Тамшылары



Pdf көрінісі
бет11/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84
патша мен құмырсқа
Сүлеймен пайғамбар (а.с.) бір күні құмырсқадан 
бір жылдық азығының көлемін сұрайды. Құмырсқа 
оған бір жылдық азығының көлемі бір бидайдай 
екендігін айтады. 
Құмырсқаны сынамақ болған Сүлеймен пайғамбар 
(а.с.) әлгі құмырсқаны алып шыны әйнекке қаматады, 
тыныс алуына жағдай жасап, қоректенуі үшін қасына 
бір тал бидай дәнін қойғызады. Сөйтеді де тура бір 
жыл күтеді. Уақыт жетіп шыны әйнекті ашып қараса, 
құмырсқа әлгі бидайдың жартысын қалдырып, жарты-
сын ғана жеген екен. Сүлеймен пайғамбар құмырсқаның 
бидайдың жартысын жемей қалдырғанына таңырқап 
одан неліктен бидайды толықтай жеп қоймағандығын 
сұрайды. 
Сонда құмырсқа:
– Негізі, менің жейтін несібемді Аллаһтың өзі 
беретін. Ол беретін кезде мен еш нәрсеге алаңдамай, 
еш нәрсені уайымдамай бидайымды жылда толық 
жейтінмін. Өйткені Жаратушымның мені ұмытып кетуі 
әсте мүмкін емес еді. Алайда бір жылғы азығымды 
енді сен беретін болған кезде «әй, түптің түбінде 
пендешілікке басып мені ұмытып кетсе қайтем» деген 
сақтықпен маған берілген бидайдың жартысын ғана 


31
Пайғамбарлар парасаты
жеп, жартысын келесі жылға сақтап қойғандығымның 
мәнісі сол еді, – деп жауап берген екен
3

Иә, Аллаһ тағала пендеге күнімізді қаратпай-ақ 
қойсын деп тілейік! 
Отқа күймеген пайғамбар
Ибраһим (а.с.) пайғамбар ретінде жіберілген кез-
де, ел ішінде пұтқа табынушылық кең етек алды. 
Ибраһим пайғамбар пұттардың ес-түссіз, жай ғана 
мелшиген меңіреу тастар екендігін, Жаратушы бола 
алмайтындығын қанша түсіндіре айтса да, оларды 
көндіре қою аса қиын шаруа еді. Өйткені олар ылғи 
да қарсы дау айтудан жалықпайтын. Сондықтан да бо-
лар Ибраһим (а.с.) олардың саналарына сәуле бітіріп, 
шел басқан көңілдерін ояту мақсатында ғибратты бір 
іс істеуді ұйғарды. 
Бір күні қала халқы түгелімен мереке қарсаңында 
қаланың сыртына шықты. Қағбаға кірген Ибраһим (а.с.) 
пұт атаулының бәрін қиратып, балтаны сол жердегі ең 
үлкен бір пұттың мойнына іліп қойды. 
Мерекеден қайтып келген халық әлгіндегідей 
ойран-асыр жағдайды көріп жағаларын ұстасты. 
Халық:
– «Біздің Құдайларымызды кім соншама қорлаған? 
Сірә, бізге зұлымдық ойлаған біреу болар», – десті. 
Біреуі: «Ибраһим деген бір жігіт осы жайында 
кейінгі кезде сөз етіп, соқтығысып жүрген. Мүмкін сол 
болар», – деді.
3
Осман ефенди, Сечме дини хикайелер, Седа яйынлары, И -
танбул 2000, с. 60-61


32
Тағылым тамшылары
– Олай болса, оны дереу алдымызға әкеліңдер. 
Мойындасын істегенін! – деді халық жамыраса. 
Ел сұрады:
– Әй, Ибраһим! Біздің құдайларымызға бұны 
істеген сен бе? 
Ибраһим (а.с.) ой салмақ ниетпен:
– Мүмкін ол істі иығына балта асынған анабір 
ең үлкен құдайларың жасаған болар?.. Мүмкін айтар, 
өзінен сұрап көрсеңдерші? – деп жауап берді. 
Олар Ибраһимге (а.с.) қарап:
– Бұлардың сөйлей алмайтындығын өзің де 
білмеуші ме ең?!, – деді. 
Ибраһим (а.с.):
– Олай болса, тіл қатуға да шамасы келмейтін, 
түк пайдасы жоқ мұндай меңіреу пұттарға қалай 
табынасыңдар? Аллаһты тастап, сезімсіз тасқа табы-
нып кеткен сендер оңбассыңдар! Кішкене ақылмен 
ойласаңдар қайтеді? – деп шыр-пыры шықты. 
Ақыр соңында ел Ибраһимді (а.с) жұрт көзінше 
тірідей отқа жақпақ болды. Таудай ғып отынды 
үйіп, Ибраһимнің(а.с) қол-аяғын байлаған күйі отқа 
лақтырды. Ибраһим (а.с) еш нәрседен тайсалмастан, 
іштей тас-түйін бекініп, Аллаһ тағалаға ғана арқа 
сүйеді. 
Сол кезде Аллаһ тағала Ибраһимді (а.с) жақпақ 
болған лаулаған отқа: «Әй от! Салқын бол! Жайлы 
бол!» деп бұйырды. Яғни Жаратушы оттың күйдіру 
және ыстық қасиеттерін тоқтатып тастаған еді. 
Осылайша Хақтың көмегіне арқа сүйеген Ибраһим 
пайғамбар неше күн жанған оттан дін аман шықты... 


33
Пайғамбарлар парасаты
Сірә, халық арасындағы батырлықты суреттейтін 
«Отқа салса күймейтін, суға салса, батпайтын» деген 
теңеу осындай пайғамбарлардың ақиқатынан аңызға 
айналса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет