Таным • Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным



Pdf көрінісі
Дата13.10.2022
өлшемі0,82 Mb.
#42832


Сезімдік таным
мен рационалдық
таным
Филология 2 курс


Таным

Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және
рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі
болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным
процесінің екі қарама-қарсы жағы, бір-бірімен өте тығыз
байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.


Жіктелулер

Сезімдік таным;

Тікелей бейнелеу;

Сыртқыны бейнелеу;

Жекеніі бейнелеу.

Рационалдық таным;

Жанама бейнелеу;

Ішкіні бейнелеу;

Жалпыны бейнелеу.


Сезімдік таным

Сезімдік таным танымның төмен деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс-әрекетінде
қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен заттық және
адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну
үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс-әрекет процесінде
адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады.Бірақ сезімдік
тәжірибенің аясы тар. Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір-бірімен тарихи
және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдық өзара байланысы тіпті
терең. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен
тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың
болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар
танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады.


Сезімдік таным түрлері.

Түйсік;

Қабылдау;

Елес.

Рационалдық танымның бейнелеу түрлері:

Ұғым;

Пікір;

Ой-тұжырымы.



С
убъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі
кезіндетуындаған сезімдік эсерлері түйсік пен қабылдау деп аталады. 
Түйсіктер объектілердің жекелеген қасиеттерін бейнелейді-қызыл, 
қатты, тәтті т.б.Қабылдау-затты, құбылысты толық бейнелеу. Сезімдік
қабылдау тек нақты затты бейнелей алады, ал жалпы затты көрсете
алмайды. Ойлаудың қарапайым клеткасы ұғым - деп аталады. Ұғым
дегеніміз- шындықтағы заттардың, құбылыстардың өзара
байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. Яғни, 
объективті шындықтың өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар
түрінде іске асады. "ұғым сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған
заттың дүниеде болу тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай
құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тән жалпылығында идеалдық
түрде қайта жасайды".




Түйсік
Заттың белгілі бір сапалық жағын алдыға
қойып көрсетуден тұрады. Мысалы, көру
түйсігі заттың формасы, оның түсі, 
ашықтығы туралы мағлұмат береді. Дәм сезу
тамақтың құрамы туралы т.б.


Қабылдау
Зерттелінетін объектінің
тұтас
бейнесі, ол бірнеше
сезім
мүшелерінің бірлесіп жұмыс
атқаруынан пайда болады.


Түсінік
Өткен уақытта сезім мүшелеріне әсер
етіп, қазіргі сәтте қабылданбайтын
заттың талданып, қорытылған сезімдік
бейнесі. Мысалы, белгілі бір уақыттан
кейін белгілі бір заттың бізге қалай әсер
еткені.


Назарларыңызға
рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет