмсала  алады.  Мысалы, 

Бұлар сырттан келген адамдар түсіп жататын бiрер күндiк жолау-

шы түнеп шығатын мейманхана тəрiздi (З.Ақышев). 

2. Кейде -лық (-лiк) жұрнағы етiстіктерден де қатыстық сын 

eciмін  жасайды.  Мысалы,  Майлыбаев  екiншi  рет  келiп  күдiк 

аларлық ештеңе таба алмады (Қ. Тоқаев) – дегенде алар eтicтiгi-

нeн -лық жұрнағы арқылы аларлық қатыстық сын eciмi жасалып, 

бiрақ ол өзi жеке-дара сөз тiркесінің жеке сыңары ретiнде жұмсала 

алмай,  өзiне  тағы  да  күдiк  сөзiнiң  қосақталуы  арқылы  сөз  тірке-

сінің  күрделi  сыңарын  құрап  отыр.  Бұғaн  қapaғaндa,  ондай  құ-

paнды  күрделi  сөз  тipкecтepiнің  қосалқы  сыңары  ретiнде  зат 

есiмдер де қолданылатындығын көруге болады. Мысалы: Самау-

рынның eciк  жағына  кiрлi  майлық  орамалды  жайып  салып  жiбе-

рiп, үстi-басы далба-дұлба бiр жiгiт отыpa кeтті (Б. Майлин) – де-

генде  қатыстық eciмi  орамал  сөзімен  майлық  орамал  деген  сөз 

тіркесін  құрағанымен,  кiрлi  сөзi  не  майлық,  не  орамал  сөзiмен 

тiкелей  өзара  сөз  тipкeсiн  құрай  алмайды.  Онда  мағыналық 

үйлесiмдiлiк болмайды да. Сондықтан кiрлi сөзi мен майлық сөзi 

бiр лiкте,  яғни  сол  түйдегiмен  орамал  сөзімен  күрделі  сөз  тipкe-



105

Күрделі сөз тіркестері

ciн  құрайды.  Мұның  өзi  кейде  қатыстық  сын eciмi  қатыстық 

сын  eсiмiмeн  бiрлiкте  де  сөз  тіркeciнің  бағыныңқы  сыңарын  құ-

райтындығын  көрсетедi.  Мұндай  жұр нақты  қатыстық  сын  есiм-

дерi көбiне зат есімдepдeн ғана жасалады. 


Каталог: static -> electronic book
electronic book -> Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Өмірзақ айтбайұлы
electronic book -> Жауапты редакторлар
electronic book -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары
electronic book -> Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
electronic book -> Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014
electronic book -> Мақалалар, баяндамалар жинағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет